Қазақтардың саятшылық өнері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 20:21, реферат

Описание работы

Кеңестік жүйе атадан балаға мирас болып қалған, дәстүрлі саятшылық өнерін жоққа балап – зерделі зерттеу мен қисынды ғылымды көлегейлеп, көшпелі елімізді санатқа қоспауынан және осы өнердің ерекшліктерін терең тұрғыдан зерттеуге, дамытуға тиісінше еркіндік бермеуінің әсерінен дамымай қалуы және қазақ халқы үшін ұлттық бренд болып табылатын, әрі кәсіп, арі спорт, әрі жан сергітер ұлттық дәстүрлі өнерімізді жаңғырту тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып табылады.
Мақсаты: Кеңестік дәуірде қол үзіп қалған ұлттық ата – мұра дәстүрімізді терең зерттеу, жан – жақты танып білу,әсіресе жастар арасында нәсихаттау.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 206.50 Кб (Скачать файл)

     Қасқыр мен түлкі қатар алатын  қазақ тазыларымен будандастырып,  тұқымын асылдандыра отырып, Орталық  Россияда аң қағатын орыс тазысының  кейінгі орта ғасырда дүниеге  келгендігі тарихтан белгілі, XI ғ  француз Генрих I үйленген орыстың Мудрый Ярославтың қызы некесі кезінде орыс тазысы борзая туралы алғашқы дерек жазылған. Олар аң қаққыш, әрі суыққа төзімді, суыт жүріске шыдамдыжүріске мықты келетін борзаямен аң аулау 1861 ж басыбайлылықты жойғанға дейін жақсы дамыды. Өздерімен бірге батысқа қарай алып жеткен ит тұқымдарын сақтап қалған Анадолы түріктерінде қаңғыл, ақбас, қарабас деп аталатын, ал мадиярлар дакубас, командар аталатын иттің тамаша тұқымдары бүгінде әлемге әйгілі.      

 

 

     Көзімізді ашып, мына таңсық дүниеге  үңіле қарағанымызда ең алғаш өзіне еріксіз баураған нәрселер –қозы –лақ пен күшік болды. Асыр салып соларды қуалап, қолымызға іліксе көтеріп, кешке сілеміз қата мұрттай ұшатынбыз. Қилы-қилы иттің  түрі барын, оның әрқайсысы қадір –қабілетіне қарай кәдеге жарайтынын аңғардық. Бірінші байтөбеттердің қораға сақ. Қотанды қорғайтынын білдік. Соғыра тазының тәлейіне біткен ерекшелігіне тамсандық. Әрі бұл иттің көрінген босағада өспейтінін екшедік. 

     Тазы ұстауға бейім адамдардың  қарапайым жұрттан бір оқшаулығы болады. Тіпті, тазы иесінің қоғамдағыәлеуметтік орнын да әйгілеп тұратын. Көбіне жылқышылар ұстайтын еді. Сөйтсек, шынтуайтында да тазы өмірдің шыршуынан биік жандарға ғана ілесуге лайық екен. Бұл аңсақ та сезімтал тұқым сән –салтанатымыздың да, дәулетіміздің де, саяткерлігіміздің де нақты белгісі еді. Қазақтың аяулы ұлдары тазыны жанына серік етті.

    Ол  кезде спорт деген ұғым санаға  жат, алайда иті бар адам  үнемі ер үстінде, тоқтаусыз  қозғалыста болар еді. Бірақ  мұндай саятшылдық кедей –  кепшіктің қолы емес. Өйткені тазының күшігі өте қымбат тұғын.

        Мезолит дәуірінде қолға үйретілген ит екі түрлі жабайы тұқымнан оңтүстікте шие бөріденсолтүстікте қасқырдан шығып жер бетіне тегіс тараған хайуан дейді қазіргі ғалым.Иттің шығу тегі туралыбір ғанаортақ ит тұқымнан бастау алған және түлі тұқымдар ұзақ эволюциялық тарихи дамудың нәтижесі деп қарайтын монофилетикалық және көп негізден шықты дейтін полифилетикалық теориялар бар.Жартас бетіне салынған суреттерді есептемегенде тазыға ұқсас кейіптіегі бейнелер Мысыр перғауындарының ескерткіштерінде бейнеленген. Осыдан 3400 жыл бұрынғы деректерде ұзын сирақты тұрықты, тұмсығы үшкіл, құлақтары тік, құйрықтары иректеліп дөңгеленген иттер бейнеленген. Қысқасы олардың сұлбасы тазыға көбірек келіңкірейді (ат пен иттің басқа тұқымдары бұдан көп кейін бейнеленген, яғни кешірек қолға үйретілген). Тазының шыққан жері мекені туралы мәселе аса тартысты болғанымен қазір адамзаттың көбі Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Азияның үстіртті даласы деп түсінеді.

        Қазіргі кезде тазының тараған аймағында оған жақын тұқымдас деп айтуға келетін екі түрлі ит тұқымы бар: ол Абиссиния иті және үнділердің дол иті.Соңғы тұқым тазы тәрізді аңды үндемей баспалап келіп алады, көп үрімейді, әрі батыл, түсі түлкіге ұқса. Бірақ олар ну орманды мекендейді, қимылы баяу, аяқтары шомбал.Мысыр перғауындарының итіне ұқсайтын, Судан мен Кордофанда тағылау,кесек бітімді иттерді тазының ең көне «туысқаны»  деп долбарланады. Бірак Ніл дәриясы аңғары қолға үйретілген тазының шыққан жері деп саналады. Ол аумақтан Араб түбегіне, ары қарай Кіші Азиямен Парсы жеріне, онан әлемге жаппай таралған делінеді. Осылай таралған иттер бірнеше ондаған ғасырлар барысында жергілікті жердің аумалы – төкпелі ауа райына үйлесіп, түрленіп сұрыпталып отырады.

         Еуропаға қарай арийлермен келген тазы тұқымды иттер кеңінен таралып, аңшылық пен күн көрудің негізгі арқауына айналды,солтүстікте Балтық теңізі жағалауына таралды.Ал тазылар бұлардан кеійнірек батыс Африкадан көне  Испания жері арқылы кельттерге, Галлиялықтарға жетіп, солардың атымен аталатын тазы тұқымдары пайда болғандығын Ұрым заманындағы жазбаларында жазылған, онан әрі Ирланедия, Шотландияға дейін таралған. Соның аймағы қазіргі әлемдегі көптеген ит тұқымдарының аталған қарт құрлықтан кездесуі. Орта ғасырда тазымен аң аулау, тазыны тарту ету еуропалықтарда үлкен қызығушылыққа ие болған. Әсіресе, ағылшындарда таза қанды тазы иттерді сұрыптау, белгілі мақсаттарға пайдалану кеңінен етек алған.

        Ал араб бәдеуилерінің ермегі  болған тазылар арабтардың дін  тарату жорығы кезеңінде Азияға  кеңінен таралған дейді зерттеушілер. Дін таратумен тазыда бірге  келді деуінің себебі ислам  діні таралған аумақта, дәлірек  айтқанда Алтай, Гималай тауларына  дейінгі аралықта  арабы тазыға ұқсас иттер ұшырасады. Орта Азияның қатал табиғатына үйлесу үшін тазыларды ғұндардың итінің сипатына ұқсайтын ұзын сабалақ жүнді, салпаң құлақты жергілікті тұқыммен будандастырып жаңа сұрып – шығыстың салпаң құлақ тазысы дүниеге келді. Оның құйрығы мен шонданайы ұзындау, сабалақ жүнді  иттер еді және оның пайда болған және таралған аймағы тарихи кезеңіне қарай біл тұқымды «түрік- -татар тазысы» деп атуға болады дейді. Ьатысқа қарай ығысқан түрік халықтары өзімен бірге салпаң құлақ тазысын ала келіп, оңтүстік  орыс даласы мен күңгей  шығыс Еуропада  тазыға ұқсас жаңа ит тұқымдарының пайда болуына негіз етті.

         Ал мұсылман емес халықтарда  тазы мүлде беймәлім деуге  келеді. Атақты Марко Поло моңғол  императорларында аушы құстар мен басы қазандай, кесек тұлғалы иттер туралы тамсана жазады. Монах Иакинф қытыйлар Шығыс Түркістанды иеленгеннен соң ғана тазымен етене таныса бастаған дейді.

 

 

   Тазының қасиеттілік,аң аулау ерекшеліктері

   Тазысы  бар адам тек саятшылықтың  ләззатына шомбайды, дәулеттілікке де бір табан жақындайды. Бір қыста ұшқыр тазы 80-100 –ге тарта түлкі алса, 5-6 қасқырды жусатады.  Осы олжаның терісін базарға шығарса, біраз ақша , бұл қыр қазағының ажарын ашары рас. Сондықтан да 47- ден бас тартуы түснікті жәйт.

    Күшіктерді  ауыздандырғанда 2-3 айынан қосаяқ  тышқанға салып баулиды. Соған  дағдыланып, шалымлыдықты ұштайды.  Ол тек бейімділікті ғана шыңдамайды  шыдамдылыққа үйренеді, алғырлық  пен ұғымдылықты меңгереді. Аңшылықтың  алғашқы бастамасын көреді. Барлық  салпаң құлақтыларға ортақ қасиетінен  бөлек тазының өзгеше тұстары бар. Ол ұзақ қашықтықтарға талмай жүгіреді. Қарақұйрық, елік, сияқты аңдарды 10-15 шақырымға  дейін барлықпай қуалап, қалжыратып барып жер қаптырады. Атқан оқтай қалпы тағы да   осынша шақырымдарды артқа тастай береді. Сондықтан оларды желаяқ тұқымдастарына  жатқызады.  Иттерге халықаралық деңгейде арнайы бекітілген 450 метр қашықтықтық орыс  борзойлары 58 секундта жүгіріп өтсе, шығыс тазылары бұл қашықтықты 53 секундта артқа тастайды. Імбе көздері қырағы, мұнымен қоса аңшылық аңғары өте жоғары. Із кескенде де жаңылыспай, олжаның үстінен тап басады. Орманда да жазықтағыдай жайраң қағады, шалт қозғалып, қалт  тұрады.

      Ол бүркітпен де, жұптасып, аң  аулап кете береді. Көктегі жыртқышпен  айна қатесіз ұғынысып, оның алдына салымын айдап алып барады. Мұндай аңшылықтың көрер көзге қызығы мол әрі ақиық пен құмайдың түйсікпен ұғынысып, қапысыз қимылдауы таңдандыра түседі.

     

  

      Одан әрі қарай  қазақтың  төл иті –тазы мен төбеттің  тағдыры күмәнді деген сөз. Бүгінде Қазақстандағы кинологтардың ұстанған бағыттары, баптайтын иттері Ресей, еуропалықтардан аусашы. Төбет пен тазының  иісшілдігі  кез келген сабалақтан асып түспесе кем емес. Сондықтан  ішкі істер органы мен кеден қызметтеріне тартып баулыса, көп нәтижелі шаруаға қол жеткізер еді. Бірінші, сырттан бәленбай қымбат ақшаға ит сатып алмайды, екінші  бұлар тамақсау емес, оларды ұстауға аз шығын жұмсалады; үшіншіден, мемлекет қаражатына төл иттеріміз көбейіп, сапасы арта түседі.

    Тазының  қасқырға түсетіні – алпауыты. Мың бір түрлі дүние болса мың бір түрлі көзқарасы мен пайымы бар қазақ, ит тұрмақ адамға қаратып, «қасқырды қасқырдай жігіт соғады»  деп айтақан. Қолына сойыл  беріп қойсаң да көкбөріні дәті  барып ұра алмайтындар бар. Сондықтан, «тазы қасқыр алмайды» деген жаңсақ сөзді, асыл затты иттің тегін жете білмейтін жайдақтар ғана айтады. Бұл байламды жоққа шығару үшін туған халықымыздың аяулы азаматы, қазақ топырағында этнография,  әдебиеттану, археология, архитектура, тарих ғылымдарының тамырын тереі жая дамып, өркендеуіне ұйытқы болып, қыруар еңбек сіңірген, Қазақ КСР Ғылым академиясының іргетасын қалаушылардың бірі, академик Әлкей Марғұланның мәдени өмірімізде алатын орны зор мына бір естелігінен үзігді келтіре кеткенді  жөн көрдік. «....Шыңғыстауда сауық құрып жатқанда, Мұхаңның (М.Әуезов) аса қызықтайтын әңгімесі –қасқыр алатын ақ қасқа тазылар еді. Мен өскен ауылдарда оның бір тобы бар. Малға тиген қасқырды өз бетінше барып ұстап, өлтіре береді. Ақ қасқаны көбейтіп,  өсіретін жер  Ереймен тауының іші, оны аңға қосып қызық көретін аңшы  сол тауды қоныстайтын Оспан деген жігіт. Онда қасқырды емін еркін алатын екі дәу тазы болды. Біреуі көкқасқа, енді біреуі қарақасқа, екеуінің биіктігі тайынша бұқалардай еді, екеуі де орасан жүйрік, қасқыр көрінсе құтқармайтын, барып ұстайтын, біреуі қасқырды тамағынан қысып алқындырса, енді бірі қарнын жарып түсіретін. Шідерті өзенінде бір қосқанда тазыдан да, қасқырдан  көз жазып қалдық, қасқырдың тобы тоғыз еді.

  Оспан: "Бip топ қасқыр тазыларга жабылып, 6ip зақым icтемес пе?" — деп күйзеліп келеді. Бip уақытта қарасак, алдымыздан көкқасқа шығып, құйрығын бұлғаңдатып, бізді epтin, өліп жатқан қасқырдың  үстіне апарды. Оның қасында жүресінен  түсіп  қарақасқа жатыр. Екі алпауыт қасқырдың 6ip көкжалын ұстап, жерге сұлатып қойған. Біз Оспанға қарап күлдік.  Қасқырды тек  әлсіретіп қойғаны болмаса, әлі өлмеген.  Қасына кісі барғанда ол тағы да күшін жиып қарсылық көрсетпекші болады. Екі алпауыт тазы оның тамағынан қыса түседі

 

          Тазыны күту, баптау, аңшылыққа дайындау

          Тазыны күшіктей алса,үйретуге  жеңіл әрі ыңғайлы болады аңшының  өз икеміне жаралықтай етіп  тәрбиелейді.Тазыны үйрету,баулу  көптеген халықта ортақ немесе  бір-біріне ұқсас қырлары көп  құбылыс.Ол негізінен төрт сатыдан тұрады:дайындау немесе бой үйрету,бойсындырып дағдыға үйрету,арнайы баулу және оларды әбден бойға сіңіру.

       Алғашқы саты тазы күшігінің  екіден алты ай аралығын қамтиды  және қарғыбауға үйретумен ерекшеленеді.Күшіктерге  бір ай толған соң тазыға  аән белгілері біліне бастайды:тұмсықтары сүйірленіп,белі тіктеніп,құйрықтары «оюқұйрықтана» бастайды,аяқтары тақыр,құлақтары салпаң құлақтанған,құлағында шашақтарының нышаны бар,төсі шынтағына жетіп тұрады.Осы кезден үйретуге қолға алады.Тазы күшігіне үйдегі кез келген адамның айқайлап,жекуіне болмайды.Қарғыға,тұмсыққапқа,жетекке үйреткенде де аса ұқыптылықты талап етеді.Олар күшіктің бір жеріне батып,қорқытатындай болмауы керек 1,5-2 айлығында мойынына жұмсақ шүберек байлаудан бастайдыда ,бірте-бірте оны нағыз қарғыбаумен алмастырады да ойнағанда т.б. қимыл әрекеттерде оның әсеріне көндігіп,дағдыланатындай болуы керек.

        Алты-жеті айлығында иесінің әсеріне  толық бағынатындай етіп «баулиды».күшікке  қойған өз атына және қарғыға,жетекке  жүруге үйрету-кезекті жаттығу жұмыстарының алғашқыларының бірі.Ең әуелі түлкінің құйрығымен ойнатып үйретуден бастайды.Егер осы кезде тазыға тән қылық танытып,онымен әуестенсе ,онда күшігіміздің алғыр болатындығының белгісі.Оны үйрете,тәрбиелей білсе бұйрықты мүлтіксіз орындайтын дағды қалыртасады.Тазы күшігін түлкі құйрығымен ойнату себебі:1.Тазының мойны қатпайды.2.Кейін түлкі қуғанда алданбайды.

        Итті тұмсыққапқа,тұмылдырыққа,иесінің  айтқанын екі етпей,оның жанынан  ұзамай,бос әрі қатар жүруге  үйрету-баулудың алғашқы түрі.Бұл-қазақ аңшылығында қалыптасқан дүние емес.Тамаққа жай шақырғанда жетіп келуге дағдыландыру,оның «отыр» деп бұйырғанда жанында шоқиып отыруға үйрету.Ол үшін ұзындығы бір құлаштай қайыс шыбыртқымен жекіп,кейде шықпыртып алады.

       Мұнан кейіегі сатыда бұйрықтар санын көбейтіп, тазыны Кел! Кет! Отыр! Тұр! Ізде! Жат! Тәйт! Дегендей бұйрықтарға дағдыландырып, сүйретпеге салып қояды. Итті қыдыртқанда, тамақтандырғанда, күткен сәттердерде иесіне, өзіне қойылған атқа дағдыландырады.Тазыны баулуды бастаған кезде оны сипалап , еркелеткенді ұнататыны белгілі,әрі аса зорықтырмай, аяқтарының табанын жараламауды қарастырады.

       Шақыруға үйренген соң «жасырынбақ»  немесе жасырынған затты табуға  машықтантырады. Ол үшін күшік  ұзап кетіп,шақырғанға келмесе,иесі  жасырынып қалады. Бұл кездде күшік аласаұрып иесін іздей бастайды, кейде жалғыз қалғаннан қорқады. Осы кезде жасырынған жерден щыға келіп, атын атап шақырса тазы күшігі балаша қуанып жетіп келеді.

      Тамақты көрісімен, шоқиып отыруға  «отыр»,«жарайсың» деп бұйрық беріп тамақ ұсынады. Ал сол ересектеу болып, айтқанға көне қоймаса, сол қолмен оның бөксесін басып, жетек бауын жоғары көтеріп: «отыр» деген бұйрық қайталанады.

      Дауыс «үр» деп бұйрық береді. Бұл арада оның қасиеті, инстинті әсер етіп, ол дауыс шығарып үреді. Сондықтан оның алдын ала айту керек және үрсе, қолдағы етті беріп, еркелете сипалау дұрыс. Осы жаттығу әлденеше рет қайталанғанда итте шартты рефлекс пайда болады.

     Итті бөгде адам берген, не  тауып алған тамаққа «немқұрайды»  қаруға,оған көңіл бөлмеуге үйрету үшін алдымен оның өзі тамақтанып жүрген жерден басқа жерде тамақтануға тыйым салынады. Сондықтан оның тамақтанып жүрген итаяғын басқа жерге қою керек.

     Иттің бөгде адам қолынан тамақ  жемеуі де бар екенін айта  кеткен жөн. Мұнда ит  байлаулы не иесінің жанында жетекте болуы тиіс. Сонда оның жанынан өтіп бара жатқан бейтаныс адам иттің атын атап,бір кесек етті көрсетеді. Егер ит қолдағы етке ұмтылса, иесі «тиме»,«Фу» деген бұйрық беріп, жетекті жұлқи тартады.

         Қасқыр, тулкі не басқа да азулы, тұяқты аулауға үйретудің де өз әдістері бар. Мысалы үйретуді, жаттықтыруды бастаған кезде қосатын аңына жете алмай шайлығып қалмас үшін иттің алатын аңының бірін ұстап, аяқ буынын арқанмен тартып байлап , оның жылдамдығын кемітіп, жазық кең далаға босатып жібереді. Бірақ үйретуші – аңшының өзі де қабаттаса шауып , одан қалмауы тиіс. Сонда ол ит жетіп, ұстаған жыртқыш аңды соққыға жықпаса, тәжірибесіз жас итті оның жазатайымы еті ықтимал.

        Ондай сіңірі қолдан тартылған  аңға итті қосу қашықтығы 20 – 30 метрдей болуы керек. Аңға қосуға үйрету, жаттықтыру мерзімі күшіктің туғаннан кейін 10 – 12 ай толғанда басталуы керек. Күшікті үйретіп, жаттықтыру су құстары ұшпаған кезде, яғни олардан із, иіс қалатын сәттерде басталатыны аңшылық кәсібімен айналысатын тәжірибелі мамандар ұдайы ескертіп отырады. Және ол ит өзі ұстаған «олжасын» міндетті түрде иесіне әкеліп беретіндей етіп, тәрбиелеу тиіс.

Информация о работе Қазақтардың саятшылық өнері