Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 21:56, курсовая работа
Мен бұл курстық жұмыста тоқталатындарым:
Қолма-қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара есепке алу жолымен жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді.
Кіріспе...................................................................................................................3-5
I бөлім. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебі...................................5 - 28
1.1.Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің түсінігі, қағидалары..........5 - 9
1.2.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысу нысандары............................10 - 16
1.3.Қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлемдермен есеп айырысудың анықтамасы, түрлері......................................................................................17 - 21
1.4. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің құжаттық рәсімделуі....22 - 23
II бөлім. ҚР Ұлттық банкі туралы жалпы мәліметтер.........................24 - 25
2.1. ҚР Ұлттық банкіндегі қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің мәні, мазмұны...........................................................................................................26 - 27
2.2. ҚР Ұлттық банкі Басқармасының қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру туралы қаулысы....28 - 31
III бөлім. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің аудиті...........32 - 43
3.1.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысудың аудиті ...........................32 – 36
3.2.Қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлем жүйелерінің ҚР Ұлттық банкіндегі аудиті………………………………………………………...….37 - 43
Қорытынды.....................................................................................................44 - 45
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................46 - 47
Қосымшалар....................................................................................................48 - 60
Кейіннен экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуі барысында қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысу нысандары мен әдістері, оларды ұйымдастыру қағидалары толығымен өзгерді. Қазіргі қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:
Бірінші қағидасы – барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай қаражаттары банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді.
Мұнда клиенттерге ақшалай
қаражаттарды сақтау және аударымдар
жасау үшін шоттар ашылады. Бұл аталған
қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегі
бірінші қағидадан
Нарықтың шаруашылық жағдайында банк арқылы есеп айырысуды жүргізу, шаруашылық субъектілердің экономикалық дербестігін және олардың өздерінің іс әрекеттері үшін материалдық жауапкершілігін ескеруі тиіс.
Нарық жағдайындағы қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысудың бірінші қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы бар екендігін ескерсек, өткен жүйедегі қағида, ақша айналысындағы нақты және қолма – қолсыз ақшалардың арасындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына байланысты, тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болғандығын айта кету керек.
Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысудың келесі қағидасы – нарық субъектілерінің қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысу нысандарының таңдаудағы еркін және оларды банктің араласуынсыз шаруашылық келісімшарттарында бекітуді көздейді.
Бұл қағидасы меншік нысандарында
байланыссыз кез келген нарық
субъектілерінің
2000 жылғы 2 маусымдағы
Ұлттық банк Басқармасының №
266 бекітілген «Қазақстан
Сонымен қатар, қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі қағидасы қолданылады:
Төлемнің мерзімдік қағидасы
- шаруашылық несиелік сақтандыру шарттарында,
ұжымдық шарттарда және Қазақстан
Республикасы Қаржы минитрлігінің
нұсқауларында көрсетілген
Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының төленетін қаражатты уақытта емес, яғни алдын ала келісілген мерзімде аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Төлеу мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар десе де болады. Кәсіпорындар және басқа да нарықтық қатынастар субъектілері төлемдердің мерзіділігінің дәрежелері туралы ақпараттарға ие бола отырып, өзінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады және заемдық қаражатқа деген қажеттілікті тура анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара алады.
Мерзімді төлем төмендегідей жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
Іс жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімі кешіктірілген және мерзімі өткен төлемдер де кездесуі мүмкін.
Мерзімінен бұрынғы төлемдер - бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай міндеттеменің орындалысын білдіреді.
Мерзімі кешіктірілген төлемдер – бұл көзделген уақытта қарыздық міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімінің уақытын ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.
Мерзімі өткен төлемдер – бұл төлеушіде төлейиін қаржы болмауына байланысты туындайды, сөйтіп, төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік немесе коммерциялық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.
Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы – бұл алдындағы мерзімділік қағидамен тығыз байланысты. Себебі , төлемнің қамтамасыз етілуі төлем мерзімінің сақталуы үшін ондағы өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді. Өтімділік қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде және алдағы уақыттарда төлемнің қамтамасыз етілуі бір – бірінен өзара ажыратылады.
Төлемнің жедел түрде қамтамасыз етілуі, төлеушіде бірінші кластық өтімді қаражаттар сомасының болуын түсіндіреді. Бірінші класты өтімділік қаражаттарға: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді сипаттағы ақшалай қаражаттар, сол сияқты оларды ұйымдастырудың сондай нысандары жатады.
Төлемдердің жедел түрде қамтамасыз етілуінің әр түрлі нысандары болады (оның ішінде клиенттің немесе банктің есебінен қосқан қаражаттар түрінде).
Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта түседі.
Қолма – қолсыз ақшамен
есеп айырысуға байланысты барлық
аталған қағидалар бір –
Демек, қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары – бұл қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесінің конструктивтік қасиетін, немесе қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызмет етуін білдіреді.
1.2. Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысу нысандары
«Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалыну және қолма – қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы Қазақстан Републикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәірдегі бекіткен №179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айрысулар тек қана қолма – қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс.
Осы ережеге сәйкес, қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу нысаны.
Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.
Төлем тапсырмасымен есеп
айырысу кең көлемде төлемдерді
жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған
тауарлары мен көрсеткен
Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастапон күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.
Төлем тапсырмасымен есеп
айырысу сызбасы:
1 – сызба. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді сатып алғаннан кейін төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.
1 – тауарды
(қызметті) жабдықтау; 2 – төлем тапсырмасын
банкке беру және шоттан
Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем – бұл тауарды
жөнелткенге дейін(1 – сызба); тауарды жөнелткеннен кейін; яғни тікелей келісім беру жолымен (2 – сызба); немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалаған келісім негізінде төленуі мүмкін.
4
2 – сызба. Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар (қызметтер) үшін төлемді алдын ала төлеу барасында есеп айырысу сызбасы.
1 – алдын ала
төлеу барысында тауарды (
Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем тапсырмасында акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы арқылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат бөлігінің шығып қалуы жатады.
Төлем тапсырмасымен есеп
айырысудың артықшылығы, оның әмбебап
есеп айырысу нысаны ретінде ішкі
банкаралық есеп айрысуларда және мемлекетаралық
жабдықтауларға байланысты, тауарлы
және тауарлы емес операциялар бойынша,
сатып алған тауарын төлеу
және алдын ала төлеу, аванс арқылы
төлеуде қолданылуымен
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу кезіндегі жүргізілетін шоттар к.
№ |
Шаруашылық операциялар мазмұны |
Дт |
Кт |
1 |
Ақша жөнелтуші мен бенефициарға бір банк қызмет көрсететті |
2203 |
2203 |
2 |
Ақша жөнелтуші мен бенефициарға әр түрлі банк қызмет көрсететті, ал олардың арасындағы есеп айырысуы ҰБ корреспонденттік шоттар арқылы жүргізілді |
2203 |
1051 |
3 |
Ақша жөнелтуші мен
бенефициарға әр түрлі банк қызмет
көрсетті, ал олардың арасындағы есеп
айырысуы басқа банктердегі |
2203 |
1052 |
Төлем талап – тапсырмасы. Бұл қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа нысаны, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.