Әлеуметтік нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 11:15, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың тақырыбы «Құқық әлеуметтік нормалар жүйесінде» .
Курстық жұмыс екі тараудан, төрт тараудан тұрады.
Бірінші тарауы «әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі.» деп аталады. Бұл тарауда құқық әлеуметтік нормалардын ерекше жүйесі болып табылатыны және мемлекетпен бірге өмірге келгені мен құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі туралы жазылған.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................2

1 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі............................................................................................................................3

1.1.Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі...................................................................................................3
1.2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері.......................................................................................................................7
2. Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде.....................................................................................................................16
2.1.Әлеуметтік нормалардың түсінігі,мазмұны..................................................16
2.2. Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері .......................................................24
2.3.Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі................................................................................31
Қорытынды............................................................................................................35

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………...36

Файлы: 1 файл

әлеуfdметтік нормалар.doc

— 266.50 Кб (Скачать файл)

 

                                               Мазмұны

 

 

Кіріспе.......................................................................................................................2

      

 1 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі............................................................................................................................3

 

  1.1.Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі...................................................................................................3

1.2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері.......................................................................................................................7

 

2. Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде.....................................................................................................................16

2.1.Әлеуметтік нормалардың түсінігі,мазмұны..................................................16

2.2. Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері .......................................................24

2.3.Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі................................................................................31

 

Қорытынды............................................................................................................35

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………...36

 

 

 

 

                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                     Кіріспе  

 

 

    Курстық жұмыстың тақырыбы «Құқық әлеуметтік нормалар жүйесінде» .

  Курстық жұмыс екі тараудан, төрт тараудан тұрады.

  Бірінші тарауы «әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі.»  деп аталады. Бұл тарауда  құқық әлеуметтік нормалардын ерекше жүйесі болып табылатыны және мемлекетпен бірге өмірге келгені мен құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі туралы жазылған.

  Екінші тарауы «әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде» деп аталады. Бұл тараудың бөлімдерінде әлеуметтік нормалардың қоғамдық қатынастарды реттеуші құрал ретінде қарастырған.

  Курстық жұмыстың максаттары:

- құқықтың әлеуметтік нормалар  жүйесіндегі алатын орны мен  рөлін анықтау.

- қоғамдық қатынастарды реттеуші  құрал ретінде қарастыру.

-құқық әлеуметтік нормалар жүйесінде тақырыбын  тереңдете   игеру   барысында, теориялық білімін нығайту.

  Тақырыптың өзеттілігі:

     Қоғам реттеусіз, яғни әр түрлі саладағы адам әрекетін тәртіпке келтірусіз өмір сүре алмайды. Адам әрекеті әлеуметтік және техникалық нормалар көмегімен  ретке келтіріледі. Әлеуметтік норма – адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі.

     Әлеуметтік нормалардың белгілері:

-         реттеу  пәні қоғамдық қатынастар болып  табылады;

-         жалпылық  сипаты болады, олар адамдардың  саналы-ерікті әрекеті нәтижесінде  құрылады.

-         субъективті  құрамы әлеуметтік аяның өкілдері  ретіндегі адамдармен байланысты;

   Курстық жұмыстың міндеттері. Жоғарыда көрсетілген курстық жұмыс мақсатына байланысты мынадай міндеттер туындайды:

  • әлеуметтік нормалардын құқық жұйесіндегі мақсатын, міндеттерін қарастыру;
  • әлеуметтік нормалардын құқық жүйесіндегі құрылымын зерттеу;
  • әлеуметтік нормалардын құқық жұйесіндегі ерекшеліктерін анықтау.

   Курстық жұмыстың әдістемелік негізі. Курстық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының заңдық актілері, «мемлекет және құқық теориясы» отандық және шетелдік авторлардың оқулықтары қолдандым.

 

 

1. Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі.

 

 

1.1.Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі.

 

 

   Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып,мемлекетпен бірге өмірге келіп,қоғамды реттеп-басқарып отырады. Олар қоғамның,объективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты.Құқықтың түсінігіне және мазмұнына келетін болсақ, оның сан қырлы түсінігі,санқырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процесінде болғандықтан оның мазмұны санқырлы бағытта дамып,байып отырады.Ғалымдар құқықты зерттегенде бір-екі қырынан  мазмұнын анықтап әр түрлі қорытынды тұжырым жасап  отырды.Мысалы;Аристотель құқықты саяси шындық,әділеттік деді,орта ғасырдың ғалымдары құқық діни норма, Ж.Ж.Руссо  құқық қоғамдық билік деп түсіндірді. Осы пікірлердің бәрі дұрыс.

    Құқық адамдардың өмірі мен тығыз байланыста дамиды:олардың бостандығын қалыптастырады,мінез-құлқына, іс- әрекетіне, тәртібіне, сана сезіміне жан- жақты әсер етеді, мүдде -мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай,қамқорлық жасап қорғайды.Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп,басқарып отырады.

    Құқық қоғамды реттеп  басқарудағы негізгі құрал;құқық  қоғамдағы бостандықты,әділеттікті  теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын  негізгі құрал;құқық мемлекеттік  билікті,қоғамның саяси-экономикалық,мәдени-әлеуметтік даму процесінің  даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал;құқық қоғамдағы заңдылықты ,тәртіпті бақылап  отыратын негізгі құрал;құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал.Құқық –қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма.Оның қоғамдағы мәні ,мазмұны,маңызы мен нысаны,сайып келгенде қоғамның экрармикалық, мәдени-рухани сипатына байланысты. К.Маркс «Гота программасына сын» деген еңбегінде; «Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары болмақ емес»-деді.

     Қоғамның объективтік  даму процесінде құқықтың маңызы  туралы екі пікір бар: біріншісі-қоғамның дамуын басқарып,реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық.Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді.Бұл пікірді-заңды көзқарас деп атайды.Екіншісі-біріші пікірге қарсы пікір.Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі,маңызы жоқ деп түсіндіреді.Бұл пікірді заңды нигилизм деп атайды.Нигилизм қоғамда қабылдаған,бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.Құқық қоғаммен бірге эволюциялық прогрестік жолмен дамып, XIX- XX ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын  дәлелдеп,қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып,реттеуші негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді.

     Заң ғылымында «құқық»  термині бірнеше мағынада қолданылады.Біріншіден, «құқық» деген ресми түрде  танылған жеке және заңды тұлғалардың  заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы,азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу,меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы.Екіншіден, «құқық» деген-құқық нормаларының жүйеге келтірген жиынтығы.Мысалы,Қазақстанда мемлекеттік құқығы туралы Конституцияның 4-бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституциясының,соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілері » болып табылады.[1-4 бап]Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Мысалы, конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек, қылмыстық құқық .Төртіншіден, «құқық » термині субъективтік құқық пен объективтік құқықтың  жиынтығы ретінде де қолданылады. Мысалы, құқық жүйелері мен құқықтық қатынастар.

    Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек.Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қару шындыққа сай келеді десек қателеспейміз. Құқықтың негізгі үш тірегі бар: имандылық, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және мемлекет.Құқық имандылықтан нәр алады,неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе,соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады.

     Құқық-мемлекет  шығарған немесе бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.

Құқықтың түсініктері бірнеше,бірақ мазмұндары біреу-ақ.Құқықтың мазмұнының негізгі элементтері:

  • қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау,орындау;
  • қарым-қатынастарды реттеп –басқару;
  • қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси әлеуметтік, мәдениеттік бағытын дамытып, нығайту; мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін,арақатынасын реттеп басқарып отыру;
  • халықаралық қатынастарды реттеп басқару.[3]

  Құқықтың екі түрлі ғылыми  түсінігі болады :1)құқықтың объективтік  түсінігі объективтік дамуына  сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;2)құқықтың  субъективтік түсінігі объективтік  қалыптасқан қатынастарды реттейтін,басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап,бекіту.

    

  Құқықтың негізгі қағидалары:

1.Қоғамдағы әртүрлі мүдде-мақсаттарды  нормативтік жүйемен реттеп-басқару;

2.Адамдардың,ұйымдардың ара қатынасындағы  келіспеушілікті шешудің,реттеудің негізгі түрлерін белгілеп отыру;

3.Мемлекеттік органның қабылдаған,бекіткен  нормативтік актілернің орындалуын  бақылап отыру.

Құқықтың мазмұны дегеніміз-қоғамдағы қатынастарды реттеп,басқарып отыратын нормативтік актілердің ішкі құрылысы.

   Құқық-үстем таптың және қоғамның заңға айналдырылған мүддесі.Бұл мүддені заңға айналдырушы және орындаушы мемлекеттік аппарат.

 Сонымен.құқық дегеніміз адам  мен қоғамның объективтік құрылысымен  байланысты тұлғаның бостандығын  білдіретін,қоғамдық қатынастарды  реттейтін,ресми құжаттарда формалды түрде анықталған,мемлекеттік күшімен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.Қоғамның өмірінде белсенді  жұмыс атқаратын  құқықтың функциялары.Оның бағыттары толып жатыр.Ең күрделі бағыты  мемлекетпен бірлесіп жұмыс жасау.Өйткені мемлекеттің жұмысының мазмұны,бағыты нормативтік актілерде көрсетіліп,анықталып отырады.Құқықтың негізгі функцияларының түрлері:

1.Қоғамның әр саласына сәйкес  құқықтың экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік,тәрбиелік,экологиялық,қаржылық функциялары болады.

2.Мемлекеттік биліктің үш түріне  сәйкес құқықтың да үш функциясы  болады:заң шығарушы,заңды орындау,заңды  қорғау.

   Құқықтың бұл екі топтағы  функциялары мемлекеттің функцияларымен  сәйкес келеді.Сонымен бірге құқықтың  өзіне тән екі міндеттері болады:қоғамдағы қарым-қатынастарды дұрыс реттеп,орындалуын тездету және қатынастардың байланысын бақылап,қорғап отыру.Міне осы міндеттерге сәйкес құқықтың өзіне тән екі функциясы болады:реттеу және қорғау.

   Құқықтың реттеу функциясы-нормативтік  актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын,орындалу жолдарын,бағыттарын  анықтап отыру.Бұл функция екі әдіс-тәсілмен орындалады:

1)құқықтық нормада қатынастың  орындалу жолдарын,бағытын көрсету;

2)нормативтік актіде субъектілерге  толық бостандық беру,дұрыс орындалу  бағытын көрсету.

    Құқықтың қорғау функциясы-нормативтік  актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа  ықпалын,әсерін күшейту,жаман қатынастарға  тыйым салу.Бұл функцияның әдіс-тәсілдері;

-қоғамдағы қатынастардың дұрыс  орындалуын бақылау;

-құқықты нормада тыйым салудың себептерін  көрсету;

-жауапкершіліктің түрін көрсету;

-жасаған қателіктері үшін субъектілерді  жауапқа  тарту.

 Сонымен құқықтың функциясы  дегеніміз-адамдардың іс-әрекетіне,мінезіне,тәртібіне  нормативтік актілердің жасайтын  ықпалы мен әсері,сол арқылы  қатынастардың дұрыс,уақытында орындалуын қамтамасыз ету.[3]

  Құқықтың әлеуметтік құндылығы:

1.Құқық адамдардың іс-әрекетінің, жұмысының нақты келісімді,тұрақты жақсы орындалуын қамтамасыз етеді. Құқық қоғамдық тәртіпті дамытып,нығайтып,қоғамдық мүдде-мақсаттың жақсы орындалуына мүмкіншілік жасайды.

2.Құқық адамдардың  өзара қатынасын  дұрыс реттеп,дұрыс басқарып олардың  мінезінің,тәртібінің,сана-сезімінің,іс-әрекетінің  жақсаруына мүмкіншілік жасап,сол  арқылы қоғамның дамуын жақсартып  отырады.

3.Құқықтың құндылығы адамдардың бостандығын,теңдігін қалыптастырып, қорғауында. Құқық пен  бостандық бір-бірімен тығыз байланысты.Құқық бостандықтың,теңдіктің шеңберін,шекарасын үнемі анықтап,бақылап отырады.

4.Құқық қоғамдағы әділеттілікті жақтап,бақылап отырады.

5.Құқық қоғамдағы барлық прогрестік дамудың негізгі құралы.азаматтық қоғамды,демократиялық мемлекетті құрудың бірден-бір жолы.

6.Құқық халықаралық прогрестік  қатынастың,байланыстың қайнар-көзі  бұлағы.Дүниежүзілік экологияны  жақсартудың құралы.

Информация о работе Әлеуметтік нормалар