Отчет по практике в ”Топаз”

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 20:02, практическая работа

Описание работы

Бұл өңдірістік есеп жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның бухгалтерлік,қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыла-ды.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
 қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
 өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
 қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
 кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
 жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Содержание работы

КІРІСПЕ............................................................................................................................................2
1. « ”ТОПАЗ” Жер қойнауын зерттеу компаниясы » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ЖАРҒЫСЫ
1.1 Жалпы ереже................................................................................................
1.2 Серіктестіктің заңды мәртебесі...................................................................
1.3 Серіктестіктің қатысушыларының міндеттері мен құқықтары.................
1.4 Серіктестіктің жарғылық капиталы.............................................................
1.5 Серіктестіктің қызметінің мақсаты мен түрлері.........................................
1.6 Серіктестіктің құқықтары.............................................................................
1.7 Серіктестікті басқару.....................................................................................
1.8 Серіктестіктің еңбек ұжымы........................................................................
1.9 Есеп беру мерзімі мен қаржы есебі............................................................
1.10 Серіктестігінің қызметі туралы құжаттар................................................
2. Қаржылық есеп
2.1 Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі..................................................
2.2 Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі...........
2.3 Негізгі құралдарды жалға алудың есебі
2.4 Негізгі құралдарды жөңдеу есебі...................................................
2.5 Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдау.................................
3.Қаржылық есепті талдау
3.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...............
3.2 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау...............................................
3.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау...............................................
3.4 Кәсіпорынның табыстылығын талдау.....................................................
3.5 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру
4.Кәсіпорын экономикасы
4.1 Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау....................................
4.2 Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау ...............................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................

Файлы: 1 файл

Отчет по практике.docx

— 1.66 Мб (Скачать файл)

Инфляция (ақшаның құнсыздануы) жағдайында негізгі құралдарды қайта бағалау негізгі құрал-жабдықтарды бағалауды реттеу мақсатын және де өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнындағы амортизация үлесін реттеуді көздейді.

Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалауды өткізу үшін мүліктік түгелдеудегідей комиссия құрылады. Негізгі құралдарды қайта бағалауды өткізердің алдында мүліктік түгелдеу жүреді. Негізгі құраларды қайта бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы) құны негізгі мәлімет болып табылады. Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне және жұмыс істеу жүйесіне қарамастан   барлық кәсіпорындарда жылына бір рет негізгі құралдардың жыл басындағы күйі бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз меншігінде және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал-жабдықтарға жүргізіледі. Сондай-ақ әлі орнатылмаған, қоймадагы құрал-жабдық, бітпеген күрделі құрылыс та қайта бағаланады. Қайта бағалау өнеркәсіптік өнімді шығарушы кәсіпорындардың көтерме бағасына белгіленген салалық индекстер бойынша негізгі құралдардың құнын өсіру коэффиценттері бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсыруы бойынша коэффиценттерді Статистика Агенттігі тағайындайды.

Негізгі құралдарды түгендеу.

Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің  деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету  мақсатында шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде бір рет мүліктермен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді.Бухгалтерлік есептің 24 «Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын стандартқа сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өз бетінше жүйелі түрде түгендеу жұмысын жүргізіп отыруды көздейді.

Негізгі құралдар түгендеудің негізгі  міндеті болып табылатындар:

Есепте тіркелмегенобъектілерді  қоса алғанда, негізгі құралдар нақты  қолда барын анықтау;

Нақты қолда барын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру арқылы негізгі құралдар сақталуын бақылау;

Жиынтығы бұзылған және куйреудің,тозудың  және басқа себептердің салдарынан бұдан әрі пайдалануға жарамсызнегізгі  құралдар объектілерін анықтау;

Машиналарды,механнизмдерді,жабдықтарды,көлік  құралдарын және негізгі құралдар басқа  объектілерін ұстау және пайдалану  тәртіптерін сақтауды тексеру;

Түгендеуді:

Жылдық бухгалтерлік есептемені жасамас  бұрын,бірақ есепті жылдың бірінші  қарашасынан кешіктерместен,

Кәсіпорын мүлкін жалға бергенде,өтемін төлеп алғанда, сатқанда, сондай-ақ шаруашылық субъектісі жүргізген кезде  түгендейді;

Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды  жасау алдында,жылына ең аз дегенде 1рет қараша айында жүргізеді. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын  объектілерді 3 жылда 1 рет; өнім беретін  және жұмысқа пайдаланатын малды  тоқсан сайын және жылдық есепті жасау  алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгендеу жүргізіледі.

            2.3. Негізгі құралдарды жалға алудың есебі


Шаруашылық жасаушы субъект  үшін өзінің қаражылық жағдайын және төлем қабілеттілерден негізгі  құрал объектілерін уақытша пайдалануға,яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.

Жалға жасалатын келісім-шартта: жалға  берілетін мүліктің құралы мен құны; жол ақысының мөлшері; жалдық мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарт және қалпына келтіру бойынша  тараптардың міндеттері; жол ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі  және басқа қарастырылады.

Негізінен алғанда , жалға алу нысаны оның мәнін белгілейді, демек, жалға  алу нысаны мен жал бойынша  жасалған келісім-шарттың жағдайы  есепке көрсетілетін  операцияға да әсер етеді.

Жалгерлік есеп №7-ші «Жалгерлік есеп»  деп аталатын бухгалтерлік есептің  стандартымен ұйымдастырып ретеледі және сонымен жол мерзіміне байланысты қаржылық және ағымдағы болып бөлінеді.

Жал келісім-шарты қол қойылған күннен бастау алады.

Жал мерзімі- көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшеленеді және  сол жалға алынған мүлік келісім-шартпен ресімделеді, сондай-ақ кез келген келесі кезеңге оның ақысы төленіп немесе төленбей-ақ ұзартылуы мүмкін.

Ағымдағы деп - қаржыландырылатын  жалгерліктен басқа кез келген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте  жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік  мерзімінің боцында жүйелі түрде  әрбір есеп алушының мүлікті тек  уақытша иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі құрал  жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісілі субшоттарында, яғни негізгі  құралдардың құрамында көрініс  табады.

Алынуға жататын жал ақысы келісілген келісім-шартқа сәйкес 1430-«Басқа да»  шоттың дебетінде және 3280,705 (жалға  субъектінің негізгі қызметі  болса шоттарының кредитінде көрініс  табады.

7210 егер де негізгі құрал жалпы  шаруашылық қажеттілігі үшін  пайдаланылса 3210 шоттың  кредитінде  көрініс табады.

Қаржыландырылатын жал өз мәні бойынша  жалға алушының есебінен ұзақ мерзімге алынатын несиелеудің нысаны болып  табылады.

 Қаржыландырылатын жал-мүлікке  меншіктік құқымен байланысты, жалға  берушінің алжасымен қоса, онымен  байланысты болатын тәуелділіктің  де үлкен бір бөлігін жалға  алушы өз жауапкершілігіне алады.

Қаржылық лизинг - бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға алу, онда уақытша  пайдалануға берілген мүліктің мерзімі  шамамен мүліктің амартизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын  болады.

Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлуі мүмкін. Ішкі лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да ҚР-ның резиденті болып табылады. Халықаралық лизинг, негізінен ҚР-ның резиденттері емес тұлғалары жүзеге асырады.

 Жалға  берушіде

1. Бұрын пайдалануда болған негізгі  құралдарды жалға берген кезде 

Дт 7410  Кт 2412-2416

2. Есептелген жалдау процентінің  сомасына 

Дт 2940  Кт 4420

3. Есепті кезең басталған кезде  жалдық % кіріс ретінде есептен  шығарылады Дт 4420   Кт 6110

4. Жалгерден жалдау ақысы келіп  түсті:

а) амортизация бөлігінде 

Дт 1010,1020,1050,1060. Кт 1430

б) жалдық  % бөлігінде 

Дт 1010,1020,1050,1060   Кт1270

Жалгердің есебінде мынандай бухгалтерлік жазбалар жасалады:

Жалдау мерзімінің  соңында негізгі құралдар өтемін төлеу былайша көрсетіледі: жалға берушінің шоты бойынша өтемін төлеп қайтарылмаса

Дт 2412-12116  Кт 3310

Егер негізгі құралдар жалдау мерзімі аяқталғанға дейін қайтарылса, онда:

Есептелген тозудың сомасына:

Дт 2421-2428/2   Кт2412-2416/2.               

  Негізгі құралдарды есептен шығару.

Негізгі құралдарды есептен шығарған кезде «Негізгі құралдардың есептен  шығару актісі» толтырылады. Актіні субьектінің басшысы тағайындаған комиссия немесе соған уәкілетті  адам екі дана етіп тағайындайды. Актінің 1-данасы бухгалтерияға беріледі,екіншісі негізгі құрал-жабдықтардың сақталуына жауапты тұлғада болады және ол есептен  шығарғаннан кейін қалған қосалқы  бөлшектерді, материалдарды, металл сынықтарын және басқаларын қоймаға өткізуге негіз  болып табылады.

Есептен шығаруға жұмсалған, сондай-ақ жоюдан және үйлерді, ғимараттарды бұзғаннан, құрал-жабдықтарды бөлшектегеннен түскен материалдық құндылықтардың бағасы актінің «Объектіні есептен  шығару нәтижелерінің есебі»деген  бөлімінде қарастырылады.  Жылжымайтын  мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісінің баланстық құнын тану мынадай  жағдайда міндетті түрде тоқтатылуға  тиіс,шығып қалғаннан кейін, не оны  пайдаланудан немесе шығып қалуынан болашақ экономикалық пайдалар күтілмесе. 
        Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісін танудың тоқтатылуына байланысты туындайтын пайда немесе залал ондай объектіні тану тоқтатылған жағдайда міндетті түрде пайдаға немесе залалға қосылуға тиіс (егер 17 IAS кері жалдап сату кезінде өзгеше талап етпесе). Пайданы кіріс ретінде сыныптауға тиым салынады.

Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар  объектісінің шығып қалуы әр түрлі  жолдармен жасалуы мүмкін (мысалы, сату, қаржылық жалдау шартын жасау  немесе сыйға тарту жолымен). Ондай  активтің шығып қалған күнді анықтау  үшін ұйым тауарлар сатудан түскен кірісті тануға арналған 18-«Табыс»  IAS Халықаралық стандартының өлшемдерін қолданады. 17 IAS кері жалдап сату жолымен істен шығаруға қолданылады.

Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар  объектісін танудың тоқтатылуына байланысты туындаған пайда немесе залал, шығып  қалудан болған таза түсімдер (егер ондайлар бар болса) мен осы объектінің баланстық құны арасындағы айырма ретінде  міндетті түрде анықталуға тиіс. 
        Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі шығып қалғаннан кейін алуға ыңғайласпа беру бастапқыда оның әділ құны бойынша көрсетіледі. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар объектісі үшін ақы төлеуді кейінге қалдырған ретте алынған ыңғайласпа беру бастапқыда объектінің ақшалай қаражаттар баламасындағы бағамен көрсетіледі. Ыңғайласпа берудің атаулы сомасы мен ақшалай түрдегі баға баламасының арасындағы айырма, алуға өтемнің тиімді кірістілігі ескеріліп, 18 IAS Халықаралық стандартына сәйкес пайыздық кіріс ретінде танылады.

Негізгі құралдарды есептен шығарудың  қабылданған тәртібін бұзған жағдайда жою нәтижесінде алынған материалдық  құндылықтарға жауапсыздықпен қарау  анықталса,онда  оған кінәлі лауазымды  адамдар белгіленген тәртіпте жауапқа  тартылады.

Негізгі құралдарды есептен шығару актісінің негізінді өндіріс  құрал-жабдықтары есептен шығарылды:

  • обектінің пайдалану кезіндегі есептелген тозу сомасы

    Дт       2423                               Кт      2413

  •  объектінің баланстық құнына

   Дт          7410                              Кт        2413

Шаруашылықты жүргізуші субьект  қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өзіне  тиісті үйлер мен ғимараттарды, құрал - жабдықтарды, көлік құралдары мен  құрал - саймандарды басқа субъектілерге  беруге, айырбастауға, жалға бёруге, уақытша тегін пайдалануға беруге немесе заң актілері мен субьект  жарғысында бұл іс - әрекеттер көзделмеген  болса, оларды баланстан шығарып  тастауына болады.

          Негізгі құрал - жабдықтардың есептен шығару табиғи және моралдық (сапалық) тозуына байланысты жою қажет болғанда, құрылыс жүргізгенде, кәсіпорындарда, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жарақтандырып, кеңейткенде, негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда, табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде, баланстан тегін бергенде, сыйлағанда, шаруашылық аралық және басқа кәсіпорындарға, қоғамдық ұйымдарға бергенде сатқанда, өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.

              2.4. Негізгі құралдардың жөндеу есебі


Қ.К. Кеулімжаевтың «Бухгалтерлік  есеп теориясы және негіздері атты кітабында ұйымдардағы негізгі  құралдардың пайдалану барысында  табиғи және сапалық жағынан тозатындығы  алдыңғы бөлімдерде сөз етілді. Бүтін бөлігі яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып соның себебінен негізгі құрал істен шығуы  пайдалануға жарамсыз болып қалуы мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай немесе оны ағымдағы деп те атайды, және күрделі деп те аталатын екі түрге бөлінеді.

Жай жөндеу дегеніміз - негізгі құралдардың  тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс  үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып  табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөндеу жұмыстары жатады.

Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз алдын  ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшектерін  толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі  құралдың бастапқы құнын өсіреді. Яғни, күрделі жөнеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып активтің болашақта  табыс әкелуіне көзделеді. Жөндеу жүргізілген  негізгі құралдарды кәсіпорындағы  тағайындалған комиссия мүшелерінің  шешімімен қаьылдап алады. Ондай  негізгі құралдарды қабылдау барысында  үлгілі түрі негізгі құралдар-2-ші Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі толтырылады.

Кәсіпорындарда негізгі құралдардың  төлқұжаттарына және олардың түгендеу карточкаларына негізгі құралдарға жүргізілген жөндеуге байланыста тиісті деректер өзгертулер мен толықтыулар  жазылуы тиіс. Бұл толтырылатын актілермен басқа да құжаттар ұйымныңбухгалтериясында сақталады. Егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілетін болса, онда жоғарыда аталған негізгі құралдарды жөндеуден кейін қабылдап алу үшін толтырылатын үлгі түрі негізгі құралдар-2 Жөнделген қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдап-тапсыру актісі екі дана етіліп толтырылады да, екінші данасы негізгі құралдарға жөндеу жүргізген кәсіпорынға беріледі. Ұйымдарда негізгі құралдарда жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни кәсіпорынның өз күшімен жүргізілетін болса, ондла ол үшін жұмсалған, шыққан шығындар:

  • Аяқталмаған өндіріс
  • Тауарларды сату жөніндегі шығындар
  • Жалпы және әкімшілік шығындар

Негізгі құралдарды жөндеу үстеме шығындар деп аталатын шоттардың тиістілерінің  дебитінде, ал мына төмендегі:

 Материалдар

  • Бюджетпен есеп айырысу
  • Еншілес серіктестіктердің несиелік борышы
  • Бюджеттен тыс төлемдер бойынша есеп айырысу
  • Жабдықтаушылыр және мердігерлермен есеп айырысу
  • Басқадай несиелік борышпен есептеулер

деп аталатын шоттың тиістілерінің  кредитіне жазылады.

     Егер жөндеу жұмысын  мердігерлер жүргізген жағдайда  жөндеу құнының сомасына жоғарыда  көрсетілген шығындар шоттарының  тиістілері дебиттелініп, жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу шоты кредиттелінеді.

     Негізгі құралдарды  жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын  шығындаржы өнімнің өзіндік құнына  бірқалыпты кірістіруді, яғни  қосып отыруды қамтамасыз ету  үшін кәсіпорындар жөндеу қорын  құруларына болады.

Информация о работе Отчет по практике в ”Топаз”