Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 13:39, курсовая работа
Айналым активтерін басқару саясаты кәсіпорынның айналым активтерінің қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары
Кіріспе ............................................................3
1 Тарау. Айналым капиталының экономикалық мазмұны мен негіздері ....5
1.1 Кәсіпорынның айналым активтерінің экономикалық мәні
мен жіктелуі .......................................................................................5
Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің
түзілу көздері .......................................................................................10
Фирманың ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерін басқару
саясатының негізгі түрлерінің сыныптамасы ............................................14
2 Тарау. Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді міндеттемелерінің тиімділігін талдау .................................23
2.1. ЖШС «Смактың» айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау.....................................23
2.2. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін қарастыру.........................35 Тарау. Айналым капиталын басқару .....................................................................45
Қорытынды.....................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................70
Мазмұны
Кіріспе ......................
1 Тарау. Айналым капиталының экономикалық мазмұны мен негіздері ....5
1.1 Кәсіпорынның айналым активтерінің экономикалық мәні
мен жіктелуі ..............................
2 Тарау. Фирманың айналым капиталының
жағдайын және қысқа мерзімді міндеттемелерінің
тиімділігін талдау ..............................
2.1. ЖШС «Смактың» айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің құрамы
мен құрылымын талдау..........
2.2. Айналым капиталын пайдаланудың
тиімділігін қарастыру.....................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
..............................
Кіріспе
Айналым активтерін басқару саясаты кәсіпорынның айналым активтерінің қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары. Айналым құралдары бар кәсіпорын жеткізушілермен олардан алған заттар және еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырыса алады. Айналым құралдарының болуы кәсіпорынның өндірістік және қаржы қызметінің қалыпты жағдайын жасауда маңызы зор. Сондықтан айналым құралдарын тиімді ұйымдастыру кәсіпорынның барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Осыған орай кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен оны тиімді пайдалану қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Осылайша айналым активтеріне салынған қаржы ресурстарының қомақты көлемі, түрлерінің алуандығы айналым капиталын жеделдетуде және тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.
Диплом жұмысының өзектілігі
кәсіпорынның айналым активтерін құрудың
ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал
барлық негізгі капиталды және айналым
капиталының бір бөлігін
Диплом жұмысын жазудағы басты мақсат кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің экономикалық мазмұнын ашып көрсету және олардың құрамын талдау.
Алға қойған мақсатқа орай мынандай міндеттер туындайды:
- кәсіпорынның ағымдағы активтері
мен ағымдағы пассивтердің кұрамы мен
құрылымын талдау;
Сондай-ақ, қаржы менеджментінің міндеттерінің күрделілігін анықтайтын басқа да жағдайлар айналым активтерін баскаруға тікелей байланысты. Мұндай міндеттер кешені мен оларды іске асыру механизмі кәсіпорындағы айналым активтерін баскару саясатын қалыптастыруда көрінеді.
Диплом жұмысының объектісі «Смак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Оның негізгі қызметі сүт және сүт өнімдерін өндіру.
Диплом жұмысының теоретикалық негізі
отандық және шетелдік ғалым-экономистердің кәсіпорынның
айналым активтерін баскару
саласындағы
жарияланымдары. Жұмыста
"Смак" ЖШС-інің есеп
деректері, Қазақстан Республикасының заң актілері
пайдаланылды.
1 ТАРАУ. Айналым капиталының экономикалык мазмұны мен негіздері
1.1. Кәсіпорынның айналым активтерінің экономикалық мәні мен
жіктелуі
Шаруашылық қызмет жасайтын әрбір кәсіпорынның өнімді үздіксіз өндіру мен сатуды қамтамасыз ететін айналым капиталы болуы тиіс. Айналым құралдары - өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларына авансталған қаржы. Айналым құралдары оның экономикалық мәнімен анықталады. Айналым құралдарына өндіріс процесі, сондай-ақ айналым процесі жатады. Кәсіпорынның айналым құралдары өнім өндіру мен сату процесіне қатысып үздіксіз айналым құрайды. Мұнда олар айналым аумағынан өндіріс аймағына және керісінше түсіп отырады. Айналым қоры мен өндірістік айналым қорлары түріне ауысып отырады. Осылайша кезек-кезек үш фазадан өте отырып айналым құралдары өзінің табиғи заттық формасын өзгертеді. Бірінші фазада (А-Т) айналым құралдары алғашында ақша түрінде болып өңдірістік запастарға ауысады, яғны айналым сферасынан өндіріс сферасына өтеді. Екінші фазада (Т-Ө-Т1) айналым құралдары өндіріс процесіне тікелей қатысады және аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар мен дайын өнім түріне келеді. Айналым кұралдарының айналымның үшінші фазасы (Т1-А1) қайтадан айналым фазасында өтеді1. Дайын өнімді өткізу нәтижесінде айналым құралдары қайтадан ақша кұралдары түріне өтеді. Түскен ақшалай түсім мен алғашқыдағы жұмсалған ақша құралдарының айырмасы (А1-А) кәсіпорын ақшасының қорлану мөлшерін көрсетеді. Осылайша толық айналым жасай отырып (А-Т-Ө-Т1-А1) айналым құралдары барлық деңгейлерде уақытпен пареллельді жұмыс жасайды. Ол өз кезегінде айналым мен өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Айналым құралдарының айналымы органикалық бірліктегі үш фазадан тұрады. Өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын айналым құралдарына қарағанда мекеменің негізгі айналым қорлары әр өндіріс процесінде толығымен тұтынылады, өзінің құнын дайын өнімге түгелдей салады және өзінің табиғи түрін өзгертеді. Айналым құралдарын қайта өндіру процесіне орналастыру оларды өндірістік айналыс қорлары мен айналым қорларына жіктейді. Өндірістік айналым қорлары өндіріс процесінде жұмыс жасаса, ал айналым қорлары - айналым процесінде, яғни дайын өнімді өткізуде және тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алуда. Бұл қорлардың тиімді тепе-тендігі құн жасауда қатысатын өндірістік айналым қорларының неғұрлым көп бөлігіне байланысты. Айналым қорларына кәсіпорынның қоймасындағы дайын өнім, кассадағы және банктегі есеп шоттағы, сондай-ақ тиелген аяқталмаған есеп айырысудағы ақша қаражаты жатады. Өндірістік айналым қорларының және айналым қорлары сомасының ақшалай көрінісі кәсіпорынның айналым құралдарын құрайды. Кәсіпорынның айналым активтерін мақсатты басқару оларды жіктеуді қажет етеді. Қаржы менеджменті тұрғысынан айналым акивтерін жіктеу төмендегі негізгі белгілері бойынша жүргізіледі:
1. Түзілудің қаржы көздерінің сипаты бойынша:
а) Жалпы айналым активтері - өз есебінен және қарыз капитал есебінен түзілген олардың жалпы- мөлшерін сипаттайды.
ә) Таза айналым активтері - өз есебінен және ұзақ мерзімді қарыз капитал есебінен түзілген оның бөлігін сипаттайды.
ТАА-КҚМ, (1)
мұндағы, КҚМ — кәсіпорынның қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері.
б) Жеке меншік айналым активтері — кәсіпорынның өз есебінен түзілген айналым активтерінің бір бөлігі.
ЖМАА= ОА-ҰҚК-КҚМ,
мұндағы ¥ҚК — кәсіпорынның айналым активтеріне инвестицияланған ұзақ мерзімді қарыз капиталы. Егер кәсіпорын айналым құралдарын қаржыландыруға ұзақ мерзімді қарыз капиталын пайдаланбаған жағдайда жекеменшік және таза айналым құралдарының сомалары сәйкеседі.
2. Түрлері бойынша:
а) Шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар қорлары. Айналым активтерінің бұл түрі кәсіпорынның өндірістік қызметін қамтамасыз ететін запас түріндегі олардың кіретін материалдық ағымының көлемін сипаттайды.
ә) Дайын өнім қоры (запасы). Сатуға, өткізуге арналған запас түріндегі олардың шығатын материалдық ағымының көлемін сипаттайтын айналым активтерінің түрі. Аяқталмаған өндірістің көлемі мен циклының ұзақтығы шағын болған жағдайда оны айналым активтерінің осы түріне қосады, болмаса — жеке бір түрге жатқызады.
б) Дебиторлық қарыздар. Заңды және жеке тұлғалардың тауар, жұмыс, қызмет, берілген аванс бойынша және т.б. қаржы міндеттемелерімен көрінетін кәсіпорын пайдасындағы қарыз сомасын сипаттайды.
в) Ақша активтері. Қаржы менеджменті тәжірибесінде оған ұлттық және шетел валютасындағы қалдық ақша ғана емес, сонымен бірге қысқа мерзімді қаржы салымдарының сомасын да жатқызады. Олар ақша активтерінің уақытша бос қалдығын инвестиция түрінде қарастырады. Яғни "ақша құралдарының алып - сатарлық қалдығы".
г) Басқалар.
3. Операциялық процесте қатысу сипатына қарай:
а) Өндіріс цикліне (шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар запастары; аяқталмаған өндіріс көлемі; дайын өнім қоры) қызмет ететін айналым активтері;
ә) Қаржы цикліне (дебиторлық қарыз және т.б.) қызмет ететін айналым активтері;
4. Айналым активтерінің қызмет ету кезеңдеріне карай:
а) "Тұрақты айналым капиталы" — айналым активтерінің тұрақты бөлігі.
Бірінші трактовкаға сәйкес айналым капиталы (немесе ағымдағы активтердің жүйелі бөлігі) дегеніміз барлық операциялық цикл кезіндегі ақша қаражаттарының, дебиторлық қарыздың және өндірістік запастардың сұранысы салыстырмалы бөлігі. Бұл кәсіпорынның тұрақты қолданысындағы ағымдағы активтердің орташаланған көлемі, мысалы уақыттық өлшем бойынша. Басқа трактовка бойынша тұракты айналым капиталы өндіріс қызметін іске асыруға қажетті ағымдағы акгивтердің төмендетілмейтін минимумымен анықталуы мүмкін.
Бұл дегеніміз кәсіпорын өзінің қызметін іске асыру үшін оған айналым құралдарының белгілі бір минимумы қажет. Мысалы, есеп шоттағы ақша қаражатының тұрақты қалдығы, резервті капиталдың белгілі бір аналогы.
ә) "Ауыспалы айналым капиталы" (немесе ағымдағы активтердің ауыспалы бөлігі) категориясы дағдарыс кезінде немесе сақтандыру қоры ретінде қажетті қосымша ағымдағы активтерді көрсетеді. Мысалы, қосымша өндірістік-материалдық запастардың қажетті сатудың науқанды кезіндегі сатылымның жоғары деңгейін қолдаумен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар сатылым барысына қарай дебиторлық қарыз да өседі. Қосымша ақша қаражаттары шикізат пен материалдар, сондай-ақ еңбек ақы төлемдерін науқан кезінде жабуға қажет.
Өндірістің айналым қорларының жіктелуі:
1. Өндірістік запастағы айналым қорлары.
а) шикізат, негізгі материалдар;
э) сатып алынатын жартылай фабрикаттар;
б) көмекші материалдар;
в) отын;
г) ыдыс және ыдыс материалдары;
ғ) ағымдағы жөндеуге арналған бөлшектер;
д) тез тозатын шаруашылық заттары мен аспаптар.
2. Өндіріс процесіндегі айналым қорлары:
а) аяқталмаған өндіріс;
э) жаңа өнімді игеру шығындары;
б) өзі дайындаған жартылай фабрикаттар.
Шикізат - бұл оны табуға немесе өндіруге еңбек жұмсаған еңбек өнімі.
Материалдар - өнеркәсіптік өңдеуге түскен еңбек өнімдері. Мысалы, металлды пракаттау. Негізгі материалдардан өнім жасалады, олар оның негізгі мазмұнын құрайды.
Жартылай фабрикаттар — өндірістің бір немесе бірнеше кезеңінен өткен, бірақ тағыда өндеу мен жинақтауды қажет ететін еңбек өнімдері.
Ыдыс және ыдыстық материалдар — өндіріске қажетті орамдар мен материалдардың барлық түрлері.
Аяқталмаған өндіріс — өнделіп жатқан немесе өңдеуді қажет ететін, дайын өнімнің құрамына енбеген еңбек өнімдері. Әртүрлі кәсіпорын айналым қорларының құрамы, құрылымы және құны әр алуан. Өйткені ол шығарылатын өнімнің сипаты мен көлеміне, өндіріс циклінің ұзақтығына, өндірістің механикаландырылу және автоматтандырылу деңгейіне, көбінесе кәсіпорынның қызмет түріне байланысты. Кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақгылығы көбінесе қаржы ресурстарын активтерге дұрыс және тиімді салуға байланысты.
