Колма – қолсыз ақша қаражаттары есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 21:56, курсовая работа

Описание работы

Мен бұл курстық жұмыста тоқталатындарым:
Қолма-қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара есепке алу жолымен жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................3-5
I бөлім. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебі...................................5 - 28
1.1.Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің түсінігі, қағидалары..........5 - 9
1.2.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысу нысандары............................10 - 16
1.3.Қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлемдермен есеп айырысудың анықтамасы, түрлері......................................................................................17 - 21
1.4. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің құжаттық рәсімделуі....22 - 23
II бөлім. ҚР Ұлттық банкі туралы жалпы мәліметтер.........................24 - 25
2.1. ҚР Ұлттық банкіндегі қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің мәні, мазмұны...........................................................................................................26 - 27
2.2. ҚР Ұлттық банкі Басқармасының қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру туралы қаулысы....28 - 31
III бөлім. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің аудиті...........32 - 43
3.1.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысудың аудиті ...........................32 – 36
3.2.Қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлем жүйелерінің ҚР Ұлттық банкіндегі аудиті………………………………………………………...….37 - 43
Қорытынды.....................................................................................................44 - 45
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................46 - 47
Қосымшалар....................................................................................................48 - 60

Файлы: 1 файл

курсовая. Чабданова Ж.docx

— 147.57 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ  ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КМҚК БИЗНЕС КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебі.

 

                                                                   Орындаған: Чабданова Ж.Б.

                     Тексерген: Байжигитова А.А.

 

 

 

 

 

 

 

СЕМЕЙ – 2012ж.

 

Мазмұны :

Кіріспе...................................................................................................................3-5

I бөлім. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебі...................................5 - 28

1.1.Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің түсінігі, қағидалары..........5 - 9

1.2.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысу нысандары............................10 - 16

1.3.Қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлемдермен есеп айырысудың анықтамасы, түрлері......................................................................................17 - 21                                                     

1.4. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің құжаттық рәсімделуі....22 - 23

II бөлім. ҚР Ұлттық банкі туралы жалпы мәліметтер.........................24 - 25

2.1. ҚР Ұлттық банкіндегі қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің мәні, мазмұны...........................................................................................................26 - 27

2.2. ҚР Ұлттық банкі Басқармасының қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру туралы қаулысы....28 - 31

III бөлім. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің аудиті...........32 - 43

3.1.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысудың аудиті ...........................32 – 36

3.2.Қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлем жүйелерінің ҚР Ұлттық банкіндегі аудиті………………………………………………………...….37 - 43

Қорытынды.....................................................................................................44 - 45

Пайдаланылған  әдебиеттер..........................................................................46 - 47

Қосымшалар....................................................................................................48 - 60

 

 

 

 

     

 

 

 

 

 

Кіріспе

Мен бұл курстық жұмыста  тоқталатындарым:

Қолма-қол ақшасыз  айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара есепке алу жолымен жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді.

Қолма-қол ақшасыз айналым  екі түрге бөлінеді: тауарлық айналым  және тауарға қатыссыз айналым. Негізгі  артықшылықты айналымға тауарлық айналым  жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің  өндірілуі мен сатылу процесін тікелей  бейнелейді.

Айналымның тауарлық қолма-қол  ақшасыз айналыс құрамына тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қолма-қол ақшасыз  аударымдар жолымен жүзеге асыратын төлемдері кіреді.

Қолма-қол ақшасыз  есеп айырысудың артықшылықтары мынада:

- ол банк жүйелерінің  кредиттік ресурстарын арттыруға,  кредит қатынасын дамытуға мүмкіндік  береді;

- ол айналымға аса қажетті  қолма-қол ақша сомасының тұтынуын  кемітеді;

- ол трансакциялық шығындардың  (банкноттар мен тиындарды басып  шығару, сақтау, тасымалдау, санау түріндегі  айналыс шығындары) кемуіне мүмкіндік  тудырады;

- ол банктердің дәлдікті  қажет ететін жұмысында есеп  айырысуларды және қаражат айналымын  шапшаңдатады;

- қолма-қол ақшасыз есеп  айырысу процесінде шаруашылық  органдардың төлем қабілеті артады  әрі келісімшарт міндеттемелерін  орындауға мүмкіндік алады. 

Мынаны айта кету керек, қолма-қол  ақшасыз айналыстың аталған барлық артықшылықтары есеп айырысулар үнемі  жүзеге асырылғанда ғана нақты шындыққа айналады. Есеп айырысулар үнемі жүзеге асуы үшін қолма-қол ақшасыз айналымды  ұйымдастыруда белгілі бір қағидалары сақталуы керек.

Оған мыналарды жатқызуға  болады:

-Төлеушілердің банктерді  және қолма-қол ақшасыз есеп  айырысудың түрлерін таңдаудағы  еркіндік қағидасы. Бұл қағида  болашақ клиентке қызмет көрсету  мәдиенеті жоғары әрі есеп  айырысу операцияларын жылдам  және дәл орындай алатын банктерді  тандауға, сондай-ақ келісімшарттағы  шарттардың орындалуын қамтамасыз  ететін қолма-қол ақшасыз есеп  айырысудың мақсатқа лайықты түрлерін таңдауға мүмкіндік береді.

-Төлеушінің төлем келісімін  міндетті түрде беру қағидасы, яғни төлеушінің төлеуге келісім  бергені немесе бермегені туралы  ақпарат міндетті тұрде болуы  керек. Мұның мағынасы мынадай;  шот иесінің шоттағы қара-жатын  банк төлемдердің белгіленген  кезегіне қарай әрі шотта қалған  қаражаттың мөлшерінде төлем  жасайды. Соңғысы (шот иесінің  шоттағы қаражатының шегінде  төлемнің жүзеге асырылуы) төлемнің  қамтамасыз етілу қағидасын немесе  төлеушінің өтімділік қағидасын  білдіреді.

Төлемнің мерзімділік  қағидасы. Бұл қағиданың экономикалық мағынасы мынадай: ақшалай қаражатгы  алушы қаражаггың келісімшартга  көрсетілген мерзімде өзінің шотына аударылуына мүдделі. Төлемді уақтылы  алудың маңызы өте зор.

Барлық есеп айырысуға  қатысушылардың келісімшарт қатынастарының сақталуына мүліктік жауапкершілік  пен есеп айырысудың үздіксіз жүруіне  бақылауды жүзеге асыру қағидасы.

Есеп айырысу қызметі  үшін банк пен клиент арасында банктік  шот келісімшарты екі жақты дербес азаматтық-құқықтық келісімшарт бекітіледі. Банктер мен басқа кредит мекемелері өзара есеп айырысуы үшін бір-бірінде корреспонденттік шот ашады әрі бір банк (корреспондент) басқа банктің (респондент) депозиттерін ұстауға және мұның соңғысына төлем мен басқа операциялар бойынша қызмет көрсетуге тиісті бекітілген келісім-шарт негізінде ҚР Ұлттық банк мекемелерінде де шот аша алады. Мұнда белгілі бір мерзімде аса ірі ақша сомасын аудару бойынша банкаралық есеп айырысу жалпы негізде және нақты уақыт аралығында жүзеге асырылады. Аударылатын аса ірі ақшаның сомасын Ұлттық банк анықтайды. Басқадай төлемдер (мерзімді емес және ұсақ сомалар) бойьшша банк аралық есеп айырысулар клиринг негізінде екі және көп жақты есепке алу арқылы жүзеге асырылуы ықтимал. Соңғысы есеп айырысуға дейінгі төлем хабарламаларын тапсыру, салыстыру және бекіту процесін, сондай-ақ талаптар, міндеттемелер және түпкілікті қалдықты анықтау жөніндегі өзара есеп айырысулар бойынша операцияларды білдіреді. Клиринг бұл занды және жеке тұлғалардың тауарлар мен қызметтер үшін талаптар мен міндеттемелердің өзара есепке алуға негізделген қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тәсілі.

Корреспонденттік қатынаста  мынадай операциялар орындалуы  мүмкін:

а) клиентке қызмет көрсетуге  негізделген әрі банк-корреспонденттегі  шот бойынша төлемдерді жүргізуді  білдіретін операция. Бұл бір банктің басқасына тапсырма беруі бойынша жүзеге асырылатын базистік коммерциялық және басқа да операциялар.

ә) шетелдік банктердің тартылуымен  жүзеге асатын банкаралық операциялар. Оған еркін айырбасталымды валюталарды  сату-сатып алу операциялары жатады. Кассалық және мерзімді валюталық операциялар  бөліп көрсетіледі. Бірінші жағдайда сатып алушы мәміле сомасын бірден (дереу) төлеуге міндетті, ал екінші жағдайда төлем белгілі бір мерзім ішінде түседі.

Ұлттық банк банкаралық қолма-қолсыз есеп айырысуларды жүргізеді. Ұлттық банк банкаралық есеп айырысу сияқты жалпыхалықтық  шаруашылықтың  есеп айырысу жүйесінің негізгі ұйымдастырушысы болып табылады.Осыған байланысты ол келесі қызметтерді атқарады:

  • қолма-қолсыз ақша айналымының ауқымын бақылау;
  • бүкіл банктік жүйесі үшін бірыңғай методологиялық негіздегі елдің бірыңғай есеп айырысу орталығы;

 

I бөлім. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебі

1.1. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің түсінігі

Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып табылады. Атериалдық бағалылықтар мен жабдықтау  қызметтеріне байланысты болатын барлық мәліметтер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай есеп айырысулардың  өзі екі нысанға: қолма – қол  ақшалармен есеп айырысу және қолма  – қолсыз ақшалармен есеп айырысуға  бөлінеді. Қолма – қолсыз ақшаларды  қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру  нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс шығындарын үнемдеуге болады.

Сондықтан да болар, қолма  – қолсыз ақшалар айналысы жалпы  ақша айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:

  • Өнімді, қызметтерді  және жұмыстарды сатуда;
  • Ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;
  • Банк несиелерін алу және қайтаруда;
  • Бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
  • Халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
  • Басқа да банкаралық есеп айырысуларда.

Қолма – қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің торабының ықпалы, сондай – ақ олардың дамуына деген  мемлекет мүддесінің ықпалы болады. Өйткені, банк – бұл қолма – қолсыз ақшалармен төлемдердің іске асатын орыны. Банктегі ағымдық шоттарындағы жазбаша түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма – қолсыз ақшаларды  бейнелейді.

Қолма – қолсыз ақшалармен есеп айырысу -  бұл ақшалай қаражаттарды төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.

Шаруашылықтағы қолма  – қолсыз есеп айрысулар белгілі  бір жүйеге байланысты ұйымдастырылады.

Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі – бұл қолма – қолсыз ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу әдістері мен нысандарының жиынтығы.

Қолма – қолсыз ақшамен  есеп айырысуды  ұйымдастыру мынадай  талаптарға сәйкес келуі тиіс:

Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;

Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген төлеушілердің жауапкершілігі;

Үшіншіден, қолма – қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиістігі.

Біздің елімізде қолма  – қолсыз ақшамен есеп айырысу  жүйесін ұйымдастыру негізі КСРО тұсында 1930 – 32 жылдары несиелік реформа  барысында жасалған болатын. Содан  бері, яғни 1993 жылдарға дейін елеміздегі  қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шағын тетігіне бағытталған  түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл – әміршіл әдістеріне толық және сәйкес келген болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма  – қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі, бірінші кезекте, өндіріске  және өнімді жөнелтуге байланысты өзінің жоспарлық тапсырмаларының орындалуына  сәйкес, яғни жабдықтаушылардың мүддесіне  қызмет еткен. Ол жүйедегі  қолма  – қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастырудың қатаң қағидаларының  сақталуы кәсіпорынның өзінің алдындағы  келісімшарттық міндеттемелерінің  орындалуы үшін экономикалық мүддесі  мен жауапкершілігінің жоқтығын біршама дәрежеде орнын толтыруына мүмкіндік береді.

Бұл қағидалар әсіресе  мыналарға қатаң қарайды:

  • төлеу орны – банк, яғни ол қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырушы және бақылаушы болды;
  • төлеу уақыты – өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен соң жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына қатаң тыйым салынды;
  • төлеушінің келісімі (акцепт) – төлеудің негізіне жатты;
  • төлеу көзі – сатып алушының  меншікті қаражаты немесе банктік несие, яғни оны алуға құқығы бар болса ғана;
  • қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысу нысаны, яғни олардың пайдалану аумағы алдын ала анықталады.

Қолма – қолсыз ақшамен  есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішіндегі айналымда жүретін  төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.

Бірақ аталып өткен қағидалар, сатып алушының төлем қабілетін  және несиелік қабілетіне қойылатын  талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде  есеп айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы  кері әсер етті.

Информация о работе Колма – қолсыз ақша қаражаттары есебі