Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2015 в 18:18, лекция
1. Алғашқы адамның пайда болуы туралы деректер.
2. Қазақстан аумағындағы палеолит, және табиғаты.
3. Мезолит пен неолит.
1. Лекция. А1 модулі
Кіріспе.
Ежелгі дәуірдегі Қазақстан.
1. Алғашқы адамның пайда болуы туралы деректер.
2. Қазақстан аумағындағы палеолит, және табиғаты.
3. Мезолит пен неолит.
1. Алғашқы адамның пайда болуы туралы деректер. Алғашқы адамның қалай пайда болғаны және қашан пайда болғаны туралы әртүрлі пікірлер, болжамдар бар. Археология ғылымының соңғы жаңалықтарына сүйенетін болсақ ең алғашқы адамзат баласы бұдан 2 млн жыл бұрын пайда болған. Соңғы ғылыми жетістіктер алғашқы адамдар бұдан милиондаған жыл бұрын табиғаттан сұрыпталып, маймылдан пайда болды дегенді айтады. Жер бетіндегі ең алғашқы адамдар қоныстары мен қалдықтары Шығыс Африкадан, Кениядағы Олдувай шатқалынан табылып отыр. Бұл жерден табылған адам сүйектерін зерттеген ғалымдар олардың тұрпатына қарап оларға «Епті адам» деген ат берді. Тас дәуірінің орта кезіндегі адамға ұқсас тіршілік иесі «Питекантроп», ғалымдар бұл тіршілік иелеріне «Тік жүретін адам» деген ат берді. Алғашқы питекантроп 1891 жылы Ява аралынан табылды. Кейінгі жүз жылда питекантропқа ұқсас тіршілік иелерінің Азия мен Европадан және Африкадан онға жуық қалдықтары табылып зерттелді. «Тік жүретін адамның» екінші бір түрі синантроп алғаш рет 1927 жылы Қытайдан, Пекин маңындағы Чжо-кау- дянь үңгірінен табылды. Адамзат қауымының келесі сатысы «Неандерталь» адамы болып табылады. Археологтар алғашқы адам қалдықтарын Германияның Неандерталь деген жерінен тапты. Ғалымдар оларды «Саналы адам» деп атады. Олар: жазық маңдай, иіліңкі қас сүйегі, сопақ бас сүйегі, шығыңқы иек, тік жүру т.б. ерекшеленді. Ғалымдардың көпшілігі адам тектес тіршілік иелерінің алғашқы отаны Солтүстік шығыс Африка деген тоқтамға келіп отыр. Адамның шығуы, оның дамуы мен еңбек қызметіннің тарихы жердің түпкір-түпкірінің бәрінде бір-біріне өте ұқсас және өзара тығыз байланысты. Қазақстанның территориясы –планетаның шағын бөлігі, сондықтан оның тарихы бүкіл дүние жүзілік тарихтың бір тарауы ғана болып табылады.
2. Қазақстан аумағындағы палеолит және табиғаты. Адамзат тарихы тас дәуірі, қола дәуірі, және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінді. Осылардың ішінде тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзақ кезең. Тас дәуірінің бұл кезеңі тарих ғылымында «Палеолит» деп (ежелгі тас ғасыры) аталады.
Тас дәуірінің кезеңдері:
1. Палеолит (ежелгі тас дәуірі) Палеолиттің өзі үш кезеңге:
А. Ерте палеолит
Ә. Орта палеолит
Б. Кейінгі палеолит
2. Мезолит (орта тас ғасыры)
3. Неолит (жаңа тас ғасыры)
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең ұзаққа созылған және аса маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі «Алғашқы тобыр» яғни бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын терін үшін бірлесу болды. Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге:
Олдувэй (б.з.б. 2,5 млн жылдан 800 мың жылға дейін созылды);
Ашель (б.з.б. 800 мың жылдан-140 мың жылға дейінгі уақытты);
Мустье (140- 40 мың жылдықты) қамтиды.
Адам баласынының ең алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Осыған байланысты алғашқы тарихи кезең «Тас ғасыры» деп аталған. Қазақстан аумағынан ежелгі адамдардың қазынды қалдықтары әзірше табылған жоқ. Біздің елдегі ең ежелгі адамдардың мекендеуі үшін ең қолайлы аймақтардың бірі Қаратау жотасы. Алғашқы адамдардың қалдықтары табылмағанымен, осы Қаратау жотасынан олардың мекен-жайлары, тұрақтары табылып зерттелді.
Оңтүстіктегі Үнді мухиты
Қазақстан жерін мекендеген жануарлар: өзен, көлдердің жағасында пілдер, шалғында жылқылар, таулы жерлерде аюлар, мамонттар, бұғылар, бизондар, тауларда арқарлар, тауешкілер т.с.с. Б.з.б. 100-80 мың жыл бұрын ауа райы құрт өзгерген. Осы кезде Қазақстанда ұзаққа созылған ауа райының суытуы басталған. Барлық тауларды мұз басқан. Бұл суық мерзім б.з.б. 12-5 мың жылдарға дейін созылған. Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.
Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік. Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б. Адамдар табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу ұшін топпен өмір сүрді. Еңбек құралдары. Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақ тастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады. Жамбыл облысындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Шабақты мекендерінен (5000-ға жауық тас құрал), Қазанғап шатқалы (тастан жасалған 300-ге жуық құрал), Қарасу тұрағы (тастан жасалған 1500-ға жуық құрал), Сарыарқа тұрақтары, Балқаштың Солтүстік жағалауы (ежелгі адамдардың тұрақтары) т.с.с. жерлерден тастан жасалған құралдар табылған.
Орта палеолит. (б.з.б. 140-40 мың жылдықтар). Орта палеолит дәуірі ертедегі адамның дамуымен, мәдениеті дамуының жаңакезеңі болуымен ерекшенеледі.
Соңғы палеолитте ірі хайуанаттардың азайюы адамдардың тұрмыс жағдайларын едәуір өзгертті. Енді орташа және ұсақ аңдарды аулау үшін жетілдірілген жаңа құралдар қажет болды.
Аңшылар қолдарына қару алып, тамақ іздеп, ұсақ сапар шекті. Әр түрлі іске қолданылатын еңбек құралдары пайда болды. Соңғы палеолитте Қазақстан жерінде адамзат қоғамының үздіксіз ілгері дамып отырғаннын көрсетеді.
3. Мезолит және неолит. Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» - орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған. Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды. Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен
жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды. Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.
Неолит дәуірі: (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). Неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі «Жаңа тас» дәуірі болып саналады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамыу үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығуы «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады.
Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар ақшылықпен, балық аулаумен, өсімдектерді жинаумен шұғылданды. Кейінректе (неолитте) олар мал өсіру, егіншілік және кен өнеркәсібімен шұғылдана бастады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді үйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген. Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарлардың сүйектері табылған (Қостанай облысындағы Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан Өңірінлегі Көктүбек, Темір тұрақтары және т.б.). Қазырғы уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім.
2. Лекция.
Қола дәуіріндегі Қазақстан.
1. Қола дәуіріндегі Қазақстан.
2. Андронов мәдениеті, шаруашылығы.
3. Беғазы-Дәндібай Мәдениеті
4. Діні мен өнері.
1. Қола дәуіріндегі Қазақстан. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры б .з.д. 2- мың жылдардың ортасында Қазақстан өңіріндегі адамдар қола металды игере бастады. Қоладан еңбек құралдары мен қару –жарақ жасау өнері кеңінен қолданылды. Тұрғындардың қоғамдық құрылысы мен отбасылық- некелік қатынастарында елеулі өзгерістер болды. Қола дәуірінде шаруашылықтың басты бағыттары-мал шаруашылығы мен металды игеру, өндіргіш күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына алып келді. Жеке отбасылар бөлектеніп, отбасылық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі күшейді. Қола дәуірінің ескерткіштері «Андронов мәдениті» деп аталады. Олай аталу себебі қола дәуірінің археологиялық қалдықтары Алматы облысы Ачинск қаласы маңындағы Андронов елді –мекенінен табылды. Оны 1914 жылы Тугарин тапқан болатын. Аталған мәдениетке тән сипат- қоладан жасалған еңбек құралдары, қару-жарақ, сәндік бұйымдар, балға-шоттар, найзалар мен жебелер, білезіктер, айна- моншақтар, т.б. әртүрлі ілмешектер болды. Андронов тұрғындарының басқа тайпалардан ерекшелігі мәдени–этнографиялық және жерлеу ғұрпы мен геометриялық өрнегі бар ыдыстардың көптеп табылуына байланысты болды. Андронов мәдениеті үш кезеңге бөлінеді. Олар:
Қола дәуірінде әлеуметтік және әскери–саяси құрылымында рулық тайпалық топтар сараланып жіктеле түсті. Осы кезде ерлер материалдық игіліктерді өндіруде үлкен дәрежеге жетіп, рулық жетекшілік билік ерлерге ауыса бастады. Қола дәуірі кезінде өлген адамдар о дүниеде өмір сүреді деген оймен киім, тамақ, еңбек құралдарын, сәндік заттарын бірге көмген. Сонымен қатар күнге, отқа, айға, жұлдыздарға табынып, қорғаушыларға арнап «құрбан шалу» ғұрпы пайда болған. Солтүстік және Батыс Қазақстан территориясын Андроновтық тайпалар мекендеген. Оларға дәлел ретінде 150-ден аса қоныс пен 200- ге жуық қорым, 300-ден астам кабірлер табылды. Олардың ішінде Бескөл, Петровка -1, Бурабай, Бүйреккөл, Тастыбұлақ, Борлық, т.б. қабірлері бар. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қола дәірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды.
Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды. Олар:
1. Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағының шығыуының бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлірінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады.
2. Бақташылық мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал өсіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. з. б. II мың жылдықтың аяғында I-мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді.
3. Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды. Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті, мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың рөлін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндіргіш күштердің өсуіне,
қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың
дамыуна байланысты болды. Жеке семьялар оқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті.
2. Андронов мәдениеті, шаруашылығы. Қола дәуірінде Оңтүстік сібірдің, Орал таулары бөктерінде, Қазақстан және Орта Азия кең байтақ аумағын шыққан тегі мен тарихи тағдырлары ортақ , шаруашылығы мен мәдениеті ұқсас туыс тайпалар мекендеді. Бұл мәдениет– Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроов қонысындағы Ащинск селосы маңынан табылған. Андровнов мәдениеті шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған. Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі Қазақстан аумағы болып табылады. Қазіргі таңдағы қолда бар археологиялық деректер андронов тайпаларының басым көпшілігінің отырықшы шаруашылық пен айналысқандығын көрсетіп отыр. Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі-Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150-ге жуық қабірі, 30–дай елді мекен тұрағы бар. Қазақстан территориясында қола өндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б.з.б. 2 мыңжылдықта басталды. Андроновтықтарда, негізінен отырықшы шаруашылық басым болған.