Ақшалай қаражаттар есебін ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 19:46, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлiк есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелiмен күштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда бiздiң республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдiк нарықта бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым бiздiң экономикамыздың деңгейi де жоғарлай бередi.

Содержание работы

Кіріспе Бет
1. Бөлім. Ақша қаражатты
1.1. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы..................................................6
1.2 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу............................9
1.3. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты........11
2. Бөлім. Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру
2.1. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебi……………………………….............19
2.2. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебi………………..........23
2.3. Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………………….........26
2.4. Банктегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақшаның есебi………….............30
Қорытынды..............................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................35

Файлы: 1 файл

курсовой каржылык есеп Валиева.doc

— 253.50 Кб (Скачать файл)

Жабдықтаушылар шотын төлеу 421 шотың кредиті бойынша және 671 «Төлеуге шоттар» шотының дебеті бойынша көрсетіледі; пайдаланылған аккредитивті тұтастай немесе бөлшектей кері қайтару 441,431,432,601 шоттарының дебеттерінде және 421 шоттың кредитінде көрсетіледі.

Банктерге комиссиондық төлемдері төленген кезде 821 «Жалпы және әкімшілік шығыстар» шоты дебеттеледі де, 441 шоты кредиттеледі.

422 «Чек кітаапшаларындағы  ақша» шоты бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады. Чек – бұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға толтырған клиенттің өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.

Чек кітапшасы бойынша депоненттелген сомасы берілген кезде 422 шот дебеттеліп, 431,432,441,601 шоттары кредиттеледі.

Кітапшалардағы чектерге төлем жасалуы үшін чектер чек ұстаушылар арқылы банкке чек реестрімен ұсынылады. Чек кітапшаларын есеп беруге жабдықтаушыларға және басқа тұлғаларға беру кезінде 334 «Өзге де дебиторлық берешек» шотының, «Өздеріне берілген чек кітапшалары бойынша есеп беретін тұлғалар» деп аталатын аналитикалық шоты дебеттеліп, 687 «Өзгелер» шотының «Чек кітапшалары бойынша есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу»  деп аталатын аналитикалық шоты кредиттеледі. Төленген чектердің сомасына 687 шоты дебеттеліп, 422 шоты кредиттеледі.

423 «Банктердегі арнаулы  шоттардағы ақша» шотында айрықша  сақтауды талап ететін қаражаттар  есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.

424 «Банктердегі өзге де  шоттардағы ақша» шотының субъектінің  құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражатары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен, бухгалтерлiк есеп бүгiнгi таңда басқару жүйесiнде маңызды орындардың бiрiн алады. Ол өндiрiстiң, айналыстың, тұтынудың нақты үрдiстерiн көрсетiп, кәсiпорынның қаржылық  жағдайын сипаттап, басқарушы шешiмдерiн қабылдаудың негiзi болып табылады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп Бухгалтерлiк есеп стандарттарында және Типтiк шоттар жоспарында бекiтiлген принциптерiне сәйкес жүргiзiледi.

Әр бiр кәсiпорын өзiнiң қызметi барысында сатып алынған тауарлар, көрсетiлген қызметтер, орындалған жұмыстар үшiн  басқа шаруашылық жүргiзушi субьектiлермен, бюджеттiк мекемелермен, бюджеттен тыс қорлармен және т.б. мекемелермен есеп айырысады. Ал, есеп айырысу операцияларының тиiмдiлiгi көбiне ақша қаражаттарының бухгалтерлiк есебiнiң жағдайына байланысты. Ақша қаражаттар бойынша есеп айырысу қолма қол және қолма қолсыз нысанда жүредi. Қолма қолсыз ақшаның есебi есеп айырысу шоты, валюталық шот, банктегi арнайы шоттардағы ақша қаражаттар операцияларының есебi арқылы, ал қолма қол ақшалардың есебi касса операцияларының есебi бойынша жүзеге асады.

Барлық шаруашылық субъектiлер ақша қаражаттарын банктердiң сәйкес мекемелерiндегi шоттарда сақтайды және мiндеттемелер бойынша төлемдердi жүзеге асырады. Көп жағдайда бұл төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу нысанында болады, ал қажеттi қолма – қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң нормативтi құжаттарымен бекiтiлген мөлшерде ғана жүзеге асады. Заңды тұлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу көрсеткiшiнен артып кеткен жағдайда, есеп айырысу  тек қолма – қолсыз түрде жүзеге асу керек.

Ақша қаражаттардың есебi мынадай алғашқы құжаттардың негiзiнде жүзеге асады:

  • төлем тапсырмасы;
  • нақты жарнаға хабарландыру;
  • төлем талап тапсырмасы;
  • кiрiс касса ордерi;
  • шығыс касса ордерi;
  • ақшалай чектер;
  • слиптер;
  • қаражатты депонирлеудiң төлем тапсырмасы;
  • банктiк күшiрмелер.

 

Жалпы айтқанда, мен қойған мақсатыма жеттiм, яғни ақша қаражаттар есебi мәселелерiн тәжiрибе принциптерiмен ұштастырып, алған бiлiмiмдi нығайта түстiм.

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Бухгалтерлiк есептiң Типтiк жоспары, Қазақстан Республикасының             

      Қаржы министрлiгi, Алматы 2002ж.

  1. Қаржылық есеп берудiң халықаралық стандарттары, 2001ж.
  2. Қазақстандағы  Аудиттiң халықаралық стандарттары, 2001ж.
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (Негiзгi бүлiм, 1996ж.)
  4. Әлжанова Н.Ш.Инвестициялық жобалау:Оқу құралы.-Алматы:қазақ университеті, 2006.160б.
  5.   Мақыш С.Б.Банк ісі.Оқулық .-Алматы: Издат Маркет, 2007.471б.
  6.   Мақыш С.Б.Ақша айналысы және несие. Оқу құралы.- Алматы:ИздатМаркет, 2004.248б.
  7.    Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі.Алматы, 2005ж. 56-57бб.
  8.   Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев  Қаржы Алматы: 2005. 471-482 бб.
  9.   Кеулімжаев К.К. «Қаржылық есеп» ,  2002ж.
  10. Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 1қаңтардағы «Бухгалтерлік есеп туралы» заң күші бар жарлығы.
  11.   Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы  28  қаңтардағы «Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту мен жетілдірудің 2000-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» туралы жарлығы.

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Ақшалай қаражаттар есебін ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары