Қазақтардың саятшылық өнері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 20:21, реферат

Описание работы

Кеңестік жүйе атадан балаға мирас болып қалған, дәстүрлі саятшылық өнерін жоққа балап – зерделі зерттеу мен қисынды ғылымды көлегейлеп, көшпелі елімізді санатқа қоспауынан және осы өнердің ерекшліктерін терең тұрғыдан зерттеуге, дамытуға тиісінше еркіндік бермеуінің әсерінен дамымай қалуы және қазақ халқы үшін ұлттық бренд болып табылатын, әрі кәсіп, арі спорт, әрі жан сергітер ұлттық дәстүрлі өнерімізді жаңғырту тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып табылады.
Мақсаты: Кеңестік дәуірде қол үзіп қалған ұлттық ата – мұра дәстүрімізді терең зерттеу, жан – жақты танып білу,әсіресе жастар арасында нәсихаттау.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 206.50 Кб (Скачать файл)

                                                                   Кіріспе     

                                           Қазақтардың саятшылық өнері

 

       Кеңестік  жүйе  атадан балаға  мирас болып қалған,  дәстүрлі  саятшылық  өнерін жоққа балап  – зерделі зерттеу мен қисынды ғылымды көлегейлеп, көшпелі елімізді санатқа қоспауынан және осы өнердің ерекшліктерін терең тұрғыдан зерттеуге, дамытуға тиісінше еркіндік бермеуінің әсерінен дамымай қалуы  және қазақ халқы үшін  ұлттық бренд болып табылатын, әрі кәсіп, арі спорт, әрі жан сергітер ұлттық дәстүрлі өнерімізді жаңғырту тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып табылады.

 

 

      Мақсаты: Кеңестік дәуірде қол үзіп қалған ұлттық ата – мұра дәстүрімізді терең зерттеу, жан – жақты танып білу,әсіресе жастар арасында  нәсихаттау.

   

 

      Зерттеу әдістері: деректерді жүйелеу, ой – түйіндерін жасау,

Интервью  алу, қорытындылау.

 

 

     Зерттеу бөлімі:

  1. Саятшылық өнері туралы зерттеулер.
  2. Аңшылық ісінің даму тарихы. 

1) Құсбегілік

   а)  Аушы құстардың түрлері және оның жас шамасы;

   ә)  Аушы құстарды ұстау  тәсілдері және құсты аңшылыққа үйрету ,оны баптау;

   в)  Бүркітшінің және бүркіттің құрал  – жабдықтары;

 

 

2) Құмай –  тазы

  а) Құмай тазынаң түрлері және оның шығу тегі мен таралуы;

  ә) Тазының  қасиеттілігі және аңды аулау ерекшкліктері;

  б) Тазыны  күту, баптау, аңшылыққа дайындау;

 

Зерттелу деңгейі: Біз осы тақырыпты зерттеуде   1.Бабалықұлы.Ж.,Тұрдыбаев.А. Саят.

2.Мұқанов.С.  Таңдамалы шығармалары,XI- том.халық  мұрасы (тарихи – этнографиялықшолу).Алматы: Жазушы,

3.Определитель  хищных птиц Казахстана (колектив  авторов).

4.Хинаят Бабақұмар.Саятшылық.  Алматы. Алматы кітап. 5.Әлкей Марғұлан. II – том.Алматы. Алматы кітап.

6.А.А.Слудский .

8.Кәмалашұлы.Б.Қазақтың  дәстүрлі құсбегілігі және атбегілігі.

Сүйене отыпып жаздық.

     

 

                           

     Саятшылық өнері туралы зерттеулер.

       Академик И.П. Фальктің  байқауынша, «қазақ шаруалары» аулаған аңның етін жеп, терісін сатып, пайдаға асырған. Аңшылық оларға бірталай табыс әкеліп, кәсіп түріне айналған.

 Қазақ  аңшылық кәсіп туралы жазғандар  П.С.Паллас, И.Г.Георги, академик И.П.Фальк,  П.И.Рычков, академик А.И.Шренк. Бұл  ғалымдардың жазуында құс аңшылығы  қара шаруа ортасында көп тараған  кәсіптің бірі.

   И.П.Фальк  аңшылық кәсіп туралы бірсыпыра мағлұмат келтірді. Ол кісінің айтуынша, аңшылық бірнеше түрге бөлінеді:

1) үлкен аңдарды  жүйрік атпен келіп соғу;

2) тазымен  аң аулау;

3) киік, қарақұйрық  сияқты аңдарды мылтық, садақпен  ату;

4) мамық жүнді  ін кезетін аңдарды қақпан, тұзақ  құрып ұстау.

   Бірақ  «Бұлардан гөрі, - дейді Фальк,- олардың  құмарта сүйетіні құс аңшылығы, бүркіт, қаршыға, тұйғын салу».

   Құс  аңшылығы өнеріне ерекше ой  бөліп, оны мәңгілікке ұмытпастай  еткен әсіресе орыс халқының белгілі суретшісі В.В.Верщагин, ғалымдары С.М.Дудинг, Е.А. Лансаре. Қырдағы аңшылық өнеріне бірнеше суреттерді Ш.Уалиханов арнаған.

   Фальктің  жазғанындағы көңіл қоятын нәрсенің бірі құсшыларының қыран құстарды сол кездің өзінде(XVIII ғ.) базарға сатуға шығарып, кәсіп қылатынын айтқан жері. Ғалымның өз көзімен көріп бақылауыша Орынбор базарында бауланып, аң алып жүрген бүркіттердің бағасы екі түйеден кем болмайды. Аң құсын базарға шығарып сату әсіресе XIX ғасырда көбірек тарайды. Бұл кезде, қыран құсты апарып сататын жерлер көбінесе Орынбор, Омбы, Семей, Алматы, Түркістан, қалалары, халықтың көп жиналатын Тоқпақ, Қоянды, Ақмола, Атбасар сияқты жәрмеңкелер. Сол кездегі көшпелі елдің тұрмысын  зерттеушілерінің айтуынша:

Орынбордың  керуен сарайында қыран құс әкеліп сатушылар кейде бүкіл бір қатар алып отыратын. Кейде бір ғана қыран құсты апарып сатуға жәрмеңкелер болған. Олардың ішінде саят құстарды алуды ойлаған аңшылардың көбірек баратын жерлері Оңтүстік  Оралда «Жұлық жәрмеңкесі» (Орекенің маңайы), Ертіс бойындағы Шарлақ, Кереку қалалары.

Міне мұның бәрі саятшылық өнері қазақ халқының тұрмысына бұрыннан сіңісті, дағдылы іс екенін сипаттайтын ашық дәлелдер.

       Ұлы Мүхтар Әуезов айтқандай: «Аңшылықтың үміт, қуанышы көп. Ыстық оттай қызулы минуты көп, мағыналы өмір. Аңшылықта кісіні ақын күйіне жеткі-зетін сезім күйі көп. Бүл - салқындап кеткен кәрі ақылдың өмірі емес, сүйген ғашығыңды сағынып келіп, күліп-ойнап өткізген күндіз-түніндей ыстық сезім өмір. Өйткені бір минуттың ішінде қуантатын да, жүдететін де сәттерді басынан кешіреді. Соның бәрін айтып жүргендіктен аңшының тілі шешен, қиялы жүйрік. Бүркіттің ұшқанына, түлкінің құтылмақ болған айласына, құсшының ебіне арналған талай шешен сөздер бар. Аңшылық өмірінен ілгері-соңғыдан қалған талай қызықты, жанды, сұлу әңгімелер көп». Шынымен-ақ құсбегіліктің адамды ақындық деңгейге жеткізетін «өнер», әрі халықтың көне дәстүрінің мәйегін сақтап, насихаттайтын, ел арасындағы «еркелері» -салдар мен серілердің жан жолдасы, жүрттың ермегі ғана емес, кие түтар қүндылығы болып қалды. рның дәлеліндей, аушы құстарға қатысты толып жатқан ырым-тыйымдар жұқанасы күні бүгінге дейін өмір сүріп келеді.

       Әлкей Марғұланның қазақ халқының саятшылық өнерінің зерттелуіне қосқан үлесі зор. Ол аушы құстардың оринтологтарға белгісіз бірнеше түрін зерттеп  оринтологтарға

            Халқымыз үшін жеті қазынаның бірі саналып кеткен ит, оның ішінде тазы ежелден тұрмысымызда ерекше орын алады. Кейбір тарихи, мәдени әпсаналарымызда тазы басты тұлғаға айналған. Бір ауылды  асыраған алпауыттар болды. Бұл иттің тұқымы әлімсақтан –ақ дешті жұртында мекен еткен. Мұны Оңтүстік Қазақстан өңірінде ұшырасқан тасқа қашалып салынған петроглифтерді көріп, түйсінесің.  Суреттер біздің дәуірімізге дейін 12-10 мың жыл бұрын өрнектелген. Яғни, тазы ежелден қазақ даласында өмір сүріп  келеді. Оның тарихи болмысы Мысырдағы пирамидалардан да әрі және бүгінгі өркениет үшін өте маңызды.

         Кейбір дерек көзі тазының түбі –ежелгі Сирия мемлекеті дегенге апарады. Алғыр да ұшқыр қабілеті, ми қайнатқан ыстыққа төзімділігі аңшылар құрметіне бөленіп, тез таралуына себепкер болды. Әсіресе сауық пен қызыққұмар бекзадалар дәуренінің нақышы ретінде қасына  ертті, аңға салды, мәпелеп бақты, өсірді. Думанның көркіне айналғандықтан кейінірек Арабияда, Иранда тарай бастады. Одан орта Азияға ауған. Бізге түркімен жұрты арқылы сіңді. Әсіресе халқымыздың тұрмысы мен мәдениетіне біте қайнап, кірікті.   Оның  «тазы» аталуы да таздай қылтанақсыз тықыр болуынан шығар.

        «Таз»,  «таза», содан келіп «тазы» деген  жаңа сөз нобайы пайда болғанға  ұқсайды. Ал мұның тегі бір бауырластарын арабияда –салюки, слугги, қырғыздар –тайған, орыстар- борзая дейді. Тазы –қазақтың төл сөзі. Өйткені, тазының соңына түсіп, алғаш рет  ғылыми тұрғыда зерттеген ғалым А.Слудский 1939 жылы шыққан өзінің кітабын «Азиатская борзая таза и охота с ней» (Издание Казахской научно*исследовательской охотничье –промысловой биостанции. Алма –Ата, 1939) деп  атаған. Бірнеше жылдар бойы қазақ даласын шығысынан батысына, оңтүстігінен солтүстігіне қарай көктей өтіп, небір қариялармен жолығып, пікірлесіп, әігімесін тыңдап, «таза» деген атауға тоқтаса керек.

          Халық жадысында тазы  сарыала қаздың жұмыртқасынан пайда болған деген де аңыз бар. Ұшқыр әрі ұзаққа талмай жүгіреді. Сондықтан оны «құмай» деп те атайды. «Құмай» әскере жүйріктікті білдіреді. Ал кезінде қыпшақтарды «құман» дегені тарихтан мәлім. Жүйрік атқа мінген сайдауыл жігіттер бір төбеден қалай бұрқ етіп шыға келсе, солай көзден тез тасаланатын. Тазы олардың   ежелгі иті. Сондықтан итті иелеріне ұқсастырып «құмай»  деп те атаған болар.

         Ресей саятшылары бұндай асыл  затты иттің барын алғаш рет  1873жылы ғана білді. Петербор  университетінің ұйымдастырған  экспедициясы орыс әскерінің  тұрақтаған жері Хиуаға келеді. Сонда  қазақ даласынан ұшырастырып,  құмайдың  қылығына қайран қалады. Алғырлығы орыстарды айрықша таңдандырды. Кейіннен тазының тамаша табиғи қабілеттерін мұқият зерттеген 1- санаттағы сарапшы –кинолог К.М. Эсмонт қазақтың   кең қолтығын пайдаланып, оны иесіз өскен жабайы ит дегенге әкеліп, тездетіп, стандарттарын ресімдеп, өздеріне қарай заңдық тұрғыдан икемдеуді жөн көреді. 1948 жылы 11 қарашада бас кинологиялық кеңестің шешімін шығарып, оны РКФСР Министрлер кеңесінің  аңшылық  шаруашылық ісі жөніндегі бас басқармасына  ұсынады. Ондағы негізгі жәйт  -дала тазылары тұқымына мейлінше ден қойып, «далалық борзой» деген тұқымды қалыптастыруға айрықша күш жұмсау керектігі айтылады. «Еділ өзенінің  төменгі сағасындағы облыстардан олардың көпшілік көлемін табуға болатынына шек келтірмеймін» дейді Эсмонт.

        «Жақсы мен мықтының бәрі бізде болуы керек» деген пенделік ашқарақтық пен тойымсыздық мұнымен шектеле алмайды. «Далалық борзой» деп шығыс тұқымын жанына ертіп бойын үйретіп алғаннан кейін, елді шатастыру үшін енді оны «оңтүстік орыс борзойлары» (южнорусская борзая) деп атағылары келеді. Бұл кезде  тазының тәңір жаратқандағы кереметтілігін орыстар мейлінше көріп, түйсініп, бірге туғандай сезіне бастап еді. Иттің арғы тарихы олар үшін қызық емес, маңыздысы –меншігіне айналдыру. Ашықтан ашық асығыс   жасалған қадам, алғаш  орыс өркениетіне тазыны әкелген Эсмонтқа да оңай тимейді.

      «Көпшілік жұрт біле бермейді, - дейді сарапшы –кинолог Сергей  Матвеев, - Бүкілодақтық кинологиялық  кеңестің тарихындағы соңғы отырысының  шешімімен, 1992 жылы ақпанда «оңтүстік  орыс борзойы»(«далалық») стандартының күші жойылды. Бұған дейін –ақ Кеңестер одағы күйреп қалғандықтан, осыдан соң бірден Бүкілодақтық итпаздар кеңесі жұмысын тоқтатты.

          Мәжілістің хаттамасы  көбейтілген  жоқ, мүмкін жоғалып та кеткен  шығар. Оның көптеген шешімдері ауқымды кинология  жұртшылығы  үшін құпия күйінде қалды.

     Бұл иттердің дене бітімінде  шығыс тазыларының  белгілері  байқалады.Осыған байланысты олар  тазы, таулық, қырымдық және хортой  борзойлардың араласуынан шыққан  деп есептеледі.

          Пікір орнықты әрі  әбден қисынды. Осы  шындықты әлі де мойындай алмайтын, ақиқатты көріп тұрып бұра тартатындар жеткілікті. С.Матвеевтің қара қылды қақ жарған бұл ісіне өре түрегеліп, шаужайынан алғандар Е.Федоренко, М.Орлова, Ю.Васильев, А.Лычагин дегендер болды. Әлі де тазыны «оңтүстік орыс  борзойы» деген жалған лақабынан айырғылары жоқ.

        Бұл тұста тазының бәленбай  ғасырлар бойы өсіп -өнген   қазақ даласы ешқандай қам  –қарекетсіз жатты. Кеңес өкіметінің  кезіндегі  жағдай белгілі,  бас көтере алмадық. Тәуелсіздікке қол жеткен жылдарда да ешкім шетін жайтқа көңіл аудармады. Ауыл шаруашылығы  министрлігі үй жануарларының тізбесін  жасағанда тазыны да, төбетті де қаперге алмаған. Оның есесіне есек, шошқа, мекиен «есімді»  хайуанаттар құрметті орынды  иеленген. Бұдан кейін әлемдік ит қауымдастығы мен Халықаралық ит өсіру федерациясы өз тізбесіне енгізбеуге әбден қақылы. Ал, халқымыз  «жеті ырыстың бірі- ит» дегенде, дәл осы тазының қадір –қасиетін  білгендіктен сондай ерекше мәртебе берген.   

        Қоңсылас өзбек жұрты  тазының стандартын Өзбекстан  Кинология  федерациясы  президиумының құзіретімен 1995 жылы 3 мамырда бекіткен. Қырғыздар әкімшілік  кодексіне жаңа  талаптар енгізіп, ұлттық мақтанышына айналған тайғанды басқа тұқыммен шағылыстырғандарды  жауапқа тартатын норманы қалыптастырды. Ондай адамдарға төменгі 5 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл төлетеді. Түркіменстаннның  жергілікті тазы мен төбеттері мемлекеттің қарауында, олардың қорын сақтап, одан әрі өсіру үшін питомниктер ашылған. Алабай мен шилерін сыртқа шығаруға тыйым салынған.

 

 

 

                Аңшылық ісінің даму тарихы

Адамзат алғаш  әлемге пайда болған  кезден-ақ  өзін қоршаған  ортаға  үйлесе өмір сүруге талпынған. Күн көріс қарекетімен  әуелден әр түрлі  табиғаттағы  жабайы жеміс – жидекті теріп  жей келе,  аң құс аулауға машықтана бастады.  Мұны дала мәдениетінде сақталып қалған  көне жәдігерлер дәлелдеуде. Әсіресе тасқа «қашалған» аң-құс аулаудағы бейнелер  соның айғағы іспетті.

  Аңшылық  – адамзаттың ең көне және  ең алғашқы күн көріс қарекетінің  бірі болғанымен, уақыт өте келе кәсіпке ұласып, орта ғасырдың соңына дейін шаруашылықтың негізгі бір түріне айналды. Тарихи даму барысында табиғат ананың қорының,  дәлірек айтсақ аң-құс фаунасының қатарының сиреуі, адамзат баласының санының күрт өсіп, экологиялық апаттың қылаң беруі мен  технократтық өркениеттің кең қанат жаюы  аңшылықты  тежеуге мәжбүрледі. Әрі діни фактордың күшеюі, адамдардығ ақыл парасаты арта түсуі өркениетті қоғам элементтерінің  дамуы  табиғатқа деген  қамқорлықты арттырды.  Сондықтан аң-құстарды жөн-жосықсыз, шектен тыс аулауға,  құртуға шек қойыла басталды. Әсіресе , адамдардың санасындағы мифтік түсініктері мен байырғы дүниетанымындағы  табиғат ананы қастерлеу, оның аң құсын, әсіресе қазақтар «Құдайдың малы», «қоңыр аң» деп қастерлеген бұғы, қарақұйрық , тауешкі, құлжа қатарлы аңдарды жіне киелі құстарды шектен тыс аулауға  жөн-жосықсыз қыруға жол берілмеді.

Осы кезден аң аулаудың көптеген тәсілдерінің бірі алғашықты, ал қайсы бірі екінші қатарға  ысырылды.Аңшылық тәсілдерінің аңды қыран құспен алу,құмай тазы мен аулау, ату қарулармен (садақ, мылтықпен), түрлі жабдық-саймандармен (тұзақ, абақ, шаншу, қақпан, атқы), әр алуан тәсілдермен (құм қақпан, орға жығу,қысаңға қамап, сойылмен ұру) аулау деген негізгі түрлері бар.

       Осылайша табиғи тәсілдермен аң аулаудың өрісі тарылып, оның кейбір түрі, айталық құсбегілік пен тазы бартау кәсіптен гөрі, өнер сипатына ие болды.

      Құсбегілікте олжа алу негізгі мәселе емес, керісінше түз тағысын қолға үйретіп жуасыту арқылы бейне бір құс тілін білетін орнитолог-этолог мамандай немесе цирк өнерпазындай түз тағысына өз "әмірін" жүргізу маңызды, әрі адамның өзі баптаған аушы құсының көкте самғауы мен оның аспанда қалықтап, шүйіле келіп аңға түсуін тамашалау жанға ғанибет, саятта қүсбегіге еріп жүрген жұртқа рахат сыйлайтын көрініс. Өйткені, аспанда қалықтап ұшу адамзаттың бағзыдан бергі арманы, оны қолға үйреткен құсы арқылы тамашалау үлкен ләззат.

   

Құсбегілік. Аңшы құстардың түрлері және оның жас шамасы

 

Информация о работе Қазақтардың саятшылық өнері