Қазақтардың саятшылық өнері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 20:21, реферат

Описание работы

Кеңестік жүйе атадан балаға мирас болып қалған, дәстүрлі саятшылық өнерін жоққа балап – зерделі зерттеу мен қисынды ғылымды көлегейлеп, көшпелі елімізді санатқа қоспауынан және осы өнердің ерекшліктерін терең тұрғыдан зерттеуге, дамытуға тиісінше еркіндік бермеуінің әсерінен дамымай қалуы және қазақ халқы үшін ұлттық бренд болып табылатын, әрі кәсіп, арі спорт, әрі жан сергітер ұлттық дәстүрлі өнерімізді жаңғырту тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып табылады.
Мақсаты: Кеңестік дәуірде қол үзіп қалған ұлттық ата – мұра дәстүрімізді терең зерттеу, жан – жақты танып білу,әсіресе жастар арасында нәсихаттау.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 206.50 Кб (Скачать файл)

    Кіндік Азиядан бастау алатын көшпелілердің аңшылық дәстүрінің өзі бүкіл әлемді таңдандыруда. Соның бастылары табиғаттың  тепе – теңдігін сақтай отырып, әр өңірді мекендеген аңды үркітпей табиғи құралдармен аң аулаудың маңызы үлкен. Табиғат тағыларының тілін білген ата – бабаларымыз азулы аңдармен қатар жыртқыш құстарды, дәлірек айтқанда қолға үйретіп, аң аулауға бейім аушы құстардың түрлерімен аң ілдірген.

    Атақты  Ә.Марғұланның жазбасында қазақтар  құс атаулыны бір – біріне  қарама – қарсы екі үлкен  топқа – желбесін құстар және тұяқты құстарға бөледі .

      1. Етін  жеп, мамық жүнін кәдеге асыратын қазақтар «желбесін құстар» деп атаған құстарға су құстары мен суға жүзе алматын қыр құстарын жатқызады.

      2.  Тұяқты  құстар тобындағылар қазіргі  ұғыммен қыран құстарды білдіреді.  Оларды қолға көндігіп аң алатын  «қыран заттылар» немесе аушы құстар және «керексіз заттылар» деген екі топқа бөледі.

     Құсбегілікке  қолданылатын құстарды үлкен  аушы құстар және кішірек қыран құстар деп екі түрге бөледі. Жетісу бойында 1900-1906 жж. Ұзақ уақыт бойы зерттеу жүргізген венгр зерттеушісі Алмашм Дьөрдь жазуына қарағанда қазақтар аушы құстарды биікке самғайтындар және аласа қалықтайтындар деп бөледі. Аласа қалықтайтындарға жағалтай, тұрымтай, қырғиды жатқызады (және оларды «по,по» деп шақырады), ал басқаларын биікке қалықтайтындар деп бөледі.

      Орта  Азиядағы құсбегідікті арнайы  зерттеген Г.Н.Симаковтың пайымдуынша,  қазақ пен қырғыздардағы дәстүр  бойынша олар аушы құсты сұңқар  тектестер және қырғи тектестер  және бүркіт деп негізінен  үш тоқа топтастырады.

Дегенмен  қазақтар бүркіт, сұңқар және қаршыға тектестерге бөледі. Сұңқар тектестерге: ителгі, лашын, ақ сұңқар, тұрымтай, бидайық, жағалтайды жатқызады. Ал қаршыға тектестерге тұйғын, қырғи, тұнжыр, қаршыға, мықи тоғайқаршығаны жатқызады.

   

        БҮРКІТ ТЕКТЕКСТЕР

 

            Бүркіт –  Кең тараған жыртқын құс . Қазақстанның барлық өңірінде  дерлік кездеседі. Ол таулы өлкелерде – Үстірт, Сарыарқа, Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Алатау, Көкшетау, Маңғытауда көбірек кездеседі. Талас пен Сыр бойының 0сексеуілді жерлерінде де бар. Ол адам аяғы жете алмайтын  жалаңаш құз жартастарды, сырғыма шағылдарды, қарағай, тоғайлы өңірді , су жайылмасы, сексеуілді шөлді мекен етеді.

    Бүркіттің   дене  тұрқының ұзындығы 90-91  см, ал сарша бүркіттің дене тұрқы 85 см-ге  дейін болады. Ұябасары   дене салмағы 3800-6500 гр-ға жетеді. Қанатының жайғандағы ұзындығы 2,7 метрге дейін жетеді.

      Қазақ аңшылығы туралы арнайы  диссертация жпзған Б.Кәмалашұлының  пайымдауынша.:  Бүркітті қазақ  баласы: «Дала сермендесі», «Көк тәңірі», «Аспан еркесі», «Құс патшасы» , «Қанаттылар ханы» деген сияқты мәртебеге көтеріп, қазаққа «Құдайдың еншілеп берген құсы»,  -  деп әспеттейді.

  Бүркіт  күніне бір килограмдай жем  жей алатын, жемсіз жартыай жүре  алатын төзімді құс. Жанары  адам көзінен 5 - 7  есе өткір және ол Күн нұрына тіке қарай алатан  бірден – бір жаратылыс иесі. Ол аспанда сорғалап қалықтап жүріп бір жарым-екі шақырымнан да көлемі бір қарыстай жәндікті  көре алатын ерекше қабілетке ие.

   Бүркіт  құстардан ұлар, меңіреу құр, үйрек, қаз, шіл, кекілік, кейде үкіні де ұстайды. Өш құстары үкі, құзғын, сауысқанды көрсе бүрүге дайын тұрады. Сонымен бірге суыр, борсық, сарышұнақ, тиын, қаптесер, тоқалтіс, ілбіс, сілеусін,  қасқыр, түлкі, қарсақ, мәлін, қоян,  арқар, киік, тағы басқа жыртқыш аңдарды аулайды. Тойып жеген бүркіт 10-15 күнге дейін жем тілемейді,тіпті бір айға дейінгі аштыққа төзімді келеді.

     Бүркіт ұзақ 30-50  жыл,  тіптен  одан да көп жасайды. Онымен 15-20 жыл аң аулауға болады. Дегенмен  жыл өткен сайын қайраты қайтып  әлсірей береді. Бүркітті қолға түсіру басты мәселе. Кейде кездейсоқ ұсталады.

    Бүркіттің  көптеген түрі бар: дала бүркіті, ергежейлі бүркіт немесе құм бүркіті, және қыранқара деп бөледі. Оған жақын аққұйрықты су бүркіт, кезқұйрық.  Бүркіттің таралған өңірі мен экономиеалық фаунистикалық  ерекшкліктеріне қарай ақиық, қыран, шегір,  қаратау қыраны,  алабаршын, зорлықшы  қара,  қой шегір деген көптнген түрлерге бөлінеді.

    Далалы  өңірді мекендейтін Қыранқара саршасының қанаты 51 - 59  см ұябасары  53 - 64  см, салмағы 3 кг-дай. Жерге салған ұялары өте бос болады, балапаны 55 күнде ұшуға жарайды. Сарышұнақтарды негізгі қорегі етеді.

    Бақалтақ қыран - Қазақстанның оңтүстігіндегі  таулы өңірі мен Үстіртте кездесетін ең кішкентай бүркіт түрі. Саршасының салмағы небәрі 500 – 700 гр, ұябасары 800 – 900 гр, қанатының ұзындығы 45  см –ден кем емес. Негізінен кекілік, көкек  аулап күн көреді.

    Қаршығарақ қыран– кішірек, оңтүстікте және Қаратау  өңірінде кездеседі. Қанаты 46 – 60  см, салмағы 1,5 – 2,5  кг,  шамасында. Негізінде құспен , әредік қоянмен қоректенеді.

    Шаңқылдақ қыран – бүркіттің ірілеу келген түрі. Солтүстік қазақстан ормандары мен Алтай тауы, Сыр даласында ұшырасады. Қанатының ұзындығы саршасында 45- 53  см, ұябасарында 52 - 62  см,  салмағы 2 -  3,2  кг. Орман жәндіктерімен, құстармен, әредік балықпен қоректенеді. 

      Қарақұс Қазақстанның барлық аумағынан кездестіруге болады. Қанатының ұзындығы саршасында 54 – 62  см, ұябасарында 57 – 67  см, салмағы 3  кг  шамасында. Қорегі – құстар мен ұсақ сүт қоректілер. Саятшылықта сирек пайдаланылады.

 

        ҚАРШЫҒА ТЕКТЕСТЕР

 

         Қаршыға.  Ортадан жоғары мелжемді,  қарғадан сәл ірілеу жыртқыш құс. Қазақ жерінің солтүстігінде, Алтайда және Алатауда кездеседі.  Аталық қаршығалардың дене тұрқы 53,2-60  см,  ал аналығында 61,5-66  см , Аталығының қанаты  30-35  см ,  салмағы 560-740гр, ұябасарының қанаты 31-40  см, салмағы 915-1200 гр. Мамырдың басында 2-4  жұмыртқа салып, 35 күн  шайқайды және бір жарым ай уақыт ішінде  баулып ұшырады.

         Ұя  салған жеріне байланысты балапанының өңі әр түрлі болып келеді:  егер қайыңға ұя салса балапан түсі ақ шұбар, қарағайдағы ұядан қызыл шұбар, жидеден қара шұбар, талдан сары шұбар, тораңғыдағы ұядан шықса, құла шұбар болып шығады. Бір түлеген соң түсі өзгеріп, көкшіл сұрға айналады.  Кейде қаралтым, арқасы қара қоңыр жолақты, тұяғы қара, құйрығының ұшы дөңгеленген болады.

         Қазақ  халқы қаршығаны қастерлейтін  себебі  ол ілген құсын алмай  тынбайды, қашан ілгенше тепеңдеп  қуа береді. Ал басқа құстар алғашында іле алмаса, қайтіп құмайды. Оның қайтпайтын өжеттілігін  жоғары бағалаған қазақтар «қыран болса қаршыға түлкі алады» деп әспеттейді. Құсбегілік практикасында бүркіттен кейін қаршыға екінші орында тұрады.

           «Жігіт  сұлу көрінбес қаршыға алмай» деген жыр жолдары оның сән үшін де  ұсталатындығын көрсетеді. Қаршығаның шәулі қ. (кішкентай тұрақты, алғыр, шақар мінезді), қара қ. (қырандағы орташа), ақтұжыр қ,. көктұнжыр, қаратұнжыр (бұлар түсіне қарай аталған), сырғақ қаршыға (тұрлаусыз, таршыл), қара тарлан қ. (басы жалпақ, көзі өткір, жер бауырлап ұшады) ақыраптың ақ қабағы (суық кезде келетін, қабағы ақ түрі), тынар қ. (сирек, шөлді далада қоянмен қоректенеді), жайлауыш қ. (аң құсы көп орман, тоғайды мекендеп «жайлап-қыстап» қалатын түрі)   сияқты ажырататындығы туралы құсбегілікке қатысты еңбектерде  баяндалады.

          Қырғи - денесі ұсақтау қораш.  Таулы жерге ұя салады. Қазақ жерінің Көкшетау, Ертіс бойы, Жоңғар Алатауы өңірін мекендейді .  Аталық қырғидың қанатының ұзындығы 19-23  см, ұябасарында 22-26  см , салмағы 200-250, қанатын жайғандағы ұзындығы 60-79  см.  Мамырдың соңына ала 2-5 жұмыртқа салып, бір ай басып, тағы бір айдан соң қанаттандырады.

           Қырғидың өң түсі  қоңырқай,   сұрғылт түстә болып келеді, кеуде  жүндері көлденең  белдеу жолақ  сызықтармен айшықталған, аяқ терісі сарғыш, аяқ терісі сарғыш, тұяғы қара. Онымен бөдене,торғай тәрізді кішірек аң-құстарды балалар аулап ермек етеді.Қырға алған бетінен қайтпайтын өте қыран, алғыр құс. Сондықтанда болар қазақ халқында келеңсіз жайттарды «қырғидай тиді» деп, оның ересен әрекетіне теңейді.

           Мықи дене тұрқы 30-38  см, қанатын жайғандағы ұзындығы орта есеппен 18-24  см, салмағы 200-270 гр. Арқасы қара қоңыр, бауыры ақ , қоңыр жолақты,Жетісу мен Сыр бойын, Қаратауда және Оңтүстік Шығыс Қазақстанның орман тоғайлы жерін мекендейді. Ол ерте көктемде келіп, ағаш басына ұя жасап, мамыр айында  2-7 жұмыртқа салады. 33-35 күнде шайқап, тағы бір айдан соң қанаттандырады. Кесертке, бақа, шаян, ұсақ кеміргіштермен қоректенеді. Оны қазақтар құсбегілікке пайдаланды деген мәлімет жоқ. Тек « Қызыл кітаппқа» енгендігімен әйгілі .

  

            СҰҢҚАР ТЕКТЕСТЕР

 

      Құсбегілік жағынан  қазақтар сұңқарды бүркітпен қаршығадан кейін қояды. әлемде сұңқар тектестің 58 түрі бар. Әлемге кең таралға Жерорта теңізі  сұңқары қазақ жерінде кездеспейді. Көне заманда хан, төре, сал – серілер, батырлардың сый – сияпаты, саят серуені сұңқарсыз өтпейтін болған. Қазақтарға ол мәлім болғанымен, қазақ даласын оринтологтар оның түрін кездестірмей отыр.

            Сұңқар ұшқан кезде басқа құстар бұғып тығылып қалады. Ол аса алғыр, жылдам самғап, щүйәлетін барлық аушы құстардың арасындағы ең шапшаңы. Қазақтар сұңқарды өте сыпайы ,әрі таза, сері мінезді құсқа теңейді. Ол денесіне ешбір кір жуытпайды, жүніне бір лас зат жабысса оны қайта – қайта тазалап әбігерленеді.

          Ақ сұңқар - көшпенділерде алғырлық пен тегеурінділіктің теңеуіне баланған ақ сұңқар «әлемнің әміршісі» Шыңғысхан империясының рәмізінде бейнеленген. Жыр – дастандарда оның алғыр,  өжет қыран екенін жырлайды. Аса сирек кездеседі, жұптасып тіршілік етеді дейді зерттеушілер.

            Ақ сұңқар Қазақстан жерінде  бірен – сараң  қыста ғана  кездесетіндіктен оның ұя басуы  мен кейбір тірлігі туралы  мәлімет жоқ. Тек оныңсалмағы 2  кг дейін жетеді, қанатының ұзындығы шәулісінде 35-37  см, ұябасарында 38-41  см деген дерек бар.

         Ителгі – жартас, ағаш басына ұялай  береді. Қазақ жерінің барлық өңірінде  биік таулар мен ормансыз жазықтардан басқа жерлердің бәрінде кездеседі. Шәулісінің дене тұрқы 42,5  см, салмағы 730-800 гр. ұябасарынікі  52-29,1  см, 1000-1300 гр, қанатын жайғанда 114-130 см. Наурыз соңында 3-5 жұмыртқа салып, 34 күндей басады, 40-45 балапан қанаттанып ұшады. Ителгінің өң түсі әр-түрлі. Көбінде сұрғылт, қауырсындары қара жолақты, шұбарлау , ұрғашылары қоңырқай келеді. Аса биікке самғай алады және жемін аңдып ұзақ  уақыт қозғалыссыз отыратын төзімді құс. Қатты шүйлігіп түседі, өте алғыр. Ұсақ кеміргіш пен шіл, кекілік тәрізді құстарды және қоян аулайды.

          Қазақтар, ителгіні қолға үйрету өте қиын дейді. Тегі жасық, қарымы нашар, алғыр емесі де болады. Сондықтан қазақтар «қаршыға қазан астырады, ителгі етек былғайды» деп келеке етеді. Керісінше, ителгі мен сұңқарды күйектендірсе арасынан шыққан құс аса алғыр болады деседі.

             Бидайық - жоңғар Алатауы, Талас, Тарбағатай, Алтай өңірінде мекендейді. Шәулісінің дене тұрқы 36-42. шәулісі қанатын жайғанда 86  см, ұябасарында 98,7  см. Қанаты бидайық өсәмдігі тәрізді болғандықтан, атау соған байланысты алынған. Аталық бидайықтың салмағы 350  гр., аналық бидайықтың салмағы 765 грамға дейін жетеді. Жұмыртқасын  33-35 күн басады, балапаны 40 күннен соң қанаттанып ұшады. Жеміе тек қана ауада аулайды. «бидайықтың орнына қарға – құзғын қона алмас» деген мақал оның бөденеден бастап аққуға дейінгі барлық құсты ілетіндігіне байланысты айтылған. Көбіне бозторғай, кептер, бұлдырық, кекілік, кейде жарғанатты қорек етеді.

          Лашын  - ұрғашысының дене тұрқының ұзындығы41-43,5  см, шәулісінікі 47,3-50 см, қанаты 33-39 см. Ұрғашысының салмағы 700-1090  гр., шәулісінікі 500-800 грамға жетеді. Алтай, Ертіс бойы, солтүстік өңірде кездеседі, оңтүстікте қыстайды. Лашын тоғайлы, жартасты жерлерді жақсы көреді. Ертеде онымен хан, төрелер жиі саят құрған.

          Мамырдың соңында 2-4 жұмыртқа салып, 28-30 күн басады, балапаны 38-40 күнде қанаттанады. Негізінде үйрек, қаз тәрізді құстарды аулауға шебер. Қолдан атылып шыққан кезде құлап бара жатқандай құлдырайды да, жұлдыздай ағып, қашқан құстарға қарай қиғаштай  тартып, астыңғы жағынан жеткен соң аспанға тік көтеріліп алады да, оқтай тік шаншылып, көз іліспес жылдамдықпен жай түскендей шапшаң шүйеді.   

            Қос жұдырықтың көлемінде жетер – жетпестей ғана болғанымен  сыртынан ұзындау, әрі сұлу көрінеді.  Тұмсығы иілген,  сарғылттау қияғы  ұстарадай өткір, көздері қарақаттай мөлдіреген, сирақтары жіңішке, сұрғылт саусақтарына имие біткен тұяқтары біздей өткір. Түсі сұрғылт, қауырсындары көлденең дақты, түсі құлпырып көрінетін қанаты топшысының арғы жағы ойыңқы біткен. Екі-үш түлек кезінде алғыр болады.

           Жагалтай - дене тұрқы орта есеппен 35см, салмағы 170-350 гр, қанатының ұзындығы шәулісінде 24,5-27,5см, ұябасарында 26-29см, салмағы 150-330гр және 230-380гр. Жұмыртқасын  кезектесіп  басады. Қазақстанда Үстірт, Қызылқұм, Бетпақдалада басқа да барлық өңірінде,бұталы,  ашық алаңқай, не орманды далалы, таулы орманды жерде кездеседі.Ұясын ағаш басына салады. Көкек, май айларында 2-6 жұмыртқа салып,бір ай басып, тағы бір ай өткен соң ұшырады. Шәулісі мен ұрғашысының түсі бірдей, жоталары көгілдір, бауыры ашық қоңыр,сары жолағы бар тамағы мен мойынының екі жағы ақшыл, сирағы қауырсынсыз сары түсті. Ұсақ сүт қоректілер, кесірткелер,ірі насекомдармен қоректенеді.

          Тұрымтай - дене тұрқы 30 см-ге дейін жетеді. Қанаты 19-24  см, шәулісінің салмағы 163-215см, ұябасырынікі 216-300гр. Орманды дала және дала белдеулерінде, Алатау өңірінде кездеседі. Тұрымтайдың аталығының жоны көкшіл, ұрғасының арқасы қоңыр болады. Ал бауыры жиренқұла, ту сыртынан қарағанда күңгірт көгілдір немесе қарақоыр, аздаған сары жолақ жүндері болады. Мамыр айында жартас, ағаш басына 2-5 жұмыртқа салып, екі ай ішінде жұмыртқаны басып, қанаттандырады. Қорегі – ұсақ құстар, әредік кеміргіштер.

          Бөктергі - сұңқар тектес кең тараған ұсақ құс. Қазақстанның шөлейт далаларынан басқа жердің бәрінде ұшырасады. Аталығының салмағы 150-200 гр, ұрғашысының салмағы 198-280 гр. Тау шыңы, ағаш бастарына ұя салып, мамырдың соңында 2-6 теңбіл жұмыртқа салады. Бір ай шайқап, бір ай баулып ұшырады. Ол майда кеміргіш, бауырымен жорғалаушыларды азық етеді. Қазақ құсбегілік дәстүрінде бөктергінің өзіндік орны болған.

Информация о работе Қазақтардың саятшылық өнері