Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 18:07, курсовая работа
Нарықтық экономиканың қай саласында да өндірістік запастар кәсіпорынның айналым активтерінің құрамды бөлігі болып табылады. Олардың өндіріс шығындарындағы үлес салмағы түрлеріне, түсу көздеріне, бағалау әдістеріне байланысты. Агроөнеркәсіп кешенін ұйымдастыруда өндірістік шығындардың маңызды элементі болып материалды шығындар болып табылады.
Кіріспе
1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және оның бәсекеге қабілеттілік жағдайындағы орны...........................................................................................7
1.1 Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі бухгалтерлік есепті дамыту концепциясы.........................................................................................................7
1.2 Бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі принциптері................................12
1.3 Қаржылық есепті берідің халықаралық стандарттарын енгізу жағдайындағы есепті ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздері.................................................................................................................15
2. Қорлардың есебі ............................................................................................18
2.1 Қорлар жайлы түсінік.....................................................................................18
2.2 Қорлардың қоймадағы есебі.........................................................................23
2.3 Қорлардың бухгалтериядағы есебі...............................................................26
2.4 Қорларды бағалау әдістері............................................................................29
2.5 Қорларды түгендеу.........................................................................................31
Қорытынды .....................................................................................................34
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................36
Тізімдеме
Басқа да шығындарға босалқыларды қазіргі орналасқан жеріне дейін жеткізуге және жай-күйіне байланысты деңгейдегі олардың өзіндік құны ғана жатады. Мысалы, босалқылардың өзіндік құнына өндірістік емес үстеме шығыстарды немесе нақты клиенттерге арналған өнімді әзірлеу жөніндегі шығындарды жатқызу орынды болуы мүмкін.Төменде босалқылардың өзіндік құнынан алынып тасталатын және олардың пайда болуы кезеңінде шығыстар ретінде танылатын шығындардың мысалдары келтірілген: (а) шикізаттың, жұмсалған еңбектің нормативтен тыс ысырабы немесе басқа да өндірістік шығындар;егер олар тек өндірістік процестің келесі кезеңіне көшу үшін осы өндірістік процесте қажет болмағанда ғана сақтауға жұмсалатын шығындар;босалқыларды қазіргі орналасқан жеріне және жай-күйіне дейін жеткізуге байланысты емес әкімшілік үстеме шығыстар;сатуға жұмсалатын шығындар.23-«Қарыздар бойынша шығындар» IAS Халықаралық стандарты босалқылардың өзіндік құнына заем бойынша шығындар кіретін сирек жағдайларды анықтайды. Ұйым босалқыларды төлем мерзімін кейінге қалдыру шартымен сатып ала алады. Осындай келісімде іс жүзінде қаржыландыру элементі болғанда, бұл элемент, мысалы, әдеттегі сауда кредиті шартымен сатып алу бағасы және төленген сома арасындағы айырмашылық қаржыландыру кезеңіндегі пайыздар бойынша шығыс ретінде танылады. Қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың босалқыларының өзіндік құны.
Қызмет көрсету саласының
ұйымдарындағы босалқылардың
2.2 Қорлардың қоймадағы есебі
Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын қоймасында есептелінеді. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрысұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталынуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардағы жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық қорлардың әрбір түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс. Материалдардың маркасы, сорты, көлемі, наменклатуралыцқ номері, өлшем бірлігі, сақталып тұрған материалдардың мөлшері, т.б. көрсеткіштері картон немесе фанерге жазылып, материалдарға байланып немесе жапсырылып қойылады. Қоймадағы және цехтегі материалдардың аналитикалық есебі белгілеген түрі бойынша олардың ішінде сорттары мен маркалары бойынша жүргізіледі. Қоймада материалдық қорлардың тек қана сандық есебі жүргізіледі. Материалдардың әрбір номенклатуралық номері бойынша бөлек үлгілі түрі М-17 карточкасы ашылады. Бұл карточкада материалдық қорлардың аты, мөлшері, көлемі, сорты, өлшем бірлігі, номенклатуралық номері және есетеу бағасы көрсетіледі. Бұл карточканы жаңадан кіріске алған материалдарға кәсіпорынның бухгалтериясы дайындап, одан кейін кіріс ету ордерімен тізілім бірге қоймаға беріледі. Қойма қызметкері немесе қойма меңгерушісі алынған карточкаға материалдық қорлардың қай жерде сақталып тұрғаны жайлы деректер толтырады. Материалдардың кіріс-шығысының сорттық-сандық есебін сол материалдарға жауапты адам жүргізеді. Кейбір жағдайда материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша қойманың карточкалық есебін жүргізу жұмысы басқа басқа адамға, яғни есепшіге немесе операторға жүктелуі мүмкін. Материалдардың түрі номенклатуралық номері аз болатын кәсіпорынның қоймаларында бұл карточканың орнына материалдар есебін тиісті түрде жүргізуге дайындалып жасалған сорттық есеп кітабында жүргізуге болады. Мұндай жағдайларда сорттық есеп кітабында қойма есебінің карточкасындағы деректер болуы қажет. Қоймашы белгіленген тәртіп бойынша толтырылған алғашқы құжаттардың негізінде материалдардың кіріске алынуын және есептен шығару операцияларын, олардың іске асырылған күнін қойманың есеп карточкасына жазөып, онда материалдық құндылықтардың сол күннің соңындағы қалдығын шығарып отыру керек. Бұл карточкада материалдардың қалдығы әрбір операциядан кейін шығарылып отырылады.
Айта кететін жағдай, ай соңында бухгалтерияға ондағы көрсетілген материалдардың алынғанына немесе алынып болмағанына қарамастан шектік-заборлық карточкасының барлығы тапсрылуы керек. Толық алынып болмаған материалдар үшін келесі айға жаңа лимиттік-заборлық карта жазылып беріледі. Қоймашы материалдардың қоймалық-сорттық есеп карточкасының деректері негізінде жабдықтау бөліміне материалдардың әр номенклатуралық түрінің қалдығы, оның тұрақты қор мөлшерден ауытқуы, көптен бері пайдаланылмай жатқан материалдар жайлы деректер беріп отырады. Қоймалық-сорттық карточканың дұрыс жүрпгізілуін бухгалтерия бақылау керек. Бухгалтерия қызметкері жиі-жиі (апта сайын, он күнде) қомашымен қоймадағы операцияларды жүргізуге негіз болған алғашқы құжаттардың дұрыс жазылуын, қоймалық-сорттық карточканың дұрыс жүргізілуін және карточкадағы материалдар қалдығының дұрыс шығарылуын тексеріп отыруы қажет. Карточкадағы жазылған операциялардың дұрыстығын және оны тексергені жайлы бухгалтерия қызметкері есеп карточкасының тиісті жеріне қол қояды. Қоймалық-сорттық карточкадағы жазуды тексеру, қойма меңгерушісінің бухгалтерияға материалдарды кіріске алуы кезінде тапсыратын есептердің негізінде жүргізіледі. Қойма меңгерушісінің бухгалтиреяға тапсыратын құжаттары үлгілі түрі М-18А «Құжаттарды қабылдау-өткізу құжатына» тіркеледі. Материалдарға жауапты адамның келісімі бойынша бухгалтерия қызметкері әр операцияның дұрыстығын тексергені жайында және құжатты қабылдағаны жайында карточкаға қол қояды. Мұндай жағдайда құжаттарды қабылдау-өткізу тіркелімін жасаудың керегі болмайды. Егер орталық қойма немесе цех қоймасы ұйымның басқармасынан қашық жерде орналасқан жағдайда жүргізілетін операциялардың дұрыс құжатталынуы, материалдарға жауап беретін адамның есеп карточкасын дұрыс жүргізу орталық бхгалтерияда тексеріледі. Мұндай жағдайда кіріс және шығыс ету құжаттары берілген уақыт тіркелімдермен бірге бухгалтерияға табыс етілуі керек. Кәсіпорынның орталығынан қашық жерде орналасқан қойма меңгерушісі белгіленген күні бухгалтерияға екі дана етіп материалдардың ай соңындағы қалдық тізімдемесін тапсыруы керек. Тізімдеме құрамында өзгеріс (кірісі мен шығысы) бар материалдар бойынша жасалынып, онда тек қана материалдардың сандық қалдығы көрсетіледі. Тізімдемеге цех, қойма, бөлімше бастығы және ол құжатты тотырушы қол қояды. Дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін тізімдеменің бір данасы жіберілген қателіктер жөніндегі ескертумен қоймаға қайтарылады. Материалдардың есебін жедел оперативтік, бухгалтерлік, қалдықтық әдіспен жүргізген жағдайда қоймалық есеп карточкасымен қатар үлгілі түрі М-20 қоймадағы материалдар қалдығын есептеу тізімдемесі жүргізіледі. Қойма меңгерушісі карточкалардағы ай бойындағы жиынтық деректері бойынша материалдардың келесі айдың бірінші жұлдызына қалған қалдықтарын осы тізімдемеге көшіріп жазады. Тізімдемеде материалдар қоймалық есепте қаралған номенклатуралары бойынша аралық шоттарға және синтетикалық шоттарға топталғаны күйінде көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың қалдығы олардың жоспарланған есептеу бағасына көбейтіліп, ай аяғына қалған материалдардың жалпы соммасы анықталады. Егер пайдаланылатын материалдар номенклатуралары аз болған жағдайда материалдарды алған адамдардың қолын тек қоймалық есеп карточкасында қою арқылы босатуға болады. Мұндай карточкалар тек бір айға ғана ашылып, оған материалдардың ай басындағы қалдығы жазылады. Құрылыс ұйымдарының құрылыс басындағы бөлімшелері қоймалық-сорттық карточканың орнына ай сайын материалдардың кірісі, босатылуы және қалдығы жайлы үлгілі түрі М-А санды карточкасын толтырып есеп бріледі. Бұл есепте материалдарға жауапты адамның жауапкершілігіндегі материалдардың барлығы кіргізіледі. Берілетін есепте материалдардың кіріске алынуы, шығыс етілуі және қалдығы алғашқы құжаттар негізінде көрсетіледі. Құрылыс бөлімшелері құрылысқа жұмсалған материалдарға босату құжатын толтырмайды. Сондықтан да олардың бухгалтерияға берген есеп мәліметтеріне құрылысқа пайдаланылған материалдардың алғашқы құжаты тіркелмейді.
«Тараз Құрылыс Инвест»
ЖШС құжаттары бойынша
Дт
1313
Дт
2412
Дт
1311
Дт
2412
Дт
7010
Дт
1311
Дт
1316
2.3 Қорлардың бухгалтериядағы есебі
Материалдардың бухгалтерияда аналитикалық есебі сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді. Есеп жұмысына есеп тіркелімдерінің өте ұтымды жаңа түрлері енгізіліп, есеп жұмысының тәртібі жақсарылып, есеп машиналары пайдаланылып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа да түрлері қолдануда. Соңғы кезгі уақыттарға дейін ұйымдардың бухгалтерияларында материалдардың талдамалық сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларда жүргізіп келді. Жалпы бухгалтерияда материалдардың әр номенклатуралық номеріне бөлек карточка ашылады. Материалдардың кіріс етілуіне, босатылуна жасалған әр құжат деректері тиісті карточкаға жазылуы керек. Ай біткеннен кейін немесе ай соңында әр карточка бойынша материалдардың кіріске алынуы мен шығыс етілуінің қорытындысы шығарылып, олар материалдардың айналым тізімдемесіне жазылады. Сөйтіп, бухгатериядағы карточкаларда қоймадағы карточкаларда жазылған деректер қайталанады.
Айырмашылығы: Қоймадағы карточкаларда сандық есеп қана жүргізілсе, бухгалтериядағы карточкада сандық есеппен қатар олардың құндары да көрсетіледі. Бухгалтерияда материалдардың сорттық, сандық, бағалық есебін жүргізу көптеген адам күшін және уақытты керек етеді. Сондықтан да бухгалтерияда карточкалар мен айналым тізімдемелерін толтыру кейде кешігіп отырады. Осыған байланысты сандық карточкалардың орнына кейінгі кезде сандық, сорттық, сомалық айналым тізімдемесін пайдаланатын болды. Есептің бұл әдісін қолданған кезден бастап кәсіпорындардың бухгалтерияларында сорттық, сандық, бағалық карточкасын пайдаланбайтын болды. Шығыс етілген материалдардың сандық есебі алғашқы құжатта тікелей жинақталып қалдығы шығарылады. Ай біткеннен кейін 10-15 күн ішінде материалдардың айналымы мен қалдығы сорттық, сандық, сомалық айналым тізімдемесіне жазылады. Бұл әдісті пайдаланған бухгалтерлердің жұмысы сәл жеңілдегенімен кемшіліктер де кездесіп отырады. Ол кемшілікке ұйымдағы материалдардың сандық есебінің бухгалтери мен қоймада қатар жүргізілуін жатқызуға болады. Материалдардың бұл екі есебі көбіне бірөбірімен еш байланыссыз жүргізілетін. Материалдардың есебін одан әрі жетілдіру негізінде оперативтік-бухгалтерлік әдісі пайда болады. Бұл әдіс бойынша материалдардың есебі тек қоймалық сорттық, сандық есеп карточкаларында жүргізіледі. Оперативтік-бухгалтерлік есептеу әдісін қолдану үшін міндетті түрде керек жағдайлардың бірі есептеу жұмысына жоспарлы есептеу бағасын енгізу қажеттілігі болып табылады. Материалдардың ағымдағы, яғни аналитикалық есебі осы бағамен жүргізіледі. Материалдард синтеттикалық шотта нақтылы өзіндік құнымен есептелінеді. Материалдардың есебін оперативтік-бухгалтерлік тәсілмен жүргізуге жоғарыда аталған қоймадағы материалдардың қалдығын есептеу үшін жүргізілетін үлгілі түрі М-20 тізідемесі пайдаланылады. Бұл тізімдемеде әр қойма бойынша бөлек және бір жылға ашылады. Ай соңында қойма меңгерушісі осы тізімдемеге қоймадағы карточкалардан материалдардың тексерілген, келесі айдың басына қалған сандық қалдығын көшіріп жазады. Кей жағдайларда кәсіпорынның қоймасы цех немесе бөлімшеден алыс жерде орналасқан жағдайда тізімдемеге материалдарды қалдығын көшіріп жазу бухгалтерия қызметкерлеріне немесе есептеу операторына жүктелуі мүмкін. Мұндай жағдайда материалдарға жауапкер адам олардың қалдықтарының тізімдемеге дұрыс көшірілуін тексеріп шығып, қол қояды. Егер есепті ай бойы кәсіпорында материалдар кіріске алынбаған және шығыс етілмеген болмаса онда олардың бұрынғы қалдық саны мен сомасы жаңа айға көшіріліп жазылады. Материалдар қалдығының қоймалық карточкаларынан үлгілі түрі М-20 түрлі тізімдемеге дұрыс толтырылуын бухгалтерия қызметкері міндетті түрде тексеріп қол қояды. Ай сайын үлгілі түрі М-20 санды тізімдемесінде көрсетілген материалдар қалдығы олардың жоспарлы бағасына көбейтіліп, материалдардың есептеу топтары және синтетикалық шоттары бойынша сомалары есептеліп жазылады. Жоғарыда айтылғандай бухгалтерияда материалдардың сомалық есебін синтетикалық шоттар бойынша олардың ішінде әрбір қоймадағы материалдардың топтары бойынша бөлек жүргізіледі. Сонымен қатар кәсіпорында материалдардың кіріске алынғандары мен шығыс етілгендердің сомасын тапқаннан кейін оларды материалдардың әрбір есептеу топтары ббойынша біріктіріп және ол сомалардың жиынтығын материалдардың кіріс-шығысымен қатар қалдығын есептейтін тізімдемеге көшіріп жазады. Бұл тізімдеме екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде кіріске алынған материалдардың жиынтық өзіндік құны жайлы деректер көрсетіледі. Сонымен қатар бұл бөлімде кіріске алынған материалдардың нақтылы өзіндік құны мен есептеу бағасымен есептелген құнның арасындағы ауытқу мөлшері көрсетіледі.
Екінші бөлімде әрбір
қойма мен материалдарға
Қорлардың қозғалысын есепке алу үшін типтік құжаттар әзірленген. Оларды уақтылы жазып, дұрыс рәсімдеу үйлесімді ұйымдастыру есеп пен осы қорлардың сақталу, әрі дұрыс пайдаланылуына бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Келіп түсетін қорлардың есептік құжаттары (шот-фактуралар, төлем-талап тапсырмасы, тауар-көлік жүк құжаттары) жабдықтау бөліміне жіберіледі.
Материалдарды қоймадан алу үшін жеткізушіге немесе көлік ұйымына және өкілетті тұлғаға (сарапшыға, агентке) бухгалтерияда сенімхат (М2 және М2А нысанды) беріледі.
М2А нысанын материалдық
құндылықтарды алуын
М2 нысанындағы сенімхатты қолданған кезде оларды беру және алу туралы деректер сенімхаттың түбіршегінде тіркеледі және М3 нысанындағы журнал жүргізілмейді.
Қорлардың келіп түсуі мыналармен рәсімделеді: