Әлеуметтік нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 11:15, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың тақырыбы «Құқық әлеуметтік нормалар жүйесінде» .
Курстық жұмыс екі тараудан, төрт тараудан тұрады.
Бірінші тарауы «әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі.» деп аталады. Бұл тарауда құқық әлеуметтік нормалардын ерекше жүйесі болып табылатыны және мемлекетпен бірге өмірге келгені мен құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі туралы жазылған.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................2

1 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі............................................................................................................................3

1.1.Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі...................................................................................................3
1.2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері.......................................................................................................................7
2. Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде.....................................................................................................................16
2.1.Әлеуметтік нормалардың түсінігі,мазмұны..................................................16
2.2. Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері .......................................................24
2.3.Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі................................................................................31
Қорытынды............................................................................................................35

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………...36

Файлы: 1 файл

әлеуfdметтік нормалар.doc

— 266.50 Кб (Скачать файл)

   Құқық пен моральдың  арасындағы айырмашылықтар төмендегідей:

  Құқықтан моральдың айырмашылығы мемлекеттік емес маңызға ие.Бірақта бұл моральдың қалыптасуына мемлекет ешқандай әсер етпейді деген сөз емес.Мұндай әрекеттер көптеген жолдар арқылы жүзеге асады;құқық арқылы,саясат,идеология,бұқаралық ақпарат құралдары арқылы,бүкіл қарым-қатынас жүйесі арқылы.Алайда мемлекет тікелей адамгершілк нормаларын бекітпейді.Құқық пен мораль қамтамасыз ету тәсілі бойыншада бөлінеді.Құқық мемлекетпен жасалатындықтан мемлекетпен қорғалады. Құқықтың артында мәжбүрлеу аппараты тұр.Ол құқықтық нормаларды бақылайды және орындамағандарды жазалайды. Құқық нормасы бұл өтініш,тілек,кеңес емес,қоғамның бүкіл мүшесіне тиіс биліктің талабы,бұйрығы.Басқаша айтқанда бұл нормалар жалпы міндетті маңызға ие.

Мораль басқаша қамтамасыз етіледі.Ол мемлекеттік аппарат күшіне емес,қоғамдық пікірге сүйенеді.Адамгершілік нормалары бұзылған жағдайда мемлекеттік органның араласуын қажет етпейді.

1) пайда болуы бойынша : егер  мораль қоғаммен бірге пайда  болса, құқық мемлекетпен бірге пайда болды;

2) көріну нысаны бойынша: мораль  қоғамдық  қатынастардан көрініс  тапса, құқық жазбаша нысандағы  арнайы нормативтік актілерден  көрініс табады;

3) әрекет ету саласы бойынша: мораль барлық қоғамдық қатынастарды  реттей алады, ал құқық аса  маңызды және өзі реттей алатын  қоғамдық қатынастарды ғана реттейді;

4) күшіне ену мерзімі бойынша: моральдық нормалар олардың түсіну  барысында күшіне енсе , құқықтық  нормалар нақты анықталған мерзімде  күшіне енеді;

5)  қамтамасыз ету тәсілі бойынша: моральдық нормалар  қоғамдық әсер ету шараларымен қамтамасыз етілсе, құқықтық нормалар мемлекеттік әсер ету шараларымен қамтамасыз етіледі;

6)  бағалау негізі бойынша: моральдық  нормалар қоғамдық қатынастарды  жақсылық пен жамандық , әділеттілік  пен әділетсіздік тұрғысынан реттесе, құқықтық нормалар  оларды заңдылық  пен заңсыздық , құқыққа сәйкестік пен  қайшылық тұрғысынан реттейді.[18]

   Құқықпен мораль көріну  формасы бойынша ажыратылады.Егер  құқық нормасы арнайы мемлекеттің  заңи актілерінде көрініс тауып,институттарға топтастырылып,кодекстермен жинақтарға жүйелендірілсе,адамгершілік  нормаларына  мұндай сипаттар тән емес.Олар анайы жасалмайды,адамдардың,қоғамдық өмірдің қатысушыларының санасында пайда болып,өмір сүреді.Алайда моральдік нормалар бұл тек қана жазылмаған заңдар ғана емес.Олардың көпшілігі мысалы,қоғамдық бірлестіктердің   бағдарламасы мен ережелері жазылған құжаттар,әдеби және діни ескерткіштерінде көрініс табады.

   Құқық пен мораль мазмұны  бойынша  және  олардың адамдардың  санасына әсер ету тәсілдері бойынша ажыратылады.Егер құқық субьектілердің арасындағы қарым-қатынастарды заң және міндеттілік тұрғысынан реттесе;заңды-заңсыз,жазаланатын-жазаланбайтын,.Мораль адамдардың іс-әрекетіне жақсылық-жамандық,мадақтау,,адал-арам,қайырымды-қайырымсыз,ар, ұят,парыз тұрғысынан қарайды.Құқық рұқсат етілген және тиым салынған әрекеттерді кеңінен көрсетуімен,формальды анықтылығымен, алдын-ала санкцияны белгілеуімен ерекшеленеді. Ал,мораль болса,

жазалаудың түрлерін көрсетпейді.

   Құқық пен мораль оны  бұзған жағдайда жауапкершілік нысаны бойынша ажыратылады.Қарама-қайшы әрекеттер жай жауапкершілікті емес,ерекше заңи жауапкершілікті белгілейді.Оны орындау бәріне міндетті.Адамгершілік нормасын бұзған жағдайда нақты процедура жоқ.Мұнда жазалау әрететері бұзған адамға ескерту жасау,сөгіс беру,ұйымнан шығару сияқты шаралармен шектеледі.Бұл мемлекет алдындағы жауапкершілік емес,қоғам,ұжым,отбасы алдындағы жауапкершілік.құқық пен мораль адамдардың әрекетіне деген талаптардың деңгейі бойынша ажыратылады.Бұл деңгей құқыққа  қарағанда моральда биік.Ол көп жағдайда тұлғадан заңдарды көбірек талап етеді.Мысалы мораль сөзсіз кез-келген өтірік айту,жала жабу,алдау сияқты  формаларды жазалайды.Мораль ешқандай антиқоғамдық әректтерді жақтырмайды.Құқық өте қауіпті деген жағдайларды жазаласа,адамгершілік нормалары индивидтің әрекетіне  көбіне талапшыл келеді.Құқық адамдарға үнемі адал,тәртіпті,әділ,болуға мәжбүрлей алмайды.Бұлар заңмен жазылмаған.Мораль болса осыған шақырады. «Адамгершілік заңдарының абыройы шексіз биік» Гегель.Құқық пен мораль әрекет ету сферасы бойынша ажыратылады.Құқыққа қарағанда моральдың кеңістігі үлкен және олардың шекаралары бір-біріне сәйкес емес.Құқық қоғамдық өмірдің маңызды деген облыстарды реттейді.мысалы меншік,билік,еңбек ,басқару. Ол өзінің реттеу шекарасынан мыналарды тысқары тастайды. Мысалы: достық, сүйіспеншілік, сән,талғам.Құқы өзінің шекарасынан  шығып ,«ерікті» және «еркін» руханиқозғалыс сферасына араласпауы керек.(И.Ильин)Бұл жерде моральдық,этикалық және басқада әлеуметтік нормалар әрекет етеді.Құқыққа қарағанда адамгершілік қоғамды жан-жақты қамтиды.Ол «әмбебап»(Е.А.Лукашева)Құқық пен моральдың тарихи жағдайы әртүрлі.Құқық белгілі бір әлеуметтік эволюцияның баспалдағында пайда болса,мораль қоғамда үнемі бар және бола бермек. [20]

 Мораль-қоғамдық сананың бір формасы,маңызды әлеуметтік институт.Ол белгілі өмірлік қалыптасқан көзқарастарды,бағалауларды соның негізінде пайда болатын тәртіп нормаларын,адамдардың бір-біріне, мемлекетке, отбасына,жалпы қоршаған ортасына деген қарым-қатынастарын білдіреді Келтірілген негіздемелер тек жалпы моральды бір ғана қырынан танытады.Оның мазмұны және құрылымы өте кең.Моральдағы ең маңыздысы-жақсылық пен жамандықтың көрініс алуы.Адамгершілік адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы ғана емес,өзіне деген көзқарасы,ар-намысы,сыйластығы,өзін тұлға ретінде түйсінуі.И.Кант «Кімде-кім өзін құртқа айналдырса,аяқпен басып –жаншылдым деп арызданбауы керек»,деп көрсетті.Маңызды әлеуметтік құндылықтар,яғни ар,намыс бұлар заңмен қорғалады.Ар-өмірденде артық.Осған байланысты халық даналығында мынандай сөз бар: «Малым- жанымның садағасы,жаным -арымның садағасы»Шындық және өтірікте моральдың бір бөлшегі болып табылады.Тұлға үшін жоғарғы заңда,жоғарғы сотта өзінің жеке ұяты саналады.Себебі,ол адамгершілігінің ең толық,терең белгісінің бірі деп саналады.

    Мораль- бұл адамдардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін  нормалар мен  қағидалардың жүйесі. Құқық – бұл мемлекетпен орнықтырылған және қамтамасыз етілетін , қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті , формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.

                                              Қортынды

 

 

     «Құқықтын әлеуметтік нормалар жүйесінде» тақырыбын жан-жақты зерттеуде белгілі бір қиындық болды, себебі оқулықтарда, ғылыми әдебиеттерде не заңнамаларда көптеген даулы сұрақтаға қатысты бірыңғай позиция жоқ. 

     Құқықтын әлеуметтік нормалар жүйесінде  әр түрлі көзқарастар айтылған. Әлеуметтік нормалар туралы көптеген аныктамалар жазылған. Бірақ онда да ғалымдардың көбі қолдайтын бір ортақ көзқарас жоқ. Әлеуметтік нормалар құқықтық, адамгершілік, діни, саяси, эстетикалық, әдет-ғұрыптық, корпоративтік және т.б. болып бөлінеді.  

    Дегенмен де, құқық түсінігі тәріздес, оның мәнінің де жан-жақты көп қырлы екендігін естен шығармауымыз қажет. Осы тұрғыдан құқықтың діни, ұлттық, нәсілдік және тағы да басқа мәні болатындығын атап өту қажет. Құқық мәнін анықтайтын нормативтік, табиғи-құқықтық, тарихи-материалистік, әлеуметтік теориялар бар.

    Қоғам реттеусіз, яғни әр түрлі саладағы адам әрекетін тәртіпке келтірусіз өмір сүре алмайды. Адам әрекеті әлеуметтік және техникалық нормалар көмегімен  ретке келтіріледі. Әлеуметтік норма – адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік экономикалық негізде айқындалған, сана-сезім еркімен қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі.

       Сондай-ақ бұл құбылыстың демократиялық елдерде және өзіміздің Қазақстан Республикасында жүзеге асырылуын талдадық. Мұнда біз осы құбылыстың өмірдегі көрінісін керсетуді мақсат еттік. Бұл құбылыс біздің еліміз Қазақстан үшін маңызды.

     Барлығын қорыта келе бұл курстық жұмыста біз әлеуметтік нормаларға тусінік бергенде осындай қортынды шығады: барлық әлеуметтік нормалардың өздеріне сай, жиынтығы қарым-қатынастағы адам баласынын бірігіп өмір сүру ережесі деген тұжырымдама шығады.

 

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      Пайдаланған деректемелер тізімі

 

                      Нормативтік-құқықтық актілер:

 

1.Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл.

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің

Арнайы әдебиеттер:

 

3.Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы».   Алматы 2004 жыл

4.Баянов Е. «Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері».           Алматы  2003 жыл.

5.Табанов С.А. «Салыстырмалы құқықтану негіздері».  Алматы «Жеті Жарғы» 2003жыл.

6.Ашитов З.О. «Қазақстан Республикасының құқықтық негіздері». Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.

7.Ашитов З.О. «Егемен Қазақстанның құқығы».  Алматы «Жеті Жарғы» 2003 жыл.

8.Жоламанов К.Д. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы «Эверо» 2004.

9.Н.И.Матузов.А.В.Малько «Теория государства и право .Москва. Юристь 2005

10.Т.Н.Радько.«Теория государства и право.Москва.Академический Проект 2005

11.М.И.Абдулаев. Теория государства и право.Питер 2003 

12. Ағдарбеков, Т.  «Мемлекет және құқық теориясы» оқулық.- Алматы 2003 жыл 160 бет  

13.Ағдарбеков Қ. Мемлекет және құқық теориясы. Қарағанды, 2001.

14.Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша мемлекет бөліміне арналған дәрістер жинағы. Қарағанды, 2003.

15.Байжанова Г.Т., Әділбекова Қ.Қ. Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі. Қарағанды, 2001. 

16.   Байжанова Г.Т. Құқық теориясы. Қарағанды, 2004.

17.   Венгеров А.Б. Теория государства и права. Москва, 1996

18. Жоламан Қ.Д., Мұқтарова А.К., Тәуекелов А.Н. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1999.

19. Ибраева А.С., Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы, 1998.

20. Нұсқабаев О., Әлиев Д. Құқық социологиясы: мәні, құрылымы және қызметі// Заң. 1999. 

 

 

 

 


 



Информация о работе Әлеуметтік нормалар