Еңбек нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 13:34, курсовая работа

Описание работы

Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектісінің жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.
Есеп берген кезде қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтарға бөлінеді.
Басшылар қатарына – директор, ректор, президент, меңгеруші және тағы басқалар жатады.
Мамандар қатарына – инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және тағы басқалары жатады.
Басқа да қызметкерлер қатарына – құжаттарды дайындайтын, есеп пен бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер және тағы басқалары жатады.

Содержание работы

Кіріспе ........................................................................... 3
1. Еңбек ақының теориялық негізі
1.1. Еңбек ақының түсінігі мен міндеттері ............ 4
1.2. Еңбек ақы жүйесі мен нысандары ................... 7
2. Еңбек ақы есебін ұйымдастыру
2.1. Еңбек ақы түрлері бойынша есебін жүргізу .... 29
2.2. Еңбек ақы есептеу және төлеу ........................... 35
2.3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың
аналитикалық және синтетикалық есебі...................... 43
3. Орташа жалақыны есептеу
3.1. Орташа жалақыны есептеу кезінде ұлғайту
коэффициентін қолдану ................................................ 50
3.2. «1С предприятия 8.0» үшін конфигурацияларда
орташа жалақы есебінің өзгерістері............................... 52
Қорытынды............................................................................. 54
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар.

Файлы: 1 файл

Еңбек ақының теориялық негізі.doc

— 337.50 Кб (Скачать файл)

Тараптардың келісімі бойынша  жеке еңбек келісімшарты ескертілген  мерзім біткенше тоқтатылуы мүмкін.

Қызметкердің бастамасы  бойынша жеке еңбек келісімшартын  бұзу негіздері «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 28-бабында  қарастырылған.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу мен оны төлеу үшін субъектінің цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан субъектінің әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшы-қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша шаруашылық субъектісінің жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы сомалары есептелінеді. Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінетін еңбекақы: негізгі және қосымша болып екі түрге бөлінеді.

Негізгі еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегідей аталғандар жатқызылады:

  1. мерзімді және кесімді еңбекақы
  2. сыйлықтар мен сыйақылар
  3. үстеме сыйлықтар

Қосымша еңбекақыға – еңбек ету заңдарына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыста, қызметте болмаған уақытына төленетін төлемдер жатқызылады. Мұндай төлемдер қатарына:

  1. жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер
  2. жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер
  3. жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыруүшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер
  4. жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер
  5. жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер
  6. тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны
  7. жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдер
  8. әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады.

Шаруашылық субъектілерінде  жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін  кейбір төлемдердің мөлшері олардың  өткен уақыттағы алған еңбекақысының  орташа мөлшеріне байланысты есептелінеді. Орташа еңбекақының сомасына байланысты есептелінетін мұндай төлемдерге мыналар жатқызылады:

  1. мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқарған уақыты үшін төленетін төлем.
  2. қызметтік іс-сапарында болған уақытқа төленетін еңбекақы.
  3. жас сәбилі аналарға демалу және баланы тамақтандыру үшін берілетін үзіліске төленетін төлем.
  4. жас өспірімдердің қысқартылған еңбек уақытына төленетін төлем.
  5. өндірістен қол үзіп немесе қол үзбей оқитын жұмысшы-қызметкерлерге емтихан тапсыратын уақыттағы (сессия уақытында) жұмыста болмаған уақыттарына төленетін төлем.
  6. амалсыздан жұмысқа шықпаған уақытқа төленетін төлем.
  7. ауыл шаруашылық жұмыстарына (егін жинау, мал азығын дайындау, тағы басқалар) қатысқан уақыттары үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлем.

 

 

                  2.2 ЕҢБЕКАҚЫ  ЕСЕПТЕУ  ЖӘНЕ  ТӨЛЕУ.

 

 Жұмыспен өтелмеген уақыт орташа жалақы бойынша төленеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 5.09.97 ж. №3 және ҚР Қаржы министрлігінің 16.09.97 ж. №17/8340 бұйрықтарымен бекітілген Ұйымдардың қызметкерлеріне орташа жалақыны есептеудің тәртібі туралы Нұсқаулыққа сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне орташа жалақыны есептеу үшін төлемдердің алдындағы 12 күнтізбелік ай есептік кезең болып табылады (бір жылдан кем уақыт жұмыс жасаған қызметкерлер үшін орташа жалақы нақты жұмыспен өтелген уақыт үшін белгіленеді). Орташа жалақыны анықтау үшін:

  1. күндік орташа жалақыны (жұмыс істелмейтін және мереке күндерін қоспағанда).
  2. орташа сағаттық жалақы пайдаланылады.

Күндік орташа жалақы, еңбекке ақы төлеу мен демалыс үшін өтемақы төлеуден басқа барлық жағдайда есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс күндерінің сомасына бөлу жолымен анықталады. Нақты жұмысшының орташа жалақысының мөлшері күндік орташа жалақыны төленуге тиіс күндер сомасына көбейту жолыме анықталады.

Күндік орташа жалақы есепті кезеңде есептелген жалақы сомасын жыл сайынғы жұмыс уақытының балансына сәйкес осы кезеңдегі жұмыс сағаттарына бөлу жолымен есептеледі. Нақты қызметкердің орташа жалақысының мөлшері орташа сағаттық жалақыны төленуге тиіс кезеңдегі жұмыс сағатының санына көбейту жолымен анықталады.

Егер:

  1. қызметкердің орташа жалақысы төленсе немесе сақталса (ҚР заңдарына ъсәйкес)
  2. қызметкер мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бойынша жәрдемақы алса (003333333жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық) және басқадай болса орташа жалақыны есептеуге арналған есептік кезеңнен уақыт, сондай-ақ төленген сомалар алынып тасталады.

Ынталандырушы сипаттағы  сыйақылар мен басқа төлемдер есептеу уақыты бойынша орташа жалақыны есептеген кезде қосады, ал жылдық сыйақылар мен сыйлықтар есепті кезеңнің әрбір айы үшін 1/12 мөлшерінде ескеріледі.

  1. мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындау уақыты. Төлем орташа сағаттық немесе орташа күндік жалақы бойынша қызметкер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемелерді орындаған мекеменің табелінің, анықтамасының немесе хабарландыруының негізінде жүргізіледі.
  2. жасөспірімдердің жеңілдік сағаттары. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде 16 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін күніне 7 сағат 12 минуттан аспау керек (16-дан 18 жасқа дейін – аптасына 36 сағат, 15-тен 16 жасқа дейін – аптасына 24 сағат).

Олар:

  1. кесімді ақы алушы жасөспірімдерге кесімді ақы алушының тарифтік ставкасы бойынша;
  2. мерзімдік ақы алушы жасөспірімдерге – тиісті разрядтың мерзімдік ставкасы бойынша төленеді. Жеңілдік сағаттары жұмыс уақытының табелінде табады.
  3. Нәрестені тамақтандыруға арналған үзіліс. Мұның өзі медицина мекемесі емізетін аналар мен 1 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге берген анықтамамен ресімделеді. Демалыс пен тамақтануға берілетін жалпы үзілістен басқа әрбір үш сағат сайын нәрестені тамақтандыруға арналған 30 минуттық қосымша үзілістер беріледі. Бұл үзілістер орташа сағаттық жалақы бойынша төленеді.
  4. Демалыс уақытын төлеу. Еңбек заңдарына сәйкес жұмыс (күнтізбелік емес) жылында жұмысшылар мен қызметкерлерге бір рет демалыс беріледі. Демалыс алу құқығы сол кәсіпорында 11 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін туындайды. Демалыстың ұзақтығын шаруашылық субъектісі белгілейді және кестеге сәйкес беріледі. Демалыс бұйрықпен немесе демалыс беру туралы жазбамен ресімделеді де, онда оның қандай мерзімге берілетіндігі мен ұзақтығы көрсетіледі. Демалысты төлеуге және пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеуге арналған күндік орташа жалақы демалысқа кетер алдындағы 12 күнтізбелік айдың жалақысына орай анықталады (18.09.97 ж. №17/9340 Нұсқаулық).

Егер бір жылдан кем  жұмыс істесе, онда демалысқа кетер  алдындағы күнтізбелік айлардың жалақысына орай анықталады. Күндік орташа жалақы есепті кезеңдегі жалақы сомасын жұмыс уақытының жыл сайынғы балансындағы жұмыс күндерінің айлық орташа санына бөлу жолымен есептеліп шығарылады.

Демалыс уақытындағы  жалақы күндік орташа жалақыны демалыс  күндерінің санына көбейту жолымен алынған сомаға тең.

  1. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыны есептеу. Сырқаттанғанда, жарақаттанғанда, санаторийлік-курорттық емделгенде, отбасы мүшесі ауырғанда және оған күтім жасау қажет болғанда, карантинде, кәсіби ауырғанда ауру күндері белгіленеді. Аурулық куәлік (еңбекке жарамсыздық қағазы) жәрдемақы тағайындауға негіз болады. Жалақының 100% мөлшеріндегі жәрдемақы мертіккенде, кәсіби аурумен ауырғанда 8 жыл және одан астам үздіксіз жұмыс стажы бар қызметкерлерге, сондай-ақ асырауында 16 жасқа жетпеген (18 жасқа дейінгі оқушылар)3 және одан көп балалары бар қызметкерлерге беріледі; 80%-ті мөлшерінде – үздіксіз жұмыс стажы 5-8 жыл болса, 60% – үздіксіз жұмыс стажы 5 жыл болса беріледі. Орташа жалақыны есептеген кезде мынадай төлемдер ескерілмейді (ҚР Үкіметінің 26.03.97 ж. №419 қаулысы):

а) пайдаланылмаған демалыс  үшін өтемақы;

ә) материалдық көмек  түріндегі ақшалай жәрдемақы;

б) өтемақы төлемдері;

в) тәулік ақының орнына жалақыға қосылатын қосымшалар мен үстемелер;

г) арнайы киімнің, арнайы аяқ киімнің, арнайы тамақтың құны;

ғ) біржолғы көтермелеу төлемдері;

д) бағалы қағаздар бойынша  дивидендтер;

е) оқушылардың, студенттер мен аспиранттардың стипендиялары;

ж) қызметкерге келтірілген  залалды, оның жұмысқа байланысты мертігуі немесе өзге жарақаттануын төлеу және өтемақы беру.

Өндірім мен еңбек  төлемінің есептері өндірілетін  өнім саны аяқталмаған өндіріс пен  шығарылған жарамсыз өнім туралы уақытында  және дәл деректер алуды қамтамасыз етуге; әрбір қызметкердің өндіріміне сәйкес еңбекақы төлемінің мөлшерін дұрыс және уақытында анықтауға; өндірілген өнімнің материалдар мен тетіктердің (детальдардың), бөлшектердің және агрегаттардың қозғалыстарын қадағалап отыру үшін қажет.

Өндіріс технологиясы мен  оны ұйымдастыруға, еңбек төлемінің қолданылатын жүйесіне, өнім сапасын бақылауға, есеп пен басқа да жағдайларын компьютерлендіру деңгейіне қарай бастапқы құжаттар есебі мен үлгісінің әр түрлерін қолданады. Әр түрлі өндірістегі өндірім мен еңбек төлемі есебінің ұйымдастырылуын қарастырайық.

Жаппай-толассыз өндірісте  және еңбекті бригадалық әдіспен  ұйымдастыруда өнім өндірімі мен  еңбек төлемі есебі, әдетте, соңғы  операциялардан кейін өнімді қабылдап алудан бастап жүргізіледі. Бригаданың әрбір мүшесінің өнім өндіруі  мастер немесе бригадир толтыратын өндірім туралы айлық рапортта көрсетіледі. Жұмысшыға еңбек төлемі оның операциялары бойынша өндірімне сәйкес есептелінеді. Бұл мақсаттар үшін төмендегі өндірім рапорттары мен ведомостарын қолданады.

Бригаданың өндірімі туралы рапорт өндірілетін өнімнің белгілі бір түріне жазылады, оның бір данасына өнделуі бойынша баға белгілейді. Ай бойы немесе басқадай мерзімде бригада өндірімі – соңғы операциялардан қабылданған өңделген тетіктер ретінде рапортта күн сайын көрініс тауып отырады. Соңғы операциялардан кейін қабылданған өнім, жұмыс істеген уақыты мен жұмысшылардың разряды – осы үшеуі еңбек төлемінің есептелуіне негіз бола алады.

Өндіріс туралы рапортты (жинақтау рапортын) жаппай өндірісте  әр түрлі мезгіл сайын қайталанып отыратын жұмыстарды істеуге келгенде бір немесе бірнеше жұмысшының өндірімі мен еңбек төлемінің есебі үшін қолданады.

Өндірім есебінің тізімдемесін ай бойы бір текті жұмыс істеген  бір топ жұмысшыға (бригадаға) жазады. Өндірімі есебінің ведомосын ай бойында  әр түрлі жұмыс істеген бір топ жұмысшыға (бригадаға) жазады.

Металлургиялық және химиялық өнеркәсіпте бір не бірнеше  аппараттын немесе агрегаттың жұмысын  жүргізетін бригада өндірімі есебінің тізімдемесін қолданады; тау-кен өнеркәсібінде  істелген жұмыстар есебінің тізімдемесін жүргізеді.

Сериялық өндірісте  өндірім және еңбек төлемі есебін бір сменадағы өндірім рапортымен сәйкес келетін етіп, оларды маршруттық парағында жүргізген жөн. Егер өнімдерді  өңдеу ұзақтығы бір сменадан аспайтын болса, бір рапортпен шектелуге  болады. Маршруттық парақты тетіктердің топтарына (партияларына) жазады, ол өндіріс процесінде өңдеу операцияларының бір-біріне өтетін топ тетіктермен бірге ілесіп жүреді. Бұл жұмысшылардың өндірімі мен еңбек төлеміне дұрыс есеп жүргізіп, бақылау жасап отыруға септігін тигізеді. Бір сменадағы өндірім туралы рапорт өнімнің нақты өндірімін көрсетуге арналған және еңбек төлемін есептеуге негіз болып табылады. Маршруттық парақтардың деректері бойынша рапорт жазылады.

 Маршруттық парақты өндірістегі тетіктердің қозғалысын жедел есептеп отыруға, және өндірім мен еңбек төлемінің бірыңғай құжаты ретінде қолданады. Ол өндіріс процесінде тетіктер тобына ілесіп отырады. Маршруттық парақтың жұмысшыларға еңбек төлемін есептейтін сменадағы өндірім рапортымен сәйкестілігін сақтап, жұмысшылардың өнім өндірімін және жалақыларын есепке алудың бірыңғай құжаты ретінде қолданады.

Информация о работе Еңбек нарығы