Колма – қолсыз ақша қаражаттары есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 21:56, курсовая работа

Описание работы

Мен бұл курстық жұмыста тоқталатындарым:
Қолма-қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара есепке алу жолымен жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................3-5
I бөлім. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебі...................................5 - 28
1.1.Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің түсінігі, қағидалары..........5 - 9
1.2.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысу нысандары............................10 - 16
1.3.Қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлемдермен есеп айырысудың анықтамасы, түрлері......................................................................................17 - 21
1.4. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің құжаттық рәсімделуі....22 - 23
II бөлім. ҚР Ұлттық банкі туралы жалпы мәліметтер.........................24 - 25
2.1. ҚР Ұлттық банкіндегі қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің мәні, мазмұны...........................................................................................................26 - 27
2.2. ҚР Ұлттық банкі Басқармасының қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру туралы қаулысы....28 - 31
III бөлім. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің аудиті...........32 - 43
3.1.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысудың аудиті ...........................32 – 36
3.2.Қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлем жүйелерінің ҚР Ұлттық банкіндегі аудиті………………………………………………………...….37 - 43
Қорытынды.....................................................................................................44 - 45
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................46 - 47
Қосымшалар....................................................................................................48 - 60

Файлы: 1 файл

курсовая. Чабданова Ж.docx

— 147.57 Кб (Скачать файл)

Төлем талап –  тапсырмасы  -  бенефициардың төлеушіге  оған қызмет көрсетуші банкке бағыттылған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызмет құнын  жіберілген есеп айырысу құжаттары  негізінде төлеу талабы.

Төлем талап – тапсырмасын  бенефициар толтырады да, оны коммерциялық құжаттармен бірге бірден аударушының  банкіне жібереді. Аударушының банкі,  ол төлем талап – тапсырмасын  төлеушіге береді. Ал аударушы, банкке келіп түскеннен бастап, үш күн  ішінде төлем туралы банкке келісімін  беруге тиіс. Төлем талап – тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген  төлем  талап – тапсырмасы 3 күннен 30 күн аралығында № 1  картотекаға  орналастырылуы мүмкін.

Төлем талап – тапсырмасымен  есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісімшарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын  жылдамдатады.

Төлем талап – тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартқан  болса, оны осы үш күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап –  тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және төлеуден бас тартуын  хабарлайтын  құжатпен бірге тікелей бенефициарға қайтарылады. Төлем талап – тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат  айналымы мынадай сызбамен беріледі    (3 – сызба):

                                                                                        1


  


                                                                                     2

                                     6                                                                                    3                              4 


                                                                                         5


 

3 –  сызба. Төлем талап – тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы.

1 –тауарды (қызметті) жабдықтау; 2 – төлем талап - тапсырмасын  аударушынының банкіне жіберу; 3 –есеп айырысу құжаттары аударушыға  келісім беруі үшін беріледі ; 4 –төлеуге келісім берген есеп  айырысу құжаттары банкке қайтарылып,ондағы  сома банкте сатып алушының  шотынан шегеріледі ; 5 – бенефициардың  банкіне қаражат аударылып, онда  бенефициардың  шотына есепке  алынады; 6 – бенефициардың шотына  қаражат келіп түскендігін хабарлайды.

Инкассалық өкім – заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны  жөнелтушінің  келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланатын төлем құжаты.

Инкассалық өкім салық  және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай – ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап  ету жағдайында қолданылады. Мұндағы  салық және кеден органдарының инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде  соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау  парағымен бірге жүреді.

Инкассалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік  шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға  құқық беретін заңдық актіге сілтеме  көрсетіледі.

Салық  және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушының шотындағы қаражат  көлемінде  төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне «жартылай төленді» деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалысына тыйым салынды. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.

Чекпен есеп айырысу. Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:

  • егерде төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;
  • сатушы белгісіз болған жағдайда.

Еліміздегі чекті пайдалану  барысы 1998 жылғы 5 желтоқсанындағы Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкі басқармасының  бекіткен № 266 қаулысына сәйкес жүзеге асады.

Аталған ережеге сәйкес чектер төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • Кепілденген чек – чек беруші банкі шотындағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек;
  • Кепілдендірілмеген чек – чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек;
  • Қамтамасыз етілген чек – банкке алдын ала салған депозитпен қамтамасыз етілген чек.
  • Қамтамасыз етілмеген чек – депозитпен  қамтамасыз етілген чек.

Ережеге сәйкес, чек – бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкке, өзара жасалған келісімшарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы.

Чектер қолма – қолсыз төлемдерді жүзеге асыру және қолма  – қол ақшалай алу үшін пайдаланылады. Қазақстан Республикасында чекпен есеп айырысу тек қана ұлттық валютада жүзеге асады. Банктен қолма –  қол ақшалар алуға арналған чектің түріне ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттық банктің бекітілген нысанында 2003 жылғы 1 қаңтарына дейін екінші деңгейдегі банктер өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық банк өзінің нысанында чекті шығарып отыр. Чекті пайдалану банктен алынатын чектік кітапша негізінде іске асады. Чектің қызмет ету мерзімі толтырылған күнді есептемегенде он күнді құрайды.

Чек бойынша есеп айырысудың тәртібі мынадай:

 

 

 

 

 

 

                                                                                              3


                                                                                               4


                                     5                                                                                                   1

                                                                                                                                                2

 


 

 

4 –  сызба. Чекпен есеп айырысу сызбасы.

1 – төлеуші  банкке чектік кітапша беру  туралы өтініш жасап, оған қосымша  төлем тапсырмасын береді; 2 –  банк оған чектік кітапша береді  және төлем тапсырмасындағы соманы  жеке бір шотқа аударады; 3 –  бенефициар тауарын жөнелтеді  немесе қызмет көрсетеді; 4 – тауарлар  мен қызметтер үшін чекпен  есеп айырысады; 5 – бенефициар  чекті банкке көрсетеді, ал  банк сатып алушының шотынан  чектегі соманы шегеріп оны  бенефициар шотына түсіреді.

Чектермен есеп айырысу кезінде  жүргізілетін шоттар коррепонденциялары

Шаруашылық операциялар  мазмұны

Дт

Кт

1

Чек бойынша есеп айырысу  жүргізу, егер чек беруші мен чек  ұстаушыға бір бантен қызмет көрсетілсе

2221

2203

2

Чек бойынша есеп айырысу  жүргізу, егер чек беруші мен чек  ұстаушыға әр бантен қызмет көрсетілсе – чек беруші банкте

2221

2551

3

Чек бойынша есеп айырысу  жүргізу, егер чек беруші мен чек  ұстаушыға бір бантен қызмет көрсетілсе – чек ұстаушы банкте

2551

2203


 

Вексельде қолма – қолсыз есеп айырысу жүреді. Себебі , вексельдің атқаратын басты қызметі – төлем құралы. 

Вексель жай және аудармалы болып  бөлінеді. Олардың айналыс үдерісі  былайшы көрсетіледі:                        1


 

                                                                              2



                                                                              


                                                                              3   


                                                                              4

 

5 –  сызба. Жай вексельдің айналыс үдерісі.

1 – сатып алушы  «вексель беруші) вексельді тауарды  (қызметті) сатушыға ұсынады; 2 –  сатушы (вексель ұстаушы) сатып  алушыға (тапсырыс берушіге) тауарын,  өнімін жөнелтеді, жұмыс атқарады, қызметін көрсетеді; 3 – сатушы  вексельде көрсетілген, яғни төлейтін  мерзім жеткенде вексельдегі  қарызды төлеуге төлеушіге ұсынады; 4 – сатып алушы (төлеуші) вексельді  төлейді.

 

 


                                                                                1


                                                                                 2



            3                                 5


4

 

6 –  сызба. Аудармалы вексельдің айналыс үдерісі

1 – вексель  беруші (трассант) төлеушігі (трассатқа)  тауарын және оған қоса аудармалы  вексельді (траттаны) жөнелтеді; 2 –  төлеуші (трассант) акцептелген вексельді  берушіге (трассантқа) қайтарады; 3 –  вексель беруші (трассант) акцептелген  вексельді ремитентке (аудармалы  вексель бойынша қаражатты алушыға)  жібереді; 4 – вексельде келісілген  төлем мерзімінде ремитент вексельді  трассатқа төлеуге ұсынады; 5 –  трассат вексельді төлейді және  сонымен бірге вексельдің келесі  бетінде төлегені туралы белгісін  салады.

Есептесулердің аккредитивтік нысаны – бұл тауарлар мен қызметтер үшін өзге қалалармен есеп айрысу нысанының бірі, бұл жағдайда есеп айырысу құжаттарының төлемі сатып алушының банк ісінде осы мақсат үшін арнайы сақталған қаржылар есебінен жабдықтаушының банк ісінде жүзеге асырылады. Аккредитив сатып алушының немесе банк кредитінің меншікті қаражаты есебінен қойылады. Аккредитив бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысу үшін және тек өтініште көрсетілген тауарлар мен қызметтер ғана төленеді және қайта жалдануына болмайды. Оның есебінен қолма-қол ақша төлеуге рұқсат етілмейді. Аккредитив мерзімін сатып алушы 25 күн шегінде, кей жағдайларда жабдықтау шарттары бойынша қажет болса, жабдықтаушының банкінде аккредитивтің әрекет ету мерзімі алушының банк басшысының  рұқсатымен 45 күнге дейін белгілене алады. Әдетте жабдықтаушы мен төлеуші арасындағы шартты мерзім белгіленеді.

Аккредитив бойынша төлеу  тауарлар үшін ұсынылған шоттар тізілімі (реестр) бойынша атқарылады. Аккредитив мерзімі өткен соң төлемге  рұқсат етілмейді. Банкте аккредитив жабу былайша  жүргізіледі:

  1. Аккредитив мерзімі өтуі бойынша.
  2. Жабдықтаушының аккредитивті одан әрі қолданудан бас тартуы.
  3. Сатып алушының өнімі бойынша.

Аккредитивпен есеп айырысу  кезіндегі жүргізілетін шоттар корреспонденциясы

Шаруашылық операциялар  мазмұны

Дт

Кт

1

Банкте жабылмаған аккредитивтің  ашылуы

6005

6505

2

Жабылмаған аккредитивті орындау немесе жою

6505

6005

3

Басқа банк ашатын аккредитивтегі банктің бекітуі

6010

6510

4

Клиент қаржысы есебінен ашылатын жабылған аккредитивті банктің  ашуы

2203

2855

5

Жабылған аккредитив банктің  басқа банктегі қаржысы есебінен ашылуы

1855

1052

6

Жабылған аккредитивтің  орындалуы

2855

1052, 1855

7

Жабылған аккредитивтің  ашылуы, егер банк басқа банкте жабуды жүргізбесе

6020

6520

8

Жабылмаған аккредитивті орындауы немесе жоюы, егер банк басқа  банкте өтеуін жасамаса

6520

6020


 

Қолданылатын төлем құралдарының түрлері бойынша қолма қол  жасалмайтын төлемдер құрылымы өткен  кезеңдермен салыстырғанда айтарлықтай  өзгерген жоқ. Бұрынғысынша , төлем  тапсырмалары (жоғарыда көрсетілген төлем құралдарын пайдалана отырып қолма – қол жасалмайтын төлемдердің жалпы санынан 35.8 % және жалпы көлемінен 94.3 %) және төлем карточкалары (тиісінше 58.6 % және 1.8 %).  Қазақстанның аумағында ең көп таралған болып табылады.

Төлемдік талап – тапсырмаларды (төлемдердің саны бойынша 0.1 % және көлемі бойынша 0.5% ) және инкассалық өкімдерді (төлемдердің саны бойынша 0.4 %  және көлемі бойынша 0.3 % ) пайдалану үлесі  елеусіз ғана болды.

Информация о работе Колма – қолсыз ақша қаражаттары есебі