Нарық жағдайындағы еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың функциялары мен

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 12:02, курсовая работа

Описание работы

Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................5
1. Нарық жағдайындағы еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың функциялары мен
қағидалары..............................................................................................................8
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың нысандары мен жүйелері............................................................................................................13
Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуді мемлекеттік реттеу................................................................................................................18
2. «Арыстан» жшс-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды талдау
2.1 Қазақстандағы еңбек ақы төлеудің деңгейі мен серпінін талдау......................................................................................................................24
2.2 «Арыстан» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы...........................................................................................................32
2.3 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды талдау......................................................................................................................39
3. Нарық жағдайындағы еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі...............................................................................................................46
3.2 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары..................................................................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................56
Әдебиеттер тізімі...................................................................................................58

Файлы: 1 файл

Экон жоспар.docx

— 133.35 Кб (Скачать файл)

-Қызметкердің еңбекақысының  деңгейі жұмыстың коллективтік  нәтижелері бойынша есептелетін  жалақы қорымен тығыз (толық)  байланысты (бұл жерде тарифсіз  жүйелер еңбекақы төлеудің коллективтік жүйелерінің класына жатады);

-Әрбір қызметкерге оның квалификациялық деңгейін кешенді сипаттайтын, осы квалификациялық деңгейге жататын қызметкердің немесе қызметкерлер тобының алдындағы еңбектік іс-әрекетінің деректері бойынша жалпы еңбек нәтижелілігіне қосқан үлесін анықтайтын тұрақты (салыстырмалы түрде тұрақты) коэффициенттер тағайындайды.

Тарифсіз вариантта әр қызметкердің жеке жалақысы жалақының бүкіл коллективтің тапқан жалақысының қорындағы оның үлесін көрсетеді.

Кәсіпорында еңбек өнімділігін арттыру үшін қызметкерлердің еңбек мотивациясын күшейту керек. Бірақ пайдаға қатысу рационализаторлық үшін сыйақы, еңбек тәжірибесі үшін қосымша төлем, икемді еңбек графигі, еңбекті байыту, жеңілдікпен тамақтану және т.б. сияқты мотивациялаушы позициялар қосымша мотивацияларға жатады, және көпшілік жағдайда олар кәсіпорында қарастырылмайды, себебі қосымша капитал салымын талап етеді. Осындай мотивациялаушы элементтер еңбек өнімділігіне тек жанама түрде әсер етеді, және қажетті мотивация ретінде қарастырылмайды, себебі кәсіпорын қызметінің соңғы технико-экономикалық көрсеткіштерінің, атап айтсақ таза табыс пен рентабелділіктің жоғарылауына елеулі әсер етпейді. Кәсіпорынның басшылары жұмыссыздықтың жоғары деңгейімен қолдана отырып ұсынылған бағдарламасын жүзеге асыруға қызығушылық танытпайды. Сондықтан ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыру үшін кәсіпорынның өзінің тиімділігін жоғарылату керек.

Кәсіпорынның тиімділігн жоғарылату жолдары деп оны дамыту бағыттары, шығындардың өсу темпімен салыстырғанда өндіріс нәтижесінің өсуінің жоғарырақ темпін қамтамасыз ететін қозғалыс аталады.

Кәсіпорынның шаруашылық байланыстары оның өндіріс тиімділігіне үлкен әсер етеді, және де ерекше ролді берілген кәсіпорында материалдармен, шикізаттармен, энергиямен, іріктеуші бұйымдармен, аспаптармен, құралдармен, құрылғылармен, әртүрлі қызметтермен, яғни өндірісті жүзеге асыруға қажетті барлық заттармен қамтамасыз ету бойынша байланыстар ойнайды.

Шығарылған өнімнің жоғары сапасын сақтап қалу үшін жеткізілетін материалдар мен іріктеуші бұйымдардың сапасын тұрақты түрде бақылап отыру керек.

Кәсіпорында еңбекақы төлеуді  жетілдіру үшін біріншіден кәсіпорыннң табысы, тиімділігі жоғары болу керек. Содан кейін ғана еңбекақы өседі деп айта аламыз. 2012 жылмен 2011 жылдары таза табыс, тиімділік көбейді. Өнімнің өзіндік құны, өткізілген өнімнің 1 теңге  өткізілген өнімге      шығын          кеміді. Бұлардың барлығы еңбекақының өсуіне оң әсерін тигізді.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    ҚОРЫТЫНДЫ

 

Еңбек ақы – бұл жұмысшының және оның отбасы мүшелерінің физикалық  және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, жұмыс күшінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін тұтыну заттары мен қызметтердің құнына сәйкес келетін жұмыс күшінің бағасы.

Қазақстан Республикасында  еңбек ақы төлеудің сәйкестігін талдау керектігі туындайды, соның ішінде, республиканың салалары мен аймақтарында. 

Мемлекеттің жалақыны аймақтық деңгейде реттеу саясаты территориялық  айырмашылықтар мен аймақтық коэффициенттерді белгілеуді анықтаудан тұратыны белгілі, ол негізгі жалақыны толықтырып, әділетті еңбек ақы қағидасын қамтамасыз етеді. Ал жұмыс берушілер мен  жұмысшылар рөлі, олар әлеуметтік серіктестік қағидасы негізінде жалақы проблемаларын шешу үшін оларды территориялық өзгешеліктерін біріктіруде жатыр. 2011 жылдағы еңбек ақының жоғары деңгейі Маңғыстау облысында байқалған (44369). Еңбек ақы төлеу бойынша айтарлықтай бөлінетін Атырау облысы (48338 тенге) және Астана, Алматы қалалары (33002 теңге және 32622 теңге). Еңбек ақының төмен деңгейі аймақтарға Ақмола облысы (14954 теңге) және Алматы облысы (15933теңге) жатады.

Салалық аспектіде еңбек ақы төлеу өзгешелігінің талдауы тағы да республикада еңбек ақы көлемінің өзгешеліктерінің тенденциясының күшеюін көрсетеді.

1998-2005 жылдары ҚР-да орташа  еңбек ақының 77%-ға өсуі байқалады, сонымен қатар осы кезеңде тауар және ақылы қызметтердің тұтыну бағасы 46%-ға өскен. Бұндай еңбек ақы және баға өсімінің қатынасы еңбек ақының сатып алу қабілеттілігін 27,5%-ға өсіреді.

Орташа және минималды  еңбек ақы деңгейінің динамикасын, 1998-2005 жылдар өмір сүру минимумының мөлшерін талдау, орташа және минималды еңбек ақы арасындағы, орташа еңбек ақы мен өмір сүру минимумы арасындағы алшақтық жыл сайын өсіп барады, 2005 жылы бұл көрсеткіштер сәйкесінде 5,13 және 3,43-ке дейін жетті.

Мемлекеттен минималды еңбек ақы мөлшерін белгілеу кедейлікті жоюға кері әсер етеді. Сондықтан, мемлекетке еңбек ақыны белгілеу жүйесіне мемлекеттік әсер ету шараларына, олардың экономикалық тиімділігіне кері әсер етуін есепке ала отырып, өте мұқият қарау керек.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы жолдауында  еңбек ақы төлеуге үлкен мән берілген.  Онда Қазақстан Республикасындағы барлық бюджет саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің, яғни мұғалімдердің, дәрігерлердің  жалақысы көбеетіні туралы айтылған. Сонымен қатар минималды  жалақыны көбеетінін жеткізген. 2012 жылы бұл айтылғанның бәрі жүзеге асты, минималды жалақы 9200 тенгеге жетті.

Қазіргі кезде еңбек ақыны белгілеудің бүкіл жүйесі жеке жұмыс беруші қарамағында. Сондықтан еңбек ақы саласындағы үрдістер стихиялы сипатта жүреді, ол еңбек ақы жұмыс күшінің бағасы ретінде өзінің негізгі - ұдайы өндірістік, ынталандырушы және реттеуші функцияларын орындауды қойды.

Еңбек ақының ынталандырушы функциясын дұрыс түсіну үшін оның жұмысшыларға әсер ету күшінің жолдары мен әдістерін анықтау үшін келесі жағдайларды көңілге алудың маңызы зор.

 

 

 

 

                             ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ  КӨЗДЕРІ

 

  1. Демеубаева А.О. «Организация оплаты труда в современных условиях» // Вестник Каз ЭУ №6 2004 год 
  2. Адамчук В.В., Ромашев О.В., Сорокина М.Е. «Экономика и социология      труда» – М: ЮНИТИ 1999 год
  3. Васильева Л. «З.П: формы и системы оплаты труда» // Бухгалтер и налоги  2004 год №7
  4. Кенжалина Ж.Ш. «Оплата труда на промышленых предриятиях»  Алматы:  Экономика 2002 год
  5. Буланова В.С. Волчина Н.А. «Рынок труда»: Учебник – М.Экзамен, 2000
  6. Зар.плата: формы и системы // Бухгалтер и налоги 2004 год № 8 
  7. Яквлев Р. «Системы оплаты труда» // Труд в Казахстане: проблемы, факты, коментарий  2003год
  8. Владимирова Л.П. «Экономика труда»: Учебное пособие –М:Издательский дом Дошков 2000 год
  9. Зайцев Н.Л. «Экономика промышленного предприятия»
  10. Зар.плата в вопросах и ответах // Труд Зар плата Пенсия в Казахстане №8 2005 год
  11. Рощин С.Ю.  «Экономика труда» 2000 год
  12. Асиржанова К.Б. «Регулирование оплаты труда в Казахстане на пути к новой модели развития»: тенденции, потенциал и импорты роста:  Материалы международной научной практической конференции
  13. Берешев С. «Государственное регулирование зар. платы» 2001 год
  14. Еңбек Кодексі (жоба) //  Егемен Қазақстан 31.07.2004 жыл
  15. «Прожиточный минимум в системе организации оплаты труда» // Труд в   Казахстанане №8 2004год

  

 


Информация о работе Нарық жағдайындағы еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың функциялары мен