Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 18:07, курсовая работа
Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
Кіріспе
1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы орны...........................................................................................7
1.1 Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту концепциясы.........................................................................................................7
1.2 Бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі принциптері................................12
1.3 Қаржылық есепті берідің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайындағы есепті ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздері.................................................................................................................15
2. Қорлардың есебі ............................................................................................18
2.1 Қорлар жайлы түсінік.....................................................................................18
2.2 Қорлардың қоймадағы есебі.........................................................................23
2.3 Қорлардың бухгалтериядағы есебі...............................................................26
2.4 Қорларды бағалау әдістері............................................................................29
2.5 Қорларды түгендеу.........................................................................................31
Қорытынды .....................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................36
Тізімдеме
Шығыстар материалдық түрде былай рәсімделеді:
2.4 Қорларды бағалау әдістері
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:
Арнайы сәкестендірілген есептеу әдісі
Арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі әдетте бірімен бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есетпеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі
Орташа өзіндік құнын
есептеу әдісі бойынша
ФИФО әдісі
ФИФО есптен шығарылған
материалдық қорларды олардың алғашқы
кезекте кіріске алынғандарының
өзіндік құны бойынша бағалау
әдісі болып табылады. Бұл әдіс
қағидасы бойынша материалдық қорлардың
бірінші кезекте кіріске
2.1-кесте. Қорларды бағалау әдісі
Саны (дана) |
Бағасы (теңге) |
Сомасы (теңге) | |
А) Қаңтар айының бірінші жұлдызына кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдығы |
50 |
100 |
5000 |
Қаңтар айында кіріске алынған материалдық қорлар | |||
1-Топтамада 2-Топтамада 3-Топтамада 4-Топтамада 5-Топтамада |
100 80 90 100 70 |
110 120 130 140 150 |
11000 9600 11700 14000 10500 |
Кіріске алынған материалдық қорлардың жиынтығы | |||
440 |
--- |
56800 | |
Бастапқы қалдықпен қоса есептегендегі қалдығы | |||
490 |
--- |
61800 | |
Ай бойы материалдық қорлардың шығыс етілгені | |||
ФИФО әдісімен бағалағанда |
250 |
28200 | |
Ай соңындағы материалдық қорлардың қалдығы | |||
ФИФО әдісімен бағалағанда |
240 |
33600 |
Бұл кестеден көріп отырғанымызда шығыс етілген 250 дана материалдық қорлардың құны бойынша есептелінеді.
ФИФО әдісі бойынша:
Бірінші кіріс етілгенде, соның ішінде: айдың басындағы кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 теңге, бірінші топтамада кіріске алынғаны 100 дана сомасы 11000 теңге, екінші топтамада кіріске алынғаны 80 дана сомасы 9600 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған материалдардың тек қана 20 данасы сомасы 2600 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250 (50+100+80+20) дана, сомасы 28200 (5000+11000+9600+2600) теңгенің материалдары.
Материалдар баланста нақты
өзіндік құны бойынша көрсетіледі.
Сонымен қатар материалдар
2.5 Қорларды түгендеу
Қазақстан Республикамызда осы күнгі қолданылып жүрген ереже бойынша кәсіпорындар жылына кем дегенде бір рет өздерінің менщігіндегі материалдық қорларына түгендеу жұмысын жүргізуі керек. Түгендеу жұмысы міндетті түрде мынадай жағдайда жүргізіледі:
Түгендеу жүргізу үшін кәсіпорын басшысының бұйрығымен орталық түгендеу комиссиясы құрылады. Бұл комиссияны кәсіпорын басшысы немесе оның орынбасары басқарады. Сонымен қатар әрбір цех, бөлімше бойынша жергілікті түгендеу комиссиясы құрылады. Оның жұмысын орталық комиссия ұйымдастырып және басқарып отырады.
Кәсіпорын басшысының бұйрығымен
түгендеу жүргізу оның басталуы және
аяқталуы мерзіміне жауапты адам
тағайындалады. Түгендеу жұмысы материалдарға
жауапты адамның
Түгендеу – бұл барлық материалдардың әрқайсысын біртіндеп санап шығып, одан кейін материалдардың нақтылы қалдығын бухгалтерлік баланстағы қалдығымен салыстыру. Түгендеу жұмысы материалдардың түгел сақталуын қамтамасыз етудің басты құралы болып табылады. Жергілікті түгендеу комиссиясы материалдардың қалдығын өлшеу және санау арқылы олардың сақталып тұрған жерлері жіне материалдарға жауапты адамдар бойынша түгендеу тізімін жазып (үлгілі түрі инв-3), кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырады. Түгендеу тізіміне түгендеу комиссиясының барлық мүшелері қол қоюлары тиіс. Басқа ұйымдардың немесе жеке адамның материалдық игіліктеріне бөлек тізім жасалады. Ұйым бойынша түгендеу нәтижесін анықтау үшін салыстыру тізімдемесі жасалады. Салыстыру тізімдемесі түгендеу кезінде анықталған нақтылы қалдығы, оның бухгалтерлік есептегі қалдығына сәйкес келмейтін тауарлық-материалдық қорлар бойынша жасалады. Салыстыру тізімдемесеінде артық немесе кем шыққан материалдық құндылықтар бухгалтерлік есепте көрсетілген бағасымен есептеледі. Түгендеу комиссиясы барлық артық немесе кем шыққан материалдар жөнінде оларға жауапты тиісті адамдардан жазбаша түсінік алуы тиіс.Ол жазбаша түсінік негізінде тұрақты жұмыс атқаратын түгендеу комиссиясы кем шыққан, жоғалған, бұзылған материалдардың қандай себептен болғанын анықтайды және де келешекте қайталабас үшін шара қолданады. Сондай-ақ комиссия түгендеу кезінде материалдадың артық шығу себебін де анықтайды. Белгіленген кемі мөлшері тек қана кем шыққан материалдарға ғана қоладнылады. Егер кейбірматериалдар бойынша кему мөлшері бекітілмеген болса, онда ол материалдардың кем шыққаны мөлшерден тыс болып саналады. Материалдық қорлардың белгіленген мөлшерден артық-кем шыққаны, сондай-ақ олардың бұзылуынан пайда болған шығын кінәлі адамдардан өтелуі керек. Материалдардың бекітілген табиғи кему мөлшерінен артық-кем шығуы және олардың бүлінуіне байланысты шығын, егер оған кінәлі адам табылмаған жағдайда орталық комиссияның шешімімен шығындарына қосылады. Қай жағдайда материалдаардың артық шығуының себебі материалдық қорлардың, өндіріс шығындарының басынан қате есептелуі салдарынан болуы мүмкін. Ондай жағдайда материалдық қорлардың құны өндіріс шығындарынан алып тасталынып, қайтадан кіріске алады. Сондай-ақ қателіктен аттары, сорттары, өлшемдеріалмасып кеткен материалдардың өзара бірімен-бірін жапқаннан шыққан сомалық айырмашылыққа да өндіріс шығындары азайтылады. Қателесіп алмасып кетуден артық немесе кем шыққан материалдардың сандарын өзара жабуы тек осы тексеріліп жатқан мерзім аралығында алмасып кеткен және тек бір адамның өзінің жауапкершілігіндегі аттас материалдар бойынша тепе-тең санға ғана рұқсат етіледі. Материалдарға жауапты адам материадардың өзара алмасып кетуінен артық немесе кем шыққаны жайлы толық түсінік беруге тиіс. Егер кем шыққан материалдарды артық шыққан матриалдар жапқан кезде, кем шыққан материалдар құны артық шыққан материалдардың құнынан көп болса, екеуінің арасындағы айырмашылық сомасын кінәлі адам төлеуі керек.
Кәсіпорындағы материалдық қорларды түгендеу нәтижесі бухгалтерлік есепте түгендеудің біткен айында көрсетілуі тиіс. Кем шыққан және бүләнген материалдардың құны кінәлі адамнан қағида бойынша бөлек сауда бағасымен өндіріледі.
Қорытынды
Сонымен, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдары, сату үшін сатып алған тауарлары, сатып алған бірақ әзір ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай-ақ жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектері, отындары, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдары сол ұйымның тауарлы-материалдық қоры түріндегі ағымдағы активі болып табылады.
Жақсы және дұрыс ұйымдастырылған есеп материалдардың түгел сақталуына, үнемді пайдаланылуына көмегін тигізеді. Материалдардың түгел және дұрыс сақталуы, сондай-ақ ұтымды пайдаланылуы, жұмсалуы үшін алдын ала тиісті түрде жабдықталған материалдық-қорларды сақтайтын қойма немесе бөлме болуы қажет және бөлмелердің әрқайсысы материалдардың белгілі бір түрін сақтауға арналған болуы керек; материалдар қойманың әр бөлігінде өздерінің түрлері, сорттары, өлшемдері бойынша керекті кезінде тез алуға және босатқаннан кейінгі кезде қалдығын тексеруді қамтамасыз ететіндей етіп орналастырылуы керек.
Еңбек заттары бір тектес емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химимялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады.
Қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін материалдардың номенклатуралық тізімі мен баға көрсеткішін дайындаған дұрыс.
Қорлардың номенклатурасы деп өндірісте пайдаланылатын материалдардың белгілі бір түрлеріне олардың аты, сапасы, мөлшері және т.б. көрсеткіштері бойынша жасалған жіктеу тізімін айтады.
Қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады: арнайы сәйкестендірілген есептеу әдісі, орташа өзіндік құнын есептеу әдісі, ФИФО әдісі.
Қорлар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептелінеді. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрысұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталынуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты.