Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 20:24, реферат
Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени астарында.
Мақсаты:Қазақ әдет – ғұрыптың құқықтықтарының мәндерін, нормаларын, шығу тарихын, қылмыстық жақтарын қарастырып түсіндіру.
Міндеті: әдет –ғұрыптың тарихы, нормалары, қылмыс пен жаза түрлері, қазақ заңдар жинағы туралы зерттеу жасап толық сипаттама беру.
Кіріспе
1
Қазақ әдет-ғұрыптың құқықтары туралы жалпы сипаттама
4
1.1
Қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарының қалыптасу тарихы
4
1.2
Қазақ әдет-ғұрып заңдарының негізгі тармақтары және оның мәндері
9
1.3
Қазақ даласындағы құқықтық ережелер
16
2
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық-құқықтық нормалар
18
2.1
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстың түсінігі
18
2.2
Қазақ әдет-ғұрпындағы қылмыстық жаза ұғымы
23
Қорытынды
27
Әдебиеттер тізімі
29
Жерді жеке меншікке бёру Бөкей ордасында (1801 жылы құрылған) болды. Мұнда ханның жарлыгымен оның туыстары мен ірі феодалдарға үлкен мөлшерде жер таратылды.
Адат бойынша жерді сату, сыйға беру, мұраға қалдыру туралы құқықгар ешкімге берілмеді. Жер бүкіл қазақ халқының байлығы деп есептелді.
Жер мен қатар жолдар, өзендер, таулар, аң және балық аулайтын мекендер де қоғамдық меншік болып есептелді.
Жерден табылған қазына-байлық оны кім тапса, соның меншігі болып табылады. Қазақ даласында ескі обалардан қазына байлық іздеген оқиғалар көп болған.[4,71б].
Міндеткерлік құқықтар.
Қазақ қоғамында келісім-шарттар ауызша жүргізілді. Келісім-шарт жүргізудің өз шарты болды. Келісім шарт жасау уәде беру, ант беру, куәлердің алдында келісім жасау т.б. жолдар арқылы жасалды. Келісім уәдесін орындамағандар сенімсіз адамдар ретінде қоғамдық пікір арқылы айыпталатын.
Малды қарызға алған кезде қарызға алушының туыстарының бірі ол үшін кепілдік береді. Қарызға алушы қарызын өтей алмағанда кепіл болған адам өтейді. Қарыздың мерзімі өзара келісім арқылы анықталады. Ол көбіне осы кұзден келер күзге немесе көктемнен көктемге дейін жасалатын. Мұндай келісімдер екі не одан көп куәлар алдында жасалды.[4,93б].
Мүліктік және жеке міндеттерді тек ер адамдар ала алды. Қарызға алған малдың өтемі төлімен қоса қайтарылатын. Адат бойынша карыз егесі міндетін өтей алмаған жағдайда оның қарызын туыстары немесе сол рудың, ауылдың адамдары қайтаруга тиіс болды.
Келісім-шарттың ерекше түрі — айырбас. Айырбас затгарды қолма-қол ауыстырғанда жасалды. Айырбас немесе сауда жағдайында өлшем бірлігі ретінде мал есептелді. XIX ғасырға дейін ақша өлшем бірлігі ретінде пайдаланылмады.[4,96б].
Сауын. Келісімнің ерекше түрі. Ауқатты адамдар кедей руластарына сүтін сауып пайдалану үшін уақытша мал берген. Сауын бие немесе сиыр ретінде берілді. Алғашында сауын беру руластардың бір-біріне өзара көмегі ретінде есептелді. Кейінірек сауын кедей қоғам мүшелерін ауқатты адамдарға тәуелді етудің әдісі ретінде қолданылды. Көшпелі өмірдің және рулық қатынастардың ерек-шеліктеріне қарай туындаған аманат-мал, жылу жинау, жұртшылық, асар жасау, соғым беру және сыбаға тарту, түрлі сый-сияпаттар жасау сияқты міндетті сипат алған әдет-ғұрыптар болды.
Аманат-малды бай мал иелері кедейленген туыстарына аманат ретінде пайдалануға берді.
Жылу жинау. Жұтқа ұшыраған немесе стихиялық апатқа ұшыраған қоғам мүшелеріне руластарының, ауылдастарының мал немесе мүлікгей беретін жәрдемі. Жылу мүлкі қарыз болып есептелмеген.
Жұртшылық карызға батқан, қарызын төлей алмай қалған қоғам мүшесіне руластары және туыстары тарапынан малдай немесе мүліктей беретін жәрдемі. Мұндай жағдай әркімнің басына түсуі мүмкін болғандықган көпшілік оған толықтай қатысатын.[4,101б].
Асар жасау әдет-ғұрпы қоғам мүшелерінің бір-біріне жәрдем беру мақсатында жасалған. Асар шөп шабу, құдық, арық қазу, жол салу, қыстау үйлерін тұрғызу сияқгы үлкен жүмыстарды ұйымдастырғанда жасалады.
Соғым беру. Қатардағы қазақтар күздің соңы қысқа карай сүлтандарға, билер мен басқа да атқамінерлерге сойыс малын немесе мал етін беретін. Соғымды хан сұлтандарға беру міндетті болған. Кедей адамдар соғымға мал етінің бір бөлегін де беретін. Соғым арқылы хан, сұлтандардың қысқы азығы даярланатын.[4,109б].
Сыбаға тарту. Бір-екі асым ет ретінде хан, сұлтан билерге берілетін тарту. Сыбағаны казақтар құда-жекжат сияқты басқа да жақын адамдарына беретін. Сыбағаны үйге қонақ етіп беруге де болады.Қүрметке ие болған қазақтар үшін өздеріне сыйлаған сыйлықтан бас тарту жөнсіз әрекет болған.[4,111б].
Отбасы-неке құқығы.
Отбасы-неке әдет-ғұрып құқығы тереңірек зертгелген сала. Қазақ қоғамының негізі ру болса, рудың негізі отбасы болды. Отбасының басшысы ер адам болды. Казақтардың үлкен отбасы әкенің, балалардың, тәуелді жақын туыстардың, малшылар мен құлдардың отбасынан түрды. Бай феодалдардың әр әйелі бір отау, кейде ауыл болып тұрды. Мұндай жағдайда бірнеше ауылдар отбасылық-ауылдық қауымды құрды.
Отбасы басшысы ер адам адат бойынша артықшылық құқықпен пайдаланды. Отбасының әйел мүшелерінің кұқығы шектеулі еді. Ер адам отбасы мүлкінің иегері болып танылды әрі отбасы тірлігі үшін жауап берді. Ол басқа отбасы мүшелерін жазаға тарта алды. Бірақ әке баласына беретін еншіден, қызына беретін жасаудан бас тарта алмады. Ұлына енші, қызына жасау беру әкенің міндеті әрі парызы болды. Мұның өзі адаттың әрбір отбасы мүшесінің құқығын қорғағандығын көрсетеді.[4,116б].
Мұрагерлік құқығы.
Мұраға қалдыру жазба және ауызша өсиет тұрінде жасалды. Ауызша өсиет болғанда куәлер катыскан. Әдет-ғүрып қүқығы бойынша әке мүрасына иелік ететіндер оның балалары, әйелдері, аға-інілері, жақын туыстары болды.
Мұра ретінде мал, қыстау, үй-жай, ақша және жесір калып отырған.Ер адам қартайып өлгенде, оның ұл-қыздары үйленіп, бөлініп кетсе оның мал мүлкіне енші алмаған кенже баласы ие болады.Әке жастай өліп, артында жас балалары мен жас әйелі қалса, әменгерлік әдет бойынша өлген адамның жақын туыстарының бірі оның әйеліне үйленіп балаларын қамқорлығына алады да мал-мүлкіне заңды түрде иелік етеді.
Адат әке мұрасын әділ бөлуге, осы негізде балалар мен туыстар арасында алауыздық тумауға ерекше көңіл бөлген. Мұраны бөлу адатты басшылыққа альш, әрбір нақгы жағдайда қайтыс болған адамның, туыстарының, ел ақсақалдарының араласуымен жүзеге асып отырған.
Мұрагерлік қүқық қыздардың қүқығын қорғап отырған. Мұра бөлудің мынандай тәртібі туралы деректер бар: мұраның сегізден бір бөлігі жесірге тиесілі; он екіден бір бөлігі қайтыс болғанның әкесіне тиесілі; он екіден бір бөлігі әкенің барлық әйелдеріне тиесілі. Мұраның қалған бөлігі ұлдары мен қыздары арасында бөлінеді. Ұлдың үлесі қыздан екі есе артық болады.[4,120б].
Қылмыстық әдет-ғұрып құқығы.
Адат бойынша қылмыстық істер мен азаматтық кұқық бұзушылықтың арасы ерекше бөлінбеді. Қылмысты казақтар "жаман іс", "жаман сөз" деп те атады. "Айыпкер" ретінде тек қылмыс істеген адам ғана емес, оның туыстары, руы да есептелді. Сондықтан қазақтар арасында бір адамның қылмысы үшін бүкіл рудың, туыстарының үжымдық жауапкершілігі қарастырылды.
Саяси, қоғамға қарсы қылмыстар туралы ұгымдар болмағанымен, ханға, сұлтандарға қарсы қылмыстық әрекеттер катаң жазаланды. "Жеті жарғыда" сұлтандар мен қожаларға қарсы қылмыстар ерекше жазаланып, оларға төленетін құн жай адамдардан жеті есе артық болды. Билерге қарсы қылмыстарды да қатаң жазалайтьш нормалар пайда болды.
Адат қасақана жасаған, абайсызда жасаған қылмысты терең айырмады. Мұның себебі қандай да болмасын қылмыстың орнын құн төлеу арқылы материалдық жағынан толтыруға байланысты болса керек. Қасақана және абайсызда жасалған әрекеттер XVIII-XIX ғасырларда тереңдеп айырыла бастады.[4,123б].
Сот және сот ісін жүргізу.
Қазақ қоғамында адат бойынша сот билігін хан, сұлтандар және билер жүргізді. Хан мен сұлтандардың қарауында аса маңызды қылмыстық және азаматтық істер жатты. Олардың қатарында барымта, руаралық, ауыларалық даулар, жер дауы, сұлтандар мен билік басындағылардың өлімі, сұлтандар арасындағы даулар болды. Аса маңызды істер билердің араласуымен жүрді және қалың көпшілік алдында өтті.[4,128б].
Қазақ хандығы дәуірінде билерді ешкім сайламаған және тағайындамаған. Билер өз білімі және тәжірибесі арқасында мойындалып, оларға билік сұрап халықгың өзі келетін.
Би өзіне келген істі қарауға міндетгі болды, қарамай тастауға құқығы болмады. Биді тандау талапкердің қолында болды.
Би сотқа жан-жақты дайындалатын. Талапкер мен жауапкер бидің алдына қамшыларын тастап, істі карауға келісім беріп отырады. Қамшы тастаудың үлкен процессуалдық маңызы болды. Одан кейін екі жақ та биден бас тарта алмайтын. Сот ашық түрде екі жақты, куәлерді тыңдау арқылы жүрді. Сотқа келмей қалған жақтың өкілін бидің зорлап алдыруға қүқығы болды.
Сотқа куәлер тартылды. Ерлі-зайьштылардың бір-бірінің көзіне шөп салғандығын дәлелдеу үшін 4 куә, қалған істерге 2 куә қажет болды. Куәлер бидің алдында ант беруі тиіс болды. Әйелдер, 15-ке толмағандар, шариғаттан хабары жоқтар, бұрын айыпты, ақыл-есі кемдер, қылмысты болғандар куә бола алмаған.[4,135б].
Куәлері болмаған күрделі істерде ант беру институты қолданылған. Антты талапкер мен жауапкер емес, олар үшін олардың беделді әрі белгілі туыстары берді. Егер айыпталушы үшін ешкім ант бермесе, ол жауапты ретінде жазаға тартылган.
Билер сотының шсшімі ауызша түрде көпшіліктің алдында жарияланатын. Сот талқылауы екі жақты "алажіпті үзу" деген дәстүрмен аяқталатын.[4,137б].
2.2 Қазақ әдет-ғұрпындағы қылмыстық жаза ұғымы
“Жаза дегеніміз
Заңда айқын көрсетілгендей қылмыстық заң алдында тұрған мәселені шешудің басты құралы барлық уақытта жаза болды. Оның тарихи жағдайларға байланысты жаза түрі, мағынасы, қолдану тәртібі өзгерсе де, мәні өзгермеді.
Ертедегі қазақтардың күнделікті өмірде кездесіп тұратын азаматтық және қылмыстық істерде кездесіп тұратын істерді шешу билерге жүктеліп тұратын болған. Бұрын қазақтардың барлық дау жанжалдарын өздерімен бірдей, өз араларында өмір сүріп, біте қайнасқан, алайда олардың мінез-құлқын әдет-ғұрпын жетік білетін билер шешіп, әрі билік шешімінде мүлде қателеспеген. Билер өздеріне жүктелген міндетті жете түсініп, ең ауыр қылмыс ұрлықтың тамырына балта шабуға, мейлінше назар салған. ?йткені халық арасындағы ақаулардың барлығы осыдан басталатын. Сондықтан да билер ұрыларды аяусыз жазалап отырды. Олардың ұрыларға шешкен билік шешімдеріне ешкімнің де араласуға хұқы жоқ еді. Билердің ұрылардың бай не атақты адаммен туыстығының ешқандай әсері болмайды. Жеті жарғының негізінде Төбе би мен Майқы билердің үлгілері, Қасым ханның қасқа жолы Есім ханның ескі жолы секілді ескі заңдар жатыр. Бұл заңның алдыңғылардан ерекшелігі сонда ол қатал кесім, өлімге тыиым салғандығы. Қанға қан жанға жан дейтін тоқтамды жеткенше жеңідетіп, құн төлеу , айып тағу сияқты жаңа жазалау түрлерін далалық құқыққа енгізуінде.[5,15б].
Жеті жарғы - көшпенді қазақ халқының Ата заңы. Ол Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол сияқты дала заңдарының заман талабына қарай өңдеп, дамытып, толықтырған билік үкім нұсқауларының жиынтығы. Жеті жарғы бойынша әрбір қылмыстық іс-әрекет жасаған адамның күнәсіне, жеке басына және т.б. жағдайларға қарап әртүрлі жаза түрлері қолданылған. Соның бір түрі айып. Осы жаза түрінің өзі жеті түрлі және оны қолдану аясы да кең болған.
Бірінші айып- қаранар беру.
Екінші айып- қара қазан төлеу.
Үшінші айып- қара мылтық ату.
Төртінші айып- қара шолақ мылтық ату.
Бесінші айып- қара кілем ұстау.
Жетінші айып- жеті бастаған тоғыз жөнелту.
Ал енді құнға келетін болсақ, оның түрлері тіптен көп. Қазақтарда ең ауыр қылмыстар қатарына:
- кісі өлтіру;
- біреудің некелі әйелін ұрлау немесе зорлау;
- бірнеше дүркін ұрлық жасау жатады.
Осы қылмыстардың ішінен кісі өлтіруді бөліп қарайық. Қазақтардың әдет –ғұрып заңдарына сүйенсек кісі өлімі тек жағын туыстары үшін ғана емес, бүкіл туыстардың, бүкіл руластардың, жүздің кегіне айналып отырғандықтан, тек осы істерге жаза тағайындау, құн кесу билерден үлкен тәжірбиелікті, парасаттылықты, ақылдылықты, әділеттілікті талап еткен. Құн мөлшері әр қылмыс үшін әр түрлі болған.[5,19б].
Сүйек құны. Оған өлген адам сүйегі үшін төленетін құн жатады. Мәселен өлген адамның сүйегі туған туысының қолына түспей жоқ болып кетсе, ол үшін айыпты екі адамның сүйегін төлеуі керек.
Өнер құны. Оған жүлде алған атақты адамның құны жатады. Жүлде алған деп жүртқа атақты ақындар мен топға түсіп бәйге алған балуандар есептеледі. Олардың құны үшін екі кісінің құны кесілуі керек. Бұл екі құнды кейде үстеме құн деп есептейді.[5,24б].
Қазақтың әдет ғұрпы бойынша күйеуі бар әйелді ойнас үстінде ұстағаны үшін ерінің сол сәтте екеуін де өлтіруге және осы қылығы үшін жазасыз қалдыруға мүмкіндігі бар. Егер әйелдің ойнас жасағанына 4 адам куә болса, оның қылмысы әшкере болды деп саналған. Ондай жағдайда күйеуінің көзіне шөп салған әйел мен оның ойнасын билер кеңесінің шешімімен өлім жазасына кесуге құқық берілген. Өзгенің әйелін келісімсіз алып қашқан адам өлім жазасына, не болмаса құн төлеуге кесілген. Егер әйел өз еркімен қашса, оны алып қашқан адам қалың малын қайтарып, үстіне қыз қосып береді.[5,32б].
Қазақ заңы бойынша қызды зорлап, арын төгу кісі өліміне тең, кінәлі кісі өлім жазасына кесіледі. Егер қыз атастырылмаған болса, зорлаушы қалың мал төлеп үйленсе, онда ол қыздың туыстарының келісімі арқылы құн төлеуден де өлім жазасынан да босатылады.
Осы мысалдар қазақтардың әдет ғұрпындағы жазалардың әртүрлілігін көрсетеді. Жаза тағайындау кезінде билердің қылмыскердің қылмысты жасауындағы іс әрекетіндегі ерекшеліктерге, кінәнің деңгейіне, жасына, дәулетіне, қылмыс әрекетінің себебіне және т.б. назар аударып отыру жазаның тиімділігіне өте әсер еткен. Билер жаза тағайындау кезінде барлық мәселелерді қамтып отырған.[5,36б].
Информация о работе Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық-құқықтық нормалар