Ақшалай қаражаттар есебін ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2014 в 19:46, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлiк есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелiмен күштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда бiздiң республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдiк нарықта бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым бiздiң экономикамыздың деңгейi де жоғарлай бередi.

Содержание работы

Кіріспе Бет
1. Бөлім. Ақша қаражатты
1.1. Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы..................................................6
1.2 Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу............................9
1.3. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты........11
2. Бөлім. Ақша қаражаттарының есебiн ұйымдастыру
2.1. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебi……………………………….............19
2.2. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебi………………..........23
2.3. Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебi……………………….........26
2.4. Банктегi арнайы шоттардағы қолма-қол ақшаның есебi………….............30
Қорытынды..............................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер........................................................................................35

Файлы: 1 файл

курсовой каржылык есеп Валиева.doc

— 253.50 Кб (Скачать файл)

Заңды тұлға резиденттерінің банк шоттарында шетелдік валютасында қолма қол ақшасынан резиденттік емес еңбеккерлеріне жалақы төлеу үшін қызмет бабы бойынша еңбеккерлердің шетелдік іс-сапарларға шығуына байланысты кеткен шығыстарын жабуға алынуы мүмкін. Осы қаражатты алу үшін заңды тұлға резиденттері өкілетті банкісіне тиісті дәрежеде рәсімделген құжатты ұсынады.

Өкілеті банктер мен айырбас пунктері арқылы шетел валюталарын алып-сату арқылы екі жақты мәмілелер кезінде сатып алушылар мен сатушылардың өз беттерінше анықтаған бағамдық деңгейін алуға құқылы.

Резидент – заңды тұлғалар ішкі валюталық нарығында шетелдік валютаны және тек резидент еместермен есеп айырысу үшін шетел валютасында банкіден алған несие бойынша міндеттемелерін орындайды. Шетел валютасында несиелер қолма қол ақшасыз тәртіппен беріледі.

Валюта шоты бойынша жасалынатын оепрациялар мына төмендегі құжаттармен рәсімделеді;

  • банк мөрімен және кассирдің, орындаушы мен бақылаушының қойған қолдарымен куәландырылған банктік валюталық кіріс ордері валюталық шығыс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады;
  • қолма қол валютаны беру Тапсырмамен рәсімделеді. Банк куәландырған тапсырманың көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады;
  • шетелдердегі бенефициарға валюта қаражаттарын аудару « Аударға берілетін өтінішті» жазу арқылы рәсімделеді;

Валюта шоттары бойынша операциялардың есебі 431-« Ел ішіндегі валюталық шоттағы ақша» және 432-«Шетелдегі валюталық шоттағы ақша» - шоттарында жүргізіледі.

Аталған және басқа да құжаттарың негізінде банк валюталық шотының бет есебіне тиісті жазуын жазады, ал оның көшірмесі кәсіпорынға жіберіледі.

Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша жабылады, содан соң осы өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жіберіледі. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе немесе шоттың нөмірі өзгерген жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжатты өтінішке қоса тіркеуге міндетті.

Валюталық бақылаудың негізгі бағыты операциялардың қолданылып жүрген заңға сай келуін, шетел валютасымен төлеудің негізділігін тексеру; валюталық операциялар бойынша, сондай-ақ резидент еместердің Қазақстан Республикасының валютамен операцилары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығы мен нақтылығын тексеру болып табылады.

 Валюталық бақылау  Қазақстан Республикасында валюталық  бақылау органдары және агенттері  арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.

Алған лицензияларына сәйкес операциялар жүргізген кезде валюталық заңның сақталуын бақылау міндеті жүктелген өкілеттіктеріне берілген банкіден тыс қаржы мекемелері мен өкілеттігі берілген банкілер валюталық бақылаудың агенттері  болып табылады.

Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылаудың агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.

  Қазақстан Республикасында  валюталық операцияларды жүзеге  асырып жатқан резидент те, резидент  емес те республиканың заңымен  белгіленген тәртіппен осы операцияларға  қатысты ақпараттар мен тиым  салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.

Шетел валютасын сатып алу. Заңды тұлға-резиденттер шетел валютасын ішкі саудада тек резидент еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ заң актілерінде қарастырылған басқа да жағдайларда ғана сатып ала алады.

Заңды тұлға-резиденттер шетел валютасын сатып алуға тапсырысты әзірлеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетуді, сондай-ақ резидент еместермен есеп айырысуда жүзеге асырудың қажеттілігін растайтын құжаттарды қоса тапсыруы немесе өкілетті банктерден алынған несиелер бойынша міндеттемелерді орындауды және осы валютаны, егер ол өз мақсаты бойынша пайдаланылмайтын болса, онда сатып алынған күннен бастап, отыз күннің ішінде ағымдағы нарықтық бағамы бойынша ішкі валюталық саудада сатуға тек банкке ғана өкілеттік берілген.

 Заңды тұлға-резиденттердің  ішкі валюталық саудада сатып  алған шетел валютасы резидент  емеске немесе валютаның заңды  тұлғаның есепшотына қосылған  күннен бастап, отыз күннің ішінде  өкілеттік банкке аударылуы тиіс.

Заңды тұлға – резидент толықтай немесе жартылай сатып алған шетел валютасын отыз күннің мерзімі өткенше пайдаланбаса, онда ол ішкі валюталық саудада міндетті түрде сатылады.

Заңды тұлға-резиденттерге валюталық операциялар бойынша көрсетілген банктік қызмет түрлеріне банктер арқылы тараптардың келісімі бойынша ұлттық немесе шетел валютасы түрінде төлемақы алады.

Теңгемен алынған несиелерді, сондай-ақ олар бойынша пайыздар мен басқа да төлемдердің шетел валютасымен орнын жабуға тыйым салынады.

Тауарлар экспорты төлем, сондай-ақ несие немесе инвестиция ретінде заңды тұлғалар-резиденттер арқылы алынған болса, онда ол осы резиденттің 24 наурыз 1997 жылғы №130 шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметін лицензиялау тәртібі туралы Ережеге сәйкес өкілетті банкілер арқылы төлем жасалынады.

 Заңды тұлға – резиденттердің  пайдасына тарту, қайырымдылық-жәрдем  жасау, қайырымдылық жарналар және  басқа да түсімдер ретіндегі  шетел валютасы олардың өкілетті  банкілері арқылы төленеді.

Өкілетті банкілерден шетел валютасын сатып алған кезде келесі шоттар коррепонденциясы қарастырылады.

431 және 432 шоттарының дебеті  келесі шоттардың кредитімен  коррепонденцияланады:

452-«Кассадағы шетелдік  валюта түріндегі қолма қол  ақша» - валюталық кассадан валюталық  шотқа өткізілген валютаның сомасына;

301-«Алынуға арналған есептеулер»  шоты – тиелген өнім. Орындалған  жұмыстар мен көрсетілген қызметтер  үшін төленетін валюталық қаржы  келіп түсті;

725-«Бағам айырмашылығынан  аланатын кіріс» шоты – шетелдік  валютаның ұлттық валютаға қатысты  бағамының өсуінің нәтижесінде пайда болған оң бағам айырмашылығының сомасына.

431 және 432 шоттарының кредиті  келесідей шоттардың дебетімен  коррепонденцияланады:

452-«Кассадағы шетелдік  валюта түріндегі қолма қол  ақша» - валюталық шоттан валюталық  кассаға алынған валютаның сомасына;

671-«Төлеуге шоттар» - жеткізілген  материялдық қорлар, атқарылған  жұмыстар және көрсетілген қызмет  үшін шетелдік фирмалардың инвойсы  төленді;

844-«Бағам айырмасы бойынша  шығыстар» - шетелдік валютаның ұлттық  валютаға қатысты бағамының төмендеуінің нәтижесінде пайда болған теріс бағам айырмашылығының сомасына.

 

2.4.Банктегі арнайы шоттардағы  ақша қаражаттарын есепке алу.

Кәсіпорындар банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі 42 «Банктердегі арнаулы шоттардағы ақша» деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:

421-«Аккредитивтердегі ақша»  шоты. Бұл шота аккредитивтегі  ақша қаржыларының қозғалысы  есепке алынады. Аккредитив –  клиенттің тапсыруымен өзі келісімге  отырған контрагенттің пайдасына  берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивт көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.

