Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық-құқықтық нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2014 в 20:24, реферат

Описание работы

Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде мәдени астарында.
Мақсаты:Қазақ әдет – ғұрыптың құқықтықтарының мәндерін, нормаларын, шығу тарихын, қылмыстық жақтарын қарастырып түсіндіру.
Міндеті: әдет –ғұрыптың тарихы, нормалары, қылмыс пен жаза түрлері, қазақ заңдар жинағы туралы зерттеу жасап толық сипаттама беру.

Содержание работы

Кіріспе

1
Қазақ әдет-ғұрыптың құқықтары туралы жалпы сипаттама
4
1.1
Қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарының қалыптасу тарихы
4
1.2
Қазақ әдет-ғұрып заңдарының негізгі тармақтары және оның мәндері
9
1.3
Қазақ даласындағы құқықтық ережелер
16
2
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық-құқықтық нормалар
18
2.1
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстың түсінігі
18
2.2
Қазақ әдет-ғұрпындағы қылмыстық жаза ұғымы
23

Қорытынды
27

Әдебиеттер тізімі
29

Файлы: 1 файл

қазақ әдет ғұрпындағы қылмыстық құқық.doc

— 203.00 Кб (Скачать файл)

Ұлы империяның бір шеті мен екінші шетін байланыстыратын сауда және керуен жолдарын, хат-хабар қызметін реттеді. Ұзын жолдың бойына жәмші, ашып, ол жерде жолаушылар демалып, ат ауыстыратын, ас-ауқат ішіп алатын мүмкіндік жасады. Осындай шаралардың арқасында мемлекеттік билік күшейіп, жергілікті келте билеушілердің менмендігі тиылды. Кең байтақ империя ішінде бейбіт тәртіп қалыптасты. «Жасақ» өзіне дейінгі рулық – көсемдік билік жүйесіне аса күшті соққы берді. Шыңғысхан өзінің жарлықтарымен Жасақ – деп аталатын кітап қалдырады, – деп жазады араб саяхатшысы Ибн Баттута 1350-шы жылдары. «Кімде – кім Жасақтың ережесін қолдамаса, орындамаса орнынан алынады. Жасақтың талабы бойынша, олар жылына бір рет жиналады, оны той немесе мереке деп атады . Жер шарының әрбір қиырынан Шыңғысханның тұқымдары, әмірлері, қатындары, әскер басылары бас қосады. Егер сұлтан, Шыңғыс ханның ережелерін бұзса, басқалары орнынан тұрып тәртіпті бұзғаны үшін оны орнынан алып, оның орнына ханның тұқымынан өзге бір адамды отырғызады.[1,94б].

Белгілі әмірлердің бірі ережені бұзса ,қылмысына қарай сол елдің өз ішінде жазасын береді. Шыңғыс заманында елдің тәртібін қатаң ұстайтын жаугершілік заңдар күшейіп, жау әскерінен қорқу қашу үлкен қылмыс саналатын, сүйекке таңба деп есептелінетін еді. Оның бір жарқын мысалын Жошының өмірбаянынан кездестіреміз. 1216 жылы меркіт пен найман елдерін қуа келген Жошы Ырғыз – Торғай даласында Хорезм шах әскерлерімен жолықты. Құпия шежіреде – «Жошы хан Сұлтан Мұхаммедтің қуып жететін көріп бектерімен ақылдасты. Олар: Шыңғыс хан бізді Сұлтан Мұхаммедпен соғысуға жіберген жоқ, шап деген елін шаптық. Жау көп, біз азбыз, сондықтан біз жүре берейік, егер бізді қуып азғана әскер жетсе, онымен соғысайық.. Сонда Жошы тұрып «ертең елге барғанда әкеме, ағаларыма не айтамын. Алыстан жауды көріп қаштық деймін бе?» – деп бектерінің сөзін тындамай, жаумен соғысуға дайындалды. Жошы хан алдыңғы әскермен Сұлтан Мұхаммед әскеріне қарсы шабуыл жасап, Тушыға дейін жетіп, оның қалқанын үш рет шапты. Шах әскері шегінуге жақын еді…» – деп баяндайды.[1,98б].

