Ежелгі дәуірдегі Қазақстан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Ноября 2015 в 18:18, лекция

Описание работы

1. Алғашқы адамның пайда болуы туралы деректер.
2. Қазақстан аумағындағы палеолит, және табиғаты.
3. Мезолит пен неолит.

Файлы: 1 файл

Тарихтан лекция модул бойынша.docx

— 453.34 Кб (Скачать файл)

Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік шағы:

Феодалдық қанау көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды. Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды.

 

 

 

 

 

 

28. Лекция. XVI-XVII ғасырлардағы қазақ хандығының саяси жағдайы

1. Саяси-әкімшілік құрылысы

2. Шаруашылықтың дамуы

3. Сауда мен қалалар

      Қазақ қоғамын әлуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі алынды. Жоғары аристократтық топ - ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері: хандар, сұлтандар немесе төрелер, билер, бектер сондай-ақ, қожалар жатты. Шыңғыс әулеттері қазақ рулары мен тайпаларының ешқайсысына жатпайтын, олар қоғамның басқарушы тобын құрады. Ал бүкіл өзге халық әл-ауқаттылық жағдайына қарамастан төменгі топқа — қара сүйекке жатқызылды. Қарапайым халық қатарына – шаруалар, малшылар, егіншілер мен қолөнершілер, жатақтар мен қала халықтары, ұсақ саудагерлер мен ауыл адамдары кірді.Хан өзінің қасынан ұлыс сұлтандары мен көшпелі тайпалар көсемдерінің кеңесін құрды. Олар хандық әмірінің соғыс, дипломатиялық мәселелерін, территориялық дау-жанжалдарды және т. б. шешу үшін жыл бойы құрылтайға жиналып отырды. Мемлекеттік басқару жүйесі әдеттегі құқыққа (адат) негізделді. Адатпен бірге мұсылмандық құқық нормалары XVII ғасырдың соңында, Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» деген атпен бірыңғай жинақ түрінде жүйеленіп, толықтырылған болатын.

Саяси-әкімшілік құрылысы

XVII ғасырдың аяғында Қазақстан аймағында бірнеше феодалдық мемлекеттер, яғни хандықтар құрылды. Бұл кезде қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Үш жүздің халқы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы «Ұлы хан» болды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, ру-тайпаларды билер, ру басылары, ал ауылдарды ауыл ағалары басқарды.

Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе орнына үлкен ұлы отырды. Ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері, немесе олардың балалары сайланды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа басшыларының құрылтайында, яғни «хан көтеру» деп аталатын сайлаудан өтуге тиісті болды. Жиында хан болуға лайықты адамды ақ киізге отырғызып, үш рет хан көтеріп, «хан атасы» болған беделді адамның батасын алғаннан кейін, ресми заңды хан тағына отырған.

Шаруашылықтың дамуы.

а) Шаруашылығы

XVI-XVII ғасырларда қазақтарда шаруашылықтың үш саласы анық байқалады:

  1. Көшпелі
  2. Жартылай көшпелі
  3. Отырықшы

Малдың негізгі түлігі – қой, жылқы, түйе. Ірі қара аз болып, негізінен отырықшы аймақтарда өсірілді. Көшпелі шаруашылық малды маусымға қарай жаю тәжірибесін туғызды. Маусымды жайылым 4 кезеңге бөлінді:

Көктеу – көктемгі көш, малдың төлдеу мерзіміне сәйкес келеді.

Жайлау – жазғы көш, мамыр айының басында басталады.

Күзеу – кұзгі көш, суық басталысымен көшеді.

Қыстау – қысқы көш, қарашаның ақырғы күндері қар жауып, мұз қата бастағанда көшеді.

Егіншілік Сырдарияның орта саласы мен Жетісуда, Ертіс бойы мен Зайсан көлі маңында дамыды. Отырар, Түркістан, Сауран алқаптарындағы егістік жерлерді құбырлар арқылы суарып отырған.

Малынан айрылып, көшуге мүмкіншілігі болмаған кедейлер егіншілікпен айналысқан,. Оларды жатақтар деп атаған. Қазақтар аңшылықпен, үй кәсіпшілігімен, қолөнермен айналысқан. Көшпелілер үй кәсібінде мал шаруашылғы шикізаттарын өңдеумен айналысты.

ә) Сауда. Ақша түрлері

Қазақ хандығының Орта Азия, Шығыс Түркістан, Орыс мемлекеттерімен сауда қатынасы дамыған. Ұсақ ақша саудасы қалпына келтіріліп, күміс жалатылған мыс дирхемдер негізгі айналым құралы болды. Отырарда ұсақ тиындар қызметін атқарған мыс фельстер соғылды.

XV ғасырдың екінші ширегі – Ұлықбек ақша реформасын жүргізіп, мыс теңгелерге тыйым салынып, оларды жоғары сапалы мыс динармен ауыстырды.

XVI ғасырдың бірінші жартысы – Оңтүстік Қазақстандағы ақша айналымында Темір мен Шайбан ұрпақтары шығарған мыс теңгелер пайдаланылды.

XVI ғасырдың ортасы – Қазақстан қалаларына ортаазиялық мыс теңгелердің ағыны азайып, Ташкентте, Йассыда соғылған мыс теңгелер келе бастады.

Отырарда ішкі айналымға арналған жазусыз мыс теңгелер шығарылды. Күміс теңгелер ірі халықаралық саудада қолданылды.

XVI-XVII ғасырларда соғылған мыс теңгелерге хандардың есімдері жазылған.

XVII ғасыр – Отырарда ақша шығаруда құлдырау кезеңі басталып, теңгелер Түркістан мен Ташкентте соғылды.

XVII ғасырда Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы ақша айналымы теңге емес, жуан сымнан кесіп алу арқылы жасалған шағын мыс кесектер түріндегі ақшаның болуымен ерекшеленеді.

б) Қалалар

XV ғасырдың бірінші жартысы — XVII ғасырдың басында – Қазақстан қалаларының саны 23-ке дейін азайып кетті. Рабадтар бос қалып, қала халқы бекініс қамалы бар орталыққа шоғырланды. XVI-XVII ғасырларда аймақтың саяси және экономикалық өміріндегі басшылық рөлі Сырдарияның солтүстік жағалауындағы Аркөк, Аққорған, Құтжан, Үзгент қалаларына ауысты. Қаратаудың солтүстігіндегі басты қала – Созақ. Түркістан – Оңтүстік Қазақстанның басты қаласы.

XVI-XVII ғасырлар – Қазақстанда 70 мыңдай қала халқы болған.

Сығанақ – Шығыс Дешті-Қыпшақ үшін «сауда аймағы», Қасым хандығының ордасы. XVI-XVII ғғ. қазақ хандығының астанасы, діни орталық. Сырдария бойындағы көшпелі даламен шектесіп жатқан шеткі қала.

Отырар – Оңтүстік Қазақстан жеріндегі ірі сауда-өнеркәсіп орталығы. XVI ғасырда Түркістандағы Шайбан әулетінің мекені. VIII ғасырдың басынан Тарбанд атымен белгілі қала. Деректерде: Тұрарбанд, Тұрар, Фараб. V-XV ғғ. Арал бойындағы көшпелілермен сауда жүргізетін орталық болған. Ерзен хан қалада мешіт-медреселер салдырған.

Сауран – XVI ғасырдағы мұнаралы, биік қамал қабырғалы, терең ор қазылған қорғаныс жүйесі. Оның тербеліп тұратын мұнаралары болған. Сауран қаласы үшін Өзбек пен Қазақ хандығының арасында І ғасырға созылған шайқас болды. XVI ғасырда Қазақ хандығына түпкілікті өтті. Тәуекел хан тұсында – берік қамал, ірі сауда орталығы.

Сайрам – мықты бекініс, ірі сауда-өнеркәсіп орталығы. Мәуереннахрдан Түркістан мен Жетісуға шығатын сауда және әскери жолдардың торабына    орналасқан қала. Сайрам XVI-XVII ғғ. Қазақ хандығының қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық өмірінде басты орын алды.

Созақ – ірі бекініс, сауда және өнеркәсіп орталығы. Қазақ хандығы билеушілерінің басты тірегі, әскери бақылау орталығы.

Йасы (Түркістан XIV ғ.) — XVII ғ. екінші жартысында Қазақ хандығына өтті. Есім хан тұсында астана болды. Керуен сауда жолы Түркістанды басып өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

29. Лекция.          ХVІІІ ғ қазақ-жоңғар соғысы.                      В 2 модулі

  • 1 Жоңғар Шапқыншылығы
  • 2 Қазақ хандығының Ойраттармен қақтығысы
  • 3 Ойрат-қытай соғыстары
  • 4 Үш жүздің бірігуі
  • 5 Болат ханның үш жүздің басын косуы
  • 6 Аңырақай шайқасы
  • 7 Абылай хан
  • 8 Жоңғар мемлекетінің әскери күш-қуатының нығаюы
  • 9 Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері
  • 10 «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»
  • 11 Қазақтардың жеңілу себептері
  • 12 Жоңғар агрессиясының салдарлары

Жоңғар Шапқыншылығы

Жоңғар Шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. 15 ғасырдың 70-жылдары ойраттар шабуылдары жиілей түсті. Қазақ ханы Таһир (Тайыр) ойраттардың жолына кедергі жасау мақсатында Жетісуда ірі Жатан бекінісін салдырды. 16 ғасырдың екінші жартысында Ақназар хан тұсында қазақ әскері ойраттарға қарсы тойтарыс беріп, үлкен жеңістерге қол жеткізді. Тәуекел хан билік еткен тұста да қазақ жасақтары жау әскеріне қарсы күйрете соққы берген. Ойраттар Сырдария бойындағы сауда орталықтарын басып алғысы келді. Бұлай жорамалдауға ағылшын көпесі әрі саяхатшысы Дженкинсонның келтірген мәліметтері негіз бола алады. Ол 1557 жылы Орта Азиядан Қытайға өтпекші болғанда, оған қазақтар мен ойраттардың Ташкент қаласы үшін жүргізген соғысы кедергі жасаған.

Қазақ хандығының Ойраттармен қақтығысы

16 ғасырдың орта шені мен оның 2-жартысында қазақ хандары ойрат  билеушілеріне қарсы күресте  едәуір басым түскен. Өйткені  бұл кезде ойрат нояндары Моғолстанға қарсы күрес және ойрат қоғамының өз ішіндегі алаауыздық салдарынан біршама әлсіреген болатын. Орыс патшасы Иван IV-нің Ноғай ұлыстарына жіберген елшісі Данила Губин Мәскеуге қазақтардың күштілігі және олардың ойраттарды бағындырғаны жайында хабарлаған. 1594 жылдың басында Мәскеуде болған Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед те осындай мәлімет келтіреді. Ол Тәуекелдің інісі Шах-Мұхамедтің қалмақтарға хан болғанын патша сарайында болған әңгімесінде баяндаған. Жоңғар хандығына біріккен төрт ойрат тайпасының шабуылдары, әсіресе, Батыр қонтайшының тұсында өрши түсті. Соның ішінде 1635, 1643 – 44, 1651 – 52 жылдары қазақ жеріне жасалған жорықтардың зардаптары ауыр болды. 1643 жылы Батыр қонтайшының туы астында 50000 жоңғар әскері Жәңгір хан бастаған қазақ жасағына қарсы ірі жорық ұйымдастырды. Қазақтарға қарсы бұл қанды жорыққа халха тайпасының билеушісі Алтын ханның баласы Омбо Эрдени әскері де ат салысты. Кейбір деректерге қарағанда бұл жорыққа Еділ қалмақтары да қатысқан. Жәңгір хан бастаған 600 ғана қазақ әскері (кейбір зерттеушілер, бұл мылтықпен қаруланған сарбаздар саны, ал қазақ әскерлері бұдан әлдеқайда көп болған деп есептейді) қорғаныс ұйымдастырып, жедел көмекке келген Жалаңтөс баһадүр сарбаздарымен тізе қосып, 10 мыңдық жау әскерінің шабуылын тежеген (қ. Орбұлақ шайқасы). 1681 – 84 жылдары қалмақ қонтайшысы Севан Рабдан Қазақстанның оңт. аудандарына басып кірді. Қазақ ханы Тәуке хан шайқаста жеңіліске ұшырап, оның баласын ойраттар тұтқынға алды. 1684 жылдары ойраттар қазақ жеріне тағы да жорық жасады. Сайран қаласын талан-таражға салды. Қазақтардың әлсіреген халін пайдаланған Аюке бастаған Еділ қалмақтары да қазақтар мен оларға одақтас болған түрікмен, қарақалпақтардың біріккен әскеріне шабуыл жасады.

Ойрат-қытай соғыстары

1690 – 97 жылдары ойрат-қытай соғыстары Жоңғар хандығы әскерлерінің бір бөлігінің оңтүстік майданға кетуіне мәжбүр етіп, олардың қазақ жеріне шабуылдарының қарқынын біршама бәсеңдетті. Осыны пайдаланып Тәуке хан 1698 жылы ойраттарға да, Еділ қалмақтарына да күйрете соққы берді.

Жоңғарлардың жаңа шабуылының басталуы 17 ғасырдың 80-жылдарында Тәуке жоңғарлардың қолында қалған баласын қайтаруды талап етті. Баласымен бірге еріп келген 500-ге жуық жоңғар жауынгерлері Тәуке ханның шешімімен өлтірілгеннен кейін қазақ-жоңғар қатынасы одан әрі шиеленісе түсті. 1708 жылы жоңғарлардың жаңа шабуылы басталды. Бұл шапқыншылық Қазақ хандығының оңтүстік аудандарына айтарлықтай нұқсан келтірді. 1710 – 11 жылдары Жоңғар шапқыншылығы қазақтар мен оларға одақтас қарақалпақтарды Ташкентке қарай ығысуға мәжбүр етті.

Үш жүздің бірігуі

1710 жылы Үш жүздің басын қосқан  Қарақұм жиынында жауға қарсы  күш біріктіріп тойтарыс беру  жөнінде шешім қабылданды. Бөгембай  батыр біріккен жасақтың қолбасшысы  болып бекітілді. 1711 – 12 жылдары 50 мың  адамдық Қазақ хандығының әскері  Жоңғар хандығына басып кірді. Бұл қыста болған жорықты ойраттар  күтпеген болатын. 1713 жылы ойраттардың 3000 адамы бар әскер күшінің  қарсы шабуылы жеңіліске ұшырады. 1715 – 23 жылдары ойраттардың негізгі әскери күші Цин империясы әскерлеріне қарсы соғысып жатыр еді. 1722 жылы Цин императоры Кансидің өлімінен соң Севан Рабдан енді басты күшті Қазақ хандығына бағыштады. Кенеттен жасалған шабуылды күтпеген қазақ қолы соғысқа дайын емес болатын. Әскер күшін біріктіріп үлгермеген қазақ хандары елдің орталық аудандарына шегінуге мәжбүр болды. 1723 жылы Севан Рабданның 100 000 адамдық жасағын бастаған оның балалары Қалдан Серен мен Шоно қазақ ауылдарына басып кіріп, ойран салды. Мұндай қанды жорықтар 1723 – 27 жылдары аралығында тағы да бірнеше рет қайталанды. Бұл тарихта “Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама” деген атпен қалған ел басына күн туған ауыр кезең еді. Тек 1726 жылы Қазақ хандығының хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары Күлтөбеде бас қосып, ойраттарға қарсы күресті қайтадан ұйымдастыруға мүмкіндік алды. Қазақ халқының үш жүзінің әскери күшін топтастыруда Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер үлкен рөл атқарды. Бұланты – Білеуті өзендері аралығындағы жазықта болған жоңғар басқыншыларына қарсы соғыста қазақ жасақтары жау әскеріне күйрете соққы берді (қ. Бұланты – Білеуті шайқасы). 65 000 қазақ қолы шамамен 40 мыңдық ойрат әскерлерін талқандап, ірі жеңіске қол жеткізді. Қазақ жасақтары құрамында қырғыздар, қарақалпақтар да ерлікпен шайқасты. Сыр бойына жеткен ойраттар қарақалпақ ауылдарын да шапқыншылыққа ұшыратып, осының салдарынан қарақалпақтар төменгі және жоғарғы болып екіге бөлінді.

Болат ханның үш жүздің басын косуы


1726 жылы Жоңғар шапқыншылығы қазақтар  мен оған көршілес жатқан Орта  Азия халықтарының шаруаларына  ауыр зардаптарын тигізді. 1726 жылы Болат хан үш жүздің хандары (Жолбарыс, Сәмеке, Әбілқайыр), билері мен батырларының, сұлтандарының басын қосып, Ордабасыда өткен жиында Әбілқайыр хан бас қолбасшылыққа тағайындалып, жауға қарсы жаңа стратег. шабуыл ұйымдастыру келісілді (қ. Ордабасы). Әскери күшін біріктірген үш жүз жасақтары.

 Аңырақай шайқасы

1728 жылдан бастап жоңғар басқыншыларына  қарсы азаттық күресте түбірлі  бетбұрыс жасаған Итішпес көлінің  маңындағы ауыр шайқасқа даярлана  бастады (қ. Аңырақай шайқасы). Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі жеңісі.

Саяси және әскери бірлікке қол жеткізген үш жүз жасақтары 1728 ж. бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа әзірлене бастады. Бұл кезде жоңғарлар қазақ жерін тұтастай иелену ниетінде еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды.

Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тау ында (кейін бұл жер Әбілқайыр тауы аталды) жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықтағы жерлерде өткендігін осы өңірлерде жиі кездесетін қазақ, қалмақ қорымдары дәлелдейді. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен.

Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін бас қолбасшы Әбілқайыр хан жүзеге асырды. Көптеген қазақ батырлары соғыс өнерін жетік білетіндігін көрсетті. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын қанжығалы Бөгенбай, шақшақ Жәнібек, қаракерей Қабанбай, Кіші жүзді тама Есет, шекті Тайлақ т.б. батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы шапырашты Наурызбай да қатысқан.

Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.

Қазақтар бұл соғысты әрі қарай дамыта алмады. Оған шайқастың соңында Болат хан жараланып, қайтыс болғаннан кейін басталған тақ үшін талас кедергі келтірді. Көпшілік Болат ханның баласы жас Әбілмәмбетті қолдады. Бұған наразы болған Әбілқайыр майдан даласын тастап, Кіші жүздің қолын Ырғыз арқылы батысқа алып кетті. Орта жүз қолы Сәмеке хан соңынан солтүстікке бет алды. Бірақ Аңырақай шайқасындағы жеңіс қазақ халқының рухын көтеріп, болашаққа деген сенімін бекітті.Халқымыз үшін Аңырақай шайқасының маңызы орыстардың Бородино даласындағы, Еуропаның біріккен қолының Ватерлоо, КСРО халықтарының Ұлы Отан соғысындағы Сталинград түбіндегі жеңістерімен бірдей.

Жоңғар мемлекетінің әскери күш-қуатының нығаюы

1635 жылы Батыр коңтайшы бастаған Жоңғар хандығы құрылды. Ол Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында еді. 1640 жылы жоңғарлар «Далалық жарғы» деген атпен әскери және азаматтық заңдар жинағын шығарды. Жоңғарлардың бірлігі нығайды, әскери күш-қуаты арта түсті. Соғыс жағдайы кезінде жоңғарлардың әрбір рулық бөлімшесі өте қысқа мерзімнің ішінде жауынгерлік бірлік тобына айналып шыға келді. Жоңғар хандығы жауынгерлерінің жалпы саны 100 мыңға дейін жететін қуатты атты әскер шығара алатын еді. Олардың 60 мың жауынгері бар тұрақты әскері болды. 
Жоңғария өзімен көрші мемлекеттердің жерін тартып алуды көксеген, барынша әскерилендірілген мемлекетке айналды. Жоңғарлықтардың рухани бірлігін қамтамасыз етуде Тибет ламалары елеулі рөл атқарды. 
Жоңғарларда әскери іс-қимылдар жасаудың ерекше тактикасы қалыптасқан болатын. Олар ашық кең далада соғысуға машықтанған еді. Оқ-дәріні селитра мен күкірттен өздері қолдан жасап алатын. Олардың қолынан қылыш, сауыт, дулыға және басқа қару-жарақ түрлерін жасау да келетін. XVII ғасырдың аяқ жағына қарай жонғарларда білтелі мылтық пайда болды. Жоңғарлар тіпті зеңбірек жасауды да үйреніп алды. Зеңбірек құюды оларға тұтқын болып қолға түскен швед Иоган Густав Ренат үйретті. Жоңғарларда шекаралас жатқан мемлекеттердің аумағында жүріп, қүпия ақпараттар жинаумен айналысатын жансыздардың — тыңшылардың кең жүйесі құрылды. 
Жоңғария тұғындары да қазақтар сияқты көшпелі және жартылай көшпелі халық еді. Негізінен мал шаруашылығымен айналысатын. Халқының саны 1 миллионға жуықтайтын. Жоңғарлар аз ғана уақыттың ішінде Алтайда тұратын көптеген ұсақ Ұлыстарды бағындырып алған еді. Олар алым-салық төлеп тұрды, әскер қатарын толык- тырып отырды. Жоңғарияның өзімен көрші мемлекеттерге күшті қауіп төндіргені соншалық, XVIII ғасырдың бірінші жартысында тіпті Қытайдың сыртқы саяси кызметі негізінен осы мемлекетке қарсы күрес жүргізіп, оны әлсіретуге бағытталды.

Жоңғарлардың Қазақстан аумағында басқыншылық соғыс жүргізуінің себептері

Қазақ хандығының аумағы Жоңғария билеушілерін бұрыннан қатты қызықтыратын. Оның себебі, біріншіден, Жетісу мен Сырдария өңірін басып алатын болсақ, онда Жоңғарияны Ресей мемлекетімен, Сібірмен, Орта Азия хандықтарымен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдарының торабын өз бақылауымызда ұстаймыз, одан әрі Ауғанстанға, Иран мен Закавказьеге жол ашылатын болады деп үміттенді. Екіншіден, Қазақстанды жаулап алсақ, өз хандығымыздың солтүстіктегі шекарасын әлдеқайда нығайтамыз, бағынған халықтан қосымша алым-салық алып тұрамыз деп ойлады. Үіиіншіден, басқыншыларды қазақтың кең-байтақ даласындағы шұрайлы мал жайылымы мен Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік- шығысындағы сауда-қолөнер орталықтары қызықтырды. Төртіншіден, Қазақстан аумағын жаулап алу жоңғарлардың Еділ мен Жайық аралығында көшіп-қонып жүрген қандас тайпалары құба қалмақтарымен кедергісіз тікелей байланыс орнатып, қарым-қатынас жасауына жағдай туғызатын еді. Ақыр соңында, бесіншіден, Жоңғар мемлекетінің қазақтарды кұл етіп ұстаудың мол мүмкіндігіне ие боламыз деп дәмеленді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына қарсы басқыншылық соғысты күшейте түсуінің, міне, осындай себептері болды.

Информация о работе Ежелгі дәуірдегі Қазақстан