Отчет по практике в ”Топаз”

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 20:02, практическая работа

Описание работы

Бұл өңдірістік есеп жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның бухгалтерлік,қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыла-ды.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
 қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
 өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
 қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
 кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
 жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Содержание работы

КІРІСПЕ............................................................................................................................................2
1. « ”ТОПАЗ” Жер қойнауын зерттеу компаниясы » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ЖАРҒЫСЫ
1.1 Жалпы ереже................................................................................................
1.2 Серіктестіктің заңды мәртебесі...................................................................
1.3 Серіктестіктің қатысушыларының міндеттері мен құқықтары.................
1.4 Серіктестіктің жарғылық капиталы.............................................................
1.5 Серіктестіктің қызметінің мақсаты мен түрлері.........................................
1.6 Серіктестіктің құқықтары.............................................................................
1.7 Серіктестікті басқару.....................................................................................
1.8 Серіктестіктің еңбек ұжымы........................................................................
1.9 Есеп беру мерзімі мен қаржы есебі............................................................
1.10 Серіктестігінің қызметі туралы құжаттар................................................
2. Қаржылық есеп
2.1 Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі..................................................
2.2 Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі...........
2.3 Негізгі құралдарды жалға алудың есебі
2.4 Негізгі құралдарды жөңдеу есебі...................................................
2.5 Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдау.................................
3.Қаржылық есепті талдау
3.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...............
3.2 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау...............................................
3.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау...............................................
3.4 Кәсіпорынның табыстылығын талдау.....................................................
3.5 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру
4.Кәсіпорын экономикасы
4.1 Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау....................................
4.2 Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау ...............................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................

Файлы: 1 файл

Отчет по практике.docx

— 1.66 Мб (Скачать файл)

Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасы-ның есепті жылы 9 485 мын теңгеге немесе 2,57%-ға кемігенін көруге болады. Бұл кәсіпорын дамуының  теріс нәтижесін сипаттайды. Алайда активтерді тал-дай отырып, олардың қалай таратылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін (іске тартылу деңгейін) анықтау қажет.                                                                                                           

 Қаражаттарды ағымдағы және ұзақ мерзім-ді активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді. Егер ағымдағы активтердің үлесі жыл басында 14,88 пунктке аз болса (42,56-57,44), жыл аяғында ол  37,2 пунктке (52,33-47,67) дейін төмендеді және 31,40%-ды құ-рады.                                                                                                                                    

Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын  кәсіпорын активтерінің іске тартылу (мо-бильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін си-паттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмыс-ты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы  жағымды өзгеріс болып табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскенді-гін көрсетеді.                                                                                       

Талдау  жүргізіп отырған кәсіпорындарда бұл  коэффициенттің деңгейі жыл басында 0,43 (157170:369250), ал жыл соңында 0,31 (112980:359765) құрады. Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш - мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенті. Ол ағым-дағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы анықталады.                                                                                                                                      

Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның салалық ерек-шіліктеріне байланысты. Өндірістік кәсіпорындарда берілген көрсеткіштің дең-гейі 0,5-тен төмен болмауы тиіс.                                                                                         

Талданып  отырған кәсіпорында бұл көрсеткіш  деңгейі жыл басында - 0,74 (157170:212080), ал жыл аяғында – 0,46 (112980:246785) құрайды. Бұл коэффи-циент деңгейі иммобильді қаражаттардың өсу қарқыны мобильді қаражаттар-дың өсу қарқынан артуының нәтижесінде кеміп отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни иммобильлді қаражаттар 1,2 есеге (246785:212080) өссе, ал екіншілері - 28,12%-ға (-44190:157170 100) азайған. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық тұрақ-тылыққа, кәсіпорын міндеттемелері кепілдендірілген түрде ағымдағы активтер-мен өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі шарттың орындалуы осы тұ-рақтылықтың белгісі болып табылады: ағымдағы және ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасы-ның коэффициентінен артық болуы керек.                                                   

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі  құралдардың нақты құны-ның (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы Негізгі құ-ралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің бар-лық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.                                               

Әрі қарай  ағымдағы активтердің құрамы мен  құрылымын талдау қажет. Кес-теде келтірілген мәліметтер кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жағымсыз динамикасын көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер-яғни ақша қа-ражаттары бір жылда 3965 мың теңгеге немесе 263,46%-ға артқан болса, ал қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар жыл соңында - 670 мың теңгені құра-ды.                                                                                                             

     Кәсіпорынның материалдық айналым қаражаттары есепті жылы 7,23%-ға төмендеді және ол жыл аяғында 53600 мың теңгені құрады. Олардың үлесі 0,75 (15,65-14,90) пунктке азайған. Бұл жағдай, материалды айналым каражаттары-ның құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқтығын көрсетеді.

 Есепті  жылы дебиторлық борыш та әжептеуір азайған. Егер оның көлемі жыл басында - 91595 мың теңгені құраса, жыл аяғында ол - 47525 мың теңгені құ-райды немесе 48,11%-ға төмендеген, ал ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 11,6 пунктке азайды (24,81-13,21).                                                                             

3.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау.

Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңыз-ды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау баланс өтімділігін талдаудан басталады.

Баланс  өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтер-дің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.

Өтімділіктің  екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші  тұжырымдама бойынша өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеті-лігі ұғынылады. Ал екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік – бұл ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы мен жылдамдығы.                                                                                                           

Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша  да, келіп түсу уақы-ты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мә-нінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілі-гін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу ке-рек.

Баланс  өтімділігін талдаудың мәні –  активтегі өтімділік дәрежесі бойынша  топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына  айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын  активтері келесідей топтарға бөлінеді:

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар жатады.

А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді актив-тер жатқызылады.

Баланс  пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының  мерзіміне байланысты топтастырылады:

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттеме-лер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көле-мінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.

Баланс  өтімділігін анықтау үшін актив  пен пассив бойынша келтірілген топ-тар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынас-тарда саналады:

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы  үш теңсіздігінің әрбір то-бы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса ба-ланс өтімді болады, кері жағдайда баланс  өтімді емес.

Жоғарыда  келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртін-ші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бо-йынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төр-тінші теңсіздікті “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономика-лық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарт-тарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының ба-рын дәлелдейді. 

 

 

 

 

 

 

«Топаз» ЖШС компаниясының мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы.

Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. Олар туралы төмен-де айтылады.

Кәсіпорынның  перспективті төлем қабілеттігін анықтау  анықтау үшін кә-сіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және да-йындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен қол-данылады.

 

Үш көрсеткіш  жиі қолданылады:

-абсолютті өтімділік коэффициенті;

-аралық өтеу (жабу) коэффициенті;

-жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүр-гізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер бойынша түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді жіне дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, соны-мен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.

 

 

3.4 Кәсіпорынның табыстылығын талдау.

Кәсіпорынның  нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономика-лық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы аб-солюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару ке-рек.

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өт-кізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шеге-рімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің  осы бабы бойын-ша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында  ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен  тауарларды өткі-зуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапа-сымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім  өткізуден түсетін табыс сомасына қоймадағы өтпеген бұйымдар қал-дықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құнды-лықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін та-быс сомасының өсуіне, екішіде - азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден түскен табыс жоспарланған тауар өндірісінен және бұйымдардың (дайын өнімдер, сатып алушының жауапты  сақталуындағы тауарлар) өтпеген  бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен  шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауар-лы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

Табыстылықтың екінші абсолютті көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өт-кізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасын-дағы айырма ретінде анықталады.

Информация о работе Отчет по практике в ”Топаз”