Колма – қолсыз ақша қаражаттары есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 21:56, курсовая работа

Описание работы

Мен бұл курстық жұмыста тоқталатындарым:
Қолма-қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара есепке алу жолымен жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................3-5
I бөлім. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебі...................................5 - 28
1.1.Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің түсінігі, қағидалары..........5 - 9
1.2.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысу нысандары............................10 - 16
1.3.Қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлемдермен есеп айырысудың анықтамасы, түрлері......................................................................................17 - 21
1.4. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің құжаттық рәсімделуі....22 - 23
II бөлім. ҚР Ұлттық банкі туралы жалпы мәліметтер.........................24 - 25
2.1. ҚР Ұлттық банкіндегі қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің мәні, мазмұны...........................................................................................................26 - 27
2.2. ҚР Ұлттық банкі Басқармасының қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру туралы қаулысы....28 - 31
III бөлім. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің аудиті...........32 - 43
3.1.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысудың аудиті ...........................32 – 36
3.2.Қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлем жүйелерінің ҚР Ұлттық банкіндегі аудиті………………………………………………………...….37 - 43
Қорытынды.....................................................................................................44 - 45
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................46 - 47
Қосымшалар....................................................................................................48 - 60

Файлы: 1 файл

курсовая. Чабданова Ж.docx

— 147.57 Кб (Скачать файл)

Төлем құралдырының жалпы  санының өсуі негізінен төлем  тапсырмалары санының 4950.7 мың транзакцияға және төлем карточкаларын пайдалана  отырып операциялар санының 13231.4 мың  транзакцияға өсуіне себепші болды. Төлемдер көлемінің өсуі негізінен  төлем тапсырмаларын пайдалана  отырып, төлемдер көлемінің 12.7 трлн. Теңгеге  көбеюіне байланысты болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлемдермен есеп айырысудың анықтамасы, түрлері

Төлем карточкаларымен есеп айырысулар компьютер торабының, ақпараттарды автоматты түрде өңдеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер мен олардың  клиенттері, сатушылар мен сатып  алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Төлем карточкалары екі түрлі  дебеттік және кредиттік болып келеді.

Банктік карточканың  мынадай  өзіне тән реквизиттері бар:

  • Логотипі, яғни карточканың  қай төлем жүйесіне тиісті екендігі, мысалы: «Master Card» , «Visa» және т.с.с.;
  • Карточканың нөмірі (ол 16 саннан тұрады);
  • Карточка иесінің аты – жөні;
  • Карточканың  эмитентінің  атауы;
  • Карточканың қызмет ету мерзімі;
  • Карточка иесінің қол қою үлгісі.

Қазіргі кезде көптеген эквайер  банктеріміз ірі сауда үйлерімен  өзара жасаған келісімшарт негізінде  төлем карточкаларын шығаруды көздеп отыр. Мұндай карточкалардың иелері аталған  сауда үйлерінде сауда жасағанда  белгілі бір жеңілдіктерді пайдаланады.

Ол үшін сауда үйінде ПОС  терминал орнатылады. Мұндағы Pos – терминал дегеніміз сауда немесе қызмет көрсететін кәсіпорында банктік карточкаларға  қызмет көрсетуге арналған құралым.

Pos (ағылшынша  Point of sale – сауда орны ) – эквайрер банкпен өзара келісім шартқа сәйкес, тұтынушылардың сатып алған тауарлар мен қызметтері үшін төлем құралы ретінде банктік картаны қабылдайтын, сауда немесе қызмет көрсететін кәсіпорын.

Қазақстан аумағындағы қолданылып жүрген карточкалар қолданылу аясына қарай екі түрге бөлінеді:

  1. Локальдық немесе оқшауланған, яғни бір елдің аумағында қолданылатын төлем карточкалар;
  2. Халықаралық , яғни әлемдік банктік тәжірибеде еркін қолдынылатын төлем карточкалары.

Төлем карточкаларымен есеп айырысулар слиптің көмегімен жүзеге асырыды.:

Слип (Pos терминал – төлемдер немесе банкоматтың түбіртегі) –  төлем карточканы пайдаланып операция жасалғандығын растайтын есеп айырысу  құжаты.

Слип мынадай көрсеткіштерді қамтиды:

  • Pos немесе банкоматтың идентификаторы;
  • Операцияның жасалған күні;
  • Операция сомасы мен валютасы;
  • Эмитент банктің операцияларды авторизациялауды растайтын коды;
  • Банктік карточканың өзіне тән белгілері;
  • Слипке карточканы ұстаушының қолы.

Отандық банктік тәжірибеде пластикалық карточкаларын пайдалану  арқылы есеп айырысу тәртібі:

 



       1


                             4


                                                                                          9                 9              4         8          9

                                                            10                                            10

 

 

 

4                  6                 7

                   2                               11                        3

 

 

 

 

 

 

 

7 –  сызба. Пластикалық карточкаларын пайдалану арқылы есеп айырысу тәртібі.

  1. Эмитент банк төлем жүйесінің өкілдерімен келісімшарт жасасып, соның негізінде аталған жүйеде қызмет ететін пластикалық карточканы шығаруға құқық алады.
  2. Карточка иесі эмитент банкте карт – шотын ашады және банкпен келісімшарт жасасады. Эмитент банк оған карточка береді.
  3. Карточка иесі карточкамен қызмет көрсетуге маманданған сауда үйінен тауар сатып алғысы келіп Pos терминалдан өткізеді немесе ПИН коды арқылы қолма-қол ақша алғысы келіп өзге банкоматқы салады.
  4. Pos терминал не банкомат авторизациялауды жүзеге асырады.
  5. Авторизациялау процедурасы сәтті аяқталса, Pos терминал не банкомат карточка иесіне слипті береді, оған ол қол қоюға тиіс. Сөйтіп, ол өзі қалаған тауарды немесе қолма- қол ақшасын алады және карточка иесіне қайтарылады.
  6. Жұмыс күнінің соңына қарай Pos терминал Эквайрер банкке слипті береді, яғни ол есеп айырысуға негіз болып табылады.
  7. Эквайрер банк слип негізінде Pos терминалмен есеп айырысады немесе Pos терминал шотына слипте көрсетілгенсоманы аударады.
  8. Эквайрер банк пластикалық карточкамен жасалған операциялар бойынша ақпаратты Ұлттық процессингтік орталыққа береді.
  9. Ұлттық процессингтік орталық күні ішінде  келіп түскен ақпараттарды өңдейді және қорытынды мәліметтерді төлем жүйесіне қатысушы банктер арасында есеп айырысуды жүргізу мақсатында дайындайды.
  10. Төлем жүйесінің қатысушылары пластикалық карточкаларды пайдалану барысында жасалған операциялар боййынша Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы ( КБЕО) рқылы өзара міндеттемелерді өтейді.
  11. Эмитент банк пен карточка иесі өзара есеп айырысуларды карточка түріне қарай төмендегідей тәртіпте жасайды:
    • Дебеттік карточка бойынша эмитент банк карточка иесінің шотынан тиісті қаражатты шегереді;
    • Кредитттік карточка бойынша карточка иесі оған берілген несие сомасы мен оған есептелетін пайызды  қайтарады.

Мұндағы, авторизация –  эмитент банктің төлем карточкасын  пайдаланып операция жүргізуге берген рұқсатын білдіреді.  

Авторизациялау процедурасы  аяқталған соң эмитент банк, банктің  картаны (слип) пайдалану арқылы жасалған есеп айырысу және өзге де құжаттарды төлеуге байланысты міндеттеме алады.

Авторизациялау екі режимде: «он-лайн» және  «офф-лайн» режимінде  жүзеге асырылуы мүмкін.

«Он-лайн» режимі (ағылшынша on-line – нақты уақыт режимі) – банктік картаны шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысы арқылы немесе магнитті штрихті картаның көмегімен жасалатын операцияны сипаттайды. On-line режимінде рұқсат алу үшін эмитент банкпен арада байланыстың болуы қажет.

