Колма – қолсыз ақша қаражаттары есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 21:56, курсовая работа

Описание работы

Мен бұл курстық жұмыста тоқталатындарым:
Қолма-қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара есепке алу жолымен жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді.

Содержание работы

Кіріспе...................................................................................................................3-5
I бөлім. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебі...................................5 - 28
1.1.Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің түсінігі, қағидалары..........5 - 9
1.2.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысу нысандары............................10 - 16
1.3.Қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлемдермен есеп айырысудың анықтамасы, түрлері......................................................................................17 - 21
1.4. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің құжаттық рәсімделуі....22 - 23
II бөлім. ҚР Ұлттық банкі туралы жалпы мәліметтер.........................24 - 25
2.1. ҚР Ұлттық банкіндегі қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің мәні, мазмұны...........................................................................................................26 - 27
2.2. ҚР Ұлттық банкі Басқармасының қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру туралы қаулысы....28 - 31
III бөлім. Қолма – қолсыз ақша қаражаттары есебінің аудиті...........32 - 43
3.1.Қолма – қолсыз ақшамен есеп айырысудың аудиті ...........................32 – 36
3.2.Қолма – қолсыз ақшамен жасалатын төлем жүйелерінің ҚР Ұлттық банкіндегі аудиті………………………………………………………...….37 - 43
Қорытынды.....................................................................................................44 - 45
Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................46 - 47
Қосымшалар....................................................................................................48 - 60

Файлы: 1 файл

курсовая. Чабданова Ж.docx

— 147.57 Кб (Скачать файл)

Қазіргі уақытта нарықта  қызмет көрсетудің үлкен ассортименті бар және әр түрлі карточкалық  бағдарламалардың айтарлықтай мөлшері  ұсынылады. Мәселен , төлем карточкасының  көмегімен  дүкендер мен мейрамханаларда  тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін есеп айырысуға, коммуналдық қызмет, байланыс қызметі үшін ақы, салық  және кеден төлемдерін төлеуге, кредиттерді  өтеуге, карточкадан карточкаға ақша аударуға болады.

Сондықтан Қазақстанның тұрғындары барған сайын тауарлар мен қызмет көрсетулерді  жеткізушілердің пайдасына  қолма – қолсыз ақша қаражаттарымен жасалатын төлемдерді жүргізу кезінде төлем карточкаларын пайдалануды дұрыс көреді.

 

 

1.4. Қолма –  қолсыз ақша қаражаттары есебінің  құжаттық рәсімделуі

Өзіндік балансы бар және жеке меншікті айналымдық қаражатқа  ие, заңды тұлға болып табылатын  әрбір субъект Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2000 жыл 2 маусымындағы № 266 «Клиенттердің Қазақстан  Республикасы банктерінде банктік  шот ашу, жүргізу және жабу тәртібі  туралы нұсқаулық » Қаулысына  сәйкес бос ақшалай қаражатты  сақтау мен есеп жүргізу үшін банктерде  ағымдағы, корреспонденттелетін немесе жинақ шоттарын ашады.

Ағымдық және жинақ  шоттары – жеке және заңды тұлғалардың заңды тұлғалардың жекелеген бөлімшелерінің (филиалдарының және өкілдіктерінің) банктік шоттары.

Корреспонденттік  шоттар – банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары. Аударымдылық операцияларды жүзеге асыратын субъектілерге корреспонденттік шоттар Ұлттық банктің операцияларға лицензиясы бар болса ғана ашылады.

Банктік шоттар банк шоты шарты  бойынша ашылады.

Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарды ашқан кезде банк клиенттің  пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомасын аудару (беру) туралы ұйғарымдар орындауға және банктік  шот шартында қарастырылған (ҚР АК 747)  басқа да қызметтерді көрсетуге  міндеттенеді.

Банктік шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттар ұсынады:

  1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары – резиденттер мен олардың жекелеген бөлімшелері  (филиалдары және өкілдіктері):
  • Қаражат бөлушілердің (басшының, бас бухгалтердің) қойған қолдарының үлгілері бар құжат жіне нотариалды куәландырылған, екі дана мөр бедерлемесі;
  • Клиенттің салықтық есепке (СТНН) қойылған фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың түпнұсқасы;
  • Мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өту фактісін растайтын (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, статистикалық карточка), уәкілетті орган берген, белгіленген формадағы құжаттың көшірмесі;
  • Фирмалар мен өкілдіктер үшін - Қазақстан Республикасы заңды тұлға – резиденті филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;
  • Жарғының (жекелеген бөлімшелер үшін – Ережелер) нотариалды куәландырылған көшірмесі, не болмаса клиенттің үлгі жарғы негізіндегі қызмет фактісін растайтын құжат;
  • Банк белгілеген үлгідегі өтініш.

Бірінші қол қою құқығы кәсіпорын басшысында, екіншісі бас  бухгалтерде. Банктік шотқа субъектке  хабарланатын нөмір беріледі және ол операцияны рәсімдейтін барлық құжаттарға қойылады.

Банктiк есепшот ашпай ақша төлемдерi мен аударымдары кезiнде төлем хабарламаларының мынадай мiндеттi деректемелерi болуы тиiс:

1) төлем хабарламасының атауы;

2) төлем хабарламасының нөмірі, оның жасалу күні, айы, жылы;

3) жеке тұлғаның - ақша жөнелтушінің және (немесе) бенефициардың аты-жөні, әкесінің аты (егер ол бар болса) немесе заңды тұлғаның - ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың ұйымдастыру-құқықтық нысанын қоса есептегенде толық атауы;

4) ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың жеке бірегейлендіру кодтары. Жеке тұлғаның жеке бірегейлендіру коды болмаған жағдайда оның жеке басын куәландыратын құжат деректері, сондай-ақ пошталық мекен-жайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй және пәтер нөмірі) көрсетіледі;

5) ұйымдастыру-құқықтық нысанды қоса есептегенде жөнелтушi банктiң және бенефициар банктiң толық атауы, олардың банктiк бiрегейлендiру кодтары;

6) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген ақша жөнелтушiнiң «КОд» коды, бенефициардың «Кбе» коды, төлем белгiлеу және оның кодтық белгiленуi;

7) санмен және жазумен белгiленген төлем сомасы;

8) ақша аударымы олардың жеке бiрегейлендiру кодын көрсете отырып жасалған жағдайда салық төлеушiнiң - ақша жөнелтушiнiң немесе бенефициардың тiркеу көмiрi (РНН);

9) ақша жөнелтушi заңды тұлға болған жағдайда - оның уәкiлеттi тұлғаларының аты-жөнi, әкесiнiң аты, қолы, сондай-ақ мөр таңбасы. Ақша жөнелтушi жеке тұлға болған жағдайда - оның қолы;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа да деректемелер.

Чектің өзіне тән төмендегідей деректемелері болады:

  1. чек деген атауы;
  2. нөмірі мен сериясы;
  3. қызмет ету мерзі<span class="List_0020Paragraph__Char" style=" font-family:

Информация о работе Колма – қолсыз ақша қаражаттары есебі