Нарық жағдайындағы еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың функциялары мен

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 12:02, курсовая работа

Описание работы

Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................5
1. Нарық жағдайындағы еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың функциялары мен
қағидалары..............................................................................................................8
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың нысандары мен жүйелері............................................................................................................13
Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуді мемлекеттік реттеу................................................................................................................18
2. «Арыстан» жшс-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды талдау
2.1 Қазақстандағы еңбек ақы төлеудің деңгейі мен серпінін талдау......................................................................................................................24
2.2 «Арыстан» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы...........................................................................................................32
2.3 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды талдау......................................................................................................................39
3. Нарық жағдайындағы еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі...............................................................................................................46
3.2 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары..................................................................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................56
Әдебиеттер тізімі...................................................................................................58

Файлы: 1 файл

Экон жоспар.docx

— 133.35 Кб (Скачать файл)

«ҚР-дағы еңбек және халықтың жұмыс бастылығы» ҚР-ның статистикасы жөніндегі Агенттігі

2012 жылдағы еңбек ақының жоғары деңгейі Маңғыстау облысында байқалған (44369). Еңбек ақы төлеу бойынша айтарлықтай бөлінетін Атырау облысы (48338 тенге) және Астана, Алматы қалалары (33002 теңге және 32622 теңге). Еңбек ақының төмен деңгейі аймақтарға Ақмола облысы (14954 теңге) және Алматы облысы (15933теңге) жатады. Бұл көрсеткіштерді біз жоғарғы кесте ден байқадық.  4 - сурет - 2003-2005 жылдар аралығындағы аймақтар бойынша орташа номиналды жалақы. 

Меншік формасына қарай  жалақы көлемінің айтарлықтай өзгешіліктері  Қазақстанда қандай да бір жалақы рыногінің және бірегей еңбекті бағалау жүйесінің жоқтығын дәлелдейді. Осының салдары жұмысшылардың шетелдік компанияларға кетуімен және мемлекеттің халықтық табысына бақылаудың жоқтығымен аяқталады.

Кәсіби-біліктілік топтарына  қарай жалақы көлемін айыру тарифтік тор негізінде жүргізіледі. Осыған орай айта кету керек, ставка көлемі мен  тарифтік жүйе жалақы жақын арадағы  уақытқа дейін орталықтан белгіленіп келеді.

Тарифтік жүйені ұйымдастырудың тиімділігіне жақындау және кәсіби біліктік топтары арасындағы оның өзгешеліктері 1991 жылғы ҚР-ның “Минималды жалақы және еңбек ақы саласындағы минималды әлеуметтік кепілдер туралы” заңның қабылдануына байланысты іске асты. Осы заңнамалық акт негізінде ҚР-ның Министрлер Кабинеті 1992 жылы “Халық шаруашылығы жұмысшыларының барлық категорияларына арналған бірегей тарифтік тор негізіндегі еңбек ақы төлеудің жаңа шарттары туралы” қаулы қабылдады, осы қаулыда меншік формасына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындарға 21 разрядты БТТ-ды енгізу көрсетілген. Және де тарифтің жоғары шегі орталықтан шектелмеген, ол тарифтік ставка деңгейлері мен қызметтік окладтар кәсіпорында белгіленетін болды. Бұл алдыңғы қолданылған тәртіптен еңбек ақы ұйымдастыруды тиімді жасаудың алғы шарттары болды. Бірақ та жоғарыда келтірілген заңнамалық акт 1999 жылы өз күшін жоғалтқан деп табылса да, экономиканың нақты секторындағы шаруашылық субъектілері БТТ-ды қолданып келеді.

Өндірістік сала мен өндірістік емес сферада қатынастарды белгілеудегі тарифтік тордың жетілмегендігін айту керек. Бір разрядқа жататын жұмысшылардың жалақыларының көлемі оның минималды деңгейіне емес, сонымен қатар материалдың өндірісте еңбек ақы көлемін сыйақылар есебінде көбейту мүмкіндігі бар екендігімен өзгешеленеді.

Бюджеттік сферада мұндай төлемдер аз таралған. Біркелкі емес жағдай жалақы қоры құрылымының динамикасында да байқалады. Белгілі болғандай, жалақы негізгі және қосымша бөліктерден тұрады. Негізгі жалақы оның күнделікті бөлігіне қатысты негізінен жұмысшылардың тарифтік ставкаларына байланысты төмен және қызметкерлердің қызметтік окладтарынан тұрады.

5 – сурет -  Жалақы қорының құрылымы

Қосымша жалақының құрамалық  элементтеріне қосымша төлемдер кіреді. 2010-2012 жылдар аралығындағы жалақы қорының динамикасына талдау жасағанда негізгі жалақының үлес салмағының төмендей үрдісін байқауға болады.

4 – кесте - 2010-2012 жылдар аралығындағы жалақы қорының құрылымының динамикасы

(пайызбен)

 

Жыл

Жалақы қоры

Негізгі жалақы

Ынталанд. төлемдер

Өтемдік төлемдер

Жұмыс істемеген уақытқа төлем

Төлемге есептелмеген басқа да ақшалай сома

2010

100

64,9

15

8,1

7,5

4,5

2011

100

67,0

13,9

7,7

8,0

3,4

2012

100

67,1

14,1

7,5

7,8

3,5


  «Жалақы қоры құрылымы туралы» негізінде есептеледі, 2010-2012 жылдар ҚР-ның статистикасы жөніндегі Агенттігі.

      Көрініп тұрғандай, іс жүзінде жұмыс күшіне  шығынның жартысын жалақының қосымша  бөлігі құрайды. Жалақының қосымша бөлігінің басым көпшілігін сыйақылар, төлемдер құрайды, бұл еңбек ақының аймақтық реттеулерімен байланысты. Жоғарыдағы кестедегі мәліметтерді біз оны кеңірек 15-суреттен айқын көрдік.

 

2.2 «Арыстан» ЖШС-нің технико-экономикалық  сипаттамасы

 

«Арыстан» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2004 жылы 19 сәуірде Әділет министрлігінде тіркелген. Кәсіпорын  өзін-өзі қаржыландыру толық шаруашылық есеп принципінде қызмет етеді және заңды тұлға болып табылады. Оның жеке балансы, Қазақстан банктерінде  жеке шоты өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабаны бар, ол банктерден қарыз алуға, сондай-ақ жарғыға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдары  бойынша заңды тұлғаларға рұқсат етілген басқа да операцияларды  жүзегее асыра алады. Кәсіпорынның мекен-жайы Қазақстан Республикасы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Промышленный көшесі 8 Б.

Кәсіпорын икемді қорап, яғни химиялық, фармацевтикалық және тағам  өнімдеріне арнаулы орама материалдарын  жаңа толық ротогравюралық және флексополимерлі  мөрімен шығаратын кәсіпорын.

«Арыстан» ЖШС-гі  бұл  белсенді дамушы құрылым. Оның негізгі  міндеттері өндіріс ұлғайту, өнімді өткізу және нарықта кеңею. Кәсіпорының  негізгі мақсаты табыс табу. Сол  үшін кәсіпорын жаңа соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл  келесідей өнім өндіруге мүмкіндік  береді:

-Полиэтиленмен ламинатталған  қағаз;

    -Вакуумдық пакеттер;

    -Сүт өнімдеріне  арналған полиэтилендік пленка;

    -«Маечка» тәріздес пакеттер;

    -Мөр басылған полипропиленді пленка;

    -Қағаз пакеттер;

    -10-200 микронды  полиэтиленді пленкалар;

    -фармацевтика  өнімдеріне арналған ламинатталған қағаз шығару;

Кәсіпорын шығаратын тауарларының ассортименті әр түрлі. Бұл тапсырыс берушінің талғамына байланысты болады. Қазіргі уақытта кәсіпорын шығаратын өнімдер бұл: балыққа арналған вакуумдық пакеттер, балмұздақ, макарон, теңіз өнімдеріне, чипсіге, бұрышқа, ванилинге, шекілдеуікке  арналған ламинатталған қағаздар мен пакеттер. Икемді қорап жасаудың технологиясы жоғары температураның қатысуын қажет етеді. Дайын өнім кейіннен өзінің сапасын сақтау үшін нормираторда  тәулік бойы тұрады.  Клиенттердің тапсырысы бойынша пакетке түрлі суреттер мен жазулар салынады. Сурет салу алдында өнім сапасы тексерілуі тиіс, себебі кейде сурет салу барысында пленка жыртылып қалуы мүмкін. Сонымен қатар кәсіпорын көзге анық түсетін түрлі-түсті этикеткаларды шығарады. Ал полиэтиленді пленка тек мөлдір түсті ғана емес, сонымен бірге түрлі-түсті бояудар қосу арқылы түсін өзгертеді.

Барлық өнімдерді өндіру үшін келесідей шикізаттар қолданылады: ВОРР-полипропилен, РЕТ-полиэтер, ПЭВД-жоғары қысымды полиэтилен, ПВХ-төмен қысымды  полиэтилен, клей. Ал ең бастысы құрал-жабдықтар, яғни сурет салу үшін валдар қолданылады, әр өнім түрінің өзінің валы болады.

Кәсіпорынның негізгі  өндірісі Талғар қаласында өтеді. Бірақ басында тапсырыс бас офиске түседі. Дизайнерлер суретін салып Қытайға үлгілерін жібереді. Содан кейін  Қытайдан өнім өндіру үшін құрал-жабдық, яғни валдар жіберіледі.   Талғарда  өнім өндірілетін   үш  цех, дайын   өнім  сақталатын қоймалар, өнімнің сапасын жақсартатын нормиратор және басқарушылар отыратын офисі бар. Сонымен қатар шикізаттар сақталатын қойма бар.

Цехтарда  құрал-саймандар  орналасқан.   Бірінші цехта   полиэтиленді пакеттер шығаратын Экструдер, 6-түсті ротогравюрді мөр машинасы және экструзионды ламинатор орналасқан. Екінші цехта бобинорезка, пакет жасайтын машина, құрғақ ламинатор орналасқан. Ал үшінші цехта дайын өнімдерді қаптайды.

Ал, енді өндіріс технологиясына келсек, бірінші құрал-жабдық бұл - Экструдер. Яғни ол қалындығы  түрлі микронды  полиэтиленді пленканы үрлейтін машина. Бұл үшін Ресейден әкелінген  күріш тәріздес шикізат полиэтилен өте үлкен температурада қыздырылады. Содан кейін цилиндр тәріздес пішінде жоғары көтеріліп төмен арнайы қысқыш арқылы тегістеліп пакет шығарылады.  Алғашқы сәтте пакет екі қабатты болады. Бірақ тапсырыс берушінің талғамы бойынша екіге бөліп беруге болады және кейде арнайы логотип салып берілуі мүмкін. Дайын өнім  кейін өз сапасын сақтау үшін бір тәулікке нормираторда жатады. Бұл өнімге сурет салу алдында сапасы тексерілуі тиіс, себебі кейде пленка сурет салу барысында жыртылып қалуы мүмкін Өнім тонналап сатылады.

Келесі өндірісте жиі қолданылатын машина бұл – 6-түсті ротогравюрлі мөр машинасы. Кәсіпорынның көптеген өнімдері осы машина арқылы жасалады. Себебі ол қолданыста оңай және  әмбебаб, бір уақыт ішінде бірнеше жұмыс атқара алады. Бұл машинада чипсы, тұшпара, шекілдеуік, ванилин, балмұздақ және т.б. үшін  орамалар өндіріледі. Бұның 6-түсті деп аталудың себебі  онда 6 вал орнатылған, бұлардың әрқайсысы түрлі түске арналған. Өндірісте көбіне қара, көк, қызыл, сары, ақ  түсті бояу және  РЕТ12 микрон материалы қолданылады. Үрдіс басында қара түспен сөздер жазылады оның үстінен көк, қызыл бояулар жатқызылады. Бұның нәтижесінде жасыл түс пайда болады, соңынан дайын суретті ақ түсті бояумен тегістейді.  Керек кезде  өнім сапасы және беріктігі жоғары болу үшін оны ламинаттайды. Тәжірибе барысында бұл машинада «Сыр чечел», «ФудМастер – Айскрим», «INGUZ - cемечки », «Жанель-клад хомячка», «Круст-чипсы», «MAXI-чай»,   «Ванилин», «Бұрыш», «Бумер» Йогуртқа арналған  этикетка,  «Хрустики-сухарики», «Корона- макарон», «Тан-сусыны»   өнімдері үшін орамалар өндірілді  .Кейіннен  бұл өнімдер құрғақ  ламинаторда  қатаяды.Бұл үшін этил+қатайтқыш+этил ацетат қолданылады. Кейіннен  дайын өнімді бобинорезкада бөлек-бөлек кеседі.

 Пакетировкада Фудмастерге  арналған Дой-пактар 80-100о температурасында 50 мин. жылдамдығында өндіріледі. Машинадан пакеттер 100 данамен шығады. Сонымен бірге мұнда  вакуумды пакеттер шығарады.

Кәсіпорында қағазды да ламинаттайды, бұл қара және қызыл бұрыш орамалары  үшін. Бұны өндіру үшін сызықты полиэтилен қолданылады, оны ыстық сұйық  түрінде сорып қағазға түсіреді.

Қағаз пакетировкада  гриль,  фармацевтикалық өнімдер үшін қағаз  пакеттер өндіріледі,  сонымен   бірге  мұнда    ФРИ  кортобына арналған   орамалар  өндіріледі.

   Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерінің өзгеруі  жайлы мәліметтерге келетін болсақ    талданған мерзім ішінде «Арыстан» ЖШС-гі өндірістік-шаруашылық және қаржылық  қызметінде біршама жетістікке жеткенін көре аламыз.

Кәсіпорынның шығаратын  өнімдеріне жылдан жылға сұраныс  ұлғаюда. Табыстың бірінші абсолютті  көрсеткіші   өнімді өткізуден  түскен  түсім. Ол қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесі есебінде қосылған құн  салығын, акциз және сол сияқты міндетті төлемдерді есептелмегенде көрсетіледі.

Төмендегі көрсетілген кесте  бойынша, өнім өткізуден түскен түсім 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 996809 мың тенгеге өсті, ол 206,6 % құрады.   2012 жылы  жиынтық табыстың жоғарлауы байқалды. Ол 2012 жылы  996809 мың тенгеге өсіп 1478419 мың тенгеге жетті. Әрине бұған әсер еткен өнімнің өзіндік құны десек те болады. Есепті жылы  ол алдыңғы жыллмен салыстырғанда кемідіі. Яғни 2012 жылы 103,489 мың тенгені құрады немесе 23,1% ға өсті жиынтық табыстың да ұлғаюыда байқалып тұр, есепті ол 103,544 мың тенгеге өсіпті. Келесі көрсеткіш  кезең шығындарына тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш жалпы шығындар, өнімді өткізуге кеткен шығындар, пайыз шығындары, курстық ерекшелік шығындары. Осылардың қосындысы кезең шығындарын береді және мұны 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 815058 теңгеге өсті немесе  638 пайызды құрады . Негізгі қызметтен түскен түсім көрсеткіші бойынша 2011-жылға қарағанда 2012-жылы 240,3 пайызға өсті. Бұның себебі жалпы табыс өсіп жатыр және өнімнің өзіндік құны да төмендеген.

        Өндірістегі шығындар мен жұмыс нәтижесі көрсетілетін көрсеткіш, яғни нәтижелі көрсеткіш өткізілген өнімнің 1 тенгеге шығыны. Бұл көрсеткіш көлемі 2011 жылы 0,75 тенге, ал 2012 жылы 0,72 тенге болды. Яғни 0,03 тенгеге кеміді, бұл кәсіпорын аз болса да оң әсерін тигізеді. Егер жылдан жылға осынша деңгейге төмендеп тұрса кәсіпорын үшін бұл өте жақсы.

Өндірісте негізгі мәнді  жұмысшылар санына беріледі.  Себебі жұмысшылар    көмегімен    өндіріс    үзіліссіз         жүреді.    Бізде    2004   жылмен салыстырғанда  жұмысшылар саны өсті,    егер  2011 жылы 14 адам болса 2012 жылы 32 жетті.   Бұның басты себебі өндіріс көлемін ұлғайтуға байланысты   жаңа еңбек күші қажет болды, сонымен бірге жаңа құралдарды меңгеруге жоғары білікті мамандар қажет болды.

Ендігі көрсеткіш  еңбекақы қоры - бұл кәсіпорын жұмысшыларының жалақысының жиынтығы. Бізде 2011 жылы еңбекақы қоры 839 мың тенге болса, 2012 жылы ол 4319 мыңға жетті.   Яғни ол 3480 мыңға себебі.  Мұның басты себебі   кәсіпорын табысы өсті және  кәсіпорын үздіксіз жұмыс істейді

Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құны Бұл көрсеткіш кәсіпорынның орналасқан жерін, мекемесін тасымалдайтын транспортты, машиналары жатады Бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа жылдық құнын табу үшін, осы көрсеткіштің бәрін қосып, әр жылды жеке – жеке (2) бөлеміз. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 896524,5  мың тенгені құрапды. Ал 2005 жылы 2366560,1 мың тенгеге жетті.

Информация о работе Нарық жағдайындағы еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың функциялары мен