Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 18:07, курсовая работа
Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
Кіріспе
1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы орны...........................................................................................7
1.1 Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту концепциясы.........................................................................................................7
1.2 Бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі принциптері................................12
1.3 Қаржылық есепті берідің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайындағы есепті ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздері.................................................................................................................15
2. Қорлардың есебі ............................................................................................18
2.1 Қорлар жайлы түсінік.....................................................................................18
2.2 Қорлардың қоймадағы есебі.........................................................................23
2.3 Қорлардың бухгалтериядағы есебі...............................................................26
2.4 Қорларды бағалау әдістері............................................................................29
2.5 Қорларды түгендеу.........................................................................................31
Қорытынды .....................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................36
Тізімдеме
Нарықтық процесстің барлық қатысушылары бірдей түсіну үшін қаржылық есеп беру ақпараттары біртекті болуы тиіс. Батыс елдеріндегі бухгалтерлік есеп практикасында, атап айтсақ АҚШ-та, қаржылық есеп беруді ұсыныудың белгілі бір форматында және біртектілік туралы талаптар компаниядан тыс жерде ескерілетін қаржылық ақпараттарға үлестіріледі. Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынудың жалпы қағидалары №1 “Қаржылық есеп беруді ұсыныу” ҚЕХС-мен анықталған. Қазақстанда қаржылық есеп беруді құрудың негіздерін реттеу “Бухгалтерлік және қаржылық есеп берулер туралы” Заңымен “Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынудың концепциялы негіздеріне” сәйкес асырылады, сонымен қатар қаржылық есеп беруді құрудың қағидалары мен конципциялары негіздерін анықтайтын №30 “ Қаржылық есеп беруді ұсыну” стандартымен де жүзеге асады.
Қаржылық ақпарат әр уақытта өзгеріп тұрады және оның мазмұны бұрынғы оқиғаларға тәуелді, дегенмен дұрыс баланс әр уақытта сақталуы керек. Концепциялы негіз негізінен қаржылық есеп беру жүйесін құруға арналған және келесілерге бағытталған:
Жоғарыда аталған
Концепциялы негізде қаржылық жағдай туралы, ұйым қызметінің нәтижесі туралы және қаржылықжағдайдағы өзгерістер туралы ақпараттар, сонымен қатар қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары, олардың толық сипаты мен түсініктемелері қарастырылады. Қаржылық есеп беруді құрудың негізгі мақсаты ішкі және сыртқы қолданушыларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық есеп берудегі олардың қажеттіліктері экономикалық шешім қабылдау қажеттілігімен есекрілген. Бірінші кезекте басшылық қызметінің нәтижелері туралы немесе экономикалық ресурстарды тиімді пайдалану шешімі, сонымен бірге аталған ұйымға салынған инвестициялар туралы және оған берілген займдар туралы шешімдер, сондықтан да қолданушылар ақша ағымы туралы және олардың эквмваленттері туралы мәліметтер алуға қызығушылық танытуда, сонымен қатар ликвидтілік пен төлем қабілеттілігінің жағдайы туралы, соның ішінде перспективаға ресурстар туралы, ұйым міндеттемелері туралы, ұйым қызметінің нәтижелері туралы мәлімет алуға қызығуда. Займдық құралдардағы болашақ қажеттіліктерді анықтау үшін қаржы құрылымы туралы (бухгалтерлік баланс) ақпарат пайдалы, сонымен қатар ұйымда үлесі бар қатысушыларарасында болашақ ақша қаражаттары мен кірістері үлестіру кезінде пайдалы. өткен кезеңмен салыстырғандағы нәтижелердің өзгерісі туралы ақпарат (кіріс пен шығыс туралы есеп) үлкен мәнге ие. Сондықтан да ақша қозғалыына қатысты, кіріс пен шығыс туралы, инвистициялар туралы, несие туралы және өзіндік капитал туралы ақпараттар тиімді шешім қабылдауға қаржылық есеп беру болып табылады.
Ұйымның “бухгалтерлік есеп беру” және “қаржылық есеп беру” терминдерінің бір-біріне қатысын қарастырамыз.
Бухгалтерлік есеп беру ұйымның қаржылық және мүліктік жағдайы туралы, оның қызметінің қаржылық нәтижесі туралы шынайы және объективті ақпарат беруі тиіс. Содан соң бухгалтерлік есеп беруде ұйым (субъект) берілген мүліктік кешен ретінде қарастырылады. Өзінің экономикалық маңызы бойынша бухгалтерлік есеп беру дәстүрлі ұлттық бухгалтерлік және салық заңдылықтарының талаптарына сәйкес концепцияға негізделеді.
Ұйымның бухгалтерлік есеп беруінің негізгі міндеттемесі: тараптардың шаруашылық өзара әрекеттерінің қалай іске асқандығын көрсететін, іске асырылған шаруашылық опреацияларының қаншалықты экономикалық пайда әкелгендігін көрсететін мәліметтерді шоттар түрінде қолданушыларға ұсыну. Сонымен бухгалтерлік есеп беру – ұйымның қаржылық жағдайы туралы ақпараттар жүйесі, сонымен бірге типтік кестелік формада және Бас кітап шоттары бойынша анықталған сальдолар нәтижесіндетоптастырылған есеп беру кезеңі ішіндегі ұйым қызметінің қаржылық жағдайы туралы ақпарат.
Ұйымның қаржылық есеп беруінің практикалық іскер айналымына кіріспенің қажеттілгі мынаған байланысты: көп жағдайларда құрылтайшы экономикалық субъектінің (заңды тұлғаның) қызметіне жеке өзі басқару жасамайды, оперативті басқару құқығын атқарушы органдарға береді.
Әр жеке қатысушының жеке мүдделерін қанағаттандыру үшін бірнеше тұлғалардың өздерінің мүліктерін, құқықтарын біріктіретін корпоративті мүдделері бухгалтерлік есептің категориясына жататын (активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, шығындар, үлестірілмеген табыс және т.б.) жатады.
Өз кезегінде қаржылық есеп берудің көрсеткіштері өзінің сипаттамасы және құрамы бойынша бухгалтерлік есеп беруден өзгешелігі бар: қаржылық есеп беруде бухгалтерлік есеп беруде көрсетілмеген мәліметтермен қоса жүйеден тыс мәліметтер көрініс табады. Мысалы, акционерлердің саны туралы мәліметтер, шығарылған акциялар саны, міндеттемелерді жою мерзімі, дивиденлтер төлеудің реті, статьяны баламалық бағалау (баланса тарихи құны бойынша көрініс тапқан статьяларды нарықтық құны бойынша бағалау) көрсетіледі. Қазақстандық ұйымдар құрған қаржылық есеп беру формасыда әлі де болса шығарылған акциялар саны тұр, әр акциядан түскен кіріс тұр, дивиденд үлестіруге қатысты құқықтар,басымдықтар және шектеуліктер туралы ақпараттар жоқ.
1.2 Бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі пинциптері
Кез келген ғылымның, соның ішінде бухгалтерлік есептің өз принципінің болуы заңдылық. Латын тілінен аударғандағы принцин сөзі мағынасы жағынан – бастамасы, негізгі деген түсінікті білдіреді. Қаржылық есеп беру тұжырымдамасы шаруашылық үдерістері барысында шешім қабылдау үшін бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің қажеттілігін анықтайды. Жалпы оқулықтар мен оқу құралдарын оқи отырып бухгалтерлік есептің жиырмадан астам принципін кездестіруге болады. Авторлар өз еңбегі барысында оларды кей кездері белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп отырады. ҚР-ның бухгалтерлік есеп стандарттарында бухгалтерлік есептің мына төмендегідей принципі анықталған:
Түсініктілік принципі. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтері оны пайдаланушыларға шешім қабылдауы барысында түсінікті болу керектігімен түсіндіріледі. Ол үшін бұл мәліметтерді пайдаланушылар бухгалтерлік есеп жайында белгілі бір дәрежеде білімді болулары қажет.
Маңыздылық принципі. Бухгалтерлік ақпараттық мәліметтердің, қаржылық есептің сыртқы пайдаланушыларға олардың шешім қабылдауы үшін қажет болуымен түсіндіріледі. Олар негізінен бухгалтерлік есеп мәліметтерін келесідей мақсаттарға пайдаланады:
Сенімділік принципі. Берілген ақпараттық мәліметтерде қате болмаса, сондай-ақ пайдаланушылар оған сенімді болса, онда бұл сенімді ақпарат болып табылады.
Салыстырмалық принципі. Қандайда бір кезеңнің бухгалтерлік есеп мәліметтері (қаржылық есебі) өткен уақыттардағы мәліметтермен салыстырылып көрсетілген кезде ғана оның пайдалылығы мен мазмұндылығы арта түседі.
Сақтық принципі. Бухгалтерлік есептің ақпараттық мәліметтеріне жазылатын цифрлар кәсіпорынның экономикалық жағдайын суреттейді және пайдаланушылар осы мәлімет арқылы түрлі шешім қабылдайды. Сондықтан да әрбір әріптің және цифрдың дұрыс жазылуы үшін сақ болу қажет.
Орындылық принципі. Пайдалы болу үшін ақпараттар, шешім қабылдаушылар үшін орынды болуға тиісті. Ақпарат орынды болып табылады, егер пайдаланушыларға өткен, қазіргі және болашақтағы оқиғаларды бағалауға, дәлелдеуге немесе олардың бұрынғы бағаларын жөндеуге көмектесе отырып, пайдаланушылардың экономикалық шешім қабылдауына әсер ететін болса.
Есептеу принципі. Кәсіпорындағы кез келген операциялар (кірістер, шығыстар) есептеліп отырылуы қажет.
Үздіксіз принципі. Ұйымның қызметі үздіксіз жалғаса береді деп болжам жасалынады.
Мәнділік принципі. Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттары пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсіпорын жұмысына баға беруіне көмектесуі керек.
Бейтараптық принципі. Ақпарат сенімді болуы үшін алдын ала бір шешімді қабылдауға арналмаған болуы керек. Егер ақпарат өзінің іріктеліп дайындалуымен немесе ұсынылуымен белгілі бір шешім қабылдауға немесе ойды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптастыруға әсер ететін болса ондай ақпараттар бейтарап болмайды.
Әділетті әрі тура
көрсету принципі. Кәсіпорынның қаржылық
қорытынды есебі осы
Толықтылық принципі. Ұйымның қаржылық қорытынды есебіндегі ақпараттық мәліметтер сенімді болу үшін толық болуды қажет етеді және шыққан шығынға қарай олар мәнді болуы қажет. Мәліметтің толық болмауы оны теріс немес жалған етеді. Сондықтан да ол сенімсіз және маңызсыз болады.
Дәйектілік принципі. Кәсіпорын өзінің қызметі барысында таңдап алған есеп жүргізу саясатын есепті кезеңнің басынан соңына дейін дәйекті түрде қолдануы қажет.
Бұл қағидалар бухгалтерлік есеп жүргізу әдістерін түсіндіреді. Жалпы бухгалтерлік есептің ондаған қағидалары бар, есеп қағидалары ыңғайлы болуы үшін оларды базалық /әдістемелік/ және қаржылық есеп беру қағидалары деп бөледі. Бұл бөлімде бухгалтерлік есептің базалық қағидалары қарастырылады.
Бухгалтерлік есеп қағидалары ең алғаш АҚШ-та 1936 жылы қалыптасқан. Оның авторы Вильям Эндрю Патон /1889-1991/ болып табылады. Осыдан бастап АҚШ- та және басқа да елдерде /ағылшын тілдес/ бухгалтерлік есеп қағидаларын дамыту қарқынды жүруде.
Әрбір елде есепті жүргізу және оны реттеу, ұйымдарды ұйымдастыру, өндірістің әр түрлі ерекшеліктері болады. Қазіргі кезде әрбір автор бухгалтерлік есеп қағидаларын өз қалауларымен түсіндіреді. Қазіргі кезде батыс елдерінің ғалымдарының айтуынша, бухгалтерлік есеп қағидалары 50-ден астам. Әрине, олардың барлығы бухгалтерлік есепте қолданылады және қазақстандық бухгалтерлік есепте оларды қолдану пайдалы болып табылады.
Дегенмен де, республиканың
бухгалтерлік есебі халықаралық
есеп стандарты қағидаларының
Бухгалтерлік есеп қағидаларының негізгі міндеті қаржылық есеп пен стандарт мазмұнын түсіну, сонымен қатар ұйым іс-әрекеттерінің нәтижесіне және есеп беруде көрсетілетін қаржылық шарттардың әсерін бағалау болып табылады.
Кез-келген ұйымның меншік
түрлеріне байланыссыз
Қазіргі кезде көптеп кездесетін мәселе ұйымдардың бухгалтерлік процедураларды орындау барысында әр түрлі қателіктерге ұшыраулары болып табылады. Бухгалтерлік есептің автономдылық қағидасы ұйымның ұйымдастыру құқықтық түріне байланыссыз сақталып отырады. Ондағы бухгалтерлер ұйым басшыларының әр түрлі іс-әрекеттерінің бухгалтерия арқылы жүзеге асуын қадағалап отыруы қажет.
Халықарарлық бухгалтерлік есеп тәжірибесінде ағымдағы жұмсалған шығындар мен ағымдағы түскен табысты немесе түскен табыс пен жұмсалған шығындарды салыстырып отыруы үшін есептеу әдісі қолданылады.
1.3 Қаржылық есепті берідің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайындағы есепті ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздері
Қазақстан Республикасының әлемдік экономикалық қауымдастыққа кіруіне байланысты барлық пайдаланушыларға, әсіресе шетелдік инвесторларға түсінікті бухгалтерлік есеп жүргізудің және қаржылық есеп беруді жасаудың қағидаларын жетілдіруге белгілі бір талаптар қойыла бастады. Шетелдік инветорлар қазақстандық ұйымдарға ақшалай қаражат сомасын салғаннан кейін олардың барлығына түсінікті есептілік табыс ету қажет болды. Осыған байланысты қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) жалпы қабылданған кәсіби іскерлік қарым-қатынас жасау тілі болып табылады.
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) – бұл бүкіл әлемде ұйымдардың қаржы есептерін жасау үшін қаржы-шаруашылық операцияларын тануға, бағалау мен ашып көрсетуге талаптар қоятын ережелер.
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша кеңесімен құрастырылған ҚЕХС бүкіл дүние жүзінде ұйымның қызметі туралы ашық және түсінікті ақпаратты, ұсыну үшін тиімді құрал ретінде танылады.
Қазіргі уақытта қалыптасқан әлемдік үрдіс барлық елдердің қаржылық есеп берудің оның халықаралық стандарттарға сай жасауға көшуін қажет етеді. Барлық ірі индустриялық елдер өздерінің ұлттық стандарттарынан бас тартып бірыңғай халықаралық стандарттарға көшуде. Мәселен, АҚШ мамандары ҚЕХС-пен жалпы қабылданған бухгалтерлік есеп қағидаларын (GAAP) жақындастыру жөнінде жан-жақты жұмыс жүргізуде.