Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық-құқықтық нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 20:24, реферат

Описание работы

Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени астарында.
Мақсаты:Қазақ әдет – ғұрыптың құқықтықтарының мәндерін, нормаларын, шығу тарихын, қылмыстық жақтарын қарастырып түсіндіру.
Міндеті: әдет –ғұрыптың тарихы, нормалары, қылмыс пен жаза түрлері, қазақ заңдар жинағы туралы зерттеу жасап толық сипаттама беру.

Содержание работы

Кіріспе

1
Қазақ әдет-ғұрыптың құқықтары туралы жалпы сипаттама
4
1.1
Қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарының қалыптасу тарихы
4
1.2
Қазақ әдет-ғұрып заңдарының негізгі тармақтары және оның мәндері
9
1.3
Қазақ даласындағы құқықтық ережелер
16
2
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық-құқықтық нормалар
18
2.1
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстың түсінігі
18
2.2
Қазақ әдет-ғұрпындағы қылмыстық жаза ұғымы
23

Қорытынды
27

Әдебиеттер тізімі
29

Файлы: 1 файл

қазақ әдет ғұрпындағы қылмыстық құқық.doc

— 203.00 Кб (Скачать файл)

Шариғат заңы бойынша да ұрыларға қатаң жаза қолданылып, қолын кескен. Мұндай ауыр жаза ұрлықтың алдын алады. Оны біз бұрынғы кезде қазақтар ұрлықтың не екенін білмегенімен, барлық дүние-мүлкі ашық тұратынынан да, қазіргі мұсылман елдеріндег ұрлық мүлдем кездеспейтінен аңғара аламыз.[2,191б].

Ата-баба жолынан таю ежелден-ақ аяусыз жазаланған. Тәуке ханның да «Жеті Жарғысында» діннен безу және христиан дініне өткендерді жазалау жайлы айтылады. Діннен безушілерді «тас боран» етіп өлтірген, ал христиан дінін қабылдағандардың барлық мал-мүлкі таланып, өздері қоғамнан қуылған. Діннен безушілікті 7 куә айғақтауы тиіс. Қазақстан Ресей қоластына қарағаннан соңғы кездерде патшалық саясат христиан дініне өткендерге әртүрлі жеңілдіктер бергені белгілі. Осыған орай, ондай саясатқа қарама- қарсы әдеттік заңдарда христиан дініне өткендерге жаза қатая түседі. ЕНді барлық мал-мүлкінен айырылуымен бір қатарда өлім жазасына да кесілетін болды. Шариғатта да діннен безушілік бұл фәниде де, Алла алдында да ең ауыр қылмыс, сол себепті өлім жазасына кесілген. Ол жазадан құн төлеп құтыла алмаған. Рас, «Құранда» дінге күштеу жоқ деп оны қабылдау, қабылдамауды әр адамның өз еркіне қалдырған. Сондықтан да діннен безушілерді «тобаға келуге» шақырған, « ата-баба жолынан ауытқымауды» талап теткен. Оған көнбегендерді мойнына құрым байлап, бетіне күйе жағып, ел-елді аралатып масқаралаған. Бұл жаза тек дінге бас имеушілерге ғана. Ал, христиан дініне өткендерге рахымсыз қарағаны хақ. Оның есесіне патшалық Ресей ондайларды өз панасына алып, қолқанаты болды. Бұл, әсіресе, 1854 жылы 14 мамырдағы билер сотын реформалауда көрінді. Ашығын айтсақ, мұндай қылмыстар қазақ қоғамында некен-саяқ еді.[2,201б].

Сонымен, қазақ әдет-ғұрып заңдарының қайнар көздеріне:

1.Ежелден қалыптасқан  Түркі тектес тайпалардан енші  алмаған дәуірлердегі әдет-ғұрып  қағида ережелерін;

2.Мұсылмандық шариғат  заңдарын;

3.Ақсақалдар Ережесі,жөн-жосық, билер кеңесі шығарған заңдарды;

4. «Қасым ханның қасқа  жолы» заңдарын;

5. «Есім ханның ескі  жолы» заңдарын;

6. «Тәуке ханның Жеті  Жарғысын» – жатқызамыз.[3,44б].

Қасым ханның қасқа жолы

Қазақ хандығы ежелден қалыптасқан дағдыға байланысты өз ерекшелігі бар, тарихи әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлардан туындаған өз қағида ережелерін өз дәуіріне сай лайықтап, жаңа қағидалар қосып,екшеп отырған. Осындай дәстүрді Қасым хан да жалғастырды. Ол хандық құрған (1511-1523) тұста халық бұқарасы мен билер тобына сүйеніп, бұрынғы заңдарға өзгерістер енгізіп, дамытып, билер кеңесінде ақылдаса отырып «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталған төмендегі заңдарды қабылдаған:

1.Мүлік заңы (бұл тарауда мал-мүлік, жер-су дауларын шешу ережелері  айқындалған)

2.Қылмыс заңы.

3.Әскери заң.

4.Елшілік жоралары.

5.Жұртшылық заңы.[3,49б].

«Есім ханның ескі жолы»

Арада бір ғасыр өткенде Есім хан (1598-1645) Қасым шығарған заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізіп, артында «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңдар қалдырған. Өкінішке орай, екі заң жобалары бізге келіп жетпеген. Әлі күнге ғылымда жасырын, құпия болып қалып отыр.

Бізге түгел болмаса да келіп жеткен Тәуке ханның «Жеті Жарғысына» тоқталып азырақ түсінік берейік.Тәуке (1678-1718) хандық құрған кезден қазақ тарихында бір тынышсыз , қилы заман болып суреттеледі. Жан-жақтан жау анталаған қиын кезеңде Тәуке үш жүздің баласын (бір жеңнен қол, бір жаңадан бас) шығартып, бір орталыққа бағындыра білді. Бұл Тәукенің парасаттылығының куәсі. Сол себепті де оны халық әз-Тәуке атаған.[3,56б].

«Жеті Жарғы» мазмұны жағынан 3 құрамнан тұрған. Біріншіден, қазақтың ежелгі әдет-ғұрып құқығы – «Қасым ханның қасқа жолына» негізделген, екіншіден, одан соңғы өзгерістер, соның ішінде «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын нормаларды қамтыған, үшіншіден, Тәуке ханның дәуіріне, жүргізген саясатына сәйкестендіріп әдет-ғұрып нормаларына өзгерістер және жаңалықтар енгізілген.[3,66б].

Ресей қоластына енген қазақтардың әдет- ғұрып заңдары үш кезеңнен өтіп, сұрыпталды деуге болады. 1-кезең – Ресей қоластына ене бастаған кезден, қазақ хандығы жойылғанға дейін, 2-сі – 1867-1868 жылдардағы реформаларға дейінгі, ал соңғы 3-ші кезең 1917 жылғы патша өкіметі құлағанға дейінгі дәуірді қамтиды.

Әлбетте, 1-ші кезеңде әлі дербес тәуелсіздігінен айырыла қоймаған қазақ қоғамындағы әдет- ғұрып толық құрсауға алына алмады. Мемлекеттік басқару жүйесінде хандық-сұлтандық басқару жүйесі қолданылды, Осы кезеңдерде Ресей қазақ әдет- ғұрып заңдарына онша тиісе қоймай, тек жинау, үйрену үстінде болды. Оны тыңшылары шенеуніктері арқылы ғана жинады. Бұл тұста Ресей қазақ әдет- ғұрпындағы « аманат» институтын өте сәтті пайдаланып, ант берген хан-сұлтан балалары мен туыстарын  міндеттеп, аманат есебінде ұстады. Патша өкіметі өз қарым-қатынасын шекаралық байланыс арқылы дамытып, сауда-саттыққа көп көңіл бөлді. Осындай аралас-құралас шекаралық аумақтарда сот билігін өз қолына алды, бақылауларын орнатты. Орыс көпестерінің мүддесін қорғап, қайшылықтарды орыс заңдарымен қарады. 1738 жылы құрылған соттық комиссия осы мақсатта құрылған болатын.[3,110б].

2-ші кезеңде хандық  билікті жойып, территориялық бөлінудің  жаңа жүйесін енгізді. Жерлерді өз бақылауына алып, өздері билеуге көшті. Осының нәтижесінде қазақ жері орыс империясы қарамағына өтіп, қазақ ьхалқы біржолата тәуелсіздігінен бүтіндей айрылды. Енді патша шенеуніктері патша саясатын пәрменді жүргізуге көшті. Осы тұста олар қазақ әдет-ғұрып заңдарының мықтылығына көздері жетіп, енді оны асықпай бөлшектеп, ыдыратуға күш салды. Сол үшін әдет-ғұрып заңдары үрдісі жиналып, зерттеле бастады . Бұл жинақтардағы нормалар Ресей тарапынан сұрыпталып, бекітіліп отырды. Осылайша жинақтап, сұрыптап отыру мәселелерімен айналысу 1823 жылы Омбыда құрылған Уақытша комитетке (Батыс Сібір генерал-губернаторы жарлығымен) тапсырылды. Олардың жұмыс нәтижесі 1876 жылы жарық көрген Самоквасовтың кітабында берілді . Алайда патшалық өкімет бұл жинақты бекіте қоймады. Оның да себеп-салдары бар еді. Ең негізгісі бұл әдеттік заңдар орыс заңдарыының өрісін тарылтып, іске асуын тежеді.[3,113б].

Ал 3-ші кезеңде Ресей империясы 1867-1868 жылдардағы жасаған реформалар нәтижесінде қазақтардың ұлттық мемлекетін жойып, өз колониясына түпкілікті айналдырған еді. Бұл кезеңде қазақ әдет-ғұрып заң нормалары бөлшектелініп, аудан-ауданға лайықтанып кіші Ережелерден тұрды. Олардың өзара үйлеспеушіліктері мен қарама-қайшы, өзара кереғар талаптары көбейе түсті. Бұл патшалық өкіметке өте қолайлы болып, бақылауын күшейте түсуге мүмкіндік берді. Билер соты деген атау өзгертіліп, халық соты аталды. Билер сайланып қойылатын болды. Сайланып қойылу өз кезегінде парақорлықты, істі әділ шешпеуді өрістетті. Осыны сәтті пайдаланған Ресей өкіметі енді өз заңдерын толық енгізе басттады. Дегенмен, қанға, дініне әбден сіңгендіктен қазақ халқы өз дәстүр-салтынан, психологиясынан, әдет-ғұрып заңдарынан қол үзбеді, қоғам ішінде оны қолдану дағдыларын доғара қоймады.[3,119б].

 

 

1.3 Қазақ даласындағы құқықтық ережелер

 

Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан. Бір сөзбен айтсақ, көшпелі қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары ұлттық болмыстың туындысы болды.[4,15б].

Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық-саяси сана мен мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал етті. Шын мәніндегі би атанған кісілер – қазақ халқының тарихында қайталанбас ерекше, біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп танығандар – шешендігі мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді.[4,18б].

Ш.Уәлиханов өзінің зерттеулерінде бидің кім екенін нақты көрсетеді: «Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану үшін қазақ халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі желдей есіп, әлейім жұртқа таралып, біріне емес, бәріне де танылған. Сөйтіп би атағы сот пен адвокаттық істегі патентке айналды да, бидің балалары заңнан тәлімі болғандықтан, әке орнына мұрагер болып қала берді»[4,21б].

Сайын даланың қай шетінде болсын, жердің шалғайлығына қарамастан, ел ішінде билердің әділ төреліктері мен аталы сөздері ауыздан-ауызға жетіп жататын. Яғни, өнер алды қызыл тіл деп білетін қазақтарда ауыз әдебиеті күшті болды, ал оның есесіне жазба мәдениеті кенжелеп дамыды. Сол сияқты қазақ қоғамының әдет-ғұрыпқа негізделген құқықтық ережелері сөз мәдениетімен тығыз байланысты болды. Сөздің күші мен құдіреті, өткірлігі мен қисыны, кеңдігі мен теңдігі әділдікке қызмет етсе қуатты күшке айналады. Қазақ халқының құқықтық жүйесі шешендік өнер мен ауыз әдебиетінің негізінде қаланды.[4,25б].

Ірі-ірі саяси тұлғалар саясаттың сахнасынан кеткенімен, тарихтың еншісіне өтеді. «Өлді деуге бола ма, артында өлмейтұғын сөз қалдырған» деп ұлы Абай атамыз жырлағандай, бақилық болған қоғамдық қайраткерлердің артындағы халқы тұрмыс-тіршілігін жасап қала беретінін ескерсек, әдебиет, өнер, ғылым, салт-дәстүр халықпен бірге ғұмыр кешеді. Ұрпақтан ұрпаққа рухани мұра болып беріледі. Қазақ елі тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап-ақ ұлттық мәдени құндылықтарын, бүкіл мәдени-рухани, құқықтық-саяси мұраларын сақтап қалуға және қайта жаңғыртуға баса назар аударуда.

Бүгінгі таңда тарихи жазба деректердің аз болуына, оның өзінде олардың өзге тілде жазылып, шетелдердің мұрағаттарында сақталғанына қарамастан, қара қылды қақ жарған, әділдіктің таразысын тең ұстаған билеріміздің шежіресін  тарқатуда зиялы қауымымыз ерен еңбек атқарып, іргелі ғылыми жұмыстар жарыққа шығуда. Кезінде Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көбеев сынды ұлы ғұламаларымыздан бастау алған билер туралы жазбаларды өз заманында А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Тынышпаев, С.Сейфуллин, Х.Досмұхамедұлы секілді Алаш қайраткерлері өрбітті. А.Левшин, В.Бартольд, С.Кляшторный, Л.Гумилев, П.Маковецкий, Л.Баллюзек және т.б. белгілі тарихшылар билердің саясаттығы, әлеуметтік мәселелердегі әділ, парасатты кесімдерін ризашылық сезіммен, құрметпен атап көрсеткен.Билердің саяси тұлғасының тарихымызда алатын орны туралы көркем әдебиетте де тартымды қарастырылған. М.Әуезов, Ә.Кекілбаев, А.Нысаналы, С.Сыматаев, Б.Адамбаев, Н.Төреқұлов, С.Негимов және басқа да сөз шеберлері қазақтың билері жайлы, олардың шешендігі, көрегендігі, батырлығы, саясаткерлігі, даналығы, дүниетанымы турасында көркем шығармаларын жазып, оларды халыққа тануда, жас ұрпаққа жеткізуде үлкен үлес қосты.[4,34б].

Кеңестік ызғарлы жылдардың өзінде Ә.Марғұлан, Е.Бекмаханов, С.Зиманов, М.Қозыбаев, Ғ.Сапарғалиев, Н.Өсеров, Ж.Қасымбаев, С.Созақбаев сияқты көптеген ғалымдарымыз билердің құқықтық-саяси қызметі туралы зерттеулерін тоталитарлық тәртіптен тайсалмай жарыққа шығарды. М.Қойгелдиев, Ж.Әлдибеков, А.Оразбаева, Б.Қуандықов сияқты қазақ билері туралы зерттеу жүргізіп жүрген басқа да ғалымдарымыз бен жас ізденушілердің тәуелсіздік жылдары жарияланған еңбектерінің ғылыми және танымдық маңызы өте зор. Сонымен қатар, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауында берілген тапсырмасымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы мәні терең әрі өз уақытында іске асырылған кешенді іс-шара болып табылады.[4,39б].

 

 

2 Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық-құқықтық нормалар.

2.1 Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстың түсінігі.

 

Қазақтардың құқықтық жүйесін әдет-ғұрып құқығы құрайды. Бұл жүйені "адат" деп атады. Адат заңдастырылған әдет-ғұрып нормалары. Бұл нормалар қазақ қоғамының барлық жақгарын реттеп отырды. "Адат" араб тілінде әдет-ғұрып деген ұғымды білдіреді."Адат" өте ерте кезден бастау алып, көптеген өзгерістермен және толықгырулармен қазақ қоғамындағы негізгі реттеуші нормалар ретінде 1917 жылға дейін өмір сүрді. Дегенмен "адаттың" күқықгық институттары ғасырлар барысында үлкен өзгерістерге ұшырамады.[4,47б].

Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы мынадай ерекше белгілермен сипатталады:

1. Рулық, патриархалдық әдет-ғұрыптардың ұзақ сақталуынан керінетін консерватизмі.

2. Қазақ әдет-ғұрып кұқығы  барымта, қанға-қан, жанға-жан, әмеңгерлік, өз бетімен сот ұйымдастыру  сияқты өтпелі институттардың  сақталуын қамтамасыз етті. Бұл  институтгар қазақ қоғамында  және оның құқықгық жүйесіңде ерекше орын алды. Қоғамдық пікір бұл институттарды айыптамады.

3. Әдет-ғұрып кұқығы бойынша  қылмыстық істер мен азаматтық  істердің арасындағы айырмашылықтарға  ерекше мән бере берілмеді.

4. Жерге жеке меншік  құқығының болмауы; қоғам мүшелерінің құқықтық жағынан теңдігі қазақ аристократиясының артықшылығымен ұштастырылды.

5. Жазаның түрлері салыстырмалы  түрде гуманды сипатта болды.

6. Құқықтық жүйе мен оның нормалары демократиялық және компромистік сипатта болды.[4,63б].

Қазақгың әдет-ғұрып құқығының бастаулары.

Қазақтың әдет-ғұрып құқығы мынадай бастаулар негізінде калыптасты:

а) әдет-ғұрыптар - адат;

б) билер сотының практикасы (сот прецеденті);

в) билер сьездерінің ережелері; г) шариғат нормалары.

Ауызша әдет-ғұрыптар ең көне заманнан, рулық қауымның қалыптасуынан бастау алады. Таптық қатынастардың күшейіп, әлеуметтік жіктелудің артуына орай ауызша әдет-гұрыптар қүқықгық сипат алып билеуші топтардың мүддесіне қызмет ете бастады.[4,68б].

Меншік кұқығы.

Қазақ қоғамында малға жеке меншік адат нормаларымен реттеліп отырды. Азаматтардың сатуға, айырбастауға, сыйлауға және мұраға қалдыра алатын мүлкінің бәрі де жеке меншік заттары болып табылды.

Жерге жеке меншік XIX ғасырға дейін болмады. Жер адат бойынша қауымның меншігі деп есептелді. Кауым ретінде негізінен рулық бірлестік танылды. Шын мәнінде қауымның немесе рудың атынан жерге, жайылымдарға билікті қауым басшысы, ру басшылары сұлтандар, билер жүргізді.

Жерге жеке меншіктің болмау себебі де көшпелі мал шаруашылығына негізделген экономикалық қатынастарда жатса керек. Орасан зор көлемдегі жайылымдарды меншік иелеріне бөлудің ешқандай мәні болуы мүмкін емес еді.Тек қыстаулар ғана XVIII ғасырда феодалдардың жеке меншігіне көше бастады.

Информация о работе Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық-құқықтық нормалар