Хорезм шахтың жүрегіне мәңгі жазылмас үрей салып кеткен соғыс осылай көзсіз ерліктің арқасында болған еді. Монғолдың мемлекет басшылары үшін аталмыш заң ұзақ уақыт бойы билік беделі болып қалды. Ясаның талабын орындамаған хан тұқымының мүшелері билік деген түрік сөзімен аталған Шынғысханның нақыл сөздеріне сәйкес қатаң жазаланатын еді. Шынғысханның «Ясасы » көшпелі өмірдің нормаларын ғана реттестірді. Көшпелілердің әдеттегі құқықтық негізінде әрбір, көбіне көшпелілер үшін қалыптасқан монғолдардың құқық жүйесі басқа жағдайларға мейлінше қолайсыз болды. Әлеуметтік тұрмыстық және қоғамдық өмірдің , оның ішінде Қазақстанның оңтүстігі мен Оңтүстік шығысының әлеуметтік- тұрмыстық және қоғамдық өмірдің көптеген жақтары Ясада реттестірілген жоқ. Ал оның жекелеген қағидалары мұсылманның діни құқығына және жергілікті халықтың әдет-құрпына қайшы келіп отырды. Осының негізінде «Яса» заңын сақтаушылар мен жергілікті халықтың арасында қақтығыстар болып тұрды, ал бұл қақтығыстар әдетте жергілікті халықты қайғы-қасіретке душар етті.Алайда уақыт өткен сайын Шыңғыс ұрпақтары мен көшпелі- әскери үстем тап мұсылман мәдениеті мен мемлекеттігінің дәстүрлерін көбірек қабылдап өз өмірінде «Ясының» қағидаларын орындауы кеми берді.[1,103б].

Тәуелсіздікті аңсаған елге мемлекет құру үшін де ел намысы деп басын өлімге қиятын ерлер қажет болды. Евразия тарихына Жошы ұлысы, немесе Алтын Орда деген атақпен енген ұлыс та ерлік жолын тұтынған азаматтардың қажыр – қайратымен құрылды. Қазақ сахарасында өмірге келген бұл ірі мемлекеттік құрылым осы кезеңге дейін қордаланған әдет – ғұрып заңдарына одан қалды соның құнарлы бөлігі жинақталған «Жасаққа» сүйенді. Алтын Орда хандарының жанынан қара сүйек ішінен шыққан ірі жыраулар мен билерді көреміз. Олардың ішінде Әз Жәнібек ханның ақылшысы Асан қайғы, Тоқтамыспен ренжісетін Едіге би тағы басқалары бар. Шығыс хан тұқымының билігі әлсіреген тұста қара сүйектен шыққан ел билеушілерінің күшейгенін Қият Мамай, Теңіз Бұқа, Жыр Құтлы, тағы басқа мысалынан көреміз. Осылардың ішінде қазақ әдет – ғұрып заңдарының одан әрі даму процесіне тікелей ықпал еткен Едіге би (Ел қамын жеген Едіге) бар. Едіге тек Ноғай Ордасының негізін салған ел басшысы емес, ол көшпелілердің құқықтық көзқарасын әрі қарай дамытқан заңгері. Қазақ халқының аңыздарында Едіге жас күнінде-ақ билік айта бастапты – мыс, оның билік айта жүріп үлкен беделге ие болуының арқасында мемлекет қайраткеріне дейін көтерілетіндігі айтылады. Қазақ хандарының заңдарының шығу тарихы туралы пікірлер де сан алуан. Кейбір ғалымдар оның негізін Шыңғыс ханның атақты Ясасынан іздейді, енді біреулер одан бөлек, өзінше жеке жазылғанды дегенді айтады. Ал, енді біраз ғалымдар қазақ хандарының заңдары сонау түркі дәуірінен бастау алып, бүкіл далалықтарға тән әдеттегі желісі үзілмеген сабақтастығы жатыр дегендей пікірлер білдіреді. Ясамен ауызданып, соның жөн-жосығының бұзылмауы жолында күресіп өскен Дешті Қыпшақ хандарының бірінің ұрпағы ХV ғасырда өмір сүрген Қасым ханның да, ХVІ ғасырдың перзенті Есім ханның да заңдарының ойдан шығарылмағаны, көктен алмағаны, керісінше барды байыптап, оны өз заманына, кезең жағдайына қарай бейімдеп жетілдіргені, өзіндік өзгерістер еңгізгені қазір ешкімге де күдік тудырмаса керек. Олай болса, бұл заңдылықты Тәуке ханның да сақтағанына дау жоқ.[1,115б].

Қазақтың ежелден ғасырлар бойы қалыптасқан, құқық дәрежесіне ие болған әдет-ғұрып қағидалары, солармен бітіскен хан-би ережелері талай дәуірді басынан кешірді. Соған қарамастан өзіндік алғашқы ішкі қасиеттері мен құрылымдарын сақтап қалды, жаңа дәуірге шейін жеткізді. Айнала дүние өзгеріп жатса да, дамыған көрші елдердің ықпалы күшейе түссе де қазақ құқық ережелерінің өмірі ұзақ болды. Ертедегі тұғыры мен қасиеттерін сақтап қалған ата-баба заңдары қазақ қоғамы тарихының ажырамас бөлігі.[1,117б].

 

 

1.2Қазақ әдет-ғұрып заңдарының  негізгі тармақтары және оның  мәндері

 

Қазақ әдет-ғұрып заңдары бірден көктен түсе қалған жоқ. Ол өз бастауын сонау ежелгі замандарда өмір сүрген ата-бабаларымыз сақ-массагет,гундерден алады. Кейін әдет-ғұрып заң нормалары батыс-түрік қағанаты дәуірінде жетіле түсіп, ал дешті-қыпшақ, Қарахан тұстарында заң түрінде қалыптаса бастады.[2,35б].

 Бұл дәуір ислам  дінінің Қазақстан территориясына  таралып, ене бастаған кез еді. Құйындай шарпып өткен моңғол  шапқыншылығы, Шыңғыс ханның «Жаса»  заңы да, кейіннен қазақ хандары: Қасым, Есім, Тәуке жасаған құқықтық  реформалар да әдет-ғұрпымыздың  бұл қалыптасу құбылысына түбірлі әсер етіп, оны өзгерте алмады. Ққалыптасу процесі бір қалыпты, баяу, өз ағымымен жүріп отырды. Ислам діні шариғат қағидалары мен түркі тектес ата-бабаларымыз қағида-ережелері бір-біріне араласып, өзара бірін-бірі толықтыра отырып, өзіндік сипатқа ие жаңа әдет-ғұрып қағидаларын қалыптастырды. Мұндай бір-біріне әсер ету, бір-біріне кірігу әдет-ғұрып  қағидаларының көп тармақтарында байқалды, оның иституттары заманға сәйкес сомдала түсті. Сөйтіп, оның кез-келген тарауларынан біз патриархаттық- феодалдық өсіп-өркендеудің ерекшеліктері мен сипаттарын көре аламыз. Әдет-ғұрып заң нормалары қоғамның негізгі бағыттаушы ролін атқаратындықтан, оның тұрмыс-тіршілік барысы, халықтың ойлау дәрежесі айқын сезіледі. Сайып келгенде, әдет-ғұрып, салт-дәстүр сол қоғамның айнасы болып табылып, өзінің мазмұнымен де, болмысымен де қоғамнық- саяси тіршілігімен де тығыз қабысып жатады. Сондықтан да әдет-ғұрып заң нормалары , өзінің мазмұнымен де, құрылысымен де, иституттарымен де сол қоғаммен біте  қайнасып, сол ортаға қызмет етеді. Сол себепті де Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси тарихын көзден таса ете отырып, зерттеуге мүлдем болмайды. Томаға-тұйық болса да дами отырып, қазақ әдет-ғұрпы көшпелі және жартылай көшпелі қазақ қоғамындағы негізі берік, жан-жақты сомдалған құқықтық сипатқа ие болды. Қоғам ішіндегі тәртіпсіздіктерден бастап, саяси өміріндегі барлық құбылыстар осы әдет-ғұрып заң нормаларымен реттеледі. Бұл 20 ғасырға дейін қолданылып келді қазір де кей тұстары өз күшін жойған жоқ. Қайта еліміз тәуелсіздігін жариялап, жеке ел болып отырған тұста, оның тармақтары көктемде қылтиып шыққан жауқазындай бой көтере бастады. Түбінде Қазақстан мемлекеті аман болса, , өзінің ата-бабалары қалыптастырып, ұрпақтарына тастап кеткен қағида-ережелері өздеріне қалтқысыз қызмет етеді деп сенеміз.[2,43б].

Әдет-ғұрып заңдары қашан да болмасын, қоғамның өзі жаратып, өзі қалыптастырғандықтан ерекше күшке ие болады, сөзсіз орындалуға жатады. Адамдардың мінез-құлқына, дініне, санасына сіңісіп, күнделікті міндетіне айналады. Мұндай заңдарды сыртқы күш оңайлықпен өшіре де, құрыта алмайды. Қайта, саяси билеуші өз органдары арқылы бұл қағида-ережелерді қуаттап, күш беріп отыруға дейін алып келеді. Өйткені бұл әдет-ғұрып заңдарын қоғам мүшелері өздері ұнатып қабылдаған, ол ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тек тиімді жақтарымен ғана көрінген.[2,49б].

Әдет-ғұрып заңдары қоғамда араласпайтын жері жоқ, Ол қоғамның барлық тармақтарына кірігіп, сол шеңберде әрекет етеді. Кез келген тармағындағы құқықтық тәртіпсіздік жауапкершілікке апарып жазаға (айып, тоғыз, құн т.б.) не болмаса кешірім сұралатын рухани бишаралықпен өндіріледі. Әдет-ғұрып заңының бір ерекшелігі – түрме қапассыз-ақ тәртіпсіздікке тұсау қоя алуы, өн бойында демократиялық сипаттарының мол болуы дер едік. Сот процесі міндетті түрде жариялы түрде, жиналған көпшілік пікірімен санаса отырып, екі жақтың айғақтарына мән беру, істі ақылға салып, әділ шешу, мәмілеге келу т.б. арқылы жүргізіледі. Кез келген жасалған қылмыс аяқсыз қалдырылмайды. Қаралатын істе көпшілікке тәрбиелік бағыт беретіндей жағы қарастырылады. Әсіресе, нақақ кісі өлтіру, ұрлық, тонаушылық, бүлік шығарушылық, әйел зорлаушылық, зинақорлық, біреудің әйелін алып кетушілік міндетті түрде көпшілік алдында жауапқа тартылады.[2,64б].

Қазақтарда «Қылмыс-күнә», ал оны жасаушы қылмыскерлер «күнәһарлар» болып табылады. Қылмыскер жауапқа тартылуы үшін кәмелетке толған, ақыл-есі бүтін, істеген ісіне жауап бере алатын болуы шарт. Ал, екіқабат әйелдер, жындылар, кәмелетке жетпегендер, құл мен күңдер (оларды күнәсі үшін қожасы қожасы жауап береді) жауапқа тартылмаған. Міне, сөйтіп, ислам дінімен біте қайнасып, астарласып кеткен қазақтардың қылмыстық құқықтары, оның шариғат заңдары қағидаларымен өте ұқсас. «Күнәһар» деген сөз, тәртіп бұзушылық, біреуге обал жасаушылық. Оның жазасы бұл пәни дүниеде де, ол дүниеде де болатындығы. Қылмыс жасаушылар бұл дүниеде сот алдында, ол дүниеде Алла алдында жауап беруге міндетті.[2,72б].

Сондықтан да әдет-ғұрып заңдарының негізгі талаптарының бірі жасаған қылмыстық әрекетіне сай жаза тарту, яғни талион принципін (қанға-қан, жанға-жан), өлтірілсе - өлтірілген, мүгедек етілсе – мүгедек етілген.[2,79б].

Қазақ әдет-ғұрпының («Жеті Жарғының да») негізгі тармағына біреудің отбасын бұзу, зинақорлық жатады. Бұларды жасаушылар міндетті түрде өлтірілген. Өйткені, қайсы бір қоғамды алмайық, ол отбасынан жанұдан құралады. Отбасы бейбіт өмір кешсе, қоғамға жақсы, қабырғасы нық зәулім үй секілді болғаны, ал отбасы бұзылып, іріп-шіріп жатса онда зәулім үй қирады десе де болады Сондықтан да барлық заманда отбасының беріктігіне ерекше көңіл бөлініп отырған. Әрдайым отбасының қожасы – отағасы, яғни сол үйдің иесі ер адам болып табылады. Әке құқығы өте кең. Барлық мал-мүлік пен шаруашылықты басқару қолында болған. Отбасы – ері мен әйелінен, бала-шағасынан тұрады. Әсіресе, отбасысының кілті әйел адамның қолында. Әйелге, үй-іші тазалығынан, тамақ даярлап пісіруден бастап, бала тәрбиесі, қонақ күту, үй шаруашылығы, малды сауу және жайғау, оның өнімдерінен заттар даярлау, киіз басу, өрмек тоқу, т.б. осы секілді өмірі бітпейтін барлық шаруа мойнына жүктелген. Сол үшін қазақтар қыз балаға ерекше мән беріп, жақсы тәрбиелеп өсіруге тырысқан. «Жеті Жарғыда» ері әйелінің зинә жасап жатқанының үстінен түссе, онда әйелін де, оның ойнасын да өлтіруге құқықты, ол үшін құн төлемейді - деп жазылған. Сонымен қатар, өлім жазасына әйелді зорлап зинә жасағандар, сол секілді шариғат некелесуге тыйым салған қағидаларды бұзып, өзінің қарындас, қыздарына т.б. жақындасқандар кесіледі, - дейді. Әлемдегі барлық қазақтар ішіндегі тек қазақтар 7 атаға дейін қыз алыспайды. 

Шариғатта да зінәқорлығы үшін жас-кәрі, азат не құл, мұсылман не кәпір, ер мен әйел, еркек пен еркек екеніне қарамай, тек кәмелетке жетсе болғаны өлтіріледі.[2,94б].

Қазақтарда да, шариғатта да әйелді зорлағандардың өлім жазасына кесілуі, әйелдердің жеке мүддесін, абырой-намысын қорғағандық қана емес, әйел адам барған отбасының, қала берді бүкіл руының намысын қорғағандық деп білуіміз керек. Өйкені әйелді зорлау біреудің отбасын бұзғандық болып саналады. Сондықтан да «Жеті Жарғы» бойынша зинақорлар өлтірілген . Әрине бұл жазалар біреудің некелі әйелін зорлағанда жүзеге асырылған. Ал басы бос айттырылмаған әйел мен қыздарды алып қашушы адымды жазалауда басқаша түр алады. Бұл жағдайларда кінәлі адам өлім жазасына кесілмейді, егер тұрмыс құрғысы келмесе, онда қызды ата-анасына қайтарып, үстіне қалың мал төлеп өлімнен құтыла алады. Осы жоғарыда айтылғандар бұзылып, орындалмай жатса, онда «жесір дауы » туындайды. «Жесір дауы» институты өте салмақты, бұл даудың кесірінен барып кісі өлімі, барымта т.б. даулар туындап жатады.

Қазақ әдет-ғұрып заңдарында ұрлық-қарлық, тонау мен қарақшылық та үлкен тарауды қамтиды. Өйткені, мал-мүлік әркімнің меншігі саналып, оған қол сұғушылар әр қоғамда да қатаң жазаланып отырғаны тарихи деректерден белгілі.[2,100б].

Әсіресе, кісі тонаушылық пен қарақшылық жасаушылар өлім жазасына жазаланған. Шыңғыс ханның «Жаса» заңында да « кімде-кім жылқы ұрласа, онда иесіне 9 жылқы етіп қайтаруы тиіс. Мұндай айып төлей алмаса балаларын алу керек. Ал балалары жоқ болса, өзін малша бауыздау қажет»  - делінген. Ал, 1640 жылғы Монғол-Ойрат Ережесінде: бір түйе ұрлағанға - 15 тоғыз, айғырға – 10 тоғыз, биеге – 8 тоғыз , сиыр, қой, құнан атқа – 6 тоғыздан айып төлеткен.

Қазақстанда да ірі қара малды ұрлаушылар 4 адам куә болып, айғақтап берсе өлімге кесілген. Кімде-кім ұрлық үстінде адам өлтірсе, онда екі қылмысы үшін жазаға тартылған.[2,114б].

Қазақ әдет-ғұрып нормаларында мүліктік құқық ерекше орын алады. . Өйткені, қазақ қоғамындағы қозғалмалы мүліктің бәрі де жекеменшіктілікке жатады. Патриархаттық- феодалдық , қазақ қоғамында мал жекеменшіктіліктің негізгісі саналады. Кез-келген екі қазақ кездескенде «мал-жаның аман ба?»- деп, бірінші кезекте малды айтуы тегін емес. Мал мен мүліктен кейінгі  жекеменшік құқығының объектісіне құл мен күңдер де жатады. Бұл институтты 1822 жылғы «Сібір қырғыздары жайлы Ережеде» Ресей патшалығы шектегені белгілі. Қазақ мемлекетінің және құқығының тарихын зерттеушілердің бәрі дерлік қазақ әйелдерін өзінің құқықтық жағынан жекеменшіктілік объектісіне жатқызып келгені құпия емес. Оған олар: «аға өлсе жеңге мұрас», «қазақ байыса қатын алады», «ерден кетсе де, әйел елден кетпейді», т.т. мақал-мәтелдерге сүйене отырып, қалың малға сатылатынын тілге тиек ететін.Әрине бұл пікір түбірімен қате. Қазақ әйелдері қажет десек, мұсылман елдеріндегі әйелдерге қарағанда артықшылықтарға, ерлермен тең құқыққа ие болғаны даусыз. Құранда: ер мен әйел тең құқықты, олар істеген істеріне бірдей жауап бере,ді, Мұхаммед ғалейһис салам әркім алдымен анасын және анасын құрметтеуді талап етуі қазақ әйелдері құқықтарында жарқын көрінеді. Қазақ қоғамында мүліктік құқық қатты қорғалған.[2,183б].

Информация о работе Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша қылмыстық-құқықтық нормалар