Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2013 в 12:02, курсовая работа
Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді.
КІРІСПЕ....................................................................................................................5
1. Нарық жағдайындағы еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың функциялары мен
қағидалары..............................................................................................................8
Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың нысандары мен жүйелері............................................................................................................13
Қазақстан Республикасында еңбек ақы төлеуді мемлекеттік реттеу................................................................................................................18
2. «Арыстан» жшс-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды талдау
2.1 Қазақстандағы еңбек ақы төлеудің деңгейі мен серпінін талдау......................................................................................................................24
2.2 «Арыстан» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы...........................................................................................................32
2.3 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды талдау......................................................................................................................39
3. Нарық жағдайындағы еңбек ақы төлеу жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі...............................................................................................................46
3.2 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары..................................................................................................................51
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................56
Әдебиеттер тізімі...................................................................................................58
Қызметтің соңғы нәтижелері бойынша қорытындыны таза табыс және өндіріс рентабельділігі көрсеткіштері арқылы жасаймыз.
Өндіріс рентабельділігі. Осы көрсеткіш кәсіпорын өндірісінің тиімділігін есептеуде қолданылатын ең негізгі көрсеткіш болып табылады. Ол өндірістегі 1 тенгеден алынған пайданы көрсетеді. Бізде өндіріс рентабельділігі 2012 жылы 12,1 пайыз болса 2011 жылы 8,9 пайыз болған. Байқап тұрғанымыздай өндіріс рентабельділігі өсуде бұл кәсіпорын үшін оң нәтиже береді. Осыған байланысты таза табыстың да өсуін байқап тұрмыз. Есепті жылы таза табыс 201,95 мың тенгеге өсті.
Қор сыйымдылығы қор
қайтарымдылық көрсеткішіне
Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы көрсеткіш ретінде қор қайтарымдылығы кәсіпорынның эффектілігін көрсетеді. Осы көрсеткішті 2011 салыстырғанда 2012 жылы 150,9 пайызға өскен. Осы көрсеткішті есептеу үшін біз: қор қайтарым. = өнімді өткізуден түскен түсім / негізгі қордың (орт) Қолданылған негізгі капиталдың деңгейі бір жағынан кәсіпорынның қор құрылымын құруда қолданылатын прогрессивті технологиялық политикасы. Ал екінші жағынан өнім шығару өндірісінде ұйымдастыруы мен технологиясы. Бұл жағдайда басшылар негізгі қорлардың нақты қалай қолданатынын білу керек.
Бұл мақсаттар үшін негізгі капиталды қолдануды бағалайтын көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Олардың ішінде ең маңыздалары қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы көрсеткіштері. Қор қайтарымдылығы өткізілген өнімнен түскен түсімнің негізгі құралдарына қатынасына тең.
2005 жылы «Арыстан» ЖШС-ң қор қайтарымдылығы 0,8 тенге, ал 2004 жылы 0,53 тенге болған. Қор қайтарымдылығы көрсеткіші басшыларға бекітілген қорлардан қаншалықты табыс алатынын көрсетеді. 2005 жылы негізгі қорлардың 1 тенгесіне 8 тиын пайда түседі. Бұл аз, бірақ 2004 жылмен салыстырғанда өсті. Егер жыл сайын мұндай өсулер байқалса, онда кәсіпорын пайдасы сондай деңгейде өседі.
6 кесте Негізгі капиталды қолдану көрсеткіштері.
№ |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Жылдары |
Ауытқулар | ||
2011 |
2012 |
+/- |
% | |||
1 |
Өнімді өткізуден түскен түсім |
мың. тг |
481610,0 |
1478419,0 |
996809,0 |
306,9 |
2 |
Өндірістегі негізгі құралдардың орт. Жылдық құны |
мың. тг |
896524,5 |
1833868,5 |
937344 |
204,5 |
3 |
Қор сыйымдылығы |
тенге |
1,88 |
1,61 |
0,27 |
85,6 |
4 |
Қор қайтарымдылығы |
тенге |
0,53 |
0,62 |
0,09 |
116,9 |
5 |
Қормен қарулану |
тг.адам |
64037,4 |
57308,0 |
-6729,1 |
89,4 |
6 |
Тозу коэффициенті |
% |
0,07 |
0,11 |
0,04 |
157,1 |
7 |
Жарамдылық коэффициенті. |
% |
0,92 |
0,87 |
-0,05 |
91,5 |
Жоғарыдағы кестеге сүйене отырып қор сыйымдылығы, яғни 1 өнім көлеміне қанша негізгі қор келетінін көрсетеді. Қор сыйымдылығы – бұл өте қажет көрсеткіш, ол капитал салымдарының үнемдеуімен немесе олардың ұлғаюымен байланысты. Қарастырылып отырған кезең уақытында 2011 жылы қор сыйымдылығы 1,86 тенге, ал 2012 жылы 1,24 тенгені құрды. Қор сыйымдылығы төмендеген кезде негізгі өндірістік қорлардың жақсы қолдануы байқалады. Сонымен бірге 1 жұмысшының қормен қарулануы 2005 жылы 57308,3 мың тенгені көрсетті, ол 2004 жылдан 89,4% төмендеді.
2.3 «Арыстан»
ЖШС-де еңбек ақы төлеуді
Еңбек ақы төлеуді талдау өндірістің ұйымдастырушылық және техникалық деңгейін көтеруімен байланысты. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануын жақсарту жалпы кәсіпорын тиімділігін жоғарлатуға бағытталған
Еңбек ақы төлеуді талдау келесіден көрінеді:
-кәсіпорында кадрлар құрамы, олардың қозғалысын талдау;
-еңбек өнімділігі деңгейін талдау;
-еңбек ақы қорын пайдалануды талдау,
-негізгі факторлардың жалақы қорын қолдануға әсерін талдау;
Кәсіпорын кадрлары жайлы талдау жасауда келесі сұрақтар қарастырылады:
-еңбек ресурстарының құрамы;
-кәсіпорынның еңбек
-мамандардың қозғалуы;
Талдау жүргізу алдында
қызметкерлерді топтастырылуын қарастырамыз.
Кәсіпорындағы барлық мамандар өнеркәсіптік-өндірістік
және өндірістік емес топтар деп бөлінеді.
Өнеркәсіптік-өндірістік мамандарға
кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты
(өнеркәсіп өнімдерін өндіру, өндірісті
ұйымдастыру және кәсіпорынды басқару)
еңбек операцияларымен
Жұмыскерлер құрамынан ерекше бөлінетіндер басшылар, мамандар, сонымен бірге басқа да ұйым жұмыскерлері жатады. Олар өндіріске қатысты емес. Талдау барысында персоналдың құрылымы өзгерісімен танысу қажет. Өнім өндірісінің негізгі шартарының бірі ол еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі. Мұнда еңбек ресурстары өздерінің кәсіби біліктілігі, жасы және т.б. көрсеткіштері бойынша орналасуы керек.
7 - кесте - Кәсіпорын
қызметкерлерінің саны
Мамандар категориясы (адам) |
2011ж |
% |
2012 |
% |
Жұмысшылар |
8 |
57,14 |
13 |
65,62 |
Басшылар |
3 |
21,43 |
3 |
9,38 |
Мамандар |
3 |
21,43 |
8 |
25 |
Барлығы, соның ішінде: |
14 |
100 |
32 |
100 |
Кесте мәліметтерінен көріп тұрғанымыздай талданып тұрған кәсіпорында өндірістік әлеует өсті. Сонымен қатар басшылардың үлес салмағы кеміді 12,05%-5ға, ал мамандар үлесі өсті 3,57%. 2004 жылы кәсіпорын қызметкерлерінің саны 2012 жылмен салыстырғанда екі есе аз. Мұның себебі кәсіпорынның өзі 2011 жылы құрылған. Кәсіпорында жұмысшылар санының өсуі айқын көрініп тұр, яғни 2011 жылы 8 адам болса, 2012 жылы 21 адамға жетті. Бұл өндірістің жұмыс істеуіне оң әсер береді.
Еңбек көрсеткіштерінің талдауын жүргізу үшін еңбек ресурстарының қолдануымен танысуымыз қажет.
Төмендегі кесте мәліметтерінен көріп тұрғанымыздай 2012 жылы өнімді өткізуден түскен түсім 996,809 мың тенгеге өсті немесе 206,9%. Бұл шығарылатын өнім бағасы мен көлеміне байланысты. Есепті жылы жұмысшылар саны 18 адамға өсті. Жұмысшылар санының өсуі кәсіпорынның жаңадан құрылғанынан оған жаңа мамандардың керектігімен түсіндіріледі.
Өнім өндірілімі мен жұмысшылар санының өсуінен кәсіпорынның еңбек ақы қоры да өсті. Егер 2011 жылы 839 мың тенге болса, 2012 жылы 4319 мың тенгеге жетті.
Жұмысшылар санының өсуінен және өткізілген өнім түсімінің өсуінен де жұмысщылардың еңбек өнімділіг өсті 2012 жылы 46,2 мың тенгеге жетті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда 11,79 мың тенге артық.
Кәсіпорынның орташа жылдық жалақысы өнім өндірісі мен минималды жалақының өсуімен түсіндіріледі. Біздің жағдайымызда орташа жылдық жалақы өсіп тұр. Бұл өте жақсы, әрине кәсіпорында тапсырыс бар екендігін көрсетеді.
8 - кесте - Еңбек ресурстарын қолданудың жалпы көрінісі
Көрсеткіштер |
өлшем бірлігі |
2011 ж. |
2012 ж. |
+/- |
% | |
Өнімді өткізуден түскен түсім |
мың.тг |
481,610 |
1478,419 |
996,809 |
306,9 | |
Жұмысшылар саны |
адам |
14 |
32 |
18 |
228,5 | |
Еңбек ақы қоры |
мың.тг |
839,0 |
4319,0 |
3480,0 |
514,7 | |
Бір жұмысшының еңбек өнімділігі |
мың.тг |
34,44 |
46,2 |
11,79 |
134,3 | |
Бір жұмысшының орташа жылдық жалақысы |
мың.тг |
59,92 |
134,968 |
75,4 |
225,2 |
Кәсіпорынның қызметкерлерімен қамтылуын талдау үшін кадрлар ұғымын толықтыру қажет.
Еңбек өнімділігіне кәсіпорында кадрлар тұрақтылығы әсер етеді. Сондықтан кадрлар қозғалысын қарастырамыз. Жұмысшы қозғалысын жұмысшы күшінің қажетті және артық айналымы сипаттайды.
Қажетті айналым өндірістік немесе жалпы мемелекеттік себептерге (өндіріс көлемінің артуы немесе кемуі, оқу орнына түсу, зейнеткерлікке шығу, басқа кәсіпорынға ауысу) негізделеді.
Артық айналым өндірістік немесе жалпы мемелекеттік себептерге байланыссыз қызметкерлердің жұмыстан шығуы. Құрама көрсеткіштері кәсіпорындағы жұмысшы күші қозғалысын жұмысқа қабылдау мен жұмыстан шығу айналым коэффициенттері және ағымдық коэффициентпен сипатталады.
Кадрлардың ағымдылығы кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуіне үлкен әсер тигізеді. Зерттеулердің нәтижесі бойынша бір ай ішінде жұмыстан шығатындардың еңбек өнімділігі 10-15% төмендейді, ал жаңа қабылданғандар жұмысшылардың еңбек өнімділігі 5-6% төмен. Бұл жоғалтулар 10-15 күнді құрайды. Жұмыстан шығу мен жаңа жұмыс орнына орналасу үшін тағы да 10-20 күндей өтеді. Яғни, қорыта айтсақ жоғалтулар 20-35 күнді құрайтын болады. Ағымдықтың себебі кәсіпорындағы әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде анықталады. Олардың ішінде көп тарағаны:
-отбасылық (тұрғылықты орынды ауыстыру, климаттаық жағдайлар, баланың тууы);
-өндірістік экономикалық (өндірістік ұйымдастырумен қанағаттанбау, еңбектің ауыр физикалық шарттары);
-кәсіби-техникалық (мамандағымен қанағаттанбау, оқуды жалғастыру);
-тұрмыстық (тұрғылықтың мекен-жайдың жоқтығы, жұмыс орнынан алыс орналасуы);
-еңбек тәртібін бұзу;
Кәсіпорынның жұмысшылармен қамтамасыз етілуі өнім өндірісінің көлеміне әсер ете алмайды. Өнім өндірісі тек жұмысшылар санына ғана емес, сонымен бірге еңбек өндірісіне кеткен шығындар санына және жұмыс уақытының тиімділігін жақсылап білу керек.
Еңбек ресурстарының толық қолдануын бір жұмысшының істеген күн және сағатына байланысты есептеуге болады. Мұндай талдау жұмысшылардың әр категориясына, әр бөлімшеге есептеледі.
10 – кесте - Жұмыс уақытын қолдану
Көрсеткіштер |
2011 ж. |
2012 ж. |
Ауытқу | |
+/- |
% | |||
Жұмысшылардың тізімдік саны, адам |
14 |
32 |
18 |
228,5 |
Барлық жұмысшының істеген уақыты, мың сағат |
14,336 |
56,0 |
41,66 |
390,6 |
Барлық жұмысшының істеген уақыты, күн |
1,792 |
7,0 |
5,21 |
390,6 |
1 жұмысшының істеген уақыты, сағат |
1,024 |
1,750 |
0,73 |
170,9 |
1 жұмысшының істеген уақыты, күн |
128 |
218,75 |
90,95 |
170,8 |
Жұмыс уақытының орташа ұзақтығы,сағат |
8 |
8 |
- |
- |
Кесте мәліметтерінен көріп тұрғанымыздай есепті жылы жұмыс істеу уақыты артыпты. Бұның себебі 2011 жылы кәсіпорын мамыр айында құрылып аз уақыт жұмыс істеді. Ал 2012 жылы толық жыл жұмыс істеді және жұмыс істеген уақыты артты. Бұған сонымен бірге әсер еткен жұмысшылар санының өсуі. Егер 2011 жылы 14 адам болсы, 2012 жылы бұл сан 18 адамға артты. Ендігі талдайтынымыз жұмыс уақытының өзгеруі. Ол үшін есепті және алдыңғы жылғы жұмыс уақытын салыстырамыз. Ондағы өзгерістер кәсіпорында алдын ала қарастырылмаған әр түрлі объективті және субъективті шараларға байланысты болуы мүмкін. Бұған қосымша демалыс күндері, жұмысшылардың ауыруы есебінен жұмысқа келмеуі, шикізаттар мен жабдықтардың болмауынан тұрулар жатады. Бұлардың әрқайсысы терең қарастырылады, ал кәсіпорынға қатысы одан да артық.
Көріп отырғанымыздай кәсіпорын 2012 жылы ғана толығымен бір жыл жұмыс істеді. Яғни сол жылы ғана өндіріс ұлғайды, тапсырыстартар көбейді.
Келесі жүргізетін талдау бұл еңбек өнімділігі. Бұл көрсеткіш кәсіпорын жұмысының тиімділігін көрсетеді. Кәсіпорындағы еңбек өнімділігі 2 әдіспен өзгереді:
-уақыт бірлігіне бір жұмысшының өндірген өнім сапасы;
-өнім бірлігіне жұмсалған уақыт;
Еңбек өнімділігінің оңай есептеудің бір түрі ол заттай көрсеткіштер арқылы есептеу, бұл бірыңғай өнім шығару кезінде қолданылады. Бірақта бұл әдіс бойынша кемшіліктер бар:
- аяқталмаған өндіріс көлемінің өзгеруін ескере алмау;
-өнім сапасын көрсетпейді;
Қазір барлық кәсіпорындарда еңбек өнімділігі ақшалай көрсеткіштермен есептеледі. Ақшалай көріністегі еңбек өнімділігі кәсіпорын қызметін толық сипаттайды. Бірақта бұл көрсеткіш номенклатура, ассортимент, кәсіпорын құрылымы өзгерген жағдайда өзгереді.
Кәсіпорында еңбек өнімділігін талдаудың мақсаттары келесідей:
-өткен кезеңдегі еңбек
өнімділігін қазіргі
-еңбек өнімділігін көтеру үшін қолданылатын әдістерді құрастыру;
«Арыстан» ЖШС-гі жұмысының еңбек өнімділігіне әсер ететін факторларды талдау үшін 12 кестеге сүйенеміз.
Жұмысшылардың еңбек өнімділігі өндіріс қызметінің нәтижелігін көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық өндіру көлемін сипаттайды. Ол 2012 жылы 11,8 мың тенгеге өсті. Бұған әсер еткен өнімді өткізуден түскен түсімнің өсуі болды. Бұл өте жақсы, сонымен бірге жұмыскерлердің де еңбек өнімділігі өсті. Бірақта байқап отырғанымыздай жұмысшылардың күндік және сағаттық өнім өндірімі кеміп тұр.