Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Октября 2013 в 19:07, реферат
А. Хоменконың мәліметі бойынша қымыздың емдік қасиеттері туралы жазбаша хабарды 1773 жылы П.С. Паллас жасаған. Ол: «1770 жылы башқұрт даласына Москва мен Дон аймағынан сырқат адамдар қымыз ішуге келіп жатты, өйткені оның денсаулық үшін зор пайдасы бар»- деп жазды.
1858 жылы Н.В. Постников Самараның маңынан алғашқы қымызбен емдеу санаторийін ашты, ал, 1873 жылы қымызды ғылыми тұрғыдан жүйелеп баяндады және оның организмге пайдалы емдік қасиеттері туралы қысқа ғана- «семіртеді, нығайтады, жасартады»- деген нақты сипаттама берді.
1. Аңдатпа 1
2. Кіріспе 2
3. Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық 3 - 5
4. Қазақстанның ұлттық бренді – құрт 6
5. Қорытынды 7
6. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 8
Уыз- жаңа төлдеген малдың желініне жиналатын қою сүт. Уыз «сары уыз», «ақ уыз» деп екіге бөлінеді. Сары уыз әрі қою, әрі желім сияқты жабысқақ болады. Ақ уыздың өңі сары уызға қарағанда ақшыл, әрі сұйықтау келеді. Сары уызды төлдің өзіне емізіп, ақ уызды сауып алып пайдаланады. Інген мен биенің уызын бота мен құлынға емізеді. Ал сиырдың, қойдың, ешкінің ақ уыздарынан әртүрлі тағамдар пісіреді.
Қатырған уыз – уызды бүйенге, ащы ішекке немесе металл ыдысқа кұйып, қайнап жатқан судың ішіне салып пісіреді. Бір бұрқ етіп қайнағанда ыдысқа құйылған уыз шеміршектеніп қата бастайды. Одан соң оны ыдысымен бірге ыстық судан алып, салқын суға салады. Сонда уыз қайнап піскен жұмыртқадай болып шығады. Қатырған уызды сүр еттің үстіне турап салады. Төлбасы (алғашқы төл) туған күні соғымның етінен, шұжық асып, уыз қатырып, көрші-қолаңды шақыратын дәстүр болған.
Пісіріленген уыз – уызға сүт қосып сұйылтып пісіреді. Уыз іріп кетпеу үшін оны ожаумен сапырып отыру керек. Уызға тары салып пісіруге болады.
Іркіт – құрт қайнату сабаға, күбіге жинап ашытқан айран – қатық, шикі сүт. Іркітті сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен дайындайды. Піскен сүттен ұйытылған айранды немесе шикі сүттен ұйытылған қатықты сабаға не күбіге жинайды да пісіп, оның майын қалқып алғаннан кейін, ыдыстың ішінде іркіт қалады. Іркіттің ащы не тұщы болуы оның дайындалған сүтіне ғана емес, дайындау тәсіліне де байланысты. Іркіт құйылған ыдыс күннің көзінде тұрса іркіт божып ащиды да дәмі қышқылданып кетеді. Іркіт құйған ыдыс көлеңкеде тұрса, іркіттің дәмі бұзылмай тұщы болады.
Ірімшік – сиырдың, қойдың,
ешкінің сүтінен қайнатып әзірленетін
сүт тағамы. Ірімшік – ақ ірімшік,
кызыл ірімшік деп екіге
«Оңтүстік Рабат» газеті
Құрт – кальцийдің көзі. Құрт- сөзінің мағынасы құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Бұл тағамның өзіндік ерекшелігі бар. Ақуызға өте бай. Соның арқасында құнарлы, тоқ тағам болып есептеледі. Бүгінгі әңгімеміз осы бір құнарлы тағамның төңірегінде өрбімек.
Құрт – пісіліп майы алынған айранды қайнатып арнайы дорбада сүзіп алып тұздап, кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрттың сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлері бар. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер кеуіп үлгермеген құртты алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайнатады.
Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт қайнатқышпен әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып, араластырып отырады. Әбден қойылған құртты кенеп қапқа құйып керегеге асып қояды. Сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақшаға, шиге, қолмен сығып немесе алақанда айналдырып өреге жайып кептіреді. Көгермей, қызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударып отырады. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді.
Өңдеп дайындаған ұлттық құрттың – тамақтық биологиялық құндылығы
Добавить комментарий
Нүркенова Толқын Сырымқызы
Астана қаласы
№56 мектеп-лицейі
3 "Б" сынып
Ғылыми жетекшісі:
Есиркеп Г. Қазақ
технология және бизнес
Жетекшісі:
Имашева Т.М. Астана қаласы №56 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Ұлттық тағамдардың ішінде ежелгі және көпшілікке ортақ тағамның бірі — ақ екені белгілі. «Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. Одан қымыз, шұбат, айран, қатық, сары май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ сияқты ішетін, жейтін, сусындайтын алуан түрлі тағам әзірлейді.Сүт төрт түлік малдың аттарына қарай бие сүті, түйе сүті, қой – ешкі сүті, сиыр сүті делінеді.
«Қазақтардың сүттен
жасайтын ұлттық тағамдарының
түріне сан жетпейді» — деп
жазған ертедегі бір зерттеуші.
Қазақ халқының сүттен жасалған ұлттық тағам ретінде кеңінен қолданатын тағамының өте көне түрінің бірі -құрт.
Құртты ежелгі замандарда
қалыптасып, дамып, бүгінгі күндерге
дейін өз қасиетін жоғалтпай,
жақсы сақталған ұлттық тағам
ретінде пайдаланып келеміз.
Мені қазақ құртының және
Өз мақсатыма жету үшін, алдыма мынадай мақсаттар қойдым:
* Сиыр сүтінен жасалған
құрт жайында материалдар
* Құрттың еліміздің
әр аймағындағы жасалу
* Құртты кеңінен пайдалану әдісін ұсыну;
Жұмыстың мақсатына
жету үшін үлкен кісілермен
сауалнамалар жүргіздік,
Құрттың адам денсаулығына
өте пайдалы екенін бұрынғы
ата-бабаларымыз біліп, құртты
үнемі пайдаланған екен. Мал бағуға
кеткенде қалталарына құрт
Зерттеу жұмысымның барысында сиыр сүтінен жасалған құрттың құрамын әртүрлі етіп жасап достарыма, сыныптастарыма ұсындым. Нәтижесінде мен сияқты жасөспірімдерге қышқыл құрттан да тәттілеу құрттың көп ұнайтынын анықтадым. Сондықтан құрттың құрамы мен жасау әдістеріне қарай «Майлы құрт», «Майсыз құрт», «Қышқыл құрт», «Тұзды құрт», «Тәтті құрт», «Жеміс қосылған құрт» деп бірнеше түрге бөлдім. Бұл құрт түрлеріне қағаздан арнайы қораптар дайындалып, ішіне тамаққа арналған полителенмен оралып салынды. Қорап сыртында құрттың құрамы, шыққан заводтың аты,мекен-жайы,құрттың дайындалған күні , айы, жылы және сақталу мерзімі туралы толық мәлімет жазылған. Мысалы,
Құрт халық тарихымен
жасасып келе жатқан ұлттық
тағам екені белгілі және
құртты үнемі қолдануда үлкен
мән – мағына бар екеніне
көз жеткіздім. Менің алдыма
қойған мақсатым мектеп
Алдыма қойған мақсатыма
жету үшін болашақта құрт
жасайтын арнаулы завод
Құрттың құрамы мен
формалары балаларды
Менің зерттеуімнің
нәтижесінен туған осы бір
жаңалық өзім сияқты
Зерттеу жаңалығы:
- Болашақта құртты үнемі
Пайдаланған әдебиеттер
1. Дүниетану оқулығы
1сыныпқа арналған «
2. Қазақтың ұлттық тағамдары
3. Қазақ энциклопедиясы
4. Ғаламтор
Қосымша №1
Зерттеу жұмысы кезінде
сауалнаманы екі бағытта
1. Өз сыныптастырымның арасында
2. Үлкен адамдар арасында
Сыныптастарыма қойылған сауалдар:
1. Сүтті қайдан алады деп ойлайсың?
2. Сүттен жасалған құртты білесің бе?
3. Құрт жеп көрдің бе?
4. Құртты кімнен, қайдан көрдің?
5. Құрттың дәмі ұнай ма?
6. Отбасында құртты жиі пайдалана ма?
7. Қант қосылған тәтті құртты ұнатасың ба?
8. Тұз қосылған құртты ұнатасың ба?
9. Бал, жеміс қосылған құртты ұнатасың ба?
10. Құрттың адам денсаулығына пайдасы бар ма?
Сауалнама нәтижесі:
Сауалнамаға 25 бала қатысты.
Қосымша №2
Үлкен адамдарға қойылған сауал:
Жасыңыз:
Қазақстанның қай аймағында туып-өстіңіз:
1. Құртты жақсы көресіз бе?
2. Өзіңіз сиыр сауып,
оның сүтінен құрт жасап
3. Құрттың дәмінің қандай түрін ұнатасыз?
4. Құртты отбасыңызда үнемі пайдаланасыз ба?
5. Құрттың кеңінен қолданысқа түсуіне қалай қарайсыз?
6. Құрт жасаудың қандай технологиясын білесіз?
7. Құрттың адам денсаулығына пайдасы бар ма?
8. Құртты бала жасынан жеп өссе, оның денсаулығына пайдасы
бола ма?
9. Қазіргі тәттілердің орнына сүттен жасалған, дәмі
әр түрлі құртты пайдалануға бола ма?
10. Сізге құрттың қандай түрі ұнайды:
қышқыл, тұзды, тәтті (қант,т.б.тәттілер қосылған) ?
Сауалнама нәтижесі:
Сауалнамаға 32 адам қатысты.
Сауал мазмұны
Көрсеткіші
Құрт ұнайды
32
Құртты жиі пайдаланамын
26
Құртты сирек пайдаланамын
6
Құртты жасау технологиясын білемін
29
Құрт жасап көрмекпін
3
Қосымша №3
Сиыр сүтінен дайындалатын құртты жасау әдісі:
1. Сүтті ыдысқа құйып ашытып ұйытасыз (айран түрінде).
2.Ашыған айранды матадан
тігілген қалтаға (дорбаға)
3.Сарысуынан арылған сүзбені арнаулы ыдысқа құйып, қайнатасыз.
4.Құрт кайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін, әлсін-әлсін қазанның түбін араластырып отырасыз.