1.2. Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің түзілу көздері
Шаруашылық қызметінің
айналым құралдарымен жеткілікті қамтамасыз етілуі
үшін оның көлемі жеке капиталдың көлемінің
1/3 бөлігімен тағайындалады. Өйткені айналым
құралдарының көптігі кәсіпорын капиталының
бір бөлігі бос жатып, пайда әкелмейтіндігін көрсетеді.
Әдетте кәсіпорынның айналым құралдарына деген ең төменгі сұранысы өзінің жеке көздерімен қанағаттандырылады: жарғы капиталының, резервті капиталының, жинақтау қорының және мақсатты қаржыландыру пайдалары.
Кәсіпорынның жекеменшік каражаты кәсіпкерлік қызметтің артуы мен акционерлендіруде шешуші рөл атқарады. Өйткені шаруашылық субъектісінің қаржы тұрақтылығын және оперативті өзіндік қабілетін қамтамасыз етеді. Жекешелендірілген кәсіпорындардың жеке айналым құралдары толығымен олардың құзырында. Кәсіпорындар оны сатуға, азаматтарға, басқа шаруашылық субъектілеріне беруге, жалға беруге және т.б. құқылы2.
Нарық конъюнктурасы әрдайым өзгеріп отырады. Сондықтан кәсіпорындардың айналым құралдарына деген сұраныстары да тұрақсыз. Бірқатар объективті себептерге қарай (инфляция, өндіріс көлемінің өсуі, клиент шоттарын төлеудегі кідірістер және т.б.) кәсіпорында айналым құралдарына деген уақытша қосымша сұраныстар туады. Бұл сұраныстарды тек өз қаржысынан жабу іс жүзінде мүмкін болмай қалады. Сондықтан кәсіпорынның өз есебінен жұмыс істеуінің үстемдігі екінші орынға ығысады. Мұндай жағдайларда шаруашылық қызметтің қаржылық қамтамасыз етілуі қарыз беретін көздерді тартумен қатар жүреді: банк және коммерциялық несилер, займдар, инвестициялық салықтық несие, кәсіпорын жұмысшыларының құралдарды пайдалану өз құралдарын пайдаланғаннан анағұрлым тиімді. Сондықтан айналым құралдарын түзу процесін басқарудың негізгі міндеті займды құралдары тартудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Көбінесе банк несиесі түрінде болып келетін займдық құралдар кәсіпорынның құралдарға деген қосымша сұранысын қанағаттандырады. Сонымен бірге банктің несие беруінің шарттарының бастыларының бірі кәіпорынның қаржы жағдайының сенімділігі және оның қаржы тұрақтылығын бағалау. Несие кәсіпорынның пайдасы есебінен жабылады. Егер несие тағайындалған несиені өтеу мерзімі ішінде болса, онда бұл пайда салықтан босатылады. Ал банктік пайыздық төлемге келетін болсақ, белгіленген мерзім уақытында төленген пайыздық шығындар өнімнің өзіндік құнына енеді. Бұл айналым кұралдарын толтыруға берілетін несие Қазақстан Республикасы Халықтық банкінің Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігіне ашып отырған несие желісі есебінен берілуіне байланысты. Ол Қазақстан Республикасы Халықтық банкінің есепті ставкасынан аспайды. Несиені өтеу уақытын өткізіп алғанда жағдайда, сондай-ақ несие бойынша пайыздарды төлеу кәсіпорын құзырындағы пайдадан, яғни таза пайда есебінен төленеді. Банк несиелері инвестициялық (ұзақмерзімді) және қысқа мерізмді несие түрінде болады. Банк несиелері негізгі және ағымдағы активтерді сатып алуға кеткен шығындарды қаржыландыруға, сондай-ақ кәсіпорынның маусымдық сұраныстарын қаржыландыруға, тауарлы-материалдық запастардың, дебиторлық қарыздардың, салық төлемдерінің, әдеттен тыс шығындардың уақытша өсуіне қарай қаржыландыруға бағытталады.