Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 20:21, реферат
Кеңестік жүйе атадан балаға мирас болып қалған, дәстүрлі саятшылық өнерін жоққа балап – зерделі зерттеу мен қисынды ғылымды көлегейлеп, көшпелі елімізді санатқа қоспауынан және осы өнердің ерекшліктерін терең тұрғыдан зерттеуге, дамытуға тиісінше еркіндік бермеуінің әсерінен дамымай қалуы және қазақ халқы үшін ұлттық бренд болып табылатын, әрі кәсіп, арі спорт, әрі жан сергітер ұлттық дәстүрлі өнерімізді жаңғырту тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып табылады.
Мақсаты: Кеңестік дәуірде қол үзіп қалған ұлттық ата – мұра дәстүрімізді терең зерттеу, жан – жақты танып білу,әсіресе жастар арасында нәсихаттау.
Сүзуді асау құс етене жақын бауыр басып, жуасып үйренгенше ғана қолданады. Ал жатбауыр бүркітті аңға ұшырғанда қашып кетпес үшін құйрығын «сүзіп» қояды.
Ырғақ - түзден ұсталған асау құсты, икемге келтіруге арналған әткеншек тәрізді орнықсыз, ұдайы «ырғақтап» тұратын , құс жуасытатын құрал. Оның еі түрі бар: қарапайымы - арасы 3-4 құлаштай, биіктігі кісі бойындай екі қадаға тіреліп байланған арқан, екіншісі – бүркіт шеңгелі толарлықтай, ұзындығы бір құлаш келген жұмыр таяқшының екі басына жіп байлап аспақтатқан, алтыбақан тәрізді қимылдап тұратындай етіп керген әткеншек.
Томаға кигізіп, ырғаққа отырғызғын асау құсты ұдайы қозғып тербеп отырса, оңды-солды бұлтылдап ойнақшыған кезде құламас үшін құс қарманып әрекеттеніп әбігерге түседі, ақыры қалжырап болдырады. Сол кезде жуасып, құс бегінің ырқына көне бастайды. Ондайда кешкісін тамақтанар кезде саптаяқты көрсе дегбірсізденіп, бас салатындай халге жетеді
Шырға – құсты қолға, аңға түсуге баулығанда міндет атқаратын аңның жасанды бейнесі. Шырға сөзі айла, шырғалау, айласын асырып алдау деген мағына береді. Оның тұлып, кеп, шырға, далбай дкгкн бір-біріне ұқсас түрлері бар. Құстың қанаты, түлкі құйрығы, қоян терісі сияқты кептірген заттарды көрсетіп сүретіп, тәжірибесіз жас балапанға алдыратын түрі далбай аталады. Ал құс пен түлкі, қоян тәрізді аңның терілерін бітеу сойып, ішіне шөп, сабан тыққан түрін кеп дейді. Ал кең таралған түрі – ішіне жұмсақ жүн, шөп кептеп, бас бейнесіне түлкінің , қасқырдың, қарсақтың біреуінің құлағын салып , түлеінің құйрығын тағып көзге түлкіге ұқсатып жасағаны - шырға. Шырғаның тұмсығынан бүлдірге шығарып, оған жіңішке шыжым бай тағып, атпен немесе жаяулап та іркіп тартып сүйретеді, яғни «шырға тартады». Оны көріп қызыққан құс келіп түскенде құстың аяғына түсірмей жіпті оңды-солды тартып , бұлақтатып, іркіп тартып әрекет етеді. Оны ұстауға әдіс іздеген балапан құс аң аулауға машықтанады. Ұстап бас салған кезде құсқа иесі аздап жасырын жем алып, сол шырғаның еті тәрізді етіп, үстінен жұлғызып жегізеді. Осы әдіспен дәндеп дағдыланған бүркіт аң алып жедім деп сезініп, аң аулауға бейімделеді. Уақыт өте келе тірі құсқа, қоянға, аузы байланған, аяғы шідерленген жыртқышқа түсіріп баулиды. Шырғаның бұл түрі «тірі(шырға)» деп аталады.
Құсты
шырғалап қолға түсіру үшін
де тірі пайдаланады. Оған кез
келген құс, тазқара, тоғысай
жеке байланады. Айналасына
Шырғаны шыжым бауға орап ердің қанжығасына байлап алып жүреді. Содай-ақ адасып, айырылып қалған құсты қайтару үшін де шырға сүйретіп іздейді.
Түтік – бүркітті қайтарып баптаған кезде құстың көмейіне жүгіртіп қолданатын, тырна, қарақұс немесе малдың жіліншік сүйегінен немесе өзекті ағаштан дайындалған аспап. Ұзындығы шамамен 30см , жуандығы саусақтай болады. Жіліншік сүйек түтіктің екі басын тұжырып, сыртын егенп, доғалдап, ысып майдалап, екі ұшын жұп-жұмып етіп өңдейді. Өзекті жұмсақ ағашты жарып, өзегін ойып, қайта жапсырып, сыбызғы тәрізді етіп те жасайды.
Түтікпен семіз тоқ құстардың ішін шаю, салқындату, ары-туға және ішін тазалауға, саңғытуға қолданады. Ол үшін түтіктің жіңішке басын бүркіттің өңешіне, әріге жемсауына қарай жүгір-тіп, сыртқа шығып тұрған екінші ұшынан салқын су, қара шай құяды
Аңшы құстарды ұстау тәсілдері және құсты аңшылыққа үйрету, оны баптау
Аңшылық – қазақтың байырғы да қосалқы кәсіп тіршілігінің бірі. Аңшылықтың түсімі, еңбек шығымы аз, бірақ табысы құнды – қымбат аң терісі, еті, қауырсыны, мамығы өз алдына. Құрал – сайманның үнемі жетіліп отыруы аңшылықтың да өзгеріп отыруына әсер етеді. Ертеде адам аңшылықта ор қазу, тор, тұзақ, құс салып, садақпен,мылтықпен атуды үйренді.
Тор құру – бүркіт, лашынды ұстау үшін қолданылатын әдіс. Бұл құстар түсетін аңды (қоян, қарсақ, қаз, үйрек) бұталардың арасындағы ашық жерге байлап қойып, үстінен бұталарға шеттерін іліп торды құру. Жыртқыш құстар ашық жердегі аңды көріп торға мән бермей, аңға түседі де, торға оралып адамға тұтқын болады.
Құс салу - қазақ арасында кең тараған аңшылықтың байырғы түрлерінің бірі. Құс салу, аңшы құсын тәрбиелеу, баптау, аңшылыққа үйрету – үлкен салт. Бұл – аңшылыққа берілгендікпен қатар, шыдамдылықты, ұстаздық талантты да талап ететін еңбек. Аңшы құстары тек бүркіт пен лашын ғана емес, қаршыға, ителгі де. Үлкен құстарды байсалды аңшылар ұстаса, кіші құстарды балалар да салады. Олар қаз бен дуадақ сияқты ірі құстарды ала алмағанымен түрлі шүрегей үйректерді, кекілік, құр сияқты құстарды ала береді. Ителгі қоянды да ала береді. Қаршыға, ителгі салу – балалар үшін саятшылықтың бастауыш мектебі.
Шырақ жағып ұстау тәсілі мынадай: айсыз қараңғы түнде құс қонағыне немесе құс ұйықтап отырған жерге дыбыс шығармай тайап келіп, сырықтың басына шырақ жағып бүркіт көзіне жақындатады. Ондайда құстың көзі қарауытып отырып қалатындықтан құрықшамен құстың мойнына тұзақ тастап ұстап алады.
Қақпан құру. Оның бірнеше түрі бар. Суыр түлкіге құрылатын қақпанның серіппесін бостау етіп, қанды ауызына киіз орап дайындайды. Сонда ғана ол түскен құстың жіліншігін жарақаттамайды. Қақпанды тау қойнауларына құрып, ауыр тоқпақ байлайды. Жанына қыранқара, сарша, ақсары, кезқұйрық сияқты құстарды байлап, жем жұлғызып, қоян түттіріп қояды, айналасына кесек еттер тасталады. Алыстан жем жеп отырған құсты көріп, түз бүркіт іркілмей келіп, жем жеймін деп какпанға түседі.
Бұл тәсілдің тағы бір түрі – жеттік айыру. Түзде бүркіттің өзі ұстап, олжасын басып жеп отырғанын көрген кұсбегі бүркітті үркітіп жіберіп, дереу жемтік айналасына қақпан құрып кетіп қалады. Ал бүркіт болса өзі тастай қашқан олжасына қайтып оралып, жемтікті әрі-бері жұлқып жүріп қақпанды басады.
Құс кейде қалықтап ұшып, сүзе қағып жүріп шабыттанса, кейде міз бақпай отырып алып, аң-құсты аңдыитын қылығын бақылаған құсбеглер құстың қөбірек, жиі отыратын орынына қолдан тас оба үйеді. Төбесіне құм төгіп, шөп-шалаң тасып, оған жасырып қақпан құрып, қапыда қыранды қақпанға түсіреді. Мұны «оба жию»,«обаға қақпан құру» деп аталады.
Торға түскен бүркітті қолға үйрету үшін әуелі оның басына томаға кигізеді. Басына томаға кигізілгенсін, көзі ештеңені көрмей қалғасын құс тыпырлауды, қарсыласуды қояды. Сосын құстың аяғына бау тағады, аңшы қолына өгіз терісінен тігілген қатты қалың қолғап киіп, құсты қолына қондырып алып, үйге әкеледі, нық тұғырға емес ырғаққа қондырады, оны үздіксіз ырғап қойып, құсты әбден шаршатады.
Құс ұйқыдан қалжырып, титықтап шаршағасын аңшы оны өз қолынан тамақтандырып, өзіне үйретеді. Құс адамға үйренгенсін адам оны аңшылыққа бали бастайды.Жабайы бүркіт түлкіге түсе бермейді, қасқырға мүлде түспейді. Адам оны түлкіге түсүге үйретеді, ал бүркіт мықты болса, қасқырға түсүге де баулиды. Бүркіт аңшыға, адамға әбден үйреніп алғасын, кетпейтініне көз жеткізгенсін оны аңшылыққа баулу басталады. Аңшының көмекшісі түлкінің терісіе ұзын жіпке байлып алып сүйреп шабады, қашып бара жатқан түлкі сияқты теріні көосетіп, аңшы құстың томағасын алып ұшырады. Бүркіт өзінің аңшылық табиғаты бойынша қашып бара жатқан аң ғой деп теріге түседі. Сол кезде аңшының көмекшісі тоқтай қалады, аңшы да келіп, бүркітті мақтап оған жем береді. Бүркітке қазы-қарта, жал-жаяның керегі жоқ,ол тек жас етті жейді. Осылай бүркіт өзінің жаңа кәсібін меңгергенше 1-2 ай өтіп, қыс та түсіп, сахарадағы аңның жүні құлпырады. Түнде қар жауып, таң ата басылса, аңшы қуанады: мұндай жағдайды қансонар дейді.
Бүркітті аштай алып аңға шығады. Ізді кесіп, ең жаңа ізбен жүріп оның иесін қуып, ол көзге шалынған мезетте бүркіттің томағасын алады да, өзі аңның соңынан куа береді. Аш бүркіт, ашулы бүркіт ұзаққа жібермей ол аңға түседі. Аңшы тезірек жетіп келіп, бүркітке қызыл беріп,бүркіт алған аңды байланады да, тағы із кеседі. Бұл жерде аңшының асығатын себебі – бүркіт алған аңның етіне аңшы келгенше өзі жер тойып алса аң аулағысы келмей қалады. Ұшпайды, ұшсада аңға түспейді – қықасы, ол күнгі аңшылық сонымен аяқталады. Тәжірибелі аңшылар құсты жақсы пайдаланады. Атақты құстар аңызға айналған, ондай құстарға көо мал беріп, немесе беделін сатып алатын.
Құс салатын аңшы әр ауылда болмағанымен, әр-бір бес-алты ауылда кездесіп тұратын. Мұндай аңшыларды саятшы дейді, олар бас қосып, көмекші алып, салбұрынға шығады. Онда олар қос тігіп, азық-түлігін ала шығып, ұзақ уақыт саятшылық құрады. Бүркітті жемдеп, аңға салу, бабын туып пайдалану үлкен өнер.
Құсбегі әуелі ұстауға ниет еткен құстың мекенін жіті бақылап тауып, қайда шабыттап, қайда қонақтайтынын біліп алады. Тіпті құстың алып жүркен аңын байқап, әлді-әлсіздігін, алғырлығын шамалайды. Құстың ұшуынан, қанат қағуынан, шаңқылдаған дауысынан оның жасын мөлшерлейді. Осылайша аушы құс ұстауға әрекеттенген құсбегі құс тіршілігнен ұзақ уақыт зерттеу жүргізеді. Мұндайда төңіректе мылтық атып, айқайлап, оғаш қыймылдармен оны шошытып алмауға тырысады. Жас балапандар ата-енесімен бірге ұшып-қонып тынымсыз шаңқылдап жүреді. Ал ересек бүркіттердің екеуден жұп құрып, аң-құс қағып жүргендігі байқалады.
Осыдан кейін құсты қолға түсірудің тәсілін таңдайды. Ондай тәсілдер сан алуан: арқан байлаған керегеге жабыса түсіп қия жартастағы ұядан балапан алу, тормен ұстау, тояттатып қуып ұстау, қақпанмен тұзақпен ұстау, балапанды ұшырып алу, жемтікке қақпан құрып ұстау, жемтұзақпен ұстау, су соқты болып суға малшынған құсты қуып ұстау, аң терісі арқылы ұстау, шлмалап ұстау, түз қыранмен қол бүркітті шеңгелдестіріп ұстау, шырақ жағып ұстау, жаба тоқып ұстау тәрізді толып жатқан ұстау әдістері баршылық.
Ұядан балапан алу – ең көп таралған әдіс. Оның түріде көп. Бүркіт ұясын тау шоқысы, шағыл, сырғыма, құлама жартас, жыныс ормандардағы нар қарағайдың ұшар басы тәрізді адам аяағ оңай жете алмайтын қияға салады. Ұяаға желмен жауынға паналы ықтасын, қойнау текшелерін таңдап, ұяны ағаштың бүрі, жирен, жусан,бұта шөп- шалаңнан өреді.
Осындай қиядағы ұядан балапан алу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Ұядағы балапанға жетудің қалайлы жағын сараптап алған соң, жартастағы ұяға көбіне үстіңгі жағынан түседі. Бірнеше қайыс арқандарды қабаттап жалғап алып, бір ұшын қағылған қазыққа байлап, екінші ұшын ұяға түсетін адамның беліне байлайды(байлап тусіпу). Адам еңіске сырғығанда айналып, үйіріліп кетпес үшін, беліне көлденең бақан байлайды. Құз қиыр болса қанат кереге алып, оның бас-аяғына ағаш таңып, ұяға түсуші адамды оның үстіне отырғызып, төмен сырғытады(бұл аспақтап түсіру деп аталады). Ұяға түсуші батыл, епті адам денесін тас, бұталардан сақтайтын ықшам киім, өзімен бірге балапанды бөлеп, құндақтайтын жабдықтарды ала жүреді. Жоғарыда тұрған адамдар оның беліндегі арқанның қозғалысын басқарса, етекте тұрғандар ұяның бағытын нұсқап, ұябасардың шабуылынан қорғайды. Ұяға түсуші төмен баяу сырғып ұяға жетіп, балапанды бөліп алған соң, арқанмен кері қарай тартып алады. Арқан жететіндей ұзын болса сол күйі құздан төмен қарай сырғытып түсіреді.
Желсіз, тымық күндері балапанды ұядан ұшырып үркітіп те алады. Балапан шалғы-құйрығы айқасып жетілген кезінде ұшуға бейімделіп, кергіп отырғаны байқалады. Сол кезде ұяның төңірегіндегі биік қарауыл жерлерге атты кісілер қойып, ұшқан балапанның қайда қонып, қайда түсетінін аңдиды. Ал ұяға жақындаған кісілер арқанға тулақ, елеген, тұлып сияқты сұстылау нәрселерді байлап алып, төбесінен салбырап балапанға жеткенде салдыр-қөлдір дауыс шығарып үркітеді. Жат нәрсені көріп шошыған балапан ұядан ұшып шыққанымен, ұшуға дағдыланбағандықтан бойын билей алмай ауытқып, толқып, қанаты талып төмендеп жерге түседі де, қайтып жуырда қөтеріле алмай қалады. Аңдушы адамдар балапанды осы кезде ұстап алады.
Ұядан алған балапан өте жас ақүрпек болса, сол маңдағы оңай бір орынға тастап кетеді немесе саусақтарынан жіп байлап «арқандап» қояды. Оны ұябасары бол отырған жерде асырап жетілдіреді. Торуылдап бақылап жүріп, кейін есейген кезінде алуға болады. Ұядан алған балапан «қолбала» аталады, әрі қолға оңай үйренеді.
Құмай – тазы. Құмай тазынаң түрлері және оның шығу тегі мен таралуы
Тазы қазақ даласына сақ заманында келген деп шамалауға болады.Шамамен 2000-2500 жылдар бұрын келсе керек.кейбір тасқа қашалған петроглифтердегі тазыға ұқсас аңшы иттерінің бейнесіне қарап, бұдан ертерек заманда болған ба деп болжам жасауға болады.Дегенмен тақыр тазылар осыдан бес- алты мың жылбұрын перғауындар заманында өмір сүрген.Әйгілі Тутанхамон қабірініңішінде ажал құдайы Анибус –қара түсті тазы бейнесінде бейнеленген.
Қазақ жерінде таралған тазының бірнеше түрі бар.
Мысалы Самарқанның тазысы-аласа бойлы, бірақ мүше-мүшесі әсем де сүйкімді болған. Жем бойы мен Атырау бойындағы қазақтардың тазылары –табан жүні мен құлағындағы шашағының ұзындығымен ерекшеленеді.Ең соңында, Оңтүстік Сібір тазыларына келетін болсақ табанының сүйірленіп бітісімен және күштілігімен дараланады.Бұлар Ертіс бойында таралған.Ал орыс деректерінде Түркістан тазылары қазақ жерінің оңтүстік және солтүстік батыс жерінде тарлған.сібір тазылары қазақ жерінде ғана емес,батысқа дейін жеткен таңдаулы ең алғаш тұқым. 1889ж. Сібірде смоедтайпалары арасында үш ай болған бритон зоологы Ернст Килбур, онан кейін Орал бойына және Батыс Сібірден әкелген ит тұқымын лайкаға ұқсас смоед тазысы атаған атпен Еуропада таралған.
Қазақ жерінде тазының құмай,
Ал қазақ тазысына ең жақын деп айтып өткен ауған тазысы әлемдегі ең дегдар тұқымға саналад, бойы 70-74см мінезі қатаңдау болғанымен иесіне шексіз берілген, тамаққа талғампаз, жеке емес, иесімен бірге үйде тұрғанды сүйетін тұқым. Ол өз олжасын көзбен торауылдап, жіті бақылау арқылы алады.тіпті иесінің көмегінсіз өз бетімен аң аулайтын тұқым. Оның әлемге кеңінен таралып,үлкен қызығушылыққа ие болуы –батыс елдерінің әскери жорықтарымен тікелей байланысты. XIX ғ. Екінші жартысынан батыс әлеміне белгілі болған ауған тазысын британ әскерилері алып келген,1907ж-дан көптеп келіп тазының түрлі линияларын Еуропада дүниеге әкелген.дегенмен онан сәл бұрын 1809ж. салынған сурет 1813 ж. Лондонда жарық көрген болатын.1920 ж. Ауғаныстанның оңтүстігіндегі Балукыстаннан апарған тазы Шотландияда, солтүстіктен апарғаны Англияда онан әрі Америка құрлығына таралып,дербес линияны дүниеге әкелген.Теңдесі жоқ сұлу бітімге ие болған ауған тазысы мен араб салюкиін өсіретіндер арасында 1960 жылдардан бастап Dog World кәсіби журналының бетінде басталған дау әлі бір мәмілеге жеткен жоқ.Бір тобы (waters бастаған ) тазыны салюкиден шыққан дейді де ежелгі Мысыр мен Месопотамия, парсы жерінде табылған б.з.д. 4 мың жыл бұрынғы ит қаңқалары Ауғаныстан жерінен ұшыраспайтындығын алға тартады.Сауда –саттық арұасында ауған жеріне әкелінген иттер жергілікті ортаға бейімделген дейді. Оған қоса салюкидің иығы мен санына,кейде басына қарай үлпілдек, мақта тәрізді жүн ұшырасуы сирек кездеспейді деген уәжді алға тартады.Ауған жеріне жеткен салюки биік таулы өңірге бейімделуден жүні қалың, жүндес болып, ұзара түскен, тіптен жағы, арқа жота, құйрығына дейін түк біткен. Алайда Кеңес үкіметі кезеңінде отарлаушылық саясат жергілікті жердегі елдің бет-бейнесімен жердің экологиясына ғана емес ит пен тазының тұқымына да салқынын тигізді. Елге келген өкілдер өзімен әкелген иттерін тазымен будандастырып, тазының тұқымы азып кетті.Олардың аңға пайдалану парқын азайтты.Осы мәселе дер кезінде көтеріліп,Онңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы,Бәйдібек ауданы,тазыларын әкеліп, қан жаңғырту тазы тұқымын сақтап қалу шараларын жүргізді.Тазылардың түр-түсіне тоқталар болсақ, сұр,қара сары, көкшіл сұры болды.