Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 11:15, курсовая работа
Курстық жұмыстың тақырыбы «Құқық әлеуметтік нормалар жүйесінде» .
Курстық жұмыс екі тараудан, төрт тараудан тұрады.
Бірінші тарауы «әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі.» деп аталады. Бұл тарауда құқық әлеуметтік нормалардын ерекше жүйесі болып табылатыны және мемлекетпен бірге өмірге келгені мен құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі туралы жазылған.
Кіріспе.......................................................................................................................2
1 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі............................................................................................................................3
1.1.Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі...................................................................................................3
1.2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері.......................................................................................................................7
2. Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде.....................................................................................................................16
2.1.Әлеуметтік нормалардың түсінігі,мазмұны..................................................16
2.2. Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері .......................................................24
2.3.Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі................................................................................31
Қорытынды............................................................................................................35
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………...36
Құқықтың өзіне тән мынандай нышандары бар:
1.Құқық мемлекетпен норма
2.Құқық қоғамдық қатынастарға
түскен барлық субъектілерге
бірдей қолданылады.Құқық атақ,
3.Құқық қоғамдық қатынастарды
ретейтін және ең кең
4.Құқық формальды –айқын
5.Құқық бүкіл халықтың,
6.Құқық өзінің ішкі
7.Мемлекеттің күшімен
Сонымен.,құқық қоғамда зор
қызмет атқарады.Ол қоғам
1.2. Құқықтық норманың құрылымы,
жүйелері және олардың түрлері
Құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың ең күрделісі,ең көлемдісі,ең маңыздысы.Құқық адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп,көбінесе заңдарда баянды етілетін,қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі. Құқықтық норма-қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясаттың іс жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез-құлқын, іс-әрекетін арнайы ережелермен реттейді.[4]
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді біріктіреді. Қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті, әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын тағы басқа демократиялық іс-әрекеттерді.
Құқықтық норманың құндылығы:
Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін, қоғамдық
қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтық бір кпеткасы, қоғадық қатынастарының жақсы дамуының, үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп-басқарып отырады.
Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады:
бірінші – адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау – жоспарлауы (ішкі бостандық);
екінші - өз мүдде-мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы (сыртқы бостандық).
Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым-қатынастар құқықтық нормалар арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп қоғамның дұрыс, жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.
Құқықтық норманың негізгі сипаттары:
Сонымен құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген сипаттары, оның мазмұнын,маңызын, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп-басқаруын толық түсінуге болады.[6]
Құқықтық нормалардың белгілері:
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар, мағыналы, сапалы қарым-қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. өмірде мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны көрсетіледі, екіншісінде-оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді, үшіншіде-қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе бір толық норма болып шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым көпшілігі толық түрде болады. Егерде толық болмаса жетіспейтін элементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Сонымен құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп-басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасызетілетін ереже-қағида.[5]
Құқықтық нормаларының құрылымы, жүйелері және түрлері.
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп оның құрылымын қалыптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты, мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормасы.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының «Салық туралы» заңында норманың элементтері 1-бабында көрсетілген.[7]
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың діңгегі, құқықтық тәртіптің үлгісі-моделі. Мысалы, қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 482 бабы. Екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің – 7 бабы). Гипотезаның үш түрі болады:[2]
Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса оның жағымсыз салдары
және жауапкершіліктің басталуы мен қолдануы. Санкцияның үш түрі болады:
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз рөлін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егерде нормада бір екі элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.
Нормативтік актілердің жеке баптарына норманың элементтері толық болмайды. Конститутцияның баптарында тек гипотеза мен диспозиция ғана болады. Қылмыстық кодекста тек диспозиция мен санкция ғана болады. Іс жүзінде норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында болуы мүмкін немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. Оны тауып алуға болады.[8]
Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері.
Сонымен құқықтық норма, заңның немесе нормативтік актілердің баптары бір-біріне
ұқсас емес баптарда норманың элементтері түгел болмайды, бірақ оны іздестіріп табуға болады.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
Міне осы көрсетілген бағыттар бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмұны жағынан құқық нормалары заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту, жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікіплер мен көзқарастарды жинақтап құқықтың қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып отырады. Құқықтық нормалардың иүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу, бақылау әдістерімен қатар әкімшілік немесе соттық жауапқа тарту арқылы қамтамасыз етіледі.
Сонымен құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің ең күрделі түрі.[8]
Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары.
Қазақстан тәуелсіздікке қолы жетіп, егеменді мемлекет құру кезінде құқықтың даму процесі басталып, аяқталмаған жағдайда нормативтік актілердің дамуын жан-жақты зерттеп жақсы түсінуге толық мүмкіншілік бар.
Құқық пен мемлекет қоғамның экономикалық, әлеуметтік даму процесін, жеке және заңды тұлғалардың қарым-қатынастарын реттеп-басқару үшін өмірге келді. Бұл – объективтік процесс. Сондықтан құқықтың қоғамда қалыптасуы үш бағытта дамуда: