Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 18:07, курсовая работа
Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
Кіріспе
1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы орны...........................................................................................7
1.1 Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту концепциясы.........................................................................................................7
1.2 Бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі принциптері................................12
1.3 Қаржылық есепті берідің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайындағы есепті ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздері.................................................................................................................15
2. Қорлардың есебі ............................................................................................18
2.1 Қорлар жайлы түсінік.....................................................................................18
2.2 Қорлардың қоймадағы есебі.........................................................................23
2.3 Қорлардың бухгалтериядағы есебі...............................................................26
2.4 Қорларды бағалау әдістері............................................................................29
2.5 Қорларды түгендеу.........................................................................................31
Қорытынды .....................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................36
Тізімдеме
Мазмұны
Кіріспе
1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және
оның бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы
орны..........................
1.1 Қазақстан Республикасында қазіргі
кездегі бухгалтерлік есепті дамыту концепциясы...................
1.3 Қаржылық
есепті берідің
халықаралық стандарттарын
енгізу жағдайындағы есепті
ұйымдастырудың теориялық
және әдістемелік негіздері........
2. Қорлардың есебі ..............................
2.1 Қорлар жайлы түсінік..........
2.2 Қорлардың қоймадағы есебі.........................
2.3 Қорлардың бухгалтериядағы
2.4 Қорларды бағалау әдістері......................
2.5 Қорларды түгендеу.............
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Тізімдеме
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қорлар есебі». Бухгалтерлік есеп бұрыннан келе жатқан экономиканың бір түрі болғанымен, Қазақстанда ол кеңінен дамымаған. Оны дамыту барысында көптеген заңдар мен нормативтер қабылданған. Ал принциптерге келетін болсақ, олар осы бухгалтерлік есепті жүргізудің қағидалары болып табылады. Оның 13 принципі барОсы курстық жұмыстың мақсаты қорлардың қорлардың классификациясын ашып көрсету. Сонымен қатар қорларды бағалаудың қандай әдістері бар екенін көрсету. Қорлардың қоймадағы, бухгалтериядағы есебін қалай жүргізетіні, қандай құжаттар толтырылатынын және де түгендеу тураылы ақпаратты толық ашып көрсету.
Қазіргі кезде экономикалық жүйені тиімді басқару мен шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттар қалыптастырушы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп» ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы №329-11 2002 жылы 24 маусымда қабылданған. Осы құжат бухгалтерлік есепті жүргізудің және ұйымдастырудың бірыңғай құқықтық және әдістемелік негіздерін бекітеді.
Қазіргі кезеңдегі бухгалтерлік есепті нарықтық қатынастардың талабына сәйкес жетілдіру процессі одан ары жалғасуда. Ендігі міндеті есеп жүйесін қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкестендіріп жүзеге асыру. Қазақстанда бухгалтерлік ескесептің республика үшін тиімдірек концепциясын анықтау мақсатында әлемдегі экономикалық жағынан дамыған елдердегі бухгалтерлік есеп жүйесі зерттелді.Бухгалтерлік есеп бойынша аталған нормативтік құжаттарды енгізу Қазақстан Республикасының экономикасымен оның қаржылық жүйесі әлемдік шаруашылық қызметінің механизміне кіру және әлемге белгілі ең үлкен санын тарту қажеттілігінен туындаған.
Республикамызда бухгалтерлікті есепті реформалау үшін ағылшын-америкалық модель таңдалды. Менің ойымша, бұл дұрыс таңдау.Себебі Қазақстанда қабылданған бухгалтерлік есептің жаңа жүйесі, кәсіпорынды ашығырақ көрсетуге, ішкі және сыртқы инвесторлардың назарын көбірек бұруға мүмкіндік береді.
Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
Қорлар айналым активтерінің құрамды бөлігі ретінде өндіріс процесінде толықтай қолданылады және өзінің құнын өндірілетін өнімнің құнына толығымен алып барады.
Курстық жұмыстың мақсаты қорлар есебінің тиімділігін жоғарлату және оларды тиімді пайдалану бойынша теориялық сұрақтар мен ұсыныстар дайындау болып табылады.
Көзделген мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылды:
- қорларды есепке алудың іс жүзіндегі жүйесін зерттеу және оларды нарық экономикасы жағдайына сәйкес дамыту;
- қорларды есепке алудың тәжірибесін зерттеу және оны дамыту бойынша ұсыныстар дайындау;
- қорларды талдауды тиімді жүргізілуінің және оның деңгейін көтеру бойынша ұсыныс дайындау.
“Тараз Құрылыс Инвест” ЖШС мәліметтері негізінде бухгалтерлік жазуларды көрсеттім.
1 Бухгелтерлік есепті ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы орны
1.1 Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту концепциясы
Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеуді басқа да мүдделес министрліктер мен ведомстволармен келісе отырып Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі іске асырады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңмен жетекшілік ете отырып, ол министрлік туралы Қазақстан Республикасындағы есеп беру мен бухгалтерлік есеп туралы жалпы ережелерді, әдістемелік нұсқаулар мен бухгалтерлік есептің жекелеген бағыттары бойынша рекомендацияларды, бухгалтерлік есеп стандарттарын, сонымен қатар, стандарттарды қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқауларды, басқа да есепке байланысты мәселелерді бекітеді.
Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеудің нормативтік жүйесі бухгалтерлік есеп жөніндегі келесі құжаттар деңгейін қамтиды және ол төмендегі 1-кестеде көрсетілген.
1-кесте. Қазақстандағы есепті реттеудің нормативтік – құқықтық жүйесі
Деңгей |
Құжаттар |
Құжаттарды қабылтайтын органдар |
І деңгей – заң шығарушы |
Заңдар, қаулылар, кодекстер, жарлықтар |
Парламент, ҚР Президенті |
ІІ деңгей - нормативтік |
Бухгалтерлік есеп жөніндегі ережелер (стандарттар) |
ҚР Үкіметі, ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық Банкі |
ІІІ деңгей - әдістемелік |
Әдістемелік нұсқаулар, нұсқаулықтар, хаттар. Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынудың Концептуалды негізі. |
ҚР Қаржы министрлігі, атқарушы билік органдары, халықаралық кеңес беруші комитеттер. |
IV деңгей – ұйымның есеп саясаты |
Есеп саясаты аясындағы
ұйымдастыру – басқару |
Ұйымдар, фирмалар, компаниялар және басқа да кеңес беру фирмалары. |
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңнан басқа, бухгалтерлік есептің жекелеген аспектілері ҚР Азаматтық Кодексімен, ҚР Салық Кодексімен және басқа да заңдармен реттеледі. Мысалы, ҚР Азаматтық Кодексінде талап ету мерзімінің уақыты белгіленген сату-сатып алу кезінде іске асатын мүліктік құқықтың ауысуының мерзімі анықталған.
Заң бухгалтерлік есептің және оны ұйымдастырудың әдістемелік және құықтық негіздерін, бухгалтерлік қызметтің негізі бағыттарын және есеп беруді құра білуді, сонымен қатар, бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті және бухгалтерлік есеп беруді құратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамын анықтайды. Заң есептің негізгі мақсаттарын және оны жүргізудің басты талаптарын анықтайды. Бірінші деңгейге мүліктердің, міндеттемелердің және шаруашылық операцияларының түрлерінің салық салынуы мен есебін реттеуді регламенттейтін басқа да Заң актілері жатады. ҚР Президентінің Жарлықтары мен ҚР Үкіметінің Қаулылары – нормативті реттеу жүйелерінің бірінші деңгейіндегі құжаттар.
Бухгалтерлік есепті реттеудің екінші деңгейіндегі құжаттар – бұл ұйымдардың шаруашылық өмір фактілерінінің есебін жүргізу әдісін, ережелерін және принциптерін бекітетін ҚР Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жөніндегі ережелері (стандараттары). Ережеге сай, олар ҚР Әділет министрлігінде тіркеледі және барлық ұйымдар үшін нормативтік күшке ие. Қазіргі таңда бухгалтерлік есеп жөнінде 29 қазақстандық стандарт бар. Ескерте кету керек, кейбір стандарттар басқа стандарттармен ауысуына байланысты немесе олардың ережелерінің басқа стандарттарға көшірілуіне байланысты алынып тасталған.
