Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 20:24, реферат
Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени астарында.
Мақсаты:Қазақ әдет – ғұрыптың құқықтықтарының мәндерін, нормаларын, шығу тарихын, қылмыстық жақтарын қарастырып түсіндіру.
Міндеті: әдет –ғұрыптың тарихы, нормалары, қылмыс пен жаза түрлері, қазақ заңдар жинағы туралы зерттеу жасап толық сипаттама беру.
Кіріспе
1
Қазақ әдет-ғұрыптың құқықтары туралы жалпы сипаттама
4
1.1
Қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарының қалыптасу тарихы
4
1.2
Қазақ әдет-ғұрып заңдарының негізгі тармақтары және оның мәндері
9
1.3
Қазақ даласындағы құқықтық ережелер
16
2
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық-құқықтық нормалар
18
2.1
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстың түсінігі
18
2.2
Қазақ әдет-ғұрпындағы қылмыстық жаза ұғымы
23
Қорытынды
27
Әдебиеттер тізімі
29
Мазмұны
Кіріспе |
||
1 |
Қазақ әдет-ғұрыптың құқықтары туралы жалпы сипаттама |
4 |
1.1 |
Қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарының қалыптасу тарихы |
4 |
1.2 |
Қазақ әдет-ғұрып заңдарының негізгі тармақтары және оның мәндері |
9 |
1.3 |
Қазақ даласындағы құқықтық ережелер |
16 |
2 |
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық-құқықтық нормалар |
18 |
2.1 |
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстың түсінігі |
18 |
2.2 |
Қазақ әдет-ғұрпындағы қылмыстық жаза ұғымы |
23 |
Қорытынды |
27 | |
Әдебиеттер тізімі |
29 |
Кіріспе
Өзектілігі.Қылмыс әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам үшін келеңсіз құбылыс болғандықтан, оған қарсы үздіксіз күрес жүргізіліп келе жатыр. Сондықтан да қылмысқа қарсы күрестің негізгі механизмін ата-баба құқықтарынан, құқықтық мәдениеттен іздеген абзал. Қоғам үшін құқықтық сананы қалыптастырып, қылмыстың күнә, теріс әрекет екендігін бесіктегі баладан бастап бойына сіңіре білсе, болашақ қоғам үшін жағымды бетбұрыс жасау деп түсінеміз. Осы айтылғандарға байланысты қазақ әдет-ғұрып құқығының зерделенуі мен оның маңыздылығын жете түсіну әлеуметтік-құқықтық мәнділікке ие екендігі айқын бола түседі.
Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы мынадай ерекше белгілермен сипатталады:
1. Рулық, патриархалдық әдет-ғұрыптардың ұзақ сақталуынан керінетін консерватизмі.
2. Қазақ әдет-ғұрып кұқығы барымта, қанға-қан, жанға-жан, әмеңгерлік, өз бетімен сот ұйымдастыру сияқты өтпелі институттардың сақталуын қамтамасыз етті. Бұл институтгар қазақ қоғамында және оның құқықгық жүйесіңде ерекше орын алды. Қоғамдық пікір бұл институттарды айыптамады.
3. Әдет-ғұрып кұқығы бойынша
қылмыстық істер мен азаматтық
істердің арасындағы
4. Жерге жеке меншік құқығының болмауы; қоғам мүшелерінің құқықтық жағынан теңдігі қазақ аристократиясының артықшылығымен ұштастырылды.
5. Жазаның түрлері салыстырмалы түрде гуманды сипатта болды.
6. Құқықтық жүйе мен
оның нормалары демократиялық
және компромистік сипатта
Қазақтың әдет-ғұрпындағы қылмыс ұғымы ежелгі дәуірдің құқық мұрағаттарындағы қылмыстың түсінігіне жақын келеді.Қазақтың әдет-ғұрпында «қылмыстың» табиғи нысаны қоғамның тұрмыстық, рулық құрылымының күрделігімен байланысты болды. Соған байланысты қылмыс деп жәбірленушіге немесе оның туысына келтірілген материалдық және моральдық шығынды атаған.
Әдет ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұңғыш түрі. Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени астарында.
Мақсаты:Қазақ әдет – ғұрыптың құқықтықтарының мәндерін, нормаларын, шығу тарихын, қылмыстық жақтарын қарастырып түсіндіру.
Міндеті: әдет –ғұрыптың тарихы, нормалары, қылмыс пен жаза түрлері, қазақ заңдар жинағы туралы зерттеу жасап толық сипаттама беру.
Анатация:
1 Қазақ әдет-ғұрыптың
құқықтары туралы жалпы
1.1Қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарының қалыптасу тарихы
Қазақ әдет-ғұрып заңдарының жалпы мазмұнынан көне дәуірлер туралы елес береді. Евразия көшпелілерінің мемлеттілігі тарихта талай рет өрлеу, талай рет құлдырау дәуірін бастан кешті. Тарихи уақытты қабылдау циклдік жүйеге құрылғандықтан белгілі бір уақытты бір адаммен байланыстырады. Ерте дәуір сақ-ғұн кезеңіндегі тарихи уақиғалар, орта ғасырлар Жошы, Әз Жәнібек, Асан қайғы, Едіге аттарымен, бертінгі уақытта Қасым хан, Есім хан, Тәуке ханмен тікелей байланысты жүйеленеді.
Түп тамыры көне дәуірге бастайтын қазақ мемлекеттік құрлысы да, заңдары да ХVIII ғасырда Тәуке хан атымен байланыстыратыны сол себепті.
Қазақ шежіресі сақ, ғұн, ашина-түркілері өз-ара жалғасқан байланыстардан тұрады. Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат-тауарих», Әбілғазы бахадұр ханның «Түрік шежіресі» және «Оғыз нама» дастанына қарасақ, бұл заман Евразия даласында көшпелілердің империя құрған, тұтас билігі жүрген, әлем халықтарын тізе бүктірген.[1,45б].
Орталық Азия мен қазақ даласындағы халықтардың әдет-ғұрып заңдары туралы алғашқы жазба деректер ғұн дәуірінен бастау алады. Қытай жылнамаларын қарап отырып б.э.д. III – II мың жылдар бұрын Арқа мен Алтай арасында көшпелі тайпалардың тұрмыс – тіршілігі мемлекет пен құқық туралы түсініктері туралы хабар аламыз.[1,46б].
Мөде шаньюйдің баласы Лаушан-гию Қытай патшасына жазған хатында ғұндардың қолдануға жеңіл және ыңғайлы заңдары бар. Көшпелілердің заңын орындаудан бас тартқандары, өлім жазасына кесіледі, ал ұрлық, адам өлтіру сияқты қылмыстарды билердің өздері құн төлеу, немесе кек қайтару арқылы шаньюйге жеткізбей шешті. Құн орнына жылқы мен қойдан төледі. Ал енді қашқындар мен сатқындарды ешкім де өз көшінде сақтауға болмайды. Оларды құмға қарай қуады, ол жерден тірі қайту мүмкін емес.[1,49б].
Ғұн заңдарының көпшілігі қылмысқа қарсы өлім жазасын ұсынғанымен, ұрлықтың өзін кісі өлтірумен қатар қойып, өлім жазасын талап етсе де, бұл жазаның бәрінен де құн төлеу арқылы құтылу мүмкіндігін қарастырады. Қылмыс жазасы қашанда малға шағылады, – бұл да көшпелілер өміріндегі шаруашылық қауымның орнын күшейтеді. Ғұн заңдарының екінші ерекшілігі, барымтаға рұқсат берілуі. Өз ішінде қалыптасқан тәртіпке байланысты есесі кетіп бара жатқан ғұн өзінің билерімен келісіп , қарсы жақты шауып есесін қайтаруға хақылы. Ғұн заңдарынан аңғарылатын бір басты ерекшелік мемлекеттік тәртіптің күші. Әкімшілік жүйенің басты ерекшелігі әскери қосын заңы, әр адам, әр ру, әр халық өзіне арналған орынды, алатын үлесін, олжа сын алдын-ала біледі. Соғыс жағдайында, бейбіт уақытта қанша әскер шығару керек екенін, оның азығы , көлігі бәрі де алдын- ала есептелген.[1,54б],
Көне түріктің салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары көшпелілердің әлеуметтікөмірін реттейтін басты құрал есебінде қызмет жасады. Осы әдеп-ғұрыптық құқықтық қызметін атқаратын өкілдерін түріктер бектер, билер атайтын. Оларда тасқа басылған, қағазға жазылған заң болмаған сияқты. Бәрі де тұтас руханияттың құрамдас бөлігі есебінде өмір сүрді. Қарапайым өмір салты, күнделікті тіршілік заңдылығы әдет-ғұрып заңдарының өміршеңдігін қамтамасыз етті.[1,57б].
Түріктің тұрмыс-тіршілігі киіз үйлерде, шатырларда өмір сүрді, шөптің шығымына, суға қарай көшіп қонып жүрді, мал шаруашылығымен, аң аулаумен айналысты, жейтіні ет, ішетіні қымыз, теріден, жүннен жасалған киімді киді. Билеушісін таққа отырғызарда ең жақын бектері киізге отырғызып, күннің бағытымен тоғыз рет айналды. Қару-жарақтары мүйізден жасалған жақ пен ысқырғыш жебе қолданады, сауыт-сайман, найза-сүнгі, қылыш-қанжар бар, ал туларының сабына алтын басты қасқыр орнатыды. Ат үстінде садақпен дәл тигізіп атады, табиғаты қатал, аяусыз. Керек болған жағдайда адам, жылқы санын, алым-салық пен малға байланысты ағашқа кертік жасап санайды. Қағаздың орындаған бұйрық райын алтын басты садақ жебесі, балауыз белгімен қоса атқарады. Олардың қылмыс заңдары бойынша: адам өлімі, ханға қарсылық, қарсы жауға өту, бөтеннің әйелінің қойнына бару,тұсаулы тұрған атты ұрлау өлім жазасына кесіледі. Төбелесте болған жазым үшін құн төледі.Көзін шығарса кінәлі жақ қыз береді, қызы жоқ болса әйелінің жасауын берді. Дененің бір жеріне зақым келтірсе айыпқа ат төледі, басқа бір затты ұрлаған адам, ұрланған дүниенің құнын он есе айып төледі. Өлген адамның мәйітін шатырға сақтайды. Ұлдары, немерелері,екі жақтың туысқандары жылқы мен қой сойып, оны шатырдың алдына жайып тастайды құрбандық деп, өздері атқа мініп шатырды жеті рет айналады, осыдан кейін шатырға кірерде беттерін пышақпен жаралап, дауыс салады, қан мен жас қатар ағады. Осылай жеті рет жасайды да аяқтайды.[1,63б].
Белгіленген күні марқұмның мінген атын, тіршілікте қолданған заттарын мәйітпен бірге жағып жібереді, күлін жинап жылдың келісілген мерзімінде бейітке көмеді.
Қытайдың Хань әулетінің тарихында , түркілердің құқықтық көзқарастарын толықтыра түседі. Көтеріліс, сатқындық, адам өлімі, өзгенің әйелімен болған ойнас сияқты қылмысқа өлім жазасы кесілді. Көзін шығарса – қызын береді қызы жоқ болса әйелінің жасауын береді денесінің бір жеріне зақым келсе жылқымен төлейді, жылқы немесе басқа бір зат ұрлағаны үшін оның өз құнынан он есе артық қылып қайтарады. Міне, қазақ билігі немесе «Жеті жарғы» аталатын жолдын түп-тамыры осындай тереңде жатыр.
Н.Я.Бичуриннің аудармасында көне түріктің заң негіздері берілген, олар: Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын; Түрік жұртының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын; Қағанат ішінде жазықсыз кісі өлтірген кісілер өлім жазасына бұйырылсын; Өзге біреудің әйелімен зинақорлық жасап, ақ некені бұзған адамға өлім жазасы бұйырылсын; Өреде тұрған атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын; Төбелесте мертігудің түріне қарай мүлік түрінде құн төленсін; Ұрланған жылқы және өзге де құнды мүлік үшін ұрыдан он есе артық айып төлеттірілсін.[1,64б].
Өзіміздің тегімізді шын мәнінде түрік халқынан деп есептесек, мемлекетімізді бір кездегі Түрік қағанатының жұртында шаңырақ көтерген, соның мемлекеттік құрылымын мұра тұтқан далалық көп хандықтарды санайтын болсақ, «Қасым хан, Есім хан, Тәуке хандарымыздың да шығарған заңдарын сол түрік дәуірінде қалыптасқан заң-тәртіптік, жетіліп дамытылған табиғи жалғасы дей аламыз» дейді Қ. Салғараұлы /5/. Бірі ,ҮІ ғасырдың екінші жартысының басында, келесісі қазақ хандарының тұсында ХҮІ-ХҮІІІ ғ.б.өмірге келген көшпелілердің саяси-құқықтық заңдарының бізге жеткен нұсқалары осындай. Мұнда олардың түпнұсқалық қалпын қаншалықты сақтағаны да бізге беймәлім. Халық жадында сақталып, ауыздан-ауызға көшкенде ұмытылу салдарынан түсіп қалатын,уақыт талабына сай жүре келе енетін өзгерістердің сыртында,сол заңды тудырушының ана тілінде емес, басқа тілдер арқылы қағазға түсіп,бізге жетіп отыр.[1,82б].
Ғұн дәуіріндегі заңда үрейлі өлім жазасы басым. Қоғамдық формацияның рулық, тайпалық кезеңінде бірлікті сақтап, ел басқаруды қамтамасыз ету үшін аяушылығы жоқ қатаң жаза қолдану өмір қажеттілігінен туған. Кейіннен қоғамның дамуының, ондағы ойлау сана-сезімнің жетілуінің, ел басқарудағы мемлекеттік жүйенің қалыптасуының кезеңдік сатыларында бұрынғы қатаң жазалар уақыт талабына сай бірте-бірте жеңілдетіліп, жазаның басқа түрімен ауыстырылып отырған, соған қоса жаңа баптар да қосылып отырған.
Жалпы бұл заңдарды салыстыра зерттеп білу арқылы өз дәрежесіне қарай қазақ халқының этникалық тұрмыс-тіршілігімен санасу және шаруашылық-мәдени жағдайын ескеру және елдің географиялық орналасу ерекшелігіне орай жасалған мемлекеттік саяси-құқықтық заңы.[1,85б].
Мемлекет және құқық туралы Евразия көшпелілерінің өмірінде іргелі өзгерістерді Шыңғыс хан заманы енгізді. Бірақ зерттеушілер Шыңғыс ханның көшпелілерге енгізген тәртібі өзіне дейінгі дәстүрге сүйеніп жасалғанын ескереді. Шыңғыс ханның «Яса», немесе «Жасақ» заңдарының мәтіні толықтай жиналған жоқ, дегенімен араб-парсы тарихшыларынан еңбектерінде моңғолдардың, өзінде жазу-сызу болмағандықтан, балаларын сауаттылыққа үйренсін деген мақсатпен ұйғырдың ұстаздарын алдырғандығы туралы мәліметтерді келтіреді. «Жасақ» бойынша мемлекет басшысының әр түрлі жарлықтары хатқа түсіріліп және әр түрлі құрылтай кезінде әсіресе бір жорық жасарда, көрші елдерді бағындырарда басшылыққа алынды. Шыңғысханның заңдары мен қаулылары орамалдарға тұмар жазылып, «Ясаны» терең білетін неғұрлым беделді ханзадаларда сақталған. Моңғолдың заңы түп-нұсқада сақталмаған, ол үзінділер мен мазмұны қысқаша баяндамалар түрінде ғана белгілі.[1,89б].
Мемлекеттік құрлысты нығайту үшін Шыңғыс хан түркі дәуірінен қалған әскери-әкімшілік жүйе ондықты пайдаланды. Ол үшін әр он адамның ішінен ондық басшы, сайлатып, оны жүздің ішіне, жүздің мыңның ішіне мыңдық еңгізді. Он мыңдықты түркі дәстүрімен түмен атады. Әр адам өз ондығына жауап беретін ,олардың ішінен бір адам қашса, қылмыс істесе қалған тоғызы жауап беретін болды .[1,91б].
Информация о работе Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық-құқықтық нормалар