Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 18:07, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.

Содержание работы

Кіріспе
1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы орны...........................................................................................7
1.1 Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту концепциясы.........................................................................................................7
1.2 Бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі принциптері................................12
1.3 Қаржылық есепті берідің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайындағы есепті ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздері.................................................................................................................15
2. Қорлардың есебі ............................................................................................18
2.1 Қорлар жайлы түсінік.....................................................................................18
2.2 Қорлардың қоймадағы есебі.........................................................................23
2.3 Қорлардың бухгалтериядағы есебі...............................................................26
2.4 Қорларды бағалау әдістері............................................................................29
2.5 Қорларды түгендеу.........................................................................................31
Қорытынды .....................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................36
Тізімдеме

Файлы: 1 файл

бухучет.doc

— 239.50 Кб (Скачать файл)

Біздің мемлекетіміз Тәуелсіздік алған сәттен бастап халықаралық тәжірибені зерттеу нәтижесінде өзінің бухгалтерлік жүйесін реформалауға кірісті. Есеп пен аудитті дамыту мен жетілдіруге байланысты нормативтік-құқықтық актілерді іске асыру мақсатында елімізде қаржылық есеп беруді ҚЕХС-қа сәйкес жасауға бірте-бірте көшу жүзеге асырылуда. ҚЕХС көшу есеп берудің өзінің дайындау принциптерін және оның сапасын бақылау - аудит принциптерін де өзгертеді.

Қаржылық есеп берудің  стандарты - бұл бухгалтерлік есеп жүргізу  мен қаржы есептілігін жасаудың қағидалары мен әдістері белгіленетін құжат.

Стандарттар ұлттық және халықаралық болады.

Қаржылық есеп берудің  ұлттық стандарттары – бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру саласындағы  қызметті реттеудегі жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган бекіткен стандарт болып табылады.

ҚЕХС-ты әзірлеп, жетілдірумен Канада, Германия, Франция, Австралия, Мексика, Жапония, Ұлыбритания және Ирландияның, сондай-ақ АҚШ-тың бухгалтерлік органдары жасаған келісімге сәйкес 1973 жылғы 29 маусымда құрылған Халықаралық қаржылық есеп берудің стандарттары жөніндегі комитет (ҚЕХСК) айналысты. 2001 жылғы сәуірден бастап көрсетілген Комитет осы стандарттарды бекітетін қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары жөніндегі комитет Қорының органы болып табылатын қаржылық есеп берудің стандарттары жөніндегі кеңес болып қайта құрылды.

ҚЕХС - қаржылық есеп берудің  халықаралық стандарттары жөніндегі  комитет қабылдаған стандарттар  мен түсініктемелер. Оларға:

  1. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары (IAS);
  2. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары (IFRS);
  3. Түсініктеме түріндегі ресми құжаттар - қаржылық есеп берудің стандарттарын түсіндіру жөніндегі комитет дайындаған және шығаруға бекіткен  ҚЕХС-на түсініктемелер;
  4. Түсініктеме беру жөніндегі тұрақты комитет дайындаған және ҚЕХСК шығаруға бекіткен түсіндірмелер кіреді.

ҚЕХСК әзірлеген халықаралық стандарттар жүйесі ұйымдардың қаржылық есеп беруін жасаумен байланысты барлық негізгі мәселелерді қамтиды.

Сонымен ҚЕХСК 41 стандарт әзірледі, алайда нормативтік шаруашылық жүргізудің кеңеюіне орай олардың кейбіреуі  алынып тасталды, сондықтан қазіргі кезде 37 стандарт, оның ішінде халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары 30 және қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары 7 қолданылады.

Қаржылық есеп беру мекеме қызметінің қаржы жағдайы мен  қаржы нәтижелерінің құрылымдалған  ұсынуы болып табылады. Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды экономикалық шешім қабылдау үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қызмет нәтижелері, қаржылық жағдайының өзгеруі туралы пайдалы ақпаратпен қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін қаржылық есеп беру белгілі жорамал негізінде құрастырылады, сапалы сипаттамаларға ие болады және белгілі элементтер жөнінде ақпарат болуы тиіс. Сондай-ақ мекеме басшылығына сеніп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерін де көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2   Қорлар есебі

2.1 Қорлар жайлы түсінік

 

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің  өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып  алған бірақ әзір ұйымға келіп  түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.

