Әлеуметтік нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 11:15, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың тақырыбы «Құқық әлеуметтік нормалар жүйесінде» .
Курстық жұмыс екі тараудан, төрт тараудан тұрады.
Бірінші тарауы «әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі.» деп аталады. Бұл тарауда құқық әлеуметтік нормалардын ерекше жүйесі болып табылатыны және мемлекетпен бірге өмірге келгені мен құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі туралы жазылған.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................2

1 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі............................................................................................................................3

1.1.Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі...................................................................................................3
1.2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері.......................................................................................................................7
2. Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде.....................................................................................................................16
2.1.Әлеуметтік нормалардың түсінігі,мазмұны..................................................16
2.2. Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері .......................................................24
2.3.Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі................................................................................31
Қорытынды............................................................................................................35

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………...36

Файлы: 1 файл

әлеуfdметтік нормалар.doc

— 266.50 Кб (Скачать файл)

    Заң ғылымдарында дәстүр  құқықтық(жай құқық) және құқықтық  емес немесе жалпы азаматтық  болып бөлінеді.Құқықтық не заңды  дәстүр ол заңмен қорғаладыжәне  заңдық күшке ие болады.Рірі  заңмен бекітіледі,басқалары жай көрініс табады,үшіншілері құқықтан ауытқып кетеді Құқық өз өмір сүруі барысында құқықтық нормаларға көпшіліктің әдетті түрде бағынуына негізделеді ( заңдарды сақтау әдеті) . Кейбір жағдайларда санкцияланған әдет құқықтың қайнар көзі болып табылады

  Саяси норма. Құқық пен саясат  дәстүрлі түрде тығыз байланысты  құбылыс ретінде  қаралады.Кез-келген  мемлекеттің ішкі , сыртқы саясаты  заңмен реттеледі және осы  саясаттың жетекшісі ретінде  үлкен рөл атқарады.Егер маңызды  құқықтық акті Конституцияны алсақ,онда ол мемлекеттік саясаттың қағидаларын,мақсатын, бағытын бекітеді.Сонымен қатар,азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарына.олардың мемлекеттік қоғамдықасяси өмірге араласуына кепілдік береді.Конститутция-заңды саяси құжат болып табылады.

     Аристотель өз заманында  саясат адамдарды,қоғамды,мелекетті  басқару өнері деп санаған.Басқарудың  өзі құқықтың,заңды құрал мен  институттар арқылы жүзеге асады.Әсіресе  бұл демокртиясы дамыған,құқықтық  мәдениеті бар құқықтық мемлекетке  тән.Тіпті тоталитарлық полициясы бар мемлекетте құқықсыз болмайды.Келесі бір мәселе ол қандай мақсатқа қолданылады. Ғылымда ең қатаң, ерекше мағынада саясат партиялардың, ұлттардың, халықтардың мемлекеттердің, әлеуметтік топтардың, билік пен тұрғындардың, азаматтар мен олардың бірлестіктерінің арасындағы қарым-қатынастары.

   Саяси норма- бұл көптеген  саяси процестің субъектілерінің  ережелері.Бұл нормалар әртүрлі  саяси бағдарламаларда,шешімдерде, арыздарда, декларацияда  қолданылады. Егер саяси норма заңда,Конститутцияда көрініс тапса,онда ол құқықтық маңызға  ие болады. Саяси норма мен құқықтық норманы бөлу өте қиын.Себебі олар  бір-бірімен тығыз байланысты,көбіне араласып жатады.Мысалы;конститутция баптарында.Бұл заңи қызмет  және атқарушы билік ретінде де бақыланып отырады.Заңдар,басқада нормативтік актілер экономикалық қана емес саяси мағынадада болады.Алайда құқық пен саяси нормалар арасында қарама-қайшылықтар болуы мүмкін.Саяси жағдайда өздернің жалпы қабылданған ереже,талаптары,қағидалары болады.Саясаткерлердің ұстанатын саяси этикасы болады.ең маңыздысы-бұл заңды ,моральдық тәртіпті сақтау.Саяси норма құқықтық норма сияқты қатаң сақталуы керек.

     Заңдық нормалар,әдетте,адамдардың  санасында бекіп қалған мінез-құлықтың  жалпы принциптері,оның негізгі  бастаулары ретінде көрінетін моральдық нормалардан өзгеше.Мәселен,мораль өзгенің  мүлкін ұрламауды талап етсе,заңдық  нормалар ұрлықтың түрлерін және олар үшін жауаптылық шараларын нақты белгілейді.Демек құқық нормаларын орындау қажет болған жағдайда күштеу шаралары (әкімшілік, қылмыстық, тәртіптік,экономикалық санкцияларды қолдану)арқылы сот әділдігінің арнаулы аппаратының (соттың, прокуратураның) көмегімен қамтамасыз етіледі.Ал мораль талаптары дәстүр мен әдет-ғұрыптың,қоғамдық пікірдің күшімен немесе жеке адамның өз басының нанымымен іске асып отырады.Дәләрек айтқанда,морльдық санкция рухани әрекет шаралары арқылы қолында билігі бар жеке адам арқылы емес, ұжымдық, әлеуметтіктоп, бүкіл қоғам арқылы жүзеге асырылады.[15]

   Мораль нормалары- қоғам  өміріндегі процестерде табиғи жолдармен қалыптасқан адамдардың қайырырымдылық пен зұлымдықтар,әділеттілік пен әділетсіздіктер,ар-ожданы жөніндегі талаптардың жиынтық ережесі.

   Осы жоғарыда көрсетілген  нормалардың барлығына Қазақстан  Республикасының Конституциясы  Заңды түрде мемлекетпен бірге тәуелсіз,демократиялық,егеменді қоғам құруды-негізгі міндетіміз деп жариялап отыр.

  Егер құқықпен басқа әлеуметтік  нормалардың арақатынасында келіспеушілік  немесе қайшылықтар болса,өзара  келісімге келіп,бір-біріне зиян  келтірмей реттеулері керек.Екі жақты бақылауға алып дұрыс,әділ шешімін табуға міндетті.Қатынастардың барлық түрлерінде бірінші орында жеке адамның бостандығы мен қоғамның мүдде-мақсаты болуға тиісті.

     Көне заманнан ғалымдар  құқықтың мәні мен мазмұнын  түсінбекші болып оған сан-қилы анықтамалар берген.Оның түсінігі мен мәнін анықтаудың үш пікірін айтуға болады:1 нормативті тұрғыдан қарау бойынша-құқықты заң нормаларының жүйесі деп санау;2 социологиялық тұрғыдан қарау бойынша-құқықты реттелетін қоғамдық қатынастармен ұқсас деп санау;3 философиялық тұрғыдан қарау бойынша-құқықты бостандық пен әділдік деңгейімен байланыстыру.

    Құқыққа социологиялық  және философиялық тұрғыдан қарағанда  ол өте кең түсінік болып,оған  құқық нормаларымен қатар құқықтық  сана,құқықтық қатынастарда жатады.Құқықтың үш тірегі бар:қоғамның материалдық деңгейі, мемлекет және имандылық. Адамзаттың өмір сүруі өндіріске, қоғамның экономикалық жағдайына байланысты.Өндіріс-экономика тиімді,нәтижелі болу үшін оны ұйымдастыру,оның дамуына қажетті жағдай жасау керек.Бұл мүдде-мақсатты шешуде құқық өте зор жұмыс атқарады.Соның нәтижесінде құқықтың өзі де өзгереді,дамиды,өндірістік қатынастарды реттеуге бейімделеді.[12]

    Құқық нормаларының талаптары  өздігінен жүзеге аспайды.Оларды  іске асыру үшін,талаптарын орындау үшін мемлекет түрлі әдістермен сан-алуан  қызмет атқарады. Егер құқықтық нормалардың  талаптары орындалмаса, бұзылса, мемлекет кінәлі жеке және заңды тұлғаларға тиісті шаралар қолдана алады. Сөйтіп, құқық нормалары мемлекеттің күшіне сүйеніп,жүзеге асырылады.Құқықтың  тірегі,оның күш-қуаты,абыройы мемлекет.

   Құқықтың тағы бір тірегі-имандылық.Имандылықтың  өзіде адамдар арасындағы қатынастарды  реттейтін күш,бірақ оның талаптары  заң емес.Имандылықтың ең күшті  құралы-жұртшылықтың пікірі.Құқық  та теріс қылықтарға тиым салады,кінәлі адамдарды жауапқа тартады..Құқық имандылықтан нәр алады,неғұрлым құқықтың нормалары имандылық талаптарға сәйкес келсе,соғұрлым олардың,сапасы да,абыройы да жоғары болады.

   Сонымен,құқық нормалары  арқылы мемлекет имандылық талаптарына ресми мағына береді,соның  нәтижесінде қоғамдық қатынастарды реттейді.Құқық құзіретінің шеңбері имандылықтың шеңберінен анағұрлым кең.Құқықтың белгі нышандары;

1.Құқық жазылған нормалардан  тұрады.Құқықтық норманы мемлекеттік  органдар қабылдайды,бекітеді, басқа нормаларды қоғамдық ұйымдар қабылдайды.Нормативтік дегеніміз-адамдардың ой-жүйесін,қоғамдық өмірін тәртіптеп,соның нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.

2.Құқық әділдік және бостандық  идеяларын білдіреді.Бостандық-адамннан  ажыратылмайтын қасиет.Тек бостандық болса ғана адам лайықты өмір сүре алады.Әділеттік ерте заманнан келе жатқан әлеуметтік,моральдық принцип және норма.

3.Құқықтың бейнелейтін обьектілері  болады.Олар-билік,мемлекет,қоғамдағы  тәртіп.Әділдік,бостандық,демократия  солар арқылы жүзеге асырылады.

4.Құқықтың формалды анықтылығы.Заңдарда  бекітілген нормативті нұсқаулар  ерекше қасиетке ие болады,

5.Құқықтық нормалар қоғамдағы  қатынастардың басым  көпшілігін  реттеп,басқарады.Басқа нормалардың  үлесі аз.

6.Құқықтық нормалардың орындалуы ерікті және еріксіз түрде жүргізіледі.Басқа нормалар тек ерікті түрде орындалады.

   Әлеуметтік нормалар құқықтық  норманың дамуына,орындалуына ,нығаюына  өте зор әсер етеді,ықпал жасайды.Жаңа  заңнын жобасы алдымен көп  жылдар тексеріліп,содан кейін  мемлекеттік заңға айналады.Заңды,жаңа норманың жобасы дұрыс талқылап,бекітуге қабылдауға да өмірлік тәжірибе көп әсер етеді.Заң қабылданып,оны орындау процесіндеде көп жылдық әлеуметтік нормалардың тәжірибесі көмек береді.[20]

   Сонымен әлеуметтік нормалар бір-бірімен тығыз байланыста дамып,өзгеріп,нығайып жаңарып отырады.Әсіресе бұл байланыс құқықтық нормалар арасында тығыз түрде дамиды.

 

 

  2.3.Әлеуметтік қоғамдағы құқық  пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы  және бірлігі

 

 

    Оқу тәжірибе мақсатында  барлық әлеуметтік норма түрлерінің қарым-қатынасын және қызметін бөліп көрсету өте маңызды. Әсіресе бұл заң ғылымдарының  қызығушылығын тудырып отырған құқық пен моральға қатысты.ежелгі философтар Платон,демокрит,Аристотель,Цицероннің өздері екі маңызды қоғамдық тәртіпті анықтаушылардың ұқсастықтар мен айырмашылық тарын  көрсетіп кеткен.Құқықты моральдан айыра отырып,біздер оны басқа әлеуметтік нормалардан айырмашылығын,жалпы құқықтық реттеу жүйесіндегі орны мен рөлін көрсете аламыз.Заңгерлер ең алдымен құқықтық норманы оқиды,талдайды,қолданады.бұл олардың мамандығы.Бірақта олар құқықтық қатынастардың субъектілерінің тәртібін бағалау үшін және туындаған мәселелерді шешу мақсатында үнемі этикалық  жағдайларға сүйенеді.орыс құқықтанушылары В.С.Соловьев,И.А.Ильин құқық кішкентай адамгершілік    немесе заңмен әшекейлеген мораль деп көрсетті.Құқық қоғамның адамгершілік-гуманистік қатынастарын реттейтін құрал.Мораль,адамгершілік,этика жайлы сабақ болмай құқық мәнсіз.В.С.Соловьев мысалы құқықты былай деп түсіндірді «Белгілі жамандықтың таралуына жол бермейтін кішкентай жақсылық пен тәртіпті мәжбүрлеп талап ету».[16]

   Заман өзгерген сайын  қоғамдағы лайықты мінез-құлқы  жөніндегі талаптар да өзгеріп  отырады.Әр бір қоғамдық тап  өзінің моральдық нормаларының  немесе қазыналарының жүйесін жасап алады,ал егер саяси үстемдік өзінің қолында болса,онда ол,әрине үстемдік етуші ретінде өз моралын орнықтырады.Бірақ мұның өзі мораль жүйелерінде жалпы адамгершілік мазмұн болмайды деген сөз емес.Қоғамда адамдардың мінез-құлқының қарапайым нормалары болады,оларсыз бірде-бір қоғамдық тәртіп өмір сүре алмас еді.Моральды қолдап отырған күш-ең алдымен қоғамдық пікір.Бірақ мораль тек қоғамдық пікірдің арасында өмір сүрмейді.Адамның өз мүдделері,оның табиғи сезімі мен бейімділігі,ең алдымен өз борышын сезіне білетін кемелденген санасы адамгершілік мінез-құлықтың жетілуіне тікелей қатысып отырады.Моральдық норма немесе принцип  адамның  санасында: «Өтірік айтпа» ,  «Басына қиындық түскен адамға көмектес» деп бұйыру райында әрекет етеді.Бірақ олар әрқашанда адамның өз сезіміне байланысты,ол үшін қайдағы бір бөгде нәрсе болып саналмайды,белгілі бір қоғамдық қажетті ғана емес,сонымен бірге өз парызының,ар-ожданының саналы түрдегі талабын бейнелейтіндіктен де мінез-құлқын реттеп отырады.Моральдың ішкі кепілдігі-ар  болып табылады.Моральдық нормалар-бұл жазбалы емес ереже,ол адамның сана-сезіміне ұялаған,

ұрпақтан-ұрпаққа таралған,әрине өмірге сай о да өзгеріп тұруы ықтимал. Демек,моральдық нормаларды орындау-әр адамның ішкі нанымына байланысты.Қоғамды реттеу қабілеті кең барлық индивидтерге қатысы бар және сол тарихи қоғамда қабылданған ізгі –ниеттілік адамгершілік сияқты құндылықтарды өмірдің қажеттілігіне айналдырған нормалардың жиынтығы.Моральдық нормаларға мынандай сипаттар тән:

1.Тарихи даму барысында таптық қоғамның ерекшеліктерне байланысты қалыптасады.Құл иеленушілік мемлекеттегі моральдың талаптары қазіргі заманның мораьдарымен сай келмейді.Мысалы;Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ қоғамында саудамен айналысу,алыпсатарлық ісімен шұғылдануды қоғамдық көзқарас мүлдем басқа.

2.Моральдық нормаларды іс жүзіне  асыру -тек сендіру арқылы болатын  құбылыс.

3.Реттеу шеңбері бойынша моральдық  нормалар құқық нормаларына қарағанда  өмірдің барлық саласын қамтиды.

4.Моральдық нормаларының теориялық  негізін этика құрайды.

5.Қоғамда қабылданған моральдық  нормалар жеке адамдардың мінез-құлықтарын  бір қалып көзқарасымен қабылдайды.Одан  тысқары қимыл әрекеттер қоғамдық  санамен айыпталады.Мысалы;автобуста  қарт адамдарға орын беру немесе  бермеу басқада көптеген әрекеттер.Моральдық қоғамдық тәртіпті сақтаудың ең негізгі қағидаларының бірі.Г.Ф.Гегельдің пікірі бойынша «моральдық дүниеде мейірімділіктің үстемдік етуі».Мейірімділікті қалыптастыруда ислам дінінің  рөлі өлшеусіз және әліде тәрбиенің  ең тиімді құралы.[20]

   Құқық пен моральдың  бірлігі.

1)олар әлеуметтік норманың әртүрлігін  көрсетеді және  бірдей нормативтік  негізі бар.

2)құқық пен мораль бір мақсатты  көздейді-қоамдағы тәртіпті сақтау,адам  құқықтарын қорғау,әділеттікті жақтайды.

3)құқық пен мораль әртүрлі  көлемде бір объектіні реттейді-қоғамдыық қатынастарды,ол бір адамға не топқа бағытталады.Олардың талаптары көбіне бір-біріне сәйкес келеді.

4)құқық пен мораль нормативтік  құбылыс ретінде субъектілердің  рұқсат етілетін не рұқсат  етілмейтін шекараларын айқындайды.

5)құқық пен мораль философиялық  жағдайда  экономикалық,саяси,мәдени  категорияларға ие ,яғи бұлар  қоғамда оларды бір типті етеді.

6)құқық пен мораль жалпы құқықтық  құндылықтардың негізі ,қоғамның  әлеуметтік және мәдени дамуының  көрсеткіші ретінде көрінеді.

7 )әлеуметтік нормалар жүйесінде  олар қоғамға ең кеңінен таралған , кешенді нормалар болып табылады;

8 )олардың реттеу объектісі біреу- қоғамдық қатынастар;

9 )олар түп негізінде қоғамның  өзінен туындайды.

  Мораль құқық бұзушылықты  әсіресе қылмысты жазалайды.Мұндай жағдайларда құқық пен мораль бір.Кез-келген құқыққа қайшы әркеттер моральғада қайшы әркеттер болып табылады.Құқық заңды сақтауды көздейді,соны моральда жақтайды.Бұл таңқаларлық жағдай емес,құқық моральға негізделеді.Ол адамгершіліксіз бола алмайды.Екі реттеушінің түпкілікті мақсаты бір.Құқық  заңмен бейнеленген адамгершілік бейнесінде көрінуі кездейсоқтық емес.Құқық пен моральдың арақатынасы адамдардан азаматтық сапаның көрініс табуын көздейді.Құқық пен мораль өздерінің  функцияларын  жүзеге асыруда ортақ мақсатқа жету үшін бір-біріне көмектеседі.[19]

Құқықтың мақсаты адам- «адамның бірлесіп өмір сүруін қалыптастыру,өзара қиыншылықтармен,күрестер,келіспеушіліктер болған жағдайда рухани күшті азырақ жұмсау ».Моральдың да негізі осы.

    Негізгі ерекшеліктері:

Құқық пен мораль ең алдымен қалыптасу және құрылу тәсілдері бойынша ерекшеленеді.Құқық тек қана мемлекетпен, жасалады, толықтырылады, өзгертіледі, санкцияланады.бұл жағдайда мемлекет құқықтың саяси жасаушысы болып табылады.сондықтан құқық адамдардың жай еркіндігін емес,оның мемлекеттік еркіндігін,жай ғана реттеуші емес негізгі мемлекеттік реттеуші болып табылады.

    Мораль басқаша қалыптасады.Оның нормалары мемлекет пен емес және олар қандайда бір арнайы мақсатты қызметтің негізі болып табылмайды.Олар адамның тәжірибелік қызмет процксінде кенеттен пайда болып,дамиды. Адамгершілік нормалары даму үшін биліктің келісімі қажет емес,әлеуметтік қоғамның топтарымен,яғни олардың басшылармен мойындалса ғана болғаны.

Информация о работе Әлеуметтік нормалар