Аккредитивтің келесі түрлері ашылады:

жабылатын; қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік болып бөлінеді.

Жабылатын аккредитивті ашқпн кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.

Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен лдын-ала келіспей-ақ жоюы немесе өзгертуі мүмкін. Қайтарып алынатын аккредитив жағдайында барлық билікті өзгерту туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенфициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.

Қайтпайтын аккредитивте банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.

Бенефициар аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.

Дәлелденген аккредитив – бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кепілдігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.

Трансферабельдік аккредитив – бұл бенфициардың өзінен басқа бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.

Аккредитив тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арналуы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.

Аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар тауарларды тиеген соң, тауарлардың тиелгені жөнінде және басқа да аккредитивтің шарттарында көзделген құжаттарды қызмет етуші банк мекемесіне ұсынады. Аккредитив бойынша төлемді растайтын құжаттар жабдықтаушы арқылы банкке аккредитивтің мерзімі өткенге дейін ұсынылуы және аккредитивтің барлық шарттарының орындалғанын айғақтауы керек. Осы шарттардың біреуі бұзылған жағдайда аккредитив бойынша төлеу жүзеге асырылмайды.

Бенефициар банкісі аккредитив бойынша қаржының дұрыс пайдалануын бақылайды, сол үшін аккредитив беруші оған аккредитив сомасынан белгіленген көлемде ақша төллейді. Аккредитив ұсынылған тапсырыста делдалдық ақшаның сомасы жеке көрсетіледі.

Егер аккредитивтің шарттарында уәкілетті сатып алушының келісімі көзделген болса, онда акцептік жазбаның бар болуы және уәкілдің қолының ұсынылған үлгіге сәйкестігі тексеріледі.

Сатып алушының уәкілі жабдықтаушыдан тауарды қабылдап алар кезде шот тізбесінде тауардың тиелген күні, тауарлы-көлік құжаттарының нөмірі, тауарды байланыс мекемелері арқылы жөнелткен жағдайда почта квитанциясының нөмірі, қабылдау, қабылдау-өткізу құжаттарының нөмірі немесе толтырылған күні және тауар жөнелтілген көліктің түрі көрсетілмесе шот-тізбесін төлеуге беруге болмайды.

Жабдықтаушы арқылы банкіге реестрдің үш данасы ұсынылады, олардың ішінен бір данасы мемориалды ордер ретінде пайдаланылады, үшінші данасы шот-тізбесінің қабылданғанын білдіретін қолхат ретінде жабдықтаушыға беріледі де, ал екінші данасы тауарлы-көлік құжаттарының қаттамасымен және банкінің белгісімен жабдықтаушыға тапсыру үшін банк-эмитентке жіберіледі.

Аккредитивті қолма қол ақша түрінде төлеуге рұқсат етілмейді.

Егер аккредитивтің шарттарымен уәкілетті сатып алушының акцепті көзделген болса, онда аталған тұлғалар атқарушы банкіге келесі құжаттарды: төлқұжат немесе оны алмастыратын құжат; банкіде жоқ болған жағдайда өз қолының үлгісін;  іс-сапар куәлігі немесе аккредитив ашқан ұйым берген сенімхат ұсынуға міндетті.

Аккредитив есебінен төлеу үшін, акцептелінген шоттар тізбесінде немесе тауарлы-көлік құжаттарында өкілеттік берілген тұлға акцепт жөнінде жазбаны береді.

Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде атқарушы банк банк-эмитентті хабардар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банкте пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитив тің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кеітіледі. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.

Банктің кінәсінен жіберілген кемшіліктерден басқа барлық бенефициарға түскен шағым банктің қатысуынсыз тараптардың өз арасында қаралады.

Егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 601 «Банктердің қарыздары» шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 441 «Есеп айырысу шотындағы ақша» шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар кредиттеледі де, 421 «Аккредитивтердегі ақша» шоты дебеттеледі.

Информация о работе Ақшалай қаражаттар есебін ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары