Дип.кәсіпорынның-айналым-активтері-мен-қысқа-мерзімді-міндеттемелерінің-экономикалық-мазмұны.doc

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 13:39, курсовая работа

Описание работы

Айналым активтерін басқару саясаты кәсіпорынның айналым активтерінің қажетті мөлшері мен құрамын қалыптастырып, қаржыландыру көздерінің құрылымдарын рационализациялау мен тиімділендіруден тұратын жалпы каржы стратегиясының бір бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған жэне өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары

Содержание работы

Кіріспе ............................................................3
1 Тарау. Айналым капиталының экономикалық мазмұны мен негіздері ....5
1.1 Кәсіпорынның айналым активтерінің экономикалық мәні
мен жіктелуі .......................................................................................5
Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің
түзілу көздері .......................................................................................10
Фирманың ағымдағы активтері мен ағымдағы пассивтерін басқару
саясатының негізгі түрлерінің сыныптамасы ............................................14
2 Тарау. Фирманың айналым капиталының жағдайын және қысқа мерзімді міндеттемелерінің тиімділігін талдау .................................23
2.1. ЖШС «Смактың» айналым активтері мен қысқа мерзімді
міндеттемелерінің құрамы мен құрылымын талдау.....................................23
2.2. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін қарастыру.........................35 Тарау. Айналым капиталын басқару .....................................................................45
Қорытынды.....................................................................................................65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..............................................................70

Файлы: 1 файл

Дип.кәсіпорынның-айналым-активтері-мен-қысқа-мерзімді-міндеттемелерінің-экономикалық-мазмұны.doc

— 533.50 Кб (Скачать файл)

Факторинг делдалдық  операцияларға жатады. Факторингке  мамандандырылған мекемелер (факторингтік компаниялар, фактор-фирмалар және банктердің факторингтік бөлімдері) өз клиентіне қарыз болғандардан ақша қайтарумен және оның қарыз талаптарын басқарумен айналысады. Факторингтік операцияларға үш тарап қатысады: факторингтік компания, клиент (тауар жеткізуші, кредитор), кәсіпорын (қарыз алушы), фирма — тауар сатып алушы. Факторингтік қызметтер "қаржыландырумен" және "қаржыландырусыз" көрсетіледі. Бірінші жағдайда фактор-фирмаға шот-фактураны сатқан клиент соңғысынан төлем  уақыты болғанда шот-фактура сомасын алады. Екінші жағдайда жеткізілген тауардың құнының көп бөлігін (70-90 пайызын) жеткізуші фактор-фирмадан тауар жөнелтіле сала алады. Қалған сома төлемеу қаупін жабу үшін және тауар үшін төлем уақыты болғанда жеткізушіге төлену үшін ұсталынып қалады (пайыздар мен комиссиондық төлемдерді алып тастағанда). Іс жүзінде фактор-фирма өзінің клиентіне несие береді. Яғни жеткізілген тауарлардың алдын-ала төлемі ретінде қаржыландыруды іске асырады. Бұл операция кәсіпорын үшін біршама қымбат. Батыс практикасында дебиторлық қарыздар сомасының 50 пайызына дейін шығын болып кететін жағдайлары жиі кездеседі. Кәсіпорын жаңадан құрылып жатқанда немесе өндірістік қызметін бастап жатқандағы факторингтің пайдалалығы өлшеусіз. Факторингтік қызметтердің кұны екі элементтен тұрады:

  1. комиссиялар (шот сомасынан қызмет көрсеткені үшін пайыздық төлемдер); әлемдік практикада комиссия мөлшері 1,5-2,5 пайызды құраса, Ресейде 0,5-3 пайыз;
  2. келтірілген құжаттарды алдьш-ала төлегені үшін алынатын пайыздар. Әдетте қысқа мерзімді несиелер нарығының ставкаларынан 1 -2 пайызға жоғары. 
    Фактор-фирманың ең маңызды қызметі клиенттің төлемінің кепілділігі болып табылады. Бұл кепілдік ішкі және сыртқы операциялардың толық көлемін қамтиды. Фактор-фирма клиентіне оның сатып алушысының төлем қабілеті жоқ болса да барлық акцепттелген шот-фактураларды төлеуі тиіс. Ақша активтері кәсіпорынныңқаржылық міндеттемесі бойынша төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету процесінде белсенді роль атқарады:

- шұғыл жұмыс міндеті(орындалу мерзімі 1 айға дейін) және қысқа мерзімді (орындалу 3 айға дейін)

-ағымдағы міндеттемелер (орындалу мерізімі 1 жылға)

-басқадай айналым  активтерінің түрлерімен қамтамасыз  етіледі.

Тауарлы-материалдық  қорларды басқару. Қорлар мөлшерін басқару проблемасы ақша ағымдарын басқаруға ұқсайды. Кәсіпорынның бір саласының өндірістік қорларының айналым уақыты, әдетте, оның капиталды қаншалықты табысты пайдаланғандығын сипаттайды. Запастардың жинақгалуы ақша қаражаттарының тым мол қосымша кетумен байланысты. Бұл материалды құндылықтарды сақтау мерзімін қысқартудың мүмкіндігі мен дұрысгығын бағалауға қажетті баға береді. Ақшалардың сатып алу қабілетінің төмендеуі кәсіпорындарды уақытша бос қаржыларын материалдар запастарына салуға мәжбүрлейді. Сонымен бірге кәсіпорынның өндірістік процесіне қажетті шикізаттар мен материалдардың жеткізілмеуі (толық жеткізілмеуі) қаупін төмендеіудің мәжбүрлі шарасы болып табылады. Осыған орай айта кеткен жөн, бір негізгі жеткізушіге бағытталған кәсіпорын бірнеше жеткізушімен келісімшарт негізінде жұмыс істейтін кәсіпорынға қарағанда анағүрлым осал жағдайда.

Сонымен бірге тауарлы-материалды құндылықтардың қорларын жинақтау саясаты ақша қаражаттарының қосымша кетуіне мына себептерден әкеп соғады:

  • запастарды игеруге байланысты шығындардың өсуі (қойма ғимараттарын жалға алу мен оларды күту, қорларды тасымалдау шығындары, мүлікті сақтандыру және т.б.);
  • тауарлы-материалдық құндылықтардың ескіруі мен бүлінуіне, сондай-ақ жоғалуы мен бақылаусыз пайдаланылу қаупіне байланысты шығындардың өсуі; мүліктің көлемі мен сақталу уақыты қаншалықты көп болса, оның сақталынуын бақылау әлсіздеу (күрделілеу) екендігі белгілі;
  • төленетін салықтар сомасының өсуі. Инфляция жағдайында жұмсалған өндірістік запастардың нақты өзіндік құны (өзіндік құнға шығару сомасы) оның ағымдағы нарықтық құнынан <span class="dash041e_0431_044b_0447_043d_044b_0439__Char" styl

Информация о работе Дип.кәсіпорынның-айналым-активтері-мен-қысқа-мерзімді-міндеттемелерінің-экономикалық-мазмұны.doc