Әлеуметтік нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 11:15, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың тақырыбы «Құқық әлеуметтік нормалар жүйесінде» .
Курстық жұмыс екі тараудан, төрт тараудан тұрады.
Бірінші тарауы «әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі.» деп аталады. Бұл тарауда құқық әлеуметтік нормалардын ерекше жүйесі болып табылатыны және мемлекетпен бірге өмірге келгені мен құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі туралы жазылған.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................2

1 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі............................................................................................................................3

1.1.Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі...................................................................................................3
1.2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері.......................................................................................................................7
2. Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде.....................................................................................................................16
2.1.Әлеуметтік нормалардың түсінігі,мазмұны..................................................16
2.2. Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері .......................................................24
2.3.Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі................................................................................31
Қорытынды............................................................................................................35

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………...36

Файлы: 1 файл

әлеуfdметтік нормалар.doc

— 266.50 Кб (Скачать файл)

     Экологиялық жағдайларды және теңдікті бұзған кезде жауаптылық шаралары қолданылады.Табиғи балансқа жасанды араласу,эволюциялық өсу адам өміріне  өте қауіпті.Ғылыми техникалық прогресс кезеңінде техникалық нормалардың рөлі арта түсуде.Бұл нормаларды сақтау,сақтамаудың нәтижесі адам денсаулығы мен тағдырына зор әсерін тигізеді. Осындай ережелерді сақтамау салдарынан  әртүрлі апаттар,авариялар,басқада жағдайлар болуы мүмкін. Жай ғана бір қателік,немқұрйлылық,техникалық құралдарды дұрыс пайдаланбау орны толмас өкінішке әкеледі.Бұл азаматтық саладада,әскери саладада болады. Техника күрделенген сайын оны басқаруда күрделене түспек.

    Енді адамадардың жануарларға:жабайы,үй  жануарларына,жалпы жануарлар әлеміне  деген қарым-қатынасын реттейтін  нормаларға тоқталып кетейік.Бұл нормалардың көбі сәйкесінше актілерде бекітілген. Мысалы; итті,жылқыны ұстау ережелерінде ,аңға шығуға рұқсат ету және  етпеу,асырау жағдайындағы санитарлық ережелерінде көрініс табады.Бұл ережелер сақталмаған кезде жауаптылық белгіленген.Бұл нормаларды қалай бөлуге болады?   Техникалық сиқтыма ?Бірақ бұл жерде техника туралы сөз болып отырған жоқ қой  Әлеуметтік сиқтыма ? Алайда жануарлар мен адамдар арасындағы қарым-қатынас қоғамдық маңызға ие болсада, әлеуметтік емес. Мүмкін оларды типі бойынша,табиғи – құқықтық норма деген жөн шығар.

   Жоғарыда айтылғандай,әлеуметтік  нормалар адамдардың іс-әрекетінің  ережелерін және олардың қарым-қатынастарын  реттейтін кеңінен таралған құрал  болып табылады.Олар қоғамдық  өмірді қатерден қорғап,қажетті  бағытқа бағыттайды.Әрине әлеуметтік нормалар құрамына құқықтық нормалар да кіреді.

   Әлеуметтік норма – бұл  адамдарға қажетті және қажетті  емес шекараны көрсететін объективті  маңызды ереже.Әлеуметтік норма  қоғамдық дамуда әртүрлі заңдылықта  көрініс табады. Тарих  дамуындағы объективтік заңдар норма болып  табылмайды. Мұның соңғылары  өмірге адамдар қоғамымен,әлеуметтік тәжірибе арқылы келеді.Біреулері уақыты келгенде жойылады,басқалары пайда болып,өзгереді.үшіншілері белгілі топ немесе билік деп аталады.Басқаша айтқанда әлеуметтік норманың пайда болуы,қалыптасуы субъективті фактор болып табылады.Олар адамдармен жасалады және объективті қажеттілік деп түсіндіріледі.Мысалы:құқықтық норманың пайда болуы туралы Энгельс былай деді: Қоғамның алғашқы даму кезеңінде күн сайын қайталанатын өнеркәсіп актісі,азық-түлікті бөлу немесе айырбастау ,өнеркәсіп, туралы жалпы ережелерге әрбір жеке тұлғаның бағыну қажеттілігі туындайды. Бұл ереже ең алдымен салт-дәстүрде көрініс табады.Содан соң заң болып қалыптасады.[13]

