Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 20:21, реферат
Кеңестік жүйе атадан балаға мирас болып қалған, дәстүрлі саятшылық өнерін жоққа балап – зерделі зерттеу мен қисынды ғылымды көлегейлеп, көшпелі елімізді санатқа қоспауынан және осы өнердің ерекшліктерін терең тұрғыдан зерттеуге, дамытуға тиісінше еркіндік бермеуінің әсерінен дамымай қалуы және қазақ халқы үшін ұлттық бренд болып табылатын, әрі кәсіп, арі спорт, әрі жан сергітер ұлттық дәстүрлі өнерімізді жаңғырту тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып табылады.
Мақсаты: Кеңестік дәуірде қол үзіп қалған ұлттық ата – мұра дәстүрімізді терең зерттеу, жан – жақты танып білу,әсіресе жастар арасында нәсихаттау.
Күйкентайды қазақтар сұңқар тектестерге жатқызады. Бүгінгі таңда қазақ жерінде оның екі түрі кездеседі: дала күйкентайы және кәдімгі. Шөлден басқа өңірдің барлығында кездеседі. Тұрқы 29-33 см, қанатының ұзындығы 23-28 см, аталығының салмағы 160-200 гр., ұябасары 190-280 грамға жетеді. Өңі қоңыр, сарғылт теңбілді келеді.
Ұясын жар тас, ағаш басына салады. Көкек айының соңында бурыл , сарғылт дақты 2-6 дана жқмыртқа салып, бір ай шайқап, бір ай жемдейді. Ауада қалықтап жүріп жемін іледі. Тек денесінің өте қораштығынан құсбегілікке жарата бермейді. Ол торғай біткеннің қас жауы. Сондықтан да қазақтар панасыз, әлсіз жағдайдағы жандарды «күйкентайдан қашқан торғайға» теңейді. Егіс алаңын торғай басып кетсе күкентайды пайдаланады.
Ақ тұйғын - қазақстанның шөлейт өлкелерінен басқа өңірлерде сирек те болса кездеседі. Оны қаршығаға ұқсас баулиды және қырандығы да оған жете қабыл, әрі оны қаршыға тектестерге жатады дейді қазақтар. Тез самғайтын қанаты қысқалау, құйрығы ұзынша келген оның шүйлігіш, аса шапшаң ерекше қимылын «тұйғындай шүйілген» деген теңеуге арқау еткен.
Ақпаса су бола ма тамшылаған,
Жүйріктің сәні болмас
Күніне сан мың ү»рек ілсе дағы,
Тұйғынның бағасы артық
Түр-тұлғасы аушы құстарға
Ә. Марғұлан оринтологтар үшін беймәлім көкжөре, балтақұс, сақалтақ тәрізді қарақұстарды және саңқылдақ, сарышағыл, сарыжала, ақсәрі тәрізді құстарды осы топқа жатқызады.
Бүркіттің жасы
Қазір ғылымда бүркіт 120, сұңқар 150жыл жасайды деген есеп бар. Дегенмен қазақтар арасында қыран бүркіттің 30-41жыл бойы түлекте отырғаны туралы ауызша мәлімет бар.
Бүркіт жұп жұмыртқа салса, балапанның ұядан кішірегін алу дұрыс дейді көнекөз құсбегі қариялар. Ол кенжесі болғандықтан өсе келе ең үлкені, толымдысы болып шығады. Ал жалқы балапан кесек келеді, әрі қыран болып ержетеді дейді кәнігі құсбегілер. Ұрғашы балапанның мойыны жіңішке, еркегі кесектеу болғанымен өсе келе керісінше болады. Жұмыртқадан шыққан, өн бойында тақырлау келген ақ мамығы болса, ақүрпек, жұқа, былқылдақ қауырсыны шыққан кезін темірқанат, еліптері қоңырала түске еніп қарақошқылдана бастаған кезін қарақанат деп атайды.
Құстың аталған ұрғашысына қарағанда денесі кішірек, салмағы жеңіл болатындықтан оны шәулі, ал бүрктте сарша деп атайды. Құстың ұрғашысы- ұябасар, бүркіттің ұрғашысы алғыр келетіндіктен қыран деп аталады.
Бұркттің жасына қарай атаулар жергілікті жерде таралған тұқымы мен құсбегілік дәстүрге, экологиялық факторларға байланысты әрқалай. Құсбегілік дәстүрін әліде бекем ұстанып, әлемге паш етіп отырған шығыстағы қазақтар мен шетелдегі қазақтар арасындағы бүркіт жасына байланысты мынадай атаулар кең таралған нұсқа ретінде айтылады: бүркттің 1 жастағысы- балапан, 2 жастағысы – тірнек, 3 жаста -тастулек (қантүбіт), 4 жаста- ана 5 жаста- мұзбалақ, 6 жас- көктубіт,7жас – қана(құмтүлік), 8 жас-жаңа, 9 жас - майтүбіт(қоңыртүлек), 10 жас- барқын(кәрі түлек), 11 жас - баршын(ақтүлек), 12 жас- шөгел(ақыр түлек). Атаудан байқалатын құстың өсім қабілеті мен түлеген соң қауырсындарының өң – түсінің өзгеруіне байланысты екендігі байқалып тұр. Бір мүшелге жеткен соң құс баршындап, қимылы баяулап, қайраты қайтып, кәрі шөгелге айналады деп түйген.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде бүркттің 6 жастағысын көктүбіт немесе бозым, 8 жастағы бүрктті қутүлек, 9 жаста оба, он жасқа толғанын мола атайтындығы құсбегілікке қатысты еңбектерде айтылады. Ең шеткі, ең соңғы екі құйрығын тастайтын алтыға тлған түз бүркітін «бозым болып қалған екен, үйретуке жарайма?» - деп күдікпен қарайды, яғни бүркітті алты жасқа дейін қолға түсіру дұрыс екендігін айғақтайды. Тоғызға толған соң оба деп атайды, дем алып ұшатын болады, екпіні кемиді. Оба атауымен 3 жлы жүреді де, 12-ге толғанда қутүлек аталады. өзгерісі шамалы болғанымен, 3 жыл осылай аталады да, 15 жаста сұмтүлек болып, күш - қуаты кеміп, ықтай қонады. Сұмтлекте 5 жыл жүрген соң 20- ға толғанда мола аталады. өйткені жігері кеміп, молаға ықтағыш, жаурауық болып, өз күнін өзі әрең көреді.
Бүркіт қартайған кезде еріншек, ұсақ аңдарды таңдағыш, «тышқаншыл» болып келеді. Алжып, қайраты таусылған бүркіт биік тау жартасты, құзға барып өзін - өзі төменге тастап, биктен құлап өледі деген аңызды тау заңғарына өрмелейтін жандар дәлелдейді. Шынымен-ақ биік құздарда бүркіт өлігін жиі кездестіруге болады.
Жартқыш құстар
бір жылда бір мәрте түлейді.
Көктемде басталған түлек қара күзде
аяқталады. Құсбеглер бүркітті сынап,
жасын анықтағанда түлек
Бүркіттер жас кезінде ала болады да, есейе келе, әсіресе жасқа келгенде ол дақтарынан арыла бастайды. Осылайша есейген бүркіт бірыңғай қара түске енеді, ақ дақтары мүлде жоғалады. Егер табиғи ақбас, ақиық аққұйрық болса, онда ол өзгермейді.
Бүркіт пен бүркітші жабдықтары
Аушы құстарды баулуды өнер еткен адам оған қажетті жабдықтарды негізінен өзі дайындап алады. Олар: Томаға, аяққап, құндақ, балдақ, тұғыр, ырғақ, жезтұяқ, балақ бау, шолақ бау,сүзу жіп, шыжым(жіп, қайым), жем сапты аяқ, биялай, жемқалта, тұзақ, құс қақпан, түтік және т.б.
Томаға. Бүркіттің екі көзін жауып тұратын, дулыға тәрізді, бүркіттің басына киілетін, теріден жасалған жабдық . Оны шымыр былғары немесе құстың басынығ үлкен - кішісіне қарай былғарыдан немесе икемге келетін жұмсақтау көннен жасайды. Терінің майда келген, өң бетін ішіне, тігісін сыртына келтіріп тігеді. Көзге келетін тұсын сыртына қарай томпитып, құыстап, көзіне тимейтін, қажамайтындай етіп келтіреді, саңлаусыз болады. Құстың тұмсығы шығатын жері ойылып алынып, астына, тамақ жағынан тамақ бау тағылады. Томағаның жоғары жағына - төбесіне артық шығып тұратын ілмек айдар кигізіп, шешкен кезде құсбегі саусағына оңай іле салуға ыңғайлы етеді. Төбе тұсына, милықтарына сәндік үшін алтын, күмістен құйылған кішігірім әшекейлі құйма орнатады.
Құс «жалаңбас» (томағасыз) үйде отырғанда, түзде қолға алып жүргенде қимылдап, мазасыз болады. Кез келген қыбыр – жыбырға, жәндікке, желге талпынып, қанат құрығын тоздырады, жақын келген ит, бала, тіптен кейде иесін де шауып, шоқып алатындықтан, көзін жауып қояды. Томағалы бүркіт тыныш отырады, мінез - құлқы бірқалыпты, әр неге мазасызданып жүйкесін тоздырмайды, қанат - шалғысын , саусақтарын жараламайды.
Тек қана қайыру кезінде, жем бергенде, аңға қосарда бүркіттің басынан томағасын алады. Томағасы қысса, қажаса құс «томаға қашаған, басасауға» айналып кетеді.
Құсбегі томаға тігу үшін
Ал, күміс шытыралар, асыл тастар мәймөңкелер салғысы келсе, томаға тігілмей тұрып бекітіледі. Томаға құсқа салынбаса айдарындағы көзі арқылы жібек жіптен бау тағылып, керегесінің басына ілінеді.
Құстың аяғына тағылатын баулар: - балақ бау, шолақ аяқ бау, тобыршақ , шыжым – бұлар бүркітті қолға үйретуге және ұстап алып жүруге, тұғырға отырғызғанда байлап қоюға арналған жабдықтар. Мұндағы құстың екі жіліншігіне бірдей тағылатын балақбау немесе білезікбау құстың аяғында үнемі бірге жүреді. Оны құстың балағын қыспай, еркін айналып тұратындай білезік формалы етіп жұмсақ қайыс, былғарыдан дайындайды. Жіліншікті орап, бумақтап тұратын сол тұсынан алақан дейді. Алақан қажамас үшін терінің ішкі жағына жұмсақ шүберек, киіз қабатталып астарланады. Дөңгелек шара тәрізді балақбаудың алақанының радиусы құс жіліншігінің жуан-жіңішкесіне қарай, ал жалпақтығы екі елі шамасында. Теріні күміс құйма түрлі әшекеймен сәндейтіндер де бар. Балақбауды екі бүлдіргіге өткермелеп құстың балағына тағады.
Осылайша білезік формасындағы екі балақбаудың бүлдіргесіне немесе шығаршығына шолақбау аталатын ұзындығы 1-1,5 қарыс, жуандығы 3 мм мөлшеріндегі қайысбау жалғанады. Оған жіңішке таспа немесе өріп ширатқан жұмыр қайыс таңдалады. Қолдағы бүркіт талпынғанда сусып шығып кетпес үшін екі баудың ортасына бір-бір түйін, бөгет кедергі салынады. Аттың тұсамысы тәрізді балақ және шолақ баулар құсты тұғырға қондырғанда, алып жүргенде, жемдеген кезде құстың аяқтарының еркін қозғалуына, құсбегінің ұстап отыруына жағдай жасайды. Аңғада осы баумен ұшады,қашып кеткен жағдайда да, оны айламен қайта ұстап алады.
Ал ұсақ құстардың балақбауының білезік тұсының диаметрі 2-3 см-ден аспайды, желі бауының ұзындығы бүркіт желі бауының жартысындай ғана болады.
Шолақ баудың екінші ұшына
жезден жасалған шығырық
Балақбау құс тұғырдан ұшып кетпес үшін, ал іргебау қыран ұшарда ұзап кетпеу үшін аяғына тұсау болады деп түсінеміз. Құсты аң аулауға үйретерде, баулу кезінде, шырғаға салғанда ол қайта көтеріліп ұшып кетпес үшін жіп байланады. Құсты арқандағандай етіп ұстауға мүмкіндік беретін бұл қысқа арқан – жіпті «шыжым» деп атайды. Оны көбіне жаз маусымында үй маңында ұстағанда, асау бүркітті шырғаға салып үйреткенде қашып кетпес үшін тағады.
Тұғыр – бүркіт отыратын, күтіміне арналған жабдық. Биктігі құс отырғанда шалғысы жерге тимейтіндей мөлшерде, шамамен 1.5-2 қарыс(30-40cм) , сирақтары жан-жаққа талтайыңқы келген жуандығы бір білем 3-4 сирағы бар ағаштан жасалған «орындық». Ұсақ құстардікі әрине мұнан көп аласа, құс отырғанда шалғылығы жерге тимеитндей ғана биік. Үстінде құс отыратын үстіңгі текше табаны, немесе бір білемдей құсқонары болады. Текше табанды тұғырдың бүркіттің тұяғы білемдей ұстап, таймай отыратын кемері болады. Құс отыратын құс басар аталатын бөлігінің киізбен қапталуы құс тұяғын мүжілуден сақтайды.
Қарағай, терек, самырсын сияқты ағаштардың үш ашалы бұтағынан немесе тамырлы түбірінен шауып жасалған тұғыр тәбиғи, әрі берік. Тұғырдың кәдімгі бала орындығы тәрізді етіп арнайы қашап, сүрглеп дайындалғандары және таутекенің мүйізінен үш аяқты етіп, жиналып-құралатын түрлері де бар. Ауқат дәрежесіне сай құсбеглер тұғырды алтынмен аптап, күміспен күптеп сирағына құйма көз орнатып, сәндетіп дайындатады. Тіптен қасқыр, түлкі бейнесінде жасалған тұғырлар бүркітті алғыр етеді деп сенген.
өзіне сай жайлы, орнықты тұғырда отырған бүркіт құйрығын, шалғылығын жерге тіреп сындырмайды, керісінше мойнын қайырып отырып, екі аяғын кезекпен ішіне тартып көтеріп, сыңар аяқпен ұйықтайды. Еркін тыныстап, алысқа саңғып, денесі сергек отыруын қамтамасыз етеді. Тұғыр үйдің оң жақ босағасына қойылады, әрі қастерленіп мұрагерлікке қалдырылатын қасиетті бұйым есебінде жүреді.
Тұғырға басқа табиғи заттарды- шым, тас, саз пайдаланады: шым құс тұяғының өсіп жетілуін, тас өткірленуін, саз құс денесін салқындатуға әсер етеді.
Қартайған қыран
құстардың аң-құсқа түсетін
Жемсаптыаяқ – құсқа жем салып беретін қарағай, терек, қайың тәрізді берік ағаштардың тошынынан, безінен ойып жасалған, сопақша пішінді жеңіл ыдыс. Берік болуы үшін ағашты малдың, майына қайнатып «суарып» алады. Сабына іліп қоюға, қанжығаға байлауға арнап қайыс бүлдірге немесе шығыршық тағады. Сыйымдылығы 1,5-2,5 литрдей болатын саптыаяқтың түрі көп: бірі – қолға ұстайтын бір тұтамдай сабы, екінші жағында шайындыны төккенге арналған жырылып жасалған шүмегі бар сопакша. Екінші түрі – іші шұңғыл, дөңгелектеу, асты орнықты, ернеуіне таяу жем суын сүзіп шығаратын екі тесігі болады. Қолдануға қолайлы болу үшін сабына бүлдірге тағылады.
Бүркіт қос, мал үйшік. Ертеде қазақ дегдарлары ұстаған сан ондаған аушы құсын бағатын арнайы үйді «қырандар үйі» атаған. Оның кең тараған түрі үш қанаттан құрастырып, былайша айтқанда «ұранқайлап» тігілген «бүркіт қосы».
Ауыл маңында ұстаған жалғыз –жарым бүркітің сиыр сүзіп, ит таламас үшін үйшікте ұстайды. Оны суықта сыртынан киізбен қымтап қояды. Құс үйшігін талдан иіп, бейнесін киіз үйге ұқсатып, бүркіт қанатын жайғанда еркін қимылдауға мүмкіндік беретіндей кең етіп жасайды. Тал үйшік түлек маусымында құстың томағасын алып, айналасына қарап отыруға мүмкіндік туғызады.
Сүзу жіп - қашып кетпес үшін құстың қанат, құйрығына байланатын, қабаттап ширатылған жібек мата жіп. Жіпті инеге сабақтап, бүркіттің шеткі ұзын шалғылығына, құйрығының қауырсындарының ортасын ала өткізіп қояды. Аңға ұшырарда сүзу жіппен ұзын шалғыларының 4-5 талын , немесе құйрығые тұтастай буып, байлап ұшырады. Кейде оң қанат құйрығые байлап тастайды. Осылайша құйрығы «байланған» құс ұшқанда қанат құйрығын еркін жаза алмайтындықтан ұзақ, шырқау биіктікке жете алмайды.