Олардың өндіріс құралдарынан өзгешелігі, өндіріс құралдары шаруашылық үдерісіне  ұзақ уақыт қатысып, өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып өндірілетін  өнімге өз құнының бір бөлігін  қосып отыратын болса, еңбек заттары өндірісте пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін өнімге ауыстырады. Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнның көп бөлігі еңбек заттарының құнынан тұрады. Сонымен қатар еңбек заттары өндірістік қор болып табылады.

Материалдарды есептеудің негізгі  міндеттері:

  1. Дайындалған, келіп түскен және өндіріске немесе сыртқа босатылған материалдарды уақытында есептеп, кіріске алу немесе есептен шығару.
  2. Материалдардың қоймада және тасымалдау кезінде түгел сақталуын бақылау.
  3. Материалдық қорлар қалдығының белгіленген мөлшерден артып немесе төмендеп кетпеуін бақылау.
  4. Материалдарды өндірісте пайдаланған кезде олардың техникалық жолмен анықталған мөлшерін және тұтыну мөлшерінің қорын анықтау.
  5. Мтериалдардың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау.
  6. Дйындалған материалдардың өзіндік құнын анықтап және олардың жоспарлы есептеу бағасынан айырмашылығын тауып, пайдаланылған материалдар құнын әр объектінің шығынына қосу.

Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған  есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала мыналарды жасау қажет:

  • тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек;
  • материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың әкімшілігі материалдарды сақтайтын  жерді таразымен, өлшеу аспаптарымен және ыдыстармен жабдықтап және оларды жиі тексеріп, дұрыстығын қадағалап  отыруы керек. Ұйымның басшысы материалдарды  қабылдайтын және босататын адамдардың топтарын белгілеп, олармен материалдарға жауапкершілік туралы шарт жасайды. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы материалдарға жауапты адамдарды жұмысқа алу, жұмыстан босату барысында ұйымның бас бухгалтерімен алдын ала келісіп отыруы керек. Материалдарды кіріске алу және қоймадан босату құжаттарына қол қою құқығына ие болған қызмет иелерінің тізімін белгілеу кәсіпорын басшысының немесе ол сенім білдірген адамның жұмысы болып табылады.

Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:

  • материалдардың біріңғай наменклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
  • құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және материалдарды есепке алу мен есептен шығару операциялардың тәртібін сақтау;
  • біріңғайланған алғашқы есеп құжаттары нысандарының түрлерін белгілеу және олармен ұйымның барлық бөлімін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар материалдарды  алдағы уақыттарда пайдалану үшін өндіріске  босату және басқа жаққа берілетін  мөлшерін белгілеп, оларды жетілдіріп отыру керек. Белгіленген тәртіп бойынша материалдардың қалдығын жаппай түгендеу, бақылау арқылы тексеріп және олардың нәтижесін дер кезінде есепке алып отыру қажет.

Еңбек заттары бір  тектес емес.  Олардың бір-бірінен  өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химимялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:

  • шикізат;
  • негізгі материалдар;
  • көмекші материалдар;
  • жартылай фабрикат және тағы да басқалар болып табылады.

Негізгі материалдар  мен шикізаттар өндірілетін өнімнің  құрамына кіріп, оның материалдық негізін  жасайды.

Шикізаттар деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген дөнімдері - мұнай, кен, мақта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.

Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері – ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады.

Өндірістік үдерістің  бір сатысынан толық өтіп әрі  қарай өңдеуді қажет ететін материалдар  жартылай фабрикаттар деп аталады. Материалдардың бұл түрін әрі  қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өңдейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатрына құрылыс ұйымдарында – бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда – шойын мен болатты жатқызуға болады.

Көмекші материалдарға - әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үрдісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандай да бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.

Материалдық қорлардың  ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы  бөлшектер, құрылыс материалдары, т.б. есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй-жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.

