Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық-құқықтық нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 20:24, реферат

Описание работы

Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени астарында.
Мақсаты:Қазақ әдет – ғұрыптың құқықтықтарының мәндерін, нормаларын, шығу тарихын, қылмыстық жақтарын қарастырып түсіндіру.
Міндеті: әдет –ғұрыптың тарихы, нормалары, қылмыс пен жаза түрлері, қазақ заңдар жинағы туралы зерттеу жасап толық сипаттама беру.

Содержание работы

Кіріспе

1
Қазақ әдет-ғұрыптың құқықтары туралы жалпы сипаттама
4
1.1
Қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарының қалыптасу тарихы
4
1.2
Қазақ әдет-ғұрып заңдарының негізгі тармақтары және оның мәндері
9
1.3
Қазақ даласындағы құқықтық ережелер
16
2
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық-құқықтық нормалар
18
2.1
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстың түсінігі
18
2.2
Қазақ әдет-ғұрпындағы қылмыстық жаза ұғымы
23

Қорытынды
27

Әдебиеттер тізімі
29

Файлы: 1 файл

қазақ әдет ғұрпындағы қылмыстық құқық.doc

— 203.00 Кб (Скачать файл)

Тәуке ханның «Жеті Жарғысында» қазақ қоғамының мемлекеттілік құрылымы, өкіметтің қалыптасуы, хандарды сайлау тәртібі сияқты мемлекеттік құқықтың институттары бекітілмегенімен, оның кейбір бабтары жас қазақ мемлекеттілігінің құрылымын қорғауға және оның территориялық тұтастығын, ұлттық бірлігін сақтауға бағытталғанын да айта кеткен жөн.

Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы терең және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, “малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы” деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан. Бір сөзбен айтсақ, көшпелі қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары ұлттық болмыстың туындысы болды.[5,41б].

Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, “малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы” деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан. Бір сөзбен айтсақ, көшпелі қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары ұлттық болмыстың туындысы болды.

Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық-саяси сана мен мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал етті. Шын мәніндегі би атанған кісілер – қазақ халқының тарихында қайталанбас ерекше, біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп танығандар – шешендігі мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді.[5,47б].

Қазақтың әдет-ғұрып нормаларының тағы бір артықшылығы, қолданылатын жазалардың тым қатал емес, яғни ізгіленгенінен айқын көрінеді. Сондықтан да болар, қазақ даласында түрме, абақты, бас бостандығынан айыру деген жазалау шаралары болмаған. Оның есесіне “қанға қан” ұстанымының орнына билердің ықпалымен құн төлеу институты кеңінен қолданылған. Құн төлеу негізінде кісі өлтіргені үшін немесе адамның дене мүшесіне жарақат түсіргені үшін белгілі бір мөлшерде моральдық-материалдық төлем ақы төлеу ұстанымы жатыр.[5,54б].

«Жеті Жарғыға» сай қазақ билері құқық бұзушыларға жаза белгілеуді жасаған қылмыстың ауырлығы мен қауіптілігіне байланысты жан жазасы, мал жазасы, ар жазасы деп белгілеген. Даулы істің қаралуы екі сатыға бөлінген: біріншісі, екі дауласқан жақ билердің істі қарауына дейін, өзара келісім дауды шешуге қимыл-әрекет жасайды. Әдеттік құқықта оны «Бітім», «Береке», «Салауат» деп атаған. «Бітім» – екі жақтың өзара келісімі арқылы, сөз жүзінде даудың аяқталуы. «Береке» – айырбас, немесе сатып алу туралы сөз жүзінде шарт жасау. «Салауат» – немесе кешірім, – дауласқан екі жақтың бір-біріне талап қоюдан бас тартуы, яғни кешірім беруі. Тәуке хан заманынан бастап қалыптасқан тағы бір институт – «Жүгініс» – яғни рулар арасында болған даулар мен қақтығыстарды билердің алқалық құраммен қарауы.[5,64б].

Қазақ халқы үшін әділдіктің тең таразысы бола білген билер қоғам өмірінің саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әскери-дипломатиялық салаларына тығыз араласып, ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуға үлестерін қосты. Бүгінгідей ғаламдану мен батыстық сарындағы арзанқол бұқаралық мәдениетке еліктеу заманында өзіміздің осындай асыл мұраларымызды жас ұрпаққа жеткізу, түсіндіру мен насихаттау күн тәртібінен түспейтін мәселе болып қала бермек.[5,70б].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақ құқығы, құндылықтары – бостандық, әділдікке негізделген қасиеттері «Далалық демократия» шеңберінде дамыды. Сот билігі беделінің өсуі, жоғары сатыға көтерілуі, билердің халық ілтипатына бөленуі қазақ құқығының өзіндік қырын аңғартады». Шындығында да қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесіне үлкен ғалымның бұлайша баға беруі нағыз әділдіктен туындаған тұжырым. Қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесі соншама мыңдаған жылдар өз өміршеңдігін көрсетіп, әділдік, теңдік, бостандық, заңдылық, адамгершілік идеологиясына негізделгенімен, жауыздық-тирандық қара ойлылар қазақ құқығы шашқан нұрды тұмшалап, өзгелерге жария еткізбей, қара күйе жағып, шаң-тозаңға көміп тастады. «Қанша жерде жатса да алтынның сыры кетпейді» дегендей, қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесін де тот баспады. Елінің тәуелсіздігіне ие болып, егеменді ел болғалы қайта дүр етіп, кӛктемгі бәйшешектей құлпыра түсті. Өйткені, бұл құндылықтар ұрпақтар бойына сіңірілгені сонша, оны балталап та, мәжбүрлеп те кӛкейінен шығаруға болмайды. Жақсы қасиет ешуақытта өшпейді, қайта маздай түседі. Қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесі дәл сондай қасиетке ие. Халық мүддесінен, арман-тілегінен нәр алып, бүкіл адамзат баласы ой-арманына ұласатын адамгершілік, имандылық, әділдік, теңдік принциптерін ту етіп, осыған негізделген қағида-ережелер қалыптастырған.

Әдет-ғұрып заңдары қоғамда араласпайтын жері жоқ, Ол қоғамның барлық тармақтарына кірігіп, сол шеңберде әрекет етеді. Кез келген тармағындағы құқықтық тәртіпсіздік жауапкершілікке апарып жазаға (айып, тоғыз, құн т.б.) не болмаса кешірім сұралатын рухани бишаралықпен өндіріледі. Әдет-ғұрып заңының бір ерекшелігі – түрме қапассыз-ақ тәртіпсіздікке тұсау қоя алуы, өн бойында демократиялық сипаттарының мол болуы дер едік. Сот процесі міндетті түрде жариялы түрде, жиналған көпшілік пікірімен санаса отырып, екі жақтың айғақтарына мән беру, істі ақылға салып, әділ шешу, мәмілеге келу т.б. арқылы жүргізіледі. Кез келген жасалған қылмыс аяқсыз қалдырылмайды. Қаралатын істе көпшілікке тәрбиелік бағыт беретіндей жағы қарастырылады. Әсіресе, нақақ кісі өлтіру, ұрлық, тонаушылық, бүлік шығарушылық, әйел зорлаушылық, зинақорлық, біреудің әйелін алып кетушілік міндетті түрде көпшілік алдында жауапқа тартылады.

Қазақтарда «Қылмыс-күнә», ал оны жасаушы қылмыскерлер «күнәһарлар» болып табылады. Қылмыскер жауапқа тартылуы үшін кәмелетке толған, ақыл-есі бүтін, істеген ісіне жауап бере алатын болуы шарт. Ал, екіқабат әйелдер, жындылар, кәмелетке жетпегендер, құл мен күңдер (оларды күнәсі үшін қожасы қожасы жауап береді) жауапқа тартылмаған. Міне, сөйтіп, ислам дінімен біте қайнасып, астарласып кеткен қазақтардың қылмыстық құқықтары, оның шариғат заңдары қағидаларымен өте ұқсас. «Күнәһар» деген сөз, тәртіп бұзушылық, біреуге обал жасаушылық. Оның жазасы бұл пәни дүниеде де, ол дүниеде де болатындығы. Қылмыс жасаушылар бұл дүниеде сот алдында, ол дүниеде Алла алдында жауап беруге міндетті.

Әдет-ғұрып заңдары қашан да болмасын, қоғамның өзі жаратып, өзі қалыптастырғандықтан ерекше күшке ие болады, сөзсіз орындалуға жатады. Адамдардың мінез-құлқына, дініне, санасына сіңісіп, күнделікті міндетіне айналады. Мұндай заңдарды сыртқы күш оңайлықпен өшіре де, құрыта алмайды. Қайта, саяси билеуші өз органдары арқылы бұл қағида-ережелерді қуаттап, күш беріп отыруға дейін алып келеді. Өйткені бұл әдет-ғұрып заңдарын қоғам мүшелері өздері ұнатып қабылдаған, ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тек тиімді жақтарымен ғана көрінген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1 Кенжәлиев З. «Көшпелі  қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет» Алматы 1997жыл- 280б

2 Қозыбаев М.Қ «Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)» Алматы 1996жыл – 240б

3 Өсерұлы Н  «Қазақстанның саяси және құқықтық ой тарихы» Алматы 2004 жыл – 143 б.

4  Ағыбаев А.Н. Қылмыстық  құқық: Жалпы  бөлім. – Алматы, 2002. – 350 б.

5 Абилшеева Р.К. «Қазақ қоғамындағы билер институтының саяси-құқықтық табиғаты». Ақтау 2012ж – 83 б.

6  http://www.qazaq.kz/?p=3835

7 http://adamzat.kz/kurstyk-jumystar/quqyq-qogam-kriminalistika/musylman-quqygy-zhane-qazaq-adet-guryp-quqygy-pen-zhaza-ugymdary-ara-qatynasy.html

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық-құқықтық нормалар