Дип.кәсіпорынның-айналым-активтері-мен-қысқа-мерзімді-міндеттемелерінің-экономикалық-мазмұны.doc

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 13:39, курсовая работа

Описание работы

Айналым активтерін басқару саясаты кәсіпорынның айналым активтерінің қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары

Содержание работы

Кіріспе ............................................................3
1 Тарау. Айналым капиталының экономикалық мазмұны мен негіздері ....5
1.1 Кәсіпорынның айналым активтерінің экономикалық мәні
мен жіктелуі .......................................................................................5
Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің
түзілу көздері .......................................................................................10
Фирманың ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерін басқару
саясатының негізгі түрлерінің сыныптамасы ............................................14
2 Тарау. Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді міндеттемелерінің тиімділігін талдау .................................23
2.1. ЖШС «Смактың» айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау.....................................23
2.2. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін қарастыру.........................35 Тарау. Айналым капиталын басқару .....................................................................45
Қорытынды.....................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................70

Файлы: 1 файл

Дип.кәсіпорынның-айналым-активтері-мен-қысқа-мерзімді-міндеттемелерінің-экономикалық-мазмұны.doc

— 533.50 Кб (Скачать файл)

Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының қозғалысын шынайы ашу, ақша қаражаттарының түсуі мен жұмсалуының біркелкілігін бағалау, сондай-ақ алынған қаржы нәтижесі мен кәсіпорындағы ақша қаражаттарының жағдайын байланыстыру ушін ақша қаражаттарының түсуі мен кетуінің барлық бағыттарын айқындап, талдау қажет.

Осылайша ақша қаражаттарына  запастары басқару теориясында жасалған, акша қаражаттарының   көлемін   оптимизациялайтын   модельдер   қолданыла   алады. Мыналарды бағалау туралы сөз болып отыр: а) ақша қаражаттарының және оның эквиваленттеренің жалпы көлемі; ә) олардың қай бөлігін есеп шотта ұстап, ал кай бөлігін оңай өтетін бағалы қағаз ретінде ұстауға болады; б) ақша қаражаттары мен тез өтетін активтердің өзара өзгеруін қашан және қандай көлемде іске асыру. Батыс практикасында Баумол мен Миллер — Оррдың модельдері кең таралған. Бірінші модельді В. Баумол 1952 жылы, ал екіншісін М. Миллер (М. МШег) мен Д. Орро 1966 жылы жасады. Бұл модельдерді отандық практика енгізуге біздегі инфляцияға, жоғары есеп ставкаларына, бағалы қағаздар нарығының дамымағандығына   және   т.б.   қиыншылық   тудырып   отыр.   Сондықтан   бұл модельдердің тек теориялық сипаттамалары мен шартты қолданыс мысалдарын келтіреміз. Баумол моделі.

Кәсіпорын қызметінің басында ақша қаражаттарының максималды және мақсатты деңгейі бар делік. Содан кейін ол белгілі бір мезгіл ішінде біртіндеп жұмсала бастайды. Кәсіпорьшның тауарлар мен қызметтерді сатқаннан түскен барлық мерзімді бағалы қағаздарға салынады. Ақша қаражатының қоры таусыла салысымен, яғни нөлге жеткенде немесе белгілі бір қауіпсіздік деңгейіне жеткенде кәсіпорын бағалы қағаздардың бір бөлігін сатады да, сонымен ақша қаражаттарының запасын алғашқы деңгейге дейін толтырады. Осылайша қаржы қалдығының есеп шоттағы қалдығы "ағаш кесетін ара тәрізді" график құрайды (11-сурет).

Толтыру сомасы (Q) төмендегі формуламен есептеледі:

Q =V(2*V*с)/r,

Мұндағы V — ақша қаражаттарына деген кезең ішіндегі болжау жасалып отырған қажеттілік (жыл, тоқсан, ай);

с — ақша қаражатын  бағалы қағаздарға айырбастаудағы шығындар.

г — кәсіпорынның қысқа  мерзімді қаржы салымдары бойынша  мүмкін және қолайлы пайдасы, мысалы, мемелкеттік бағалы қағаздар бойынша.

Есеп шоттағы қаржы қалдығы

K =V:Q (10)

Ақша қаражаттарын басқарудың осындай саясатын іске асырудың жалпы  шығындары  (ОР) мьшаны құрайды:

ОР = ск + гQ/2 (11)

Бұл формуладағы бірінші қосынды тікелей шығындарды көрсетсе, екінші — қаржыны бағалы қағаздарға инвестицияламай есеп шотта сақтағаннан жіберіп алған пайда.

Миллер - Орр моделі.

Баумол моделі қарапайым  әрі ақшалай шығындары тұрақты әрі болжанатын кәсіпорындар үшін өте қолайлы. Іс жүзінде мұндай сирек болады; есеп шоттағы ақшаның қалдығы кездейсоқ жағдайлармен өзгереді, әрі біршама ауытқулар болуы мүмкін.

Миллер мен Орр жасаған  модель қарапайымдылық пен шынайылық  арасында бітімге келген модель. Ол мына сұраққа жауап беруге көмектеседі: егер қаражаттың күнделікті келуі мен кетуін болжай алмаған жағдайда кәсіпорын өзінің қаржы запасын қалай басқаруы керек? Модельді құруда Миллер мен Орра Бернуллидің процесін — стохастикалық процесті пайдаланады. Онда кезеңдерден кезендерге дейінгі аралықтағы ақшаның тусуі мен жұмсалуы тәуелсіз кездейсоқ құбылыстар. Қаржы менеджерінің есеп шоттағы қалдық қаржыны басқару қызметінің логикасы төмендегі суретте көрсетілген және оның мәні мынада. Шоттағы қаражаттың қалдығы жоғарғы шекке жеткенге дейін ретсіз өзгеріп отырады. Бұл іске аса салысымен кәсіпорын бағалы қағаздардың жеткілікті мөлшерін сатып ала бастайды. Мұндағы мақсат ақша қаражатының қорын біршама қалыпты деңгейге (қайтарым нүктесіне) жеткізу. Егер ақша қаражатының қоры төменгі шекке жетсе, онда бұл жағдайда кәсіпорын өзінің бағалы қағаздарын сатады да, сол арқылы ақша қаражатының қорын қалыпты шекке де толтырады.

 

12-сурет. Миллер — Орр моделі

Ақша қаражатының қор                     Ақша қаражатының артығын салу

        - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - жоғары шек


 

       - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - Қайтарым нүктесі. Төменгі шек.

       - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -      Ақша корын қалпына келтіру.       

            


                                         Уақыт

Вариация (жоғарғы және төменгі шектер арасындағы айырмашылық) қарқыны туралы мәселені шешкенде мына саясатты ұстану ұсынылады: егер күнделікті ақша ағымының ауытқуы үлкен болса немесе бағалы қағаздарды сату мен сатып алуға байланысты шығындар жоғары болса, онда кәсіпорын вариация қарқынын ұлғайтуы керек немесе керісінше. Егер бағалы қағаздар бойынша жоғары пайыздық ставкадан пайда табу мүмкіндігі болса, онда вариация қарқынын азайту қажет. Модельдерді іске асыру бірнеше кезендерден тұрады:

1. Ақша қаражаттарының  ең аз көлемі тағайындалады (С). Оның есеп шотта үнемі болғаны абзал (кәсіпорынның шоттарды төлеуі, банктің, кредиторлардың талап етулері мүмкін болғанда және т.б.);

2. Есеп шоттағы ақша қаражаттарының қалдығының вариациясының қарқынын (R) мына формула бойынша есептейді:

R  = ЗхV(ЗхZtхVаг):4хZs (12)

Мұндағы: Zs — қаржыны  есеп шотта сақтау шығындары;

Zt — ақша қаражаттары мен бағалы қағаздардың өзара өзгеруінің шығындары;

Vаг — қаржылардың  есеп шотқа күңделікті түсуінің вариациясы.

3. Есеп шоттағы ақша қаражаты қалдығының жоғары шекарадан асып кеткенде акша қаражаттарының бір бөлігін қысқа мерзімді бағалы қағаздарға айырбастау қажет болады. Оның жоғары шекарасын былай есептейді: 

СҺ = Сl + R (13)

4. Қайтарым нүктесін (О) анықтайды. Егер ақша қаражттарының есеп шоттағы 
қалдығы интервал (Сһ , С1 ) шегінен шығатын болса, онда қайтып оралуды қажет ететін есеп шоттағы ақша қаражаттарының қалдығының көлемі:

Сг = С1+R/3 (14)

Алайда бұл модельдерді  отандық қаржы менеджменті практикасында қолданудың қиыншылығының себептері:

1. Айналым активтерінің үнемі жетіспеушілігі кәсіпорынға ақша қаражатының қалдығының қажетті мөлшерін оның резервін ескере отырып құруға мүмкіндікбермейді.

2. Төлем айналымының баяулауы ақша түсімдерінің мөлшерінде біршама ауытқулар тудырады. Бұл ақша қаражаттарьның сомаларынан көрініс табады.

3. Айналымдағы қысқа мерзімді қаржы аспаптарының шектеулі тізімі мен өтімділіктің төмендігі оларды сатып алушылардың қысқа мерзімді салымдарымен байланысты есептерінде пайдалануды қиындатады.

Дебиторлық қарыздарды басқару. Айналым құралдарын тиімді пайдалануда, кәсіпорынның қаржы жағдайын сауықтыруда дебиторлық қарыздарды азайту маңызды рөл атқарады.  Дебиторлық қарыздар аванс түрінде төленетін салықтар мен басқа міндеттемелерді артығымен төлеу, есеп беретін адамдардың қаржыны (іс-сапар, көлік және басқа шығындар) уақытылы қайтармауы, төлем уақыты өтіп кеткеннен кейін күдікті қарыздардың пайда болуы, келісімшарт міндеттерін бұзудан болатын даулы қарыздар және т.б. нәтижесінде пайда болып, қаржыны айналымнан алшақтады.

Дебиторлық қарыздарды басқару дегеніміз, ең алдымен уақыты өткен қарыздардың, қаржының есептегі айналымдылық жағдайын қадағалау. Айналымдылықты динамикада жеделдету оң қарқын ретінде қарастырылады. Сонымен бірге дебиторлық қарыз деңгейіне әсер ететін бірқатар факторларды ескеру қажет: өнім түрі, нарық сыйымдылығы, нарықтың осы өнім түрімен қанықтылығы, келісімнің шарттары, кәсіпорынның есеп айырысу жүйесі.

Өткізілген тауар үшін есеп айырысудың негізгі түрлерінө қолма-қол есеп айырысу мен ақша аудару арқылы есеп айырысу жатады. Тұрақты экономикада есеп айырысудың аударымдық түрлері көп кездеседі. Оған жататындар: чектер, векселдер, есеп шоттары мен ағымдық шоттар арқылы есеп айырысу, әртүрлі банктер арасындағы корреспонденттік шоттар, сонымен бірге есеп палаталары арқылы өзара талаптарды зачеттау клирингтері. Экономика тұрақсыз жағдайда болғанда көбінесе алдын-ала есеп айырысу түрі басым болады. Есеп айырысудың аударымдарының түрлері мен ережелері Қазақстан Республикасының зандары арқылы реттеледі. Потенциалды сатып алушыларды іріктеу мен келісім шарттар қарастырылған тауарды төлеу шарттарын анықтау өте маңызды7.

Сатып алушыларды іріктеу формалды емес критерийлер арқылы іске асады: бұдан бұрынғы уақыттағы төлем тәртібін сақтауы, оның сұрап отырған тауардың ақшасын төлей алатындығы жөніндегі сатып алушының қаржылық жағдайынының болжамы, ағымдағы төлем қабілетінің деңгейі, қаржы тұрақтылығының деңгейі, кәсіпорынның — сатушының экономикалық және қаржылық жағдайлары (тауарландырылуы, қолма- қол ақшаға зәрулік деңгейі және т.б.). Талдауға қажетті ақпаратты жарияланған қаржы есептерінен, мамандандырылған ақпараттық агенттіктерден, ресми емес көздерден алуға болады. Мысалы АҚШ-тағы ірі "Дан энд Брэдстрит" ақпараттық агенттігінде бірнеше миллиондаған компаниялардың несие қабілеті туралы ақпараттар бар. Ал Қазақстанда болса занды тұлғалардың несие қабілеті туралы мұндай ақпарат алу әлі жолға қойылмаған. Ағымдағы активтердің құрамындағы дебиторлық қарыздардың үлкен үлес салмағы оның айналым капиталын басқарудағы орнының жоғары екенін аныктайды. Дебиторлық қарыздарды басқаруға мүмкіндік беретін бірқатар жалпылама ұсыныстар бар:

  • кейінге шегерілген (уақыты өтіп кеткен) қарыздар бойынша сатып алушылармен есеп айырысудың жағдайын бақылау;
  • бір немесе бірнеше ірі сатып алушылардың төлемеу қаупін азайту мақсатымен сатып алушылардың көп санына мүмкіндігінше бағытталу;
  • дебиторлық қарыздар мен кредиторлық қарыздардың ара қатынасын бақылап отыру:
  • дебиторлық қарыздардың көп мөлшерде асып кетуі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіреді де қосымша қаржыландыру көздерін тартуды (әдетте, қымбат тұратын) қажет етеді;
  • мерзімнен бұрын төлеген кезде жеңілдіктер беру әдісін қолдану. 
    Сатып алушылармен қарым қатынастың тиімді жүйесіне кіретіндер:

 

  1. несие беруге болатын клиенттерді сапалық іріктеу;
  2. тиімді несие шарттарын анықтау;
  3. қойылатын талаптардың айқын процедуралары;
  1. клиенттердің келісім шарттарын қалай орындап жатқандығын қадағалау. 
    Әкімшілік етудің тиімді жүйесіне жататындар:

 

  1. өнім түрлері, қарыз көлемі, төлем уақыты және т.б. бойынша дебиторлардың үнемі мониторингі;
  2. жұмыстың аяқгалу, өнімнің тиелу, төлем шарттарын көрсету сәттері арасындағы уақыттық интервалдарды минимизациялау;
  3. төлем құжаттарын тиісті әдістері бойынша бағыттау;
  4. клиенттердің төлем шарттары бойынша талаптарын мұқият қарастыру;
  5. шоттарды төлеу мен төлемдерді алудың айқын процедурасы.

Экономикалық  дамыған елдерде жеңілдіктер жүйесінің неғұрлым көп тараған түріне спонтанды қаржыландыруды — есеп айырысу уақытын азайтқаны үшін сатып алушыларға жеңілдіктерді анықтауды жатқызуға болады. Оның мәні бойынша сатып алушы алған тауары үшін белгілі бір уақыт өткенге дейін төлесе, бағасына қомақты жеңілдік ала алады.

Бұл мерзімнен соң  сатып алушы тауардың толық құнын келісілген төлем уақыты ішінде төлейді. Жеңілдік беру сатып алушыға да, сондай-ақ сатушыға да тиімді. Сатып алушы тауар сатып алуға кететін шығынның азайғандығынан пайда тапса, екіншісі дебиторлық қарызға салынған қаржының айналымдылығын жылдамдату арқылы жанама пайда  табады. Осылайша спонтанды қаржыландыру қаржы алудың салыстырмалы арзан түрі болып табылады; мұндай несиелендіру клиенттен кепілдікті қажет етпейді және жеңілдік кезеңінің жеткілікті ұзақ уақытымен тартымды.

Дебиторлармен жұмыс  істеудің тиімділігін арттыру үшін шетелдік көптеген ірі компаниялар дебиторлық қарыздармен жұмыс істеуге мамандандырылған өзіндік құрылымдар болмаса салалық компаниялар ашады. Бұл құрылымдардың тар  мамандандырылуы дебиторлармен жұмыс жасаудың дәстүрлі тәсілдерін пайдаланып  қана қоймай, сондай-ақ қазіргі заманғы әдістерді, мысалы векселдерді есептеу, секьюритизация және факторинг сияқты тәсілдерді де пайдалануға мол мүмкіндік береді. Векселді есепке алудың негізгі экономикалық мақсаты: жеткізіп берушілердің дебиторлық қарыздарының тез арада оның есеп шотындағы ақша түріне айналуы. Векселдің номиналды құны жоғары болған сайын соғұрлым жоғары соманы банк дисконт түрінде ұстап қалады. Вексел бойынша төлем уақытына дейін қаншалықты аз күн қалса, банкке соншалықты аз дисконт есептеледі.

Дисконт, тенге = Векселдің номиналды құны - Банктің клиентке (15) төлем сомасы.

Дисконттың  көлемі векселді есептеу күнінен  ол бойынша төлем мерзіміне дейінгі қалатын күндерге, векселдің номиналына және банктің есептік ставкасына тура пропорционалды. Дисконт, тенге = (Векселдің номиналы, тенге х есеп күнінен вексел бойынша төлем датасына дейінгі күндер саны х банктің есеп ставкасы, %): 

100 % х 360 күн  (16)

Вексель бойынша ақша алуды жеделдету үшін оның иесінің вексельді банкке сатуы міндетті емес. Кепілдікке салып қоюға да болады. Бірақ әдетте мұңдай жағдайда банк аваль талап етеді, яғни вексел бойынша төлемнің уақытылы болуының кепілдігі. Авалист (гарант, кепіл беруші) болып үшінші тұлға, немесе вексельге қол қойған тұлғалардың біреуі түсе алады.

Активтердің секьюритизациясы дегеніміз кепілдікке қамтамасыз етілген бағалы қағаздардың эмиссиясы. Бұл операцияның мән-мағынасы мынада. Бір несие мекемесі салыстырмалы бірыңғай мүлікпен қамтамасыз етілген несиелерін (мысалы, дебиторлық қарыздар) пұлға жинақтайды да, жалпы қамтамасыз етілу үшін бағалы қағаздар шығарады. Жеке активтің құндылығы онша жоғары болмауы мүмкін, бірак бірге жинақталған активтер біршама қомақты соманы құрайды. Секьюритизация процесіне көп жағдайда бірнеше қаржы институттары қатысады, олардың әрқайсысы өзінің функцияларын атқарады: несиелер беру, пұл құру, эмиссиялар жүргізу, сақгандыру, бағалы қағаздарға инвестициялау.

Информация о работе Дип.кәсіпорынның-айналым-активтері-мен-қысқа-мерзімді-міндеттемелерінің-экономикалық-мазмұны.doc