Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 19:46, курсовая работа
Бухгалтерлiк есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелiмен күштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда бiздiң республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдiк нарықта бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым бiздiң экономикамыздың деңгейi де жоғарлай бередi.
Кіріспе Бет
1. Бөлім. Ақша қаражатты
1.1. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы..................................................6
1.2 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу............................9
1.3. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты........11
2. Бөлім. Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру
2.1. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебi……………………………….............19
2.2. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебi………………..........23
2.3. Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………………….........26
2.4. Банктегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақшаның есебi………….............30
Қорытынды..............................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................35
2. Мемлекеттің негізгі
2) мемлекеттiң Әлеуметтiк-экономикалық
дамуының басымдықтарымен және ақша-кредит
саясатымен өзара қарым-қатынаста мемлекеттік
фискалдық, кедендiк және бюджеттік инвестициялық
саясатты, сондай-ақ халықаралық экономикалық
және қаржылық қатынастар саласындағы
саясатты қалыптастыру;
3) экономика секторларында
мемлекеттiк активтердi басқару саласындағы
мемлекеттiк саясатты
3.Министрлiк
қызметiн Қазақстан
4.Министрлiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазақстан Республикасы қаржы министрлiгінің қазынашылық органдарында шоттары болады.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға түседi. Министрлiктiң, егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берiлсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
5.Министрлiктiң
штат санының лимитін
6.Министрлiктiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 33-үй.
7.Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi мемлекеттік мекемесi.
8.Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9.Министрлiктiң
қызметін қаржыландыру
Министрлiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2-тарау Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру .
2.1.Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса опера-цияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 45-«Кассадағы қолма-қол ақша» бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
451-«Кассадағы ұлттық валюта
түріндегі қолма-қол ақша» және
452-« Кассадағы шетелдік
«Кассадағы ұлттық
валюта түріндегі қолма-қол
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері №2 қосымша бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир «Төлем таңбаларын анықтау тәртібін» басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандармен жазылады.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен №3 қосымша немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордер-леріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жеклеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оның кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын: теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.
Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостқа қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін құжаттарды бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.
Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі №4 қосымша бойынша таратылады, оның қас бетінде ақша бертін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөртабан соғады немесе «Депозитке салынды» деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан» деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың нысаналы мақсаты көрсетіледі. Егер ақша қаржаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған күні, нөмірі мен сомасы көрсетіледі.
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып «Алынды» немесе «Төленді» деп белгі соғады.
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында №5 қосымша жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екіншісі көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан юасталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртыл-майтын бөлігінің сыртқы жағынан көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады.
Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. «Соның ішінде жалақыға» деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөнінде құжаттың нөмірі, коррес-понденцияланған шоты, сомасы көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғында қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.
Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 451-«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесеесеп регистрлеріне көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 451 шоттың дебеті мен кредиті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 451 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.
Кассаға ақша кірістелген кезде 451-«Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттелінеді:
441-«Есеп айырысу шотындағы ақша» шоты – кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға;
333-«Қызметкерлердің және
басқа да тұлғалардың берешегі»
701-«Дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыс» шоты материалдар,жұмыстар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшамен есеп айырысқан кезде.
Кассадан ақша берілген кезде 451-шоты кредиттелінеді және мына төмендегі шоттар дебеттелінеді:
681-« Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есептесу» шоты – кәсіпорын қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасына;
333-«Қызметкерлердің және
басқа да тұлғалардың берешегі»
441-«Есеп айырысу шотындағы ақша» шоты – кәсіпорынның есеп айырысу шотына өткізілген, депозитке салынған жалақы және басқа да түсімнің сомасына.
Валютамен есеп айырысуды
жүргізген кезде субъектілер
452-«Кассадағы шетелдік
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп регистрлердің жүргізілуі мүмкін.
Валюта түскен кезде 452-шоты дебеттелінеді де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:
431-«Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақша» валюта шотынан валюта түскен кезде;
301-«Алынуға арналған
725-«Бағам айырмашылығынан
аланатын кіріс» шоты – тиісті
шетел валюталарына қатысты
333-«Қызметкерлердің және
басқа да тұлғалардың берешегі»
Валюта кассасынан валюта берген кезде – 452-шот кредит-телінеді және мына төмендегі шоттар дебеттелінеді:
333-«Қызметкерлердің және басқа да тұлғалардың берешегі» шоты – есебіне берілген шетел валютасының сомасына;
431-«Ел ішіндегі валюталық
шоттағы ақша» шоты – валюта
шотына өткізілген валюта
844-«Бағам айырмашылығы
бойынша шығыстар» шоты –
Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі. Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне байланысты олардан түскен түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша каражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында орнала-сады. №1034 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің Ережесі бекітілген. Аталған ережеде тыңшылық жадысы бар бақылаушы кассалық машинасын (ТЖБКМ) енгізуді ұсынған болатын.
ТЖБКМ көмегімен есептеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарын сатып алушыларға бақылаушы-кассалық машинаның чегін беруге міндетті, өйткені ол сатушы мен сатып алушының арасындағы алып-сату келісім-шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын қуаттайды.
ТЖБКМ сатылып алынғанда оны тіркеуден өткізу үшін салық органына арыз жіберіледі. Оны тіркеуден өткізу үшін келесідей құжаттарды ұсыну қажет: арыз, заңды тұлғаның мемлемкеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі , БКМ паспорты; қолма-қол ақшаны тіркейтін журналы т.б. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғандығын және БКМ-ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану мерзімі біткен соң салық органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салық органының өкілетті инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енгізеді. Пароль шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салық органдарында сақталады.
Информация о работе Ақшалай қаражаттар есебін ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары