Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 13:39, курсовая работа
Айналым активтерін басқару саясаты кәсіпорынның айналым активтерінің қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары
Кіріспе ............................................................3
1 Тарау. Айналым капиталының экономикалық мазмұны мен негіздері ....5
1.1 Кәсіпорынның айналым активтерінің экономикалық мәні
мен жіктелуі .......................................................................................5
Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің
түзілу көздері .......................................................................................10
Фирманың ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерін басқару
саясатының негізгі түрлерінің сыныптамасы ............................................14
2 Тарау. Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді міндеттемелерінің тиімділігін талдау .................................23
2.1. ЖШС «Смактың» айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау.....................................23
2.2. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін қарастыру.........................35 Тарау. Айналым капиталын басқару .....................................................................45
Қорытынды.....................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................70
ЖШС «Смак» фирмасының дебиторлық қарыздары 3 жыл бойы болмады. Себебі, 2004-2005 жылы жарғылық капиталы 6 млн. теңге 2004 жылы жыл аяғындағы кіріс 3 055 000 теңге. Ал 2005 жылы 3 920 000 теңге 2004 жылы банк несиесі 56 884 000 теңге болды. Ал 2005 49 786 000 теңге, айырмашылығы 7 098 000 теңге. Сонымен ЖШС «Смак» фирмасы жарты жыл ішінде банк алдындағы қарызын 7 098 000 теңгеге жапты. Енді 49 786 000 теңге көлеміндегі қарызын жабу керек.
ЖШС «Смак» фирмасының айлық жалақы қоры 5 млн. теңге, ал 2005 жылы жұмысшыларға қарыз көлемі 1 157 000 теңге. Бұл 2 ай бойындағы қарызы, ал 2004 жылы бұл қарыз 1 040 000 теңге болды. 2004 ж. ҚҚС бойынша қарыз 210 000 теңге. Ал 2005 ж. 446 000 теңге мердігерлер мен жабдықтаушылар құрамындағы есеп беруі 2005 жылы 754 900 теңге. Ал 2004 жылы 7 416 000 теңге, ЖШС «Смак» фирмасының мердігерлерге қарызы 7 500 000 теңге көлемінде, сонымен қатар «Смак» фирмасы зауыт ғимаратын жалға алады. Бір айдағы зауыттың жалға берілуі 100 000 теңге, ал офистің жалға берілуі 60 000 теңге. 2005 жылы жалға берушілер алдындағы қарыз 6 642 000 теңге, ал 2004 ж. 2 816 000 теңге. Сонымен 2004 жылмен салыстыранда 3 826 000 теңгеге артқан.
Қорытынды: ЖШС «Смак» фирмасы жыл сайынғы таза табысы 3 млн. теңге, бұл табыс 1998 жылдан бастап алуда.
Кесте -7 ЖШС «Смак» 2004 -2005 жылдары салыстырғандағы фирманың қаржылық және шаруашылық анализі.
Көрсеткіштер |
2004 |
2005 |
Қалдық құн |
64 546 |
59 005 |
ТМҚ |
15 913 |
|
Ақша құралдары |
165 |
430 |
Дебиторлық қарыз |
2 629 |
2 287 |
Жарғылық капитал |
650 |
650 |
Бөлінбеген кіріс |
3 055 |
3 920 |
Банк несиесі |
56 884 |
49 786 |
Әлеуметтік және еңбек бойынша қарыз |
1 549 |
2 154 |
Каталог бойынша есеп беру |
||
Алынған аванс |
7 416 |
7 549 |
Міндеттемелер жалдамасы |
2 816 |
6 642 |
*"Смак" ЖШС есептік мәліметтері бойынша құрылды.
Кесте -8 Қысқа мерзімді мендеттемелер
Көрсеткіштер |
2005 |
Өзгерісі | |
Қысқа мерзімді ағымдағы міндеттемелер |
6 2375 |
49 786 |
-12 589 |
Қысқа мерзімді несиелер |
6 747 |
6 642 |
-105 |
Кредиторлық қарыздар |
1 032 |
2 154 |
1 122 |
*"Смак" ЖШС есептік мәліметтері бойынша құрылды.
Талданып отырған кезеңінің соңында қаржылану көзінің құрамында күрдлі өзгерістер болған. Мәселен: жылдың басындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің денгейі 62 375 000 тенңге болса, жыл соңында 49 786 000 теңге төмендеген және мұның есесінен кредиторлық қарыздар 1122000 теңгеге өскен. Дегенмен де кредиторлық қарыздардың өскені, кәсіпорының нарықтық жағдайға бейімделе бастағанын көрсетеді.
3 ТАРАУ. Айналым капиталының негізгі элементтерін басқару
Ақша ағымдарын басқару қаржы менеджері қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Оған ақша қаражатының айналым уақытын есептеу, ақша ағымын талдау, оны болжау, ақша қаражатының тиімді деңгейін анықтау, бюджеттерді жасау және т.б. Джон Кейнстің пікірі бойынша ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің маңыздылығы үш себеппен анықгалады: ескішілдікке негізделген (ағымдағы операцияларды ақшамен қамтамасыз ету кажеттігі), сактау (болжанбаған төлемдерді өтеу қажеттілігі), алыпсатарлық (болжанбаған пайдалы жобаға қатысу мүмкіндігі). Ақша қаражаттары айналымнан дерексізденген уатты ағымын сипаттайтын қаржы циклы қаржы менеджментінің басты сипаттамасы болып табылады. Ақша қаражаттарының қозғалысын талдау ағымдық, инвестициялық, қаржы қызметінің және т.б. нәтижесіндегі ақша ағымының сальдосын анықтауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттары козғалысын талдауда схема колданылады. Тек қарапайым болуы үшін кейбір көрсеткіштер агрегатталуы мумкін. Өйткені көптеген көрсеткіштерді тура болжау өте қиын. Әдетте болжау жоспарлы кезеңдегі ақша қаражатының бюджетін жасауға негізделеді. Мұнда тек ағымның негізгі құрамдас бөліктері ғана ескеріледі: өткізу көлемі, қолма қол ақша түріндегі түсімнің үлесі, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың көлемі, ақша шығындарының көлемі және т.б. Болжау әдістемесіне жататындар: түсімдерді, шығыстарды болжау, таза акша ағымдарын есептеу, қысқа мерзімді қаржыландырудың жиынтық қажеттілігін анықтау.
Қаржы циклын есептеу.
Қаржы циклы немесе қолма-қол ақша айналымының циклы ақша қаражаттары айналымнан дерексіздендірілген уақыт мерзімін білдіреді. Ақша қаражаты айналымының өндіріс қызметіндегі негізгі кезендері төмендегі суретте көрсетілген6.
Келтірілген сызбаның логикасы төмендегідей. Операциялық цикл қаржы ресурстары және дебиторлық қарыздар апастарға жансыздандырылған жалпы уакытты сипаттайды. Кәсіпорын жеткізіп берушілердің шоттарын уақыт шегерісінде төлегендіктен ақша қаражаттары айналымнан дерексіздендірілген уақыт ішінде, яғни қаржы циклы кредиторлық қарыздың айналым уақытынан орташа уақыттан азырақ.
Осылайша қаржы циклының айналым күнімен есептелген ұзақтығы (ПФЦ) мына формула бойынша есептеледі:
ПФЦ= ОЦ¥ - КҚАУ = ӨЗАУ + ДҚАУ- ВОК, (8)
Мұндағы ОЦ¥— операциялық циклдың ұзақтығы;
КҚАУ — кредиторлық қарыздың айналу уақыты;
ӨЗАУ — өндірістік запастардың айналым уақыты;
ДҚАУ — дебиторлық қарыздың айналым уақыты;
Т — орташа көрсеткіштер есептелетін кезең ұзақтығы (әдетте, жыл, яғни Т = 360 күн).
Есептің ақпаратпен қамтамасыз етілуі — бухгалтерлік есеп. Есептеуді екі жолмен жүргізуге болады: а) дебиторлық және кредиторлық барлық мәліметтер бойынша; ә) өндіріс процесіне тікелей қатысты дебиторлық және кредиторлық мәліметтер бойынша.
Қаржы циклының ұзақтығын есептеу:
01.01.04: 438+44-308 = 174 күн.
01.01.05: 444+35-225 = 254 күн.
Операциялық және қаржы циклдерінің қарқынды қысқаруы жағымды беталыс ретінде қарастырылады. Егер операциялық циклдың қысқаруы өндіріс процесінің жеделдетілуімен және дебиторлық қарыздардың айналымдылығымен жасалатын болса, онда қаржы циклы осы факторлар есебінен де, сондай-ақ кредиторлық қарыздың айналымдылығының біршама қиындықсыз баяулауы есебінен де қысқаруы мүмкін. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп — бұл қаржы жағдайының өзгеруі туралы ақша қаражаттарының шығу әдісі негізінде құрылған есеп. Ол ақша қаражатының болашақ түсімдерін бағалауға, фирманың өзінің қысқа мерзімді қарызын жабу және дивиденттерді төлеу қабілетін талдауға, қосымша қаржы ресурстарын тарту кажеттігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл есеп арнаулы форма бойынша құрылады. Онда ақша қаражаттарының қозғалысы үш бағыт бойынша топтастырылған: операциялық сфера, инвестициялық және қаржы сферасы.
Өндірістік-шаруашылық қызмет сферасында пайда мен шығын туралы есепте таза пайданы есептеуге пайдаланылатын баптар көрсетілген.
Мұнда сатып алушылардың тауар және көрсетілген қызмет, пайыздарды төлеуі сияқты түсімдер кірген. Өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижесінде ақша қаражаттарының өсімі мен азаюын есептей үшін төмендегі операцияларды іске асыру қажет:
1) Айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерді ақша ағымы әдісін негізге ала отырып есептеу. Айналым активтерінің баптарын түзеткен кезде олардың өсімін таза пайдадан алып тастап, ал олардың қарастырылып отырған кезең ішіндегі азаюын таза пайдаға қосу қажет. Қысқа мерзімді міндеттемелерді түзеткен кезде керісінше, олардың өсуін таза пайдаға қосу керек, өйткені бұл өсім ақша қаражаттарының шығып кеткендігін көрсетпейді; қысқа мерзімді міндеттемелердің азаюы таза пайдадан алынып тасталады.
2) Ақша қаражатының төлемдерін қажет етпейтін шығынға таза пайданы түзетуді жүргізу. Бұл үшін кезең ішінде болған сәйкесінше шығындарды таза пайданың сомасына қосу. Мұндай шығындарға материалды айналмайтын активтердің тозуы мысал бола алады.
3) Әдеттен тыс қызметтен келген пайда мен шығындардың әсерін,
сондай-ақ
айналмайтын активтерді және
басқа компаниялардың бағалы кағаздарын
сату нәтижелерін жоққа шығару.
Бұл операциялардың әсер етуі пайда туралы
есепте ескерілген таза пайда
сомасын есептеуде қайталау
шоты болмас үшін элиминацияланады:
бұл операциялардың шығындарын таза пайдаға
қосқан жөн, ал пайданы — таза пайда сомасынан
алып тастау.
Инвестициялық қызмет негізінен айналмайтын активтердегі өзгерістерге қатысты операциялардан тұрады. Бұл — "Жылжымайтын мүлікті сату мен сатып алу", "Басқа компаниялардың бағалы қағаздарын сату мен сатып алу", "Ұзақ мерзімді займдар беру", "Займдарды жапқаннан түскен қаржылар" және т.б. Қаржы сферасы мынандай операцияларды қамтиды: фирманың ұзақ мерзімді міндеттемелері мен жекеменшік капиталындағы өзгерістер, өз акцияларын сату мен сатып алу, компанияның облигацияларын шығару, дивиденттерді төлеу, өзінің ұзак мерзімді міндеттемелерін өтеу.
Өндірістік-шаруашылық қызмет бөлімінде таза пайда сомасы келесі баптармен реттеледі:
1) таза пайдаға қосылады: тозу (амортизация), тапсырып алу шоттарының азаюы, алдағы кезеңдердің шығындарының өсуі, материалдық емес активтерді өткізу шығындары, салық төлемдері бойынша қарыздың өсуі;
2) алынып тасталады:
бағалы қағаздарды сатудан түск
1) қосылады: бағалы қағаздарды және материалдық айналымды емес активтерді сату;
2) алынып тасталады: бағалы қағаздарды және материалдық айналымды емес активтерді сатып алу;
Қаржы қызметі сферасыңда:
Талдаудың соңында фирманың қаржы жағдайының өзгергендігін көрсететін ақша қаражаттарының жыл басындағы және жыл соңындағы есебі жургізіледі.
Өнімнің өзіндік құнына енетін шығындар (несиеге сату көлемінің өзгеруі, салықтар салу және дивиденттер) пайданың өзгеру факторлары болып табылады. Есептік пайда сондай-ақ ақша қаражатының қозғалысын көрсетпейтін түзетулер көлемімен реттеледі:
а) негізгі құралдар мен материалды емес активтердің тозуы;
3) негізгі құралдар мен материалды емес активтерді сатып өткізгеннің зияны;
б) негізгі құралдарды сатудан түскен пайда;
в) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар шығыны.
Кәсіпорынның айналым капиталы мен ағымдағы активтерінің қозғалысы қаржы жағдайының маңызды компоненті болып табылады. Капиталдың барлық айналым процесі мобильді активтердің айналымынан басталғандай болады, кәсіпорынның шаруашылық белсенділігінің барлық қатысушылары қозғалысқа келтіріледі.
Сондықтан айналым құралдарын жеделдету, пайдамен айналым капиталының қозғалысын синхронизациялау факторына неғұрлым көп көңіл бөлу.
Айналым капиталының "келу" факторлары болып табылатындар:
Кәсіпорынның тұрақты қызметі үшін ақша қаражаттары қозғалысының жылдамдығы ерекше маңызды. Кәсіпорынның қаржы жағдайының тұрақтылығының негізгі шарттарының бірі оның ағымдағы міндеттемелерін жабуды қамтамасыз ететін ақша қаражаттарының келуі болып табылады.
Ақша қаражаттарының ең аз мөлшердегі қорының болмауы кәсіпорынның қаржы жағдайының қаншалықты қиыншылықга екендігін білдірсе керек. Ал ақша қаражаттарының шектен тыс болуы кәсіпорынның шын мәнінде шығынға ұшырап жатқандығын көрсетеді. Біріншіден, бұл инфляциямен және ақшаның құнсыздануымен байланысты болса, екіншіден оларды тиімді орналастырып, пайда табу мүмкіндігін жіберіп алғандықтан болуы мүмкін. Осыған орай кәсіпорындағы ақша қаражаттарын тиімді пайдалану деңгейін бағалау қажеттігі туындайды. Мұндай талдаудың түрлі тәсілдері бар. Мәселен, қаржы қиыншылығының пайда болуының ерекше барометрі ретінде кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелері өскен кездегі ағымдағы активтер құрамындағы ақша қаражаттарының үлесінің азаю қарқынын алуға болады. Сондықтан ақша қаражаттары мен неғұрлым жедел міндеттемелер (мерзімі ағымдағы айда аяқталатын) арасындағы қатынасты ай сайын талдау кәсіпорындағы ақша қаражаттарының артықтығының (жетіспеушілігінің) толыққанды суретін бере алады.