Дип.кәсіпорынның-айналым-активтері-мен-қысқа-мерзімді-міндеттемелерінің-экономикалық-мазмұны.doc

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 13:39, курсовая работа

Описание работы

Айналым активтерін басқару саясаты кәсіпорынның айналым активтерінің қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары

Содержание работы

Кіріспе ............................................................3
1 Тарау. Айналым капиталының экономикалық мазмұны мен негіздері ....5
1.1 Кәсіпорынның айналым активтерінің экономикалық мәні
мен жіктелуі .......................................................................................5
Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің
түзілу көздері .......................................................................................10
Фирманың ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерін басқару
саясатының негізгі түрлерінің сыныптамасы ............................................14
2 Тарау. Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді міндеттемелерінің тиімділігін талдау .................................23
2.1. ЖШС «Смактың» айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау.....................................23
2.2. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін қарастыру.........................35 Тарау. Айналым капиталын басқару .....................................................................45
Қорытынды.....................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................70

Файлы: 1 файл

Дип.кәсіпорынның-айналым-активтері-мен-қысқа-мерзімді-міндеттемелерінің-экономикалық-мазмұны.doc

— 533.50 Кб (Скачать файл)

Міндеттеме - өткен кезең  оқиғасынан пайда болған кәсіпорынның берешегі. Бұл берешекті реттеу экономикалық пайдасы мол ресурстар ағымына  әкеліп соғады.

Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс-жүзіне асырады:

  • ақшалай қаражатпен төлеу;
  • активтерді табыстау;
  • қызмет ұсыну;
  • міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру;
  • міндеттемені капиталға айналдыру.

Міндеттеме ағымдық (қысқа  мерзімдік кредиттік берешек, ол операция кезеңінде немесе есептелінетін  күнінен 12 ай ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жылдан көп) болып жіктеелді.

Қысқа мерзімді міндеттемелер  – бұл кәсіпорынның жабдықтаушылармен, жұмысшылармен, банктермен, мемлекетпен  және де басқа да кәсіпорындар арасындағы төленбеген қарызы болып табылады. Қысқа мерзімді міндеттемелердің тиімділігі кәсіпорынның өндіріс циклының тоқтап қалмауын қамтамасыз етеді. Ол өзінің түскен табысымен немесе активтерін ақшаға айналдыру арқылы басқа да кәсіпорындармен есеп айырысады.      

 

2.2. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін қарастыру

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаржының қаншалықты тез шынайы ақшаға айналатындығымен тығыз байланыста. Құралдардың айналым жылдамдығымен байланысты:

  • авансталған (іске қосылған) капитал мен онымен байланысты ақша қаражаттарының (банк несиесін пайдаланғаны үшін пайыз, акциялар бойынша дивиденттер және т.б.) ең аз қажетті көлемі;
  • қосымша қаржыландыру көздеріне деген қажеттілік;

- тауарлы-материалды құндылықтарға ие болу мен оны сақтауға байланысты 
шығындар сомасы;

- төленетін салықгар көлемі және т.б.

Кәсіпорын активтерінің жекелеген түрлерінің әртүрлі айналым жылдамдықтары бар. Қаржылардың айналымда болу ұзақтығы бірқатар әрбағытты ішкі және сыртқы факторлардың жиынтық әсерімен анықталады. Біріншілер қатарына кәсіпорынның қызмет сферасын (өндірістік, қамдау-өткізу, делдалдық және т.б.), салалық бағытын (станок құрылысы зауыты мен кондитер фабрикасындағы айналым құралдарының айналымдылығы күмәнсіз әртүрлі), кәсіпорындардың көлемі, масштабы (шағын кәсіпорындарда құралдардың айналымдылығы ірі кәсіпорындарға қарағанда анағұрлым жоғары — бұл да шағын бизнестің бір артықшылығы) және басқа бірқатар факторлар. Активтердің айналымдылығына елдегі экономикалық жағдай мен оған байланысты кәсіпорынның шаруашылық шарттары да бірталай әсер етеді. Мәселен, инфляция процестері, көптеген кәсіпорындардың жеткізушілермен және сатып алушылармен жолға қойылған шаруашылық байланыстарының болмауы қолдалануға мәжбүрлейді, ол өз кезегінде құралдардың айналым процесін тежейді. Бірақ атап айтуымыз керек, қаржының айналымда болған кезеңі кәсіпорын қызметінің ішкі жағдайларымен біршама деңгейде анықталады. Бірінші кезекте оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (болмаса оның жоқтығымен). Шынында қолданылып отырған баға саясатына, активтер құрылымына, тауарлы-материалдық запастарды бағалау әдістемесіне қарай кәсіпорын өз қаржысының айналу ұзақтығына әсер етудің үлкен немесе кіші еркіндігіне ие болады.

Ағымдағы  активтердің айналымдылық коэффициентінің мөлшеріне активтерді басқарудың қабылданған стратегиясы тікелей әсер ететіндігін естен шығармаған жөн. Осылайша кәсіпорын өз активтерінің айналымдылық коэффициентінің көлемін реттеуге белгілі бір мүмкіндік алады5.

Айналым құралдарының мынандай айналымдылық көрсеткіштері болады: айналымдылық коэффициенті (айналым жылдамдығы), ұзақтығы (айналым уақыты), айналым құралдарын салу коэффициенті.

Бір айналымның ұзақтығы аз болған сайын айналым құралдары  соғұрлым көп айналым жасайды. Айналым  құралдарының айналымдылығын жылдамдатқанда оларға деген қажеттілік азаяды да, өнім шығару үшін резерв ұлғаяды. Айналым кұралдарының айналымдылығын жылдамдату үшін олардың өндіріс сферасында және айналым сферасында болу уақытын азайту қажет. Бұл үшін бұйымды өндеу уақыты мен жинақтау уақытын механизациялау мен автоматтандыру арқылы қысқарту қажет; жаңа техниканы пайдалануды жақсарту; өнімді өңдеу кезінде оны бақылау мен тасымалдауды жылдамдату; материалдар, отын, ыдыс, аяқталмаған өндіріс запастарын тағайындалған нормативтерге дейін қысқарту; өндірістің барлық бөлімшелері мен цехтарындағы жұмысты жеделдетуді, материалдарды кәсіпорынға және жұмыс орындарына уақытында жеткізуді қамтамасыз ету; дайын өнімді тиеп жіберуді жылдамдату; жеткізушілермен есеп айырысуды өз уақытында және жылдам іске асыру; өнімнің сапасын арттыру, тұтынушыларға жеткен дайын өнімнің қайтып келуін болдырмау және т.б.

Бір айналымның ұзақтығы өндірістік запастарды, өндіріс циклының ұзақтығын және дайын өнімді жеткізу уақытын қысқарту есебінен азайтылуы мүмкін. Өндірістік запастардың нормасын олардың шығындарын жетілдіру, тапшы шикізатты неғұрлым арзанмен алмастыру, өндіріс қалдықтарын пайдалану, қолданылатын материалдың сапасын арттыру, материалдарды жеткізу уақытының жылдамдығын арттыру, тиеу-түсіру жұмыстарының уақытын азайту, көп рет пайдаланылатын ыдыстарды қолдану және т.б. арқылы төмендетуге болады. Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар материалдық құндылықтардың орта тәуліктік шығындарын азайтуға және жеткізулер арасындағы интервалды, яғни айналым құралдарына деген сұранысты қысқартуға септігін тигізеді.

Өндіріс циклының ұзақтығын  қысқарту аяқталмаған өндірісте  құралдардың айналымын жылдамдату үшін маңызды рөл атқарады және өңдіріс  процестеріннің қарқындатылу деңгейімен, дайындалған өнімнің номенклатурасын азайтумен, қайта енгізілген өндірістік күштердің игерілу мерзімімен, шығарылатын өнімнің еңбек сиымдылығын төмендетумен, негізгі капиталды пайдалануды жақсартумен, өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен және т.б. қамтамасыз етіле алады. Айналым құралдарының өндірісте болу мерзіміне: тікелей қызмет ететін (өндейтін) процесте болатын өндірістік айналым кұралдарының уақыты; жұмыс күшін қажет етпейтін өндіріс процесіндегі үзіліс уақыты; өндірістің айналым құралдары запас күйінде тұратын уақыт.

Айналым құралдарының айналым сферасында болу уақыты кәсіпорынның кассадағы, банк шоттарындағы және шаруашылық субъектілерімен есеп айырысудағы ақша қаражаттарының өтпеген өнімнің қалдығы түрінде болу уақытын қамтиды. Айналым құралдарының жалпы айналым уақыты (бір айналымның ұзақтығы немесе айналым жылдамдығы) олардың өндіріс сферасы мен айналым сферасында болған уақытынан құралады. Ол айналым құралдарын пайдаланудың тиімділігіне және кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ететін маңызды сипаты болып табылады. Айналым құралдарының айналымдылығы — оларды пайдалану тиімділігінің маңызды көрсеткіші. Айналым құралдарын басқарудың тиімділігін бағалаудың критериі ретінде уақыт факторы алынады: айналым кұралдары неғұрлым бір түрде болса (ақша немесе тауар түрінде), соғұрлым оларды пайдалану тиімділігі төмен, және керісінше. Айналым құралдарының айналымдылығы оларды пайдаланудың қарқындылығымен сипатталады.

Айналым сферасының салалары үшін мына көрсеткіштердің рөлі өте  жоғары: сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, делдалдық қызмет, банк бизнесі және т.б. Айналымдылықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі айналым уақыты. Ол бір жыл ішінде айналым құралдарының қанша күн ішінде айналатындығын көрсетеді:

АУ = (AАОК*360)/ОКСТ, (4)

Мұндағы: 

  В — осы айналымның  уақыты;

ААОК — ағымдағы активтердің орташа көлемі;

Т - 360 — уақыт кезеңі;

ОКСТ — осы кезеңдегі сатудан түскен түсім.

Күн есебіндегі айналымдылық қанша уақыт ішінде айналым құралдары осы кәсіпорын айналымының барлық кезендерінен өтетіңдігін көрсетеді. Құн есебіндегі айналымдылық қаншалықты жоғары болса, кәсіпорынға соншалықты ақша қаражаттары қажет, соғұрлым қаржы ресурстары үнемді пайдаланылады. Айналымдылық сонымен бірге айналым жылдамдығымен де есептеледі, яғни жылына айналым құралдары қанша рет айналады:

С=ОКСТ/ААОК (5)

Мұндағы: С — айналым жылдамдығы.

Айналым құралдарының айналымдылығын жылдамдату олардың айналымнан абсолютті және салыстырмалы босап шығуына себепші болады. Абсолютті босап шығу дегеніміз өнімді сату көлемін ұлғайтқанда айналым құралдарының сомасының ағымдағы жылда өткен жылға қарағанда төмендеуі. Сату көлемінің өсу қарқыны айналым құралдарының өсуі қарқынынан асып түскенде салыстырмалы босап шығу пайда болады. Бұл жағдайда айналым құралдарының оқ көлемін сатып-өткізудің үлкен мөлшері қамтамасыз етеді. Жалпы төлем айналымының жоғары инфляция кезінде өсуіне байланысты айналым құралдарының абсолютті босап шығуы мүмкін емес. Сондықтан ресурстардың салыстырмалы босап шығуын талдауға және оған жағдай жасауға көп көңіл бөлінеді. Айналым құралдарының абсолютті босауы — бұл осы кездегі жоспарлы сұраныс пен нормаланған айналым құралдарының қалдығының орташа нақты сомасының айырмасы. Салыстырмасы босап шығу — бұл нормаланатын айналым құралдарына деген жоспарлы және есепті сұраныстар арасындағы айырмашылық. 

Кәсіпорын үшін өзінің жекеменшік айналым құралдарымен де қамтамасыз етілгендігі өте маңызды. Ол жеке айналым кұралдарының жалпы айналым құралдарына қатынасымен есептеледі.

Кәсіпорынның материалды ресурстармен қамтамасыз етілуін талдағаннан кейін оларды   пайдаланудың  тиімділігі   мен   бағалауға   көшу   керек.   Ол   бірқатар көрсеткіштермен айқындалады. Негізгілеріне өнімнің материал сыйымдылығы мен материал қайтарымдылығы жатады.

Материал сыйымдылығы  өнімнің құндық көлемінің 1 теңгесіне шаққандағы шығын үлесін сипаттайды; оның кері көрсеткіші — материал қайтымдылығы. Ол 1 теңге өнімге   кеткен   материалдық шығындарды   көрсетеді.   Материал сыйымдылығы көрсеткіштерінің жүйесіне кіретіндер:

  • материалды  шығындардың барлық көлеміне  катысы  бар  жалпы  материал сыйымдылық (тозусыз), тауарлы өнімнің құнына және кәсіпорынның материалды ресурстарын жиынтық пайдалануды сипаттайды;
  • жеке материал сыйымдылығы, ол материалды шығындардың нақты тобының натуралды және құнды көріністегі өнім шығаруға қатынасы және материалдық ресурстардың жеке элементтерінің пайдаланылуын сипаттайды;

Өндірісті материалдармен қамтамасыз етуде олардың жиынтықтылығы  өте маңызды.

Кәсіпорынның   шығындары   запастың   жетіспеушілігіне   қарағанда   қолда   бар материалдардың жиынтықсыздығынан көп болады. Сондықтан қалдықты натуралды және бағалық түрде есептеп қана қоймай, оның жиынтығына да назар аударылады.

Пайдалану   тиімділігін   көтерудің   тағы   бір   тәсілі   айналым   құралдарының нормативтерін дұрыс есептеу болып табылады.

Норматив — бұл кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін үнемі қажетті айналым  құралдарының минималды жоспарлы мөлшері. Айналым құралдарының нормативінің (Н) ақшалай көрінісі былайша есептеледі:

Н = Р*Д, (7)

Мұндағы: Р — өндіріс шығындарының сметасы бойынша айналым активтерінің элементтерінің бір күнгі шығыны;

Д — айналым құралдарының нормасы, запас күнімен.

Әр кәсіпорынның жекеменшік айналым құралдарының нормативтері төмендегі негізгі көрсеткіштермен анықталады:

  1. өнім өндірісінің және оны өткізу көлемімен;
  2. өнімді өндіру, сақтау және сатып өткізу шығындары;

3) тауарлы-материалды   құндылықтардың   жеке   түрлері   бойынша   айналым құралдарының запас нормалары және күнмен есептелген шығындар.

Айналым құралдары нормативтерін  есептеудің үш әдісіс неғұрлым кең таралған: аналитикалық, тура есептеу әдісі, коэффициенттік әдіс.

Нормалаудың аналитикалық немесе тәжірибе-статистикалық әдісі   өндірісті ұйымдастыру, жабдықтау және сатып-өткізудің қалыптасқан практикасын көрсетеді. Бұл әдістің маңыздылығы қолда бар тауарлы-материалды құндылықтарды талдаған кезде олардың нақты запастары реттеледі және артық немесе қажетсіз құндылықтар шығарылып тасталады. Тура есептеу әдісі бойынша айналым құралдарының кәсіпорынның қол жеткізген ұйымдастыру-техникалық деңгейін ескеру арқылы әр төлемешінің запастарын ғылыми негізге сүйене отырып есептейді. Мұнда техника мен технологияның дамуынан болған, өндірісті ұйымдастырудағы, тауарлы-материалдық құндылықтарды тасымалдауда, есептеу саласында болып жатқан барлық өзгерістер назардан тыс қалмай қарастырылады. Коэффициенттік есептеу кезінде алдыңғы кезендегі еркін нормативке өндіріс көлеміндегі  және  қаржылардың  айналымдылығын  жылдамдатудағы  жоспарлы өзгерістердің түзетулері енгізіледі. Егер нормативтер тура есептеу әдісімен әр кезеңде нақтыланып отыратын болса, онда айналым құралдарының жеке элементтері бойынша дифференциалдық коэффициенттерді қолдануға болады.

Нормалаудың негізгі  тәсіліне айналым құралдарының әр элементі бойынша жеке тура есеп әдісі жатады. Нормалаудың басқа әдістері өнеркәсіпте косымша әдіс ретінде қолданылады.

Қалдық құн баланстың  активтердің бөлімінде жатады. Себебі ол фирма «Смак- тың»меншікті болып  саналады. 2004 жылғы басты құралдардың  құны 64 млн. 56мың қалдық.

Ал 2005 жыл бұл 59 млн. 5 мың  теңге  болды. Айырмашылығы 5 541 000 теңге. Басты құралдардың амортизациясы 9 682 000 теңге. 2005 жылы транспорттық құралдарға 5 531 318 теңге кеткен.

Салық кодексі бойынша  жыл аяғында басты құралдардан  қалдық құн формуласы төменде  көрсетілген жыл басындағы қалдық құн +пайдалану алу – істен  шығу – 12 ай бойындағы амортизация = жыл аяғындағы қалдық құн.

Материалдық тауар қорына:

- шикізат 

- материалдар

- дайын өнімдер мен  тауарлардың қалдығы жатады.

2005 жылы материалдық  тауар құны 9 689 000 теңге.Ал 2004 жылы бұл сома  15 913 теңге болды. Айырмашылығы  6 224 000 теңге, ТМҚ сондықтан 2004 жылы тауардық материалдық қор қалдығы  6 224 000 теңгеден көп болды. Ақша құралдары баланстың актив бөліміне жатады. Ақша құралдары банк, касса және карталық шоттарында орналасады.

2004 жылдың аяғында  ақша құралдарының қалдығы 165 мың теңге, ал 2005 жылы 430 000 теңге болды. Сонымен 2005 жылы ақша құралдары  2 650 000 теңгеге өсті. 2004 жылы дебиторлық қарыз 2 629 000 теңге, ал 2005 жылы 2 287 000 теңге болды. Ақша құралдары арқылы осындай қорытынды жасауға болады. ЖШС «Смак» фирмасының дебиторлық қарызы минимум 2 млн. теңге денгейінде, ал максимум денгейінде 3 млн. теңге болады.

Информация о работе Дип.кәсіпорынның-айналым-активтері-мен-қысқа-мерзімді-міндеттемелерінің-экономикалық-мазмұны.doc