Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 19:46, курсовая работа
Бухгалтерлiк есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелiмен күштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда бiздiң республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдiк нарықта бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым бiздiң экономикамыздың деңгейi де жоғарлай бередi.
Кіріспе Бет
1. Бөлім. Ақша қаражатты
1.1. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы..................................................6
1.2 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу............................9
1.3. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты........11
2. Бөлім. Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру
2.1. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебi……………………………….............19
2.2. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебi………………..........23
2.3. Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………………….........26
2.4. Банктегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақшаның есебi………….............30
Қорытынды..............................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................35
4) Белгiленген мерзiмдерге
ақша қаражаттары мен есеп
айырысудың жағдайына
5) Кассадағы, есеп айырысу
шотындағы және банктегi басқа
шоттардағы ақшалардың бар
6) Есеп айырысу – төлем
тәртiбiнiң сақталуына, материалдық
құндылықтар мен қызметтер
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 45-“Кассадағы қолма-қол ақша” бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
451- “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” және 452- “Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша” шоттарында жүргізіледі.
“Кассадағы ұлттық валюта
Кассаға ақша қабылдау
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттамен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетіледі.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: “Сенімхат бойынша” деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостьқа қоса тіркейді.
Жалақы, уақытша еңбекке
Банктен ақша алғаннан кейін
үш күн өткен соң, кассир төлем
тізімдемесіне еңбек ақысы
Касса операцияларының есебін
кассир Касса кітабында
Касса кітабының әрбір парағы
тең екі бөліктен тұрады. Олардың
бірін кассир бірінші дана
ретінде толтырады және ол
кітапта қалады.; екіншісі көшіргі
қағаз арқылы бергі және
Есеп бланкісі операциялар
Касса операциялары шағын
Кассирдің есебінде
Касса бойынша операциялардың, яғни 451 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 451 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.
Кассаны түгендеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма-қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес құнды қағаздар ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды.
Түгелдеу актісінде
ақша қаржысының бар болуы
түгелдеу күні жасалған есепке
алудың мәліметтерімен
Кәсіпорын
кассасында сақталатын құнды
қағаздар мен ақша құжаттарын
түгелдеу оларды парақтап
Жол үстіндегі
ақша қаражаттарын түгелдеу
Банктерде
есеп айырысу (ағымдағы), валюталық
және арнайы шоттарда тұрған
ақша қаражаттарын тізімге алу,
кәсіпорын бухгалтериясының
Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, сыртқы қолайсыз факторларға тәуелді болмау үшін Ұлттық қор құрды.
Бүгінгі күні ұлттық қорда 5,3 миллиард доллар жинақталып отыр. Ұлттық қорды қоса есептегенде, еліміздің алтын-валюта резервтері, тұтас алғанда, 14 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті деген сөз.
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің жанындағы «Бугалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаментінің»№4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп» деп аталатын бугалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілерді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебін пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның , яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерге бағалауына мүмкіндік береді» делінген. Ал осы стандарт екінші бабында: «Заңды тұлғалар , субъектілер (банктер немесе бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғаласы туралы есепті осы стандарттың талаптарына сай жүргізеді және есепті кезеңдегі қаржы нәтижелері есептемесінің құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.
Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе көрсетілген қызметке және бюджетке немесе бюджеттен басқа да мекемелерге әртүрлі төлемдерді төлеуге байланысты түрлі операциялар пайда болады. Әрбір кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет көрсетіп, жабдықтаушы ретінде болатын болса, екіншіден сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар және материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады. Осындай кәсіпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар көбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз төлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма-қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк-мекемесі белгіленген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бугалтерлік есебін жүргізу мен ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
Барлық шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарымен жұмыс істейді. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі бір жағынан ақша қаражаттары есебінің дұрыс жолға қойылуынан да тәуелді. Шаруашылық қызметінде кәсіпорын басқа кәсіпорындармен сатып алынған негізгі құралдар, материалдар мен шикізаттар, орындалған қызметтер үшін есеп айырысулар жүргізеді. Сонымен бірге кәсіпорын есеп айырысулар жолымен салық органдармен, еден қызметімен, бюджеттпен қарым-қатынасқа түседі.
Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар екі формада жүргізіледі: қолма-қол ақшасыз және нақты ақшамен есеп айырысулар арқылы.
Банк арқылы кассалық есеп айырысулар жүргізу мемлекеттің кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін жан-жақты бақылауға мүмкіндік береді. Банк мекемелері кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне жұмсалатын шығындарын қадағалауға, олардың басқа субъектілермен уақтылы есеп айыысуын реттеуге, банктен түрлі мақсаттар үшін несие алуға мүмкіндік береді.
Ақша қаражаттарының бар болуы мен олар бойынша есеп айырысуларды дұрыс ұйымдастыру есеп айырысу тәртібінің бекуіне, дебиторлық және кредиторлық міндеттемелердің кемуіне, ақша қаражаттарының айналымдылығының жылдамдауына, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының нығаюына алып келеді.
1. Қазақстан
Республикасы Экономика және
бюджеттік жоспарлау
Информация о работе Ақшалай қаражаттар есебін ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары