Отчет по практике в ”Топаз”

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 20:02, практическая работа

Описание работы

Бұл өңдірістік есеп жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның бухгалтерлік,қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыла-ды.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
 қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
 өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
 қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
 кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
 жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Содержание работы

КІРІСПЕ............................................................................................................................................2
1. « ”ТОПАЗ” Жер қойнауын зерттеу компаниясы » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ЖАРҒЫСЫ
1.1 Жалпы ереже................................................................................................
1.2 Серіктестіктің заңды мәртебесі...................................................................
1.3 Серіктестіктің қатысушыларының міндеттері мен құқықтары.................
1.4 Серіктестіктің жарғылық капиталы.............................................................
1.5 Серіктестіктің қызметінің мақсаты мен түрлері.........................................
1.6 Серіктестіктің құқықтары.............................................................................
1.7 Серіктестікті басқару.....................................................................................
1.8 Серіктестіктің еңбек ұжымы........................................................................
1.9 Есеп беру мерзімі мен қаржы есебі............................................................
1.10 Серіктестігінің қызметі туралы құжаттар................................................
2. Қаржылық есеп
2.1 Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі..................................................
2.2 Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі...........
2.3 Негізгі құралдарды жалға алудың есебі
2.4 Негізгі құралдарды жөңдеу есебі...................................................
2.5 Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдау.................................
3.Қаржылық есепті талдау
3.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...............
3.2 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау...............................................
3.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау...............................................
3.4 Кәсіпорынның табыстылығын талдау.....................................................
3.5 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру
4.Кәсіпорын экономикасы
4.1 Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау....................................
4.2 Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау ...............................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................

Файлы: 1 файл

Отчет по практике.docx

— 1.66 Мб (Скачать файл)

 Кез келген өндіріс өз  қызметіне құрал-жабдықтарын тартса  ғана жүреді, ал ол еңбек заттары  (шикізат, материалдар, сатып алынған  жартылай фабрикаттар) және еңбек  құралдары (машина, станок) болып  бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының  құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын  роліне қарап анықталады. Мысалға,  заводта дайындалған бу қазаны  сол зауыт үшін дайын өнім  болып саналады; ал орнату үшін  сатып алған субъект үшін осы  қазан еңбек құралы болып табылады. Осы қазанды келешекте қайта  сатуға алса, онда ол тауар  болып табылады.

 Негізгі құралдар материалдық  өндіріс саласында да, өндірістік  емес (әлеуметтік) салада да ұзақ  уақыт бойы (бір жылдан астам)  қызмет етеді. 

 Осы негізгі құралдарға: үйлер,  ғимараттар, көп жылдық екпе ағаштары, машиналар және құрал-жабдықтар  (соның ішінде автоматты машиналар  және құрал-жабдық); машиналар және  жабдықтар; өлшеу және реттеу  аспаптары және қондырғылар мен  лабораториялық жабдықтар; есептеу  техникасы; басқа материалдар  мен құрал-жабдық, көлік құралдары,  құрал-сайман, өндірістік мүлік және  жабдықтар. Шаруашылық мүлкі:  жұмысшы және өнім беретін  мал, көп жылдық екпе ағаштар,  жерді жақсартуға (ғимараттарсыз)  шыққан күрделі шығын, басқа  да негізгі құралдар жатады.

 Кәсіпорында негізгі құралдардың  есебі №16 ХҚЕC-қа сәйкес ұйымдастырылады.  Осы стандарт негізгі құралдың  есебін жүргізудің, субъектіге жататын  меншік құқығын, шаруашылық пен  оперативтік басқару жүйесін  анықтайды. 

 Негізгі құралдың бастапқы  құны мынадай жолмен анықталады:

 Жер учаскелері бойынша меншік  немесе тұрақты пайдалану құқығы  – актіде көрсетілген сатып  алу құны, қозғалмайтын мүліктер  бойынша агенттерге берілген  сыйақы, сатып алу-сату келісімін  рәсімдеу бойынша көрсетілген  қызметтердің төлемі, жерді мақсатты  пайдалануға дайындау бойынша  (ескі үйлерді бұзу, тазалау, тегістеу, т.б. кезінде алынған материалдарды  сатудан түсетін табыстың шегерілімінен  басқа) жұмсалатын шығыстар;

 Бірақ та біз ұмытпауға  тиіспіз әр бір затты ұқыпты  ұстамаса онда ол бұзылып қалады  негізгі құралдарда сол сияқты  бұзылуы мүмкін. Бұндай жағдайда  біз оның бетін ала аламыз  – жөндеу арқылы. Жөндеу есебі  кәсіпорынға қажет. Негізгі құралдың  естен шыққан жағдайында өндіріс  процесі де тоқтауы мүмкін. Ал  өндіріс процесінің тоқтауы біздің  пайда табуымызға кедергісін  жасайды. Ал жөндеу арқылы біз  өндіріс процесінде көп жетіктіктерге  жетеміз.

                2.1. Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі


 Негізгі құралдар дегеніміз  - өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір  жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын  (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған  жұмысқа, көрсетілген қызметке  біртіндеп бөліп-бөліп есептелген  амартизациялық материалдық активтерді  айтады. Шаруашылық қызметте пайдалануға  арналған негізгі құралдарды. Қайта  caтyға немесе ақшаға айналдыруға  болмайды. Ақшалай бағаланған негізгі  қорлар негізгі құралдар деп  аталады. Олар бухгалтерлік есепте  осы бағамен көрінеді және  субьект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт  бойы, көптеген өндіріс циклы  барысында пайдаланылады, олар  бірте-бірте тозады және өзінің  қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте-бірте жаңадан  өндірілген өнімге аударады.

 № 16 ХҚЕС бойынша негізгі  құралдар - бұл еңбек құралы ретінде  материалдық өндіріс саласында  және өндірістік емес саласында  ұзақ уақыт бойы (1 жылдан аса)  қолда болатын материалдым активтер.

 Оған мыналар жатады:

  • жылжымайтын мүліктер (ғимараттар, көпжылдық өсімдіктер жәнежермен байланысты қозғалысы және олардың мақсатына зиян шектірмеу басқа объектілер);
  • көлік құралдары;
  • жабдықтар, өлшеуаспабы, өндірістік және шаруашылық құрал- саймандары ірі және өнім беретін малдар арнайы құралдармен басқа да негізгі қорлар (кітапхана қор,мұражай құндылықтары,жануар әлемінің экспорттары автомобиль жолдары) және т.б.

 Негізгі құралдар көптеген  құралдар бойына пайдаланатын  қасиетімен нысаның сақтай отырып, жанама түрде тозады. өзінің құның  жолдан жасалған өнімге біртіндеп  көшіреді.

 Жіктелу топтарында өндіріс  процесіне қатысу сипатына қарай  негізгі қорлар былай бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес.

 Өндірістік бұл - өндірістік  процесіне тікелей қатысатын  немесе өндірістің негізін құрайтын  негізгі құралдар. Оның құрамына  мыфналар жатады: өндіріс үйлер  мен ғимараттар, машинамен жабдықтар,өлшеуіш  және реттеуші құралы өндірістік  және басқа да керек жабдықтар  жұмысшы өнім беретін малдар, көпжылдық өсімдіктер енеді.  Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы  негізгі құралдар. Олар өндіріс  процесіне қатыспайды. Ол ұжымның,  мәдини, тұрмыстық қажеттігін қамтамасыз  етуге арналған (үйлер, ғимараттар, керек жарақтар, денсаулық сақтау, спорт) 

 Тиістілігі бойынша негізгі  қорлар былайша бөлінеді: меншікті  және жалданған.  Меншікті –  бұл субъектіге тиісті оның  балансында көрініс табатын негізгі  құралдар.  Жалданған - жалдау  шарты бойынша онда белгіленген  мерзімге басқа субъектілердің  алынған негізгі құралдар.  Пайдалану  сипатына қарай негізгі құралдар  былайша бөлінеді: қолданыстағы, қолданылмаған,  запастағы. 

 Қолданыстағы - бұл пайдалану  сатысындағы негізгі құралдар.  Қолданылмаған (тоқталған) - консерватцияға  немесе басқа себептерге байланысты  қолданылмай тұрған негізгі құралдар.  Запаста тұрған - қолданылып жүрген  негізгі құралдар жөнделу, жойылу, апатқа ұшырау жағдайында олар  алмастырудағы негізгі құралдар.

 Түріне қарай негізгі құралдар 13 топқа бөлінеді:

1. Жер; 

2. Үйлер - бұл мақсаттық бағыты  халықтың еңбек етуіне және  материалдық құндылықтардың сақталу  жағдайынан тұратын сәулет құралдар;

3. Ғимараттар - еңбек заттарының  өзгеруіне байланысты жоқ қандай  бір функцияналды атқару жолымен  өндіріс процесін жүзеге асыруға  арналған инжинерлік құрлыс объектілері  (платина құбырлы өткізгіштер  және т.б.);

4. Беріліс құрылғылар –э лектронды  жылулық және механикалық қуат  беруге арналған құрылған (электор  тарату желісі) құбырлы өткізгіштер  т. б; 

5. Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер оның құрамына  кіретін саймандарды, керек-жарақтарды  аспаптарды басқа инвентардың  бөлігі болмаса инвентарлық объект  болып табылатын инвентор дегеніміз  - түгендеу. Бұл тобы 5 ішкі топтан  тұрады:

 а ) Күш беретін машиналар  мен жабдықмашиналар жылу және  электро қуатын өндіретін электрометорлар  және т.б. (трокторлар, электр қозғалтқыштар)  және т.с.с; 

 б) Жұмысшы машиналар мен  жабдықтар. Бұл еңбек өнімдерін  жасау процессіне механикалық,  техникалық және химиялық әсер  етуге арналған машиналар апараттар  және жабдықтар (насостар, элекрлік  маторлар) және т.б; 

 в) Өлшеу және реттеу аспаптары  (микроскоп, монометр, амперметр  және т.б; 

 г) Есептеу техникасы. Процесті  жылдамдату мен автоматтандыруға  арналған машиналар құрылғылар  мен аспаптар (компьютер, конкульятор  мен есептеу машиналары);

 д) Өзге де машиналар мен  жабдықтар (телефон, станциялары,  өрт машиналары т.б.)

6. Көлік құралдары. Адамдар мен  жүктердің қозғалуына арналған  қозғалыс құралдары (теміржол, автомат,  су көлігінің қозғалмалы құрамы) және т.б. 

7. Құрал-сайман. Темірді ағашты  өндеуге арналған қол еңбегінің  механикаланған және механикаланбаған  немесе машиналарға бекітілген  заттар (балға, тесетін,тұратын және  с.с. құралдар);

8. Өндірістік инвентар және  керек жарақтар. Өндіріс операцияларды  орындауға немесе жеңілдетуге  қызмет ететін басқа мақсаттағы  заттар (жұмыс үстелі және т.б.);

9. Шаруашылық инвентар. Кеңсеге  және шаруашылықтарда қажетті  заттар (шкафтар, клемдер және  т.с.с.);

10. Жұмысшы және өнім беретін  малдар ( ірі қара, қошқар және  т.с.с.);

11. Көпжылдық өсімдіктер (жүзімдіктер,  жеміс жидектер, роза және с.с.);

12. Жерлерді (ғимаратсыз) жақсарту  жөніндегі күрделі (жерлерді тастардан  тазарту және т.б.);

13. Өзге де негізгі құралдар (кітапхана қорлары, спорт жабдықтары, мұражай құндылықтары).

2.2. Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі


Қызмет көрсету мерзімі мен  күйіне байланысты негізгі қорды  бағалаудың келесі түрлері кездеседі:

толық бастапқы құны, яғни жаңа құрал - жабдықтың өндіріс жағдайында жасалынған, және іске асырылған құны.

толық қайтадан қалпына келтіру  құны, яғни өндірістің қазіргі заманғы  жағдайындағы негізгі қорлардың  әрбір түрін қалпына келтіру  құны.

тозуды алып тастағандағы бастапқы құны.

тозуды алып тастағандағы қайтадан қалпына келтіру құны.

Ұйымның операцияларында оларды пайдалану  мазмұны мен сипаты бойынша бірдей активтер тобы жылжымайтын мүлік, үйлер  мен жабдықтар тобы деп аталады. Төменде жылжымайтын мүлік, үйлер  мен жабдықтардың жекелеген топтарына  мысалдар келтірілген: жер учаскелері;жер  учаскелері және ғимараттар; машиналар  мен жабдықтар; су кемелері; әуе кемелері; автокөлік құралдары; жиһаз және инженерлік жабдықтың салынатын  элементтері; және кеңсе жабдығы. Объектілерді жылжымайтын мүлік, үйлер мен  жабдықтардың бір тобының ішінде қайта бағалау активтерді таңдап қайта бағалауды, сондай-ақ қаржы  есептілігіне шығындар мен әр күнгі  құндардың қосындысы болып табылатын  сомалардың қаржы есептілігіне енуін  болғызбау мақсатымен бір мезгілде жүргізіледі. Алайда, егер қайта бағалау  қысқа уақыт ішінде жүргізілетін болса, және нәтижелер ұдайы жаңартылып отыратын болса, активтер тобы сырғымалы  кесте бойынша қайта бағалануы  мүмкін. 
      Егер активтің баланстық құны қайта бағалау нәтижесінде ұлғаятын болса, осы ұлғаю «қайта бағалаудан болған өсім» деген тақырыппен капиталдың өзінде көрсетілуге тиіс. Алайда бұл ұлғаю пайдада немесе залалда бұрын пайдада немесе залалда танылған сол активті қайта бағалаудан залалды реверстейтін дәрежеде танылуға тиіс.

Активті тану тоқтатылған жағдайда жылжымайтын мүлік, үйлер мен  жабдықтар объектісіне қатысты  капиталға енгізілген, оны қайта  бағалаудан болған өсім тікелей бөлінбеген пайдаға аударылуы мүмкін. Актив  пайдаланудан шығарылған немесе істен  шығып қалған кезде барлық өсім толық  көлемінде аудару мәні болуы мүмкін. Алайда, егер активті ұйым пайдаланатын болса, қайта бағалаудан болған өсімнің  бір бөлігі ғана аударылуы мүмкін. Ондай жағдайда аударылған өсім сомасы активтің қайта бағаланған баланстық  құны негізінде есептелген амортизация  сомасы мен оның бастапқы құны негізінде  есептелген амортизация сомасының  арасындағы айырманы құрайды. Қайта  бағалаудан бөлінбеген пайдаға өсімді аудару пайда немесе залал арқылы жүргізілмейді. 
      Негізгі қордың толық бастапқы құны тасымалдау мен монтажға жасалған шығындарды қосқандағы әрбір түрін сату немесе иемдену процесінде төленген нақты сомамен анықталады. Оған пайдалану процесінде еңбек құралдарының кеңейтілуі мен жаңартылу шығындары кіреді. Егер негізгі құралдар қаржы төлемін кейін төлеу арқылы немесе несиеге алынса, онда бастапқы құнға жабдықталуға төленетін пайыз сомасы да кіреді. Толық бастапқы құн бойынша негізгі қор кәсіпорының негізгі іс-әрекетінің балансына жатқызылады. Оның шамасы негізгі қордың кезекті қайта бағалау сәтіне дейін өзгермейді. Бағалаудың бұл түрі меншікке салынатын салықтың шамасына және амортизациялық төлемдерді анықтауға қолданылады.

  Еңбек  құралдарын жасауға және иеленуге  кететін шығындар әр түрлі  уақыттарды жүзеге асырылады  және бұл өздерінің тұтыну  қасиеттеріне байланысты зерзаттардың  бастапқы құнын түрлендіруге  әкеледі.Толық бастапқы құн бойынша  ескерілген негізгі қорды сатып  алу бағасы инфляция кезінде  уақыт өткен сайын өзгеріп  отыратын ағымдағы бағамен сәйкес  теңестіріледі. Бұл негізгі қордың  динамикасын, өндірісін зерттеуді  қиындатады, негізгі қорлардың өнім  көлеміне немесе алынған табысқа  қатысты алынған көрсеткіштерді  сәйкессіздендіреді.

Осылайша, бастапқы құнның бағалар тұрғысынан сәйкессіздігі, бағалаудың бұл түрін негізгі  қорлардың көлемдерін салыстыруға  жарамсыз етеді.  Толық қалпына келтіру құны бағалауды қайта орындау процесінде негізгі қорларды жаңа түрде қайта өндіруге қажетті шығындарын анықтайды. Бұл жағдайда амортизация сомасын анықтау амортизациялық төлемдердің мөлшерін дәл анықтау, негізгі қорлардың көлемдерін және динамкасын зерттеу барысында барлық кәсіпорындарды тұтас экономикалық жағдай жасауға мүмкіншілік беретін бағалардың сәйкессіздігі жойылады.

Қалпына келтіру құны негізгі қордың іс-әрекетке келу уақытындағы бастапқы құнымен сәйкес келеді. Бұдан әрі бастапқы және қалпына келтіру құндарының айырмашылықтары негізгі қордың және элементтердің өзгеруіне байланысты болады. Әдетте іс-әрекетке келумен негізі қорды қалпына келтіру құнының алшақтығы неғұрлым айқын болған сайын, олардың баға шамаларының айырмашылығы да соғұрлым көп болады.

Тозуды алып тастағандағы бастапқы құн дәл сол  кезеңде пайда болған тозудың  сомасын алып тастағандағы толық  бастапқы құнға сәйкес келеді, яғни негізгі қордың қызмет ету процесінде өнімге аударылған құнының бөлігіне тең. Ол қалдық құны деп аталады, оны  анықтауға қажетті тозудың сомасы бухгалтерлік баланстың пассивінде көрсетіледі, негізгі қордың қалдық құны жылдық есепке енгізіледі.

Негізгі құралдарды қайта бағалау  №16 ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдардың  бастапқа құнын белгілі бір күнге  әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта  бағалау жүргізіледі,содан соң  ол есепте және есеп беруде көрініс  табады.Оның барысында негізгі құрал-жабдықтардың нақты бары және құрылымы, олардың  нақты қалпына келтіру құны мен  тозу дәрежесі туралы дәл де толық  мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің  өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында ете маңызды болып табылады. Негізгі  құрал-жабдықтарды қайта бағалау  техникалық прогрестің дамуын есепке ала отырып амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі  заманғы ұдайы өндірісті жетілдіруде  қажетті жағдайларды жасап, негізгі  құрал-жабдықтарды сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.

Информация о работе Отчет по практике в ”Топаз”