Материалдық босалқы  қордың барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Босалқылар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: 1310 «Шикізаттар мен материалдар», 1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар», 1312 «Отын», 1313 «Ыдыс және ыдыстық заттар», 1314 «Қосалқы бөлшектер», 1315 «Өзге материалдар», 1316 «Өңдеуге берілген материалдар», 1317 «Құрылыс материалдары», 1320 «Дайын өнімдер», 1330 «Тауарлар», 1340 «Аяқталмаған өндіріс», 1350 «Басқалай босалқылар», 1360 «Босалқыларды есептен шығару резерві».

1310 «Шикізаттар мен материалдар» шотында шығарылған өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.

1311 «Сатып алынған  жартылай фабрикаттар және құрастырушы  бұйымдар» шотында сатып алынған  жартылай фабрикаттар және өндірілген  өнімді құрастыру үшін алынған  дайын құрастырушы бұйымдар және жинауға немесе өңдеуге кеткен шығындар есепке алынады.

1312 «Отын» мұнай өнімдері, қатты және басқа да отын  түрлері есепке алынады.

1313 «Ыдыс және ыдыстық  заттар» ыдыстың барлық түрі (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда) және ыдысты жөндеуге арналған материалдар есепке алынады.

1314 «Қосалқы бөлшектер»  жөндеуге және машинаның тозған  бөлшектерін айырбастауға  (бөлшектер,  агрегаттар, аккумуляторлар, дөңгелектер  т.б.) аранлған қосалқы бөлшектер  есепке алынады.

1315 «Өзге материалдар» өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б. алынады.

1316 «Өңдеуге берілген  материалдар» шотында сыртқа  өңдеуге берілген материалдардың  және өңдеуден алынған бұйымның  өзіндік құнға енгізілгені есепке алынады.

1317 «Құрылыс материалдары»  құрылыс бөлшектерін, монтаждау  жұмысын және құрылыс процесінде  тікелей пайдаланатын құрылыс  материалдарын есепке алады.

№2 ХҚЕС мақсаты босалқылар есебін жүргізу  тәртібін орнату болып табылады. Босалқылар есебін жүргізудегі негізгі мәселе актив ретінде танылуға жататын және тиісті түсімдерді танығанға дейінгі келесі кезеңдерге көшірілетін шығындардың шамасын анықтау болып табылады. Стандарт шығынды анықтау және сатудың ықтимал таза бағасының шамасына дейінгі құнның кез келген азаюын қоса алғанда, оларды кейіннен шығыстар ретінде тану бойынша нұсқау береді. Сондай-ақ ол босалқылардың өзіндік құнын анықтау үшін пайдаланылатын өзіндік құнды есептеу тәсілдері жөнінде түсінік береді.  №2 ХҚЕС қызмет көрсетулерге тікелей байланыстыны қоса алғанда, құрылыс салуға жасалған шарттар бойынша туындаған, аяқталмаған өндірістерді (қараңыз: «Құрылыс салуға жасалған шарттар» IAS Халықаралық стандарты);(b)қаржы құралдарын; Ауыл шаруашылығы қызметімен және жинау кезінде ауыл шаруашылығы өнімімен байланысты биологиялық активтерді қоспағанда (қараңыз: 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS) барлық босалқыларға қатысты қолданылады.        

(b) ауыл және орман шаруашылығы өнімін, жиналғаннан кейінгі ауыл шаруашылығы өнімі, сондай-ақ осы өнеркәсіп салаларында қабылданған есеп практикасына сәйкес іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын пайдалы қазбаларды өндірушілер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Іске асырудың мүмкін болатын таза құны бойынша бағаланатын осындай босалқылар осы құнның өзгерістері болған кезеңде пайда және залалдар туралы есепте танылады.          

(b) сатуға жұмсалған шығындарды есептемегенде өзінің босалқыларын әділ құн бойынша бағалайтын тауар брокерлері және трейдерлер қолданатын босалқыларды бағалауға қолданылмайды. Осындай босалқыларды сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалаған кезде, сатуға жұмсалған шығындарды шегеріп тастағанда әділ құнның өзгеруі өзгерістер болған кезеңдегі пайда және залалдар туралы есепте танылады. 

Информация о работе Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы орны