«Офф-лайн» режимі (ағылшынша off-line – қолжетімсіздік) – банктік карточканы шығарушымен арадағы электронды немесе телефон байланысын қажет етпейтін, яғни чипті (микросхемалы) картаның көмегімен жасалатын операцияны білдіреді.

Эквайрер банк – банктік карточкалар көмегімен жасалатын операциялар бойынша Pos терминалдармен есеп айырысуды жүзеге асыратын банк.

Қазақстанда 2000 жылдың аяғында  Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің  құрылтайшылығымен  жабық акционерлік  қоғам нысанында «Процессингтік орталық» құрылды. Мұндай ұйымды құрудың  басты мақсаты Қазақстанда төлем  карточкаларын пайдаланудың біртұтас кеңістігін жасау болып табылды.

Ұлттық процессингтік  орталық – төлем жүйесінің  технологиялық ядросы болып саналатын  мамандандырылған есептеу орталығы.

Ұлттық процессингтік  орталық мынадай қызметтер атқарады:

  • Төлем карточкалары бойынша транзакцияларды өңдеп, қажетті құжаттарды дайындау;
  • Төлем жүйесіне қатысушы банктер арасында өзара есеп айырысуларды жүргізуге арналған ақпараттар даярлау;
  • Төлем карточкаларын, соның ішінде халықаралық төлем карточкаларынпайдалану арқылы жүзеге асырылатын төлемдер клирингін ұйымдастыру;
  • Төлем жүйесіне қатысушы банктердің  үстеме шығыстарын азайту мақсатында  екінші деңгейдегі банктер мен бағдарламалық – техникалық құралдарды көтерме бағамен жабдықтаушылар арасынан байланыстыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Қатысушы банктерді техникалық және ақпараттық жағынан қолдау;
  • Төлем карточкаларын қабылдау торабын ұйымдастыру.

Пластикалық карточкалар  банк ісіндегі «технологиялық» революцияның маңызды элементтерінің бірі болып  табылады.

Қазақстандағы төлем карточкаларын  шығаруға байланысты қызметті лицензиялайтын, оларды шығаруға және пайдалануға қойылатын  талаптарды белгілейтін жалғыз орган  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мемлекеттік мекемесі болып  табылады.

Қазақстандағы төлем карточкаларының  нарығы 1994 жылдан бастап дами бастад. Олардың  бірінші шығарылымын Иртыш – card бірінші жүйесін іске қоса отырып, «Қазақстан халық банкі» АҚ жүзеге асырды. Қазіргі уақытта республикада ел аумағында қолданылатын жергілікті ( Altyn , Иртыш – card, Alem card, «Каспийский  банкі»  ААҚ – ның карточкасы)және сол сияқты ел аумағында және одан тысқары қолданылатын халықаралық ( VISA, EuroCard/ MasterCard, Cirrus / MaestroAmerican Express) төлем карточкалары пайдаланылады.

Импринтерлер мен төлем  терминалдарының көп болуына  қарамастан, Қазақстандағы төлем  карточкаларын ұстаушылар бұрынғыша, карточкаларды негізінен  қолма  – Қол ақша алу үшін пайдаланады  және оларды тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін есеп айырысу құралы ретніде  пайдаланады.

Төлем карточкалары саудада  тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін есеп айырысу құралы ретінде пайдалану  пайызының төмен болуына қарамастан, бөлшек саудада қолма – қол  жасалмайтын төлемдерге өтудің сөзсіз болатынын және  мемлекет үшін салықта  тиімді жинауды, қолма – қол ақшаның  көлеңкелі айналымын бақылауды  күшейтуді білдіреді.

Төлем карточкасы ұсақ бөлшек тауар – ақша айналымындағы қолма  – қол ақша массасын экономикаға  тартудың, оны қолма – қол жасалмайтын  айналымға аударудың неғұрлым қолайлы  құралы.

Төлем карточкасы-бұл ақша емес, карточка ұстаушыға төлемдерді жүзеге асыруға, қолма – қол ақша алуға, валюта айырбастауа және карточкасының эмитенті айқындаған және оның  талаптарымен басқа операцияларды жасауға мүмкіндік беретін ақпараттан тұратын электрондық терминалдар немесе өзге құралдар арқылы ақшаға қол жеткізу құралы. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалту дегенді білдірмейді: олар толық сақталады.

Карточка ұстаушының тауар  алуы оны ұсынған бойда жедел  жүзеге асырылады, ал сауда ұйымының ақша алуы банкке орындалған операция туралы хабарлау үшін және оның шотынан  ақша аударуға қажетті уақыт өткеннен кейін жүргізіледі.

Төлем карточкаларына қызмет көрсету барысында туындайтын төлем  міндеттемелерін орындау кепілгері  осы карточканы брген банк боылп  табылады. Төлем карточкаларының  мынадай түрлері болады: дебеттік, кредиттік және дебет – кредиттік.

Дебеттік карточкасы клиенттің  карт- шотындағы ақша сомасы шегінде  төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік  береді. Дебет карточкасының ұстаушысы  бола отырып, сіз банкке бұрын енгізілген ақша сомасын ғана жұмсауға мүмкіндік  аласыз. Кредиттік карточкасы эмитент  банк берген заем сомасы шегінде төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Дебет – кредитттік карточкасының  көмегімен өз қаражатын және сол  сияқты банктің заемын пайдалануға  болады.

Төлем карточкалары корпоративтік  болуы мүмкін. Олар қандай да болмасын заңды тұлғаның қызметкерлеріне  шығыстарды, мысалы іссапар шығыстарын төлеу үшін беріледі. Осындай карточкалар банкте ашылған жалпы карт – шотқа  байланысты. Әрбір нақты карточка үшін лимит белгіленуі мүмкін, оның шегінде заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндігі болады. Банк практикасында магнит жолағы  және орнатылған микропроцессоры бар карточкалар қолданылады. Қазіргі уақытта сыртқы жағына орналасқан, ұстаушының жеке басын бірегейлендіру үшін қажетті деректер жазылған магнит жолағы бар карточкалар ең көп тарлған. Төлем карточкасын тиісті оқитын құрылғыға салған кезде жеке деректер операцияны жүзеге асыруға рұқсат алу үшін желі бойынша жіберіледі. Әдетте, карточка жоғалған немесе ұрланған болып табылатыны не табылмайтыны, шоттағы қаражат жеткіліктілігі  (дебет карточкалары үшін), зем лимитінің асып кетпеуі (кредит карточкалары үшін) тексеріледі.

Қолма – қол ақшамен  салыстырғанда төлем карточкаларының  анық артықшылықтарынан басқа, оның ұстаушысы  өзімен бірге қолма  – қол ақшаның көп сомасын  алып жүру қажеттілігінен және оған байланысты  тәуекелдерден құтылады. Карточканың  иесі банктегі шоттағы ақша қалдығына  сыйақы, сауда ұйымдарында сатып  алу кезінде жеңілдіктер алады. Төлем карточкаларыңыз бар болса, сізде үнемі ақша болады, ол ақшаны жоғалтып алудан қауіптенбейсіз, кеденде  мәлімдемейсіз, әлемнің кез келген елінде тауарлар мен қызмсет көрсетулер үшін ақы төлеу кезінде айырбастамайсыз.

Төлем карточкалары жүйесіне қатысудан сауда ұйымдары да пайда  алады: сатып алушылардың саны өседі, айналым ұлғаяды, қолма – қол  ақшаны сақтау, өңдеу және тасымалдау шығыстары төмендейді, жасалған барлық төлем операцияларын есепке алу  және бақылау сапасы жақсарады. Карточкаларды  жүргізу банктерге клиенттерді  тарту және қызмет көрсету бойынша  кеңістіктік шектеулерді жеңуге мүмкіндік жасады.

Төлем карточкасы банк филиалдарынанмыңдаған  шақырым жерлерде операциялар жасауға  мүмкіндік береді.

Төлем карточкаларының нарығы қаржы секторының болашағы бар бағыттарының бірі бола отырып, жедел және тиімді өарқынмен дамуда.

Информация о работе Колма – қолсыз ақша қаражаттары есебі