Үшінші деңгей құжаттары ҚР Қаржы министрлігінің заңдары мен ережелерінің (стандарттарының) қолданылу реттерін ашады және нақтылайды. Олар неғұрлым жоғары деңгейлердің нормативтік – құқықтық актілеріне қайшы келмейді. Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары және меншік формасына, ұйымдастыру – құқықтық формаларына байланыссыз барлық кәсіпорындардағы есепті ұйымдастыру негіздерін құрайтын нұсқаулықтар үшінші деңгей құжатарына жатады. Сонымен қатар, үшінші деңгей құжаттарына бухгалтерлік есеп жөніндегі стнадарттардың жекелеген бөлімдерінде қолданысқа енетін және өңделетін нұсқаулықтар мен әдістемелік нұсқаулар жатады. Бұл деңгейдің құжаттары ҚР Қаржы министрлігі қарастырған ережелерге және қаржылық есеп беруді пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес есепті рационалды түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Төртінші деңгей құжаттарын ұйымның жетекшілері бекітеді. Бұған ұйымдағы операциялар мен объектілердің есебі жөніндегі нұсқаулар мен жұмысшы нұсқаулықтар жатады.
Бухгалтерлік қызметтің міндеттеріне мыналар кіреді:
Бюджеттік ұйымның басшысы есеп жүйесін жасауды және бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтер басқаратын, оның құрылымдық бөлімшесі немесе орталықтандырылған бухгалтериясы болып табылатын бухгалтерлік қызметпен жүзеге асырылады. Бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда бухгалтерлік есеп пен есеп беруді ұйым басшысының жазбаша өкімімен тағайындалған тиісті маманның жүзеге асыруы мүмкін.
Басшы бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу, есепке қатысы бар ұйымның барлық бөлімшелері мен қызметкерлерінің құжаттар мен мәліметтерді рәсімдеудің және есеп үшін тапсырудың тәртібі бойынша бас бухгалтердің талаптарын мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларда жасауға міндетті.
Директивтік экономиканың нарықтық экономикаға ауысуының салдары болып табылатын Қазақстандағы бухгалтерлік есеп жүйесіндегі өзгерістер оның жаңа сипаттамаларының пайда болуына әкелді. Сондықтан да әр елде және экономиканың әр салаларындағы есептерде біршама айырмашылықтар бар. Яғни бұл қаржылық есеп берудің қандай да бір жалғыз, әмбебап формасы жоқ дегенді білдіреді. Сонымен қатар ұйымның қаржылық есеп беруін құрастыратын келісілген ережелер жиыны да жоқ. Сондықтан да әртүрлі ұйымдардың бухгалтерлік баланстарының кейбір бөлімдері арасында өзгешеліктер болуы мүмкін. Баланс құратын бухгалтерлерге кейде бағалауды құндық әдіс бойынша жүргізуге тура келеді. Олар таңдаған әдістің маңызы зор, алайда қолданудағы нәтижелер одан да маңыздырақ. Бұл айырмашылықтарға қарамастан жалпыға ортақ болып саналатын негіз қалаушы бірнеше қағидалар бар. Әртүрлі бухгалтерлік баланстың элементтері арасында айырмашылықтар болғанымен, олар негіз қалаушы қағидамен жасалынған. Бухгалтерлік ақпарат өздігімен қолданылмайды, пайдалы ақпарат алуға болатын мәліметтер ғана қолданыста болады. Сондықтан нарықтық қатынастың қатысушыларының қызметтері туралы ақпараттар экономикалық тауар болып табылады. Есептік ақпараттың тиімділігін өлшеу, бағалау қиын, дегенмен бухгалтерлік есеп жүйесіне шоғырланған тиімді ақпараттар тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін және талдау үшін есеп беруді қамтамасыз етеді. Егер екі ұсыныстың бағасы бірдей болса, онда келешекте көп пайда әкелетін ұсынысқа назар аударылатынын біз білеміз. Бухгалтер өз қызметін сыртқы және ішкі деп қарастыруы мүмкін. Бухгалтердің ішкі қызметі ұйым үшін активтерді тиімді басқару маңызды. Сыртқы қызметіне ұйымның әртүрлі активтеріне салынған инветициялардың пайдалылығын анықтау жатады. Сондықтан да бухгалтер бухгалтерлік есеп берудің екі түрін жүргізеді: бірі ішкі қолданыс үшін, екіншісі сыртқы қолданыс үшін.