Отчет по практике в ”Топаз”

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 20:02, практическая работа

Описание работы

Бұл өңдірістік есеп жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның бухгалтерлік,қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыла-ды.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
 қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
 өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
 қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
 кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
 жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Содержание работы

КІРІСПЕ............................................................................................................................................2
1. « ”ТОПАЗ” Жер қойнауын зерттеу компаниясы » жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ЖАРҒЫСЫ
1.1 Жалпы ереже................................................................................................
1.2 Серіктестіктің заңды мәртебесі...................................................................
1.3 Серіктестіктің қатысушыларының міндеттері мен құқықтары.................
1.4 Серіктестіктің жарғылық капиталы.............................................................
1.5 Серіктестіктің қызметінің мақсаты мен түрлері.........................................
1.6 Серіктестіктің құқықтары.............................................................................
1.7 Серіктестікті басқару.....................................................................................
1.8 Серіктестіктің еңбек ұжымы........................................................................
1.9 Есеп беру мерзімі мен қаржы есебі............................................................
1.10 Серіктестігінің қызметі туралы құжаттар................................................
2. Қаржылық есеп
2.1 Негізгі құралдардың мәні және жіктемесі..................................................
2.2 Негізгі құралдардың бағалау, қайта бағалау және түгендеу есебі...........
2.3 Негізгі құралдарды жалға алудың есебі
2.4 Негізгі құралдарды жөңдеу есебі...................................................
2.5 Негізгі қорлардың пайдаланылуын талдау.................................
3.Қаржылық есепті талдау
3.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты...............
3.2 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау...............................................
3.3 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау...............................................
3.4 Кәсіпорынның табыстылығын талдау.....................................................
3.5 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру
4.Кәсіпорын экономикасы
4.1 Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау....................................
4.2 Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау ...............................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................

Файлы: 1 файл

Отчет по практике.docx

— 1.66 Мб (Скачать файл)

Жалпы табысқа  әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондық-тан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.

Көптеген  кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша талдаумен айналы-сатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлім-шелері болады.

Шаруашылық  жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыс-тың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды тө-мендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қай та өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – таза табыс.

«Топаз» ЖШС компаниясы қызметінің нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер.

Көрсеткіштер 

Жыл соңы жжжжжжжжылжыл

Жыл басы

Өзгеріс

Сатудан түскен түсім

377 085

364 805

+12 280

Өзіндік құн

376 690

356 350

+20 340

Жалпы табыс

395

8 455

-8 060

Таза табыс (шығын)

-1 065

-2 025

+960


 

Сатудан түскен түсімнің алдыңғы жылмен салыстарғанда 3,4%-ға, яғни 12280 мың теңгеге өскеніне қарамастан, кәсіпорынның жалпы табысы 95%-ға немесе 8060 мың теңгеге азайған. Сонымен қатар кәсіпорын өткен және ағым-дағы кезеңдердегі таза табыс таппай отыр. Алайда шығын мөлшері алдыңғы жылмен салыстырғанда 960 мың теңгеге азайған және ол 1065 мың теңгені құ-рады. Жалпы табыстың азаюы рентабельділіктің төмендеуі мен өндірістік шы-ғындардың өсуін білдіреді.

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың са-лыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын-ның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және олар-ды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызме-тінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырма-лы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың фактор-лық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер.

 

 

 

 

 

 

3.5 Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру.

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі  ең алды-мен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байла-нысты.

Активтердің өтімділігі туралы мәліметтерге сүйене отырып біз айналым ак-тивтерінің меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыруының төмендегенін кө-ре аламыз. Бұл өз алдына кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуде, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу кезінде кәсіпорын проблемаға тап болады.

Осылайша  кәсіпорынның өз жабдықтаушылары мен  кредиторлар алдындағы қысқа  мерзімді міндеттемелерін уақытында  өтеу мүмкіншілігі төмендейді.

М.А.Федотов  өзінің “Кәсіпорынның табысын талдау”  атты еңбегінде өтімді-лікті арттырудың келесі әдістерін ұсынады:

а)жарғылық капиталды арттыру;

ә)ұзақ мерзімді заемдар алу;

б)міндеттемелерді  қайта құрылымдау;

в)қысқа мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

г)ұзақ мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

д)активтерді қайта құрылымдау, сонымен қатар  активтердің кейбір бөлігін сату;

е)шығындар мөлшерін азайту, соның ішінде басқару  шығындарын (жұмысшы-лардың жалақысын қоса алғанда).

Мен бұл  дипломдық жұмыста активтердің  өтімділігін арттырудың келесі әдістерін ұсынамын:

1) Қысқа мерзімді  қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға  қайта құрылымдау. Бұл әрине өз алдына банктің өзінің несиелік саясатын қайта қарауына, яғни не-сие бойынша пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне алып келеді. Бірақ кәсіпорын осы іс-шаралардың нәтижесінде өзінің өтімділігінің артуына қол жеткізеді.

2) Тауарлы материалдық қорлардың мөлшерін азайта отырып, ақша қаражатта-рының көлемін арттыру. Сол арқылы активтердің абсолютті өтімділігін артты-руға қол жеткізу болады.

Бірінші әдіс  25 млн. теңгені қысқа мерзімді міндеттемелерден ұзақ мерзімді міндеттемелерге ауыстыруды қарастырады. Бұл жағдайда баланстағы “ұзақ мерзімді міндеттемелер” статьясы 0-ден 25 млн. теңгеге артады, ал “кредитор-лық борыш” 41835 мың теңгеден 16835 мың теңгеге дейін азаяды. Жүргізіліп отырған іс-шараның тиімділігін дәлелдеу үшін баланстың басқа статьялары өз-геріссіз қалады делік.

Қысқа мерзімді міндеттемелерді ұзақ мерзімді міндеттемелерге қайта құрылымдау нәтижесіндегі кәсіпорынның өтіділігі  мен төлем қабілеттілігіндегі өзгерістер.

Көрсеткіштер

Өзгеріске дейін

Өзгерістен кейін

Өзгеріс

Меншікті айналым қаражаттары

52 625

67 625

+15000

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

2,2

3,7

+1,5

Аралық өтімділік коэффициенті

0,98

1,68

+0,7

Абсолюттік өтімділік коэффициенті

0,1

0,2

+0,1


     Жалпы осы есептеулерден кейін 25 млн. теңге қысқа мерзімді міндеттеме-лерді ұзақ мерзімді міндеттемелерге қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар активтердің өтімділігін арттыратына, яғни тиімді екеніне көз жеткізуге болады.

Екінші әдіс тауарлы-материалдық қорлардың көлемін 25 млн. теңгеге азай-тып, оларды ақша қаражаттарына аударуды қарастырады. Бұл жағдайда баланстағы “ақша қаражаттары” статьясы 5470 мың теңгеден 30470 мың теңге-ге дейін артады, ал “тауарлы-материалдық қорлар” 53600 мың теңгеден 28600 мың теңгеге дейін азаяды.

Жіргізіліп  отырған іс-шаралардың тиімділігі төмендегі  8-кестеден көруге бо-лады.

Тауарлы-материалдық қорлардың көлемін азайту нәтижесіндегі кәсіпорынның өтіділігі мен төлем қабілеттілігіндегі өзгерістер.

Көрсеткіштер

Өзгеріске дейін

Өзгерістен кейін

Өзгеріс

Меншікті айналым қаражаттары

52 625

52 625

0

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

2,2

2,2

0

Аралық өтімділік коэффициенті

0,98

1,4

+0,42

Абсолюттік өтімділік коэффициенті

0,1

0,5

+0,4


 

Кестеден  көріп отырғанымыздай тауарлы-материалдық  қорлардың көлемін азайту және оларды ақша аражаттарына айналдыру тек екі көрсеткіштің, яғни аралық және абсолюттік өтімділік коэффициенттерінің өсуіне әкеледі.

Екі әдісті бірге пайдалану кезіндегі кәсіпорын  өтімділігінің артуын төменде-гі кестеден көруге болады.

 

Екі әдісті қатар пайдаланудың нәтижесіндегі кәсіпорынның өтіділігі мен төлем қабілеттілігіндегі өзгерістер.

Көрсеткіштер

Өзгеріске дейін

Өзгерістен кейін

Өзгеріс

Меншікті айналым қаражаттары

52 625

67 625

+15000

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

2,2

3,7

+1,5

Аралық өтімділік коэффициенті

0,98

2,4

+1,42

Абсолюттік өтімділік коэффициенті

0,1

0,9

+0,8


 

Кесте мәліметтерін қорытындай келе екі әдісті қатар  пайдалану кәсіпорын-ның қысқа мерзімді қарыздарды меншікті активтерімен жабу қабілетін арттыра-ды. Бұл өз алдына кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттігінің артқанын білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                4. Кәсіпорын экономикасы


   4.1  Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау

    Кәсіпорынның  негізгі қорларын және өндірістік  қуаттылығын тиімді пайдалану  оның барлық технико-экономикалық  көрсеткіштерінің жақсаруына мүмкіндік  туғызады, соның ішінде өнім шығаруын  көбейтеді, өзіндік құнын, еңбек  сыйымдылығын төмендетеді және  т.б.

    Кәсіпорынның  негізгі қорларын тиімді пайдалануды  талдау өткізудің методикасы  оны қолданудың ең тиімді нұсқауды  таңдауға көзделген. Сондықтан талдаудың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады:

    1. Негізгі қорларды пайдаланудың  нұсқаулық шешімдері;

2)       Перспективаға мақсатталу;

    «Топаз» ЖШСбойынша негізгі қордың қор қайтарымы келесідей:

2006 жылы  ФОо = 56997,8/66735 = 0,854 тенге

2007 жылы  ФО1 = 152617/73855 = 2,066 тенге

2007 жылы пайдаланылған негізгі қорлардың 1 тенгесінен 2,066 тенгеге өнім көріп отырмыз.

Қор қайтарымның  өзгерісін сипаттайтын индекс:

   Iфо = ФО1/ФОо

Iфо = 2,066/0,854 = 2,4 немесе 241%

яғни, қор қайтарымдылық коэффициенті 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 2,4 есе өскен.

    Қор  қайтарым нәтижелерін салыстырғанда  базистік жылға қарағанда есептік  жылы қор қайтарым көрсеткіштері  айтарлық көтерілген. Қор қайтарым  көрсеткішінің 1,212 (2,066 – 0,854) өскенін 2 негізгі фактордың әсерінен деп түсіндіреміз, біріншіден негізгі қорлардың көлемінің өсу есебінен және екіншіден кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалануды жақсартудан.

     Қор қайтарымның өсуі дәл қай  фактордың есебінен өсетінін  анықтау үшін келесі есептемені  жүргіземіз. Бұл үшін келесі кестеде  қор қайтарымға және оның өсу  қарқынына әсер ететін негізгі  көрсеткіштердің  абсолютті өзгерулерін  көрсетеміз.

«Қор қайтарым өсімін есептеу үшін бастапқы мәліметтер»

 

Көрсеткіштер

Базистік жыл

Есептік жыл

(2007 жыл)

Абсолютті өзгеріс

мың  тг.

Өсу

коэф.

1. Өнім көлемі, мың тг.

56997,8

152617

+95619

2,8

2. Негізгі қорлардың орта жылдық құны

66735

 

73855

+7120

1,107

3. Қорқайтарым, тенге

0,854

2,066

+1,212

2,419

4. Негізгі қорлардың қорқайтарымы

1,171

0,484

-0,687

0,413


 

Есептік жылда өнім көлемі 95619 мың тенгеге  өсті, оның ішінде:

    1. Негізгі қорлар көлемінің өсуі есебінен:

ΔQ(Ф) = ФОо1 - Фо)                            (20)

   ΔQ(Ф) = 0,854 · 7120 = 6080,48 тг.

 

  1.  Негізгі қорларды тиімді қолдану есебінен:

ΔQ(Ф) = (ФО1 - ФОо) · Ф1                    (21)

ΔQ(Ф) = 1,212 · 73855 = 89512,26 тг.

 

    Осы  екі фактордың бірігу әсерінен  өндіріс өнімі 95619 мың тг. өседі.  Осы жүргізілген есептеулерден  көріп отырғанымыздай өндіріс  өнімінің өсімі негізгі қорларды  пайдалануды жақсартудың есебінен  болып отыр. Өнім шығару көлеміне  осы 2 фактордың әсер ету арақатынасы  өндіріс рентабельділігінің өсуіне  шарт болады.

    Өнімнің  қор сыйымдылығын былтырғы жылға  қарағанда 41%-ке төмендегені негізгі қорлардың салыстырмалы үнемдеу мөлшерінің бар екенін көрсетеді, ол келесіндей анықталады:

 

опф = ОПФ1 - ОПФо    

мұндағы: IBП - өндірістік өнім көлемінің индексі.

 

опф = 73855 – 66735 · 2,8 = 19936 мың тг.

 

     Кәсіпорынның негізгі қорларын  тиімді пайдалануды терең талдау  мақсатымен қорқайтарым көрсеткіші  барлық негізгі қорлар бойынша  анықталады.

.

ФО@o = 56997,8/16352 = 3,485 тенге

ФО@1 = 152617/23991 = 6,4 тенге

     Осы есептеулерден негізгі қорлардың  активті бөлігінің қорқайтарым  көрсеткішінің өсуі байқалады. 

    Бұл 2007 жылы кәсіпорын өнім өндірісі процесінде машиналар және құрал-жабдықтарды аса тиімді пайдалағаны айқындалады.

 

            

 

 

 

 4.2 Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен

                                            факторларын талдау

    Құрал-жабдықтар – бұл негізгі қорлардың үлкен бір активті бөлігі болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі прогрессивті тенденция болып саналады. Талдау процесінде өндірістік-өнеркәсіптік негізгі қорлардың активті бөлігінің ортажылдық құнының үлесін санаумен қатар кәсіпорынның машина және құрал-жабдықтармен мөлшерлі қамтылуы, олардың техникалық деңгейі анықталады.

    Құрал-жабдықтар  сәйкесінше келесі негізгі құраушыларды  кірістіреді: нақты бары, орнатылғаны  және әрекеттегісі. Нақты құрал-жабдықтарға  кәсіпорынның иелігіндегі барлық, қай жерде орналасқанына (цехтарда, складта) және қандай жағдайда  екеніне байланыссыз құрал-жабдықтар  кіреді. Орнатылған құрал-жабдықтарға  жұмысқа дайындалған және жөнделген  цехтарда орналасқан, тіпті орнатылған  құрал-жабдықтардың бір бөлігі  резервте, жоспарлық жөндеуде, концервацияда,  модернизациялауда болуы да мүмкін  құрал-жабдықтар кіреді. Әрекеттегі  құрал-жабдықтар – бұл ұзақтығына  байланыссыз есептік кезеңде  іс жүзінде жұмыс жасайтын  құрал-жабдықтар.

Информация о работе Отчет по практике в ”Топаз”