   Құқық басқа нормативтік жүйелерден кейін және солардың негізінде қалыптасады. Ол экономикалық ,басқада қатынастарды қатаң және мақсатты бағытта реттей бастады.Бұрынғы қоғамдық билік пен қатар ерекше бір аппаратқа сүйенетін,белгіленген заңдарға бағынбаған кезде мәжбүрлеу шараларын қолданатын көпшілік билік пайда  болды.Әлеуметтік нормалардың пайда болуы  қарым-қатынастың  әлеуметтену ппроцесімен,адамадардың ерекше табиғи-биологиялық  және қоғамдық тұлға ретінде танылуымен байланысты болды. «Норма», «ереже» ұғымдары тең және  ауыспалы мағынада қолданылды.Әдетте олар әдебиеттерде,анықтамалық баспаларда  бірінен соң бірі анықталады: норма-бұл ереже, ереже-бұл норма. Алайда мұқият зерделеп қараса, «норма» ұғымына қарағанда, «ереже» өте тар термин.Соған байланысты  бір-бірімен сәйкес келе бермейді.Құқықтық нормалар өзінің құрылымы жағынан өте күрделі.Мұнда ереже тек оның диспозициясында ғана көрініс табады.Ал,нормалардың көбі маңызды өте бай келеді.[14]

     Әлеуметтік норма- жай ерікті іс-әрекеттің абслютті ережесі емес.Ол сонымен қатар  өмірде ,тәжірибеде дәлелденген нағыз іс-әрекеттерді білдіреді. Бұл жағдайда нағыз іс-әрекеттер ереже болып қалыптасады.

     Норма-бұл белгілі  бір нәтижеге,мақсатқа бағытталған  қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің  өлшемі.Әлеуметтік норма кез-келген  нәрсені емес,кеңінен таралған қарым-қатынастарды реттейді. Кездейсоқ байланыстар,әрекеттер нормада көрініс таппайды. «Норма» үнемі сыртқы және ішкі қарым-қатынастарды реттеуге бағыталған.

      Әлеуметтік нормалардың  мәнін ғылыми жолмен түсіну үшін,ең алдымен,

оларды қоғамның тарихи дамуының жемісі деп ұғыну керек.Марксизм ілімі адамдардың  іс-әрекеті  мен әлеуметтік нормалардың арасындағы байланыстың өте күрделі  диалектикалық сырын ашып, қоғам дамуының негізі  экономикалық  өмірге тәуелді екендігін ғылыми дәйектілікпен  дәлелдеп берді. Әр түрлі қоғамдық экономикалық формациялардың өздеріне тән әреуметтік нормалары қалыптасады да,олардың құрамы мен элнменттерінің арақатынастарында ерекшеліктер болады.Бір  қоғамдық-экономикалық  формацияның қалыптасуына сәйкес әлеуметтік нормалардың  кейбір  компоненттерінің өзгеріп отыруына қарамастан,тарих сахнасына шыққан жаңа ұрпақтар оны дайын күйінде қабылдап,болашақ іс-әрекетінің қажетті құралы ретінде пайдаланады. Әрбір қоғамдағы әлеуметтік әртүрлі саланы қамтып,олардың жиынтығы сол қоғамдағы әлеуметтік нормалардың тұтас жүйесін құрайды.[15]

   Қоғамдағы индивидтердің, адамдардың мінез-құлықтары арнайы нормалар шеңберімен шектелген.Қоғамда қабылданған тәртіп пен өмірдің қатынастары  адамды бір қалыпта,тәртіп,талаптар көлемінде,өзінің мінез-құлқын қалыптастыруды талап етеді.Әр индивид,қоғамның мүшесі қоғам қабылдаған нормаларға өзінің қимыл әрекетін бейімдейді.Керісінше,қоғамның санасына,оның тыныс-тіршілігіне жат талаптар мен ережелерді индивид қоғамның мүшесі ретінде қабылдауы немесе қабылдамауы мүмкін.

      Жеке адамның мінез-құлықтары қоғамдық қатынастарда пайда болып,қалыптасқан нормаларға сай қалыптасуы қажет.Сондықтан қоғам қабылдаған адамдардың мінез-құлықтарының жиынтығы ережелері әлеуметтік нормалардың өмірі мен қызметі сан алуан әрекеттерді  қалыптастырады.Әрекеттер құлық тарапына сай немесе қарсы болуы мүмкін. Ал,әлеуметтік нормалар адам санасына жат ,оның табиғаты  қабылдамайтын әрекеттерді жасауға  тыйым салады,айыптайды.Жеке адамның санасы қоғамдық қатынастардың жемісі ретінде сол орта қабылдаған тәртіп пен нормаларға тәуелді.Қоғамдық сана әрбір индивидтің     Әлеуметтік нормалар дегеніміз қоғамдық маңызы бар қоғамдық қатынасты реттейтін,қабылданған және бекітілген нормалардың жиынтығы.Әлеуметтік нормалардың өзіне тән ерекшеліктері бар:

  1. Әлеуметтік нормалар қоғамдық сана деңгейімен қабылданады,бірақ бәріне бірдей міндетті емес.Мысалы,әдетғұрып нормаларындағы қалыңмал төлеу,кит кигізу,автобуста қарт адамдарға орын беру.
  2. Тарихи дамудың сатысымен бағаланады немесе айқындалады.Мысалы,жасы үлкенді сыйлауды қазақ қоғамында ең жоғарғы құлықтылықты қасиеттеріне жатқызған болса,қазір дағдарысқа ұшырауда.
  3. Қоғамдық қатынастардың барлық салаларын реттейтін нормалардан қалыптасады.[16]

   Әлеуметтік нормалар қоғам  алдындағы тарихи міндеттерін атқару үшін,олардың негізгі компоненттері қоғамның белгілі бір даму кезеңіне сәйкес келуі қажет.Қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде кейбір әлеуметтік норма мен қоғамдық практика туғызған нормалардың араларында сәйкессіздік болады.Мұндай сәйкессіздік әсіресе діни нормалар мен    адамдардың күнделікті іс-әрекеттерінен айқын көрінеді. Кең түрде алғанда әлеуметтік нормаларға дәстүр,әдет-ғұрып,моральдық және құқықтық нормалар,саяси,діни,эстетикалық қағидалар және ұйымдастрыу-техникалық ережелер жатады. Әлеуметтік нормалардың компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста. Жеке адамдардың  әлеуметтік нормаларды қабылдап,ішкі сенім-ниетіне айналдыруы-қоғамдық тәрбиенің ең бір маңызды саласы.

      Әлеуметтік нормаларды қабылдауға бейімдеу жолдарының бірі-нормаларды саналы түрде меңгеру,бұл процестің екінші практикалық жағы- сол нормаларды сыртқы талаптан адамның ішкі қажеттілігіне,нормасына,дағдысына айналдыру.Тарихи қалыптасқан әлеуметтік және қоғамдық қатынастарды жетілдіруге,болашақ адамдардың  санасының қалыптасуына ықпалын тигізеді.

      Қоғамдағы әлеуметтік  тәртіптің дамып нығаюына сан-қырлы  құбылыстар мен толып жатқан  факторлар өздерінің әсерін тигізіп  жатады.Оларды үш топқа бөлуге  болады:

  • табиғи құбылыстардың, факторлардың, уақиғалардың тигізетін әсерлері: демографиялық процестер, халықтың миграциясы, адамдардың өмір сүруінің ұзаққа созылуы, егіннің жақсы өнім беруі т.б.;
  • нормативтік актілердің ерікті түрде жақсы орындалуы;
  • адамдардың өзара қатынастарын өздерінің сапалы орындауы.[17]

   Қоғам  реттеушіліксіз  өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүрудің әр түрлі салаларындағы жүріс-тұрысын  ретке келтіру.Реттеу нормалардың көмегімен жүзеге асырылады. Норма дегеніміз-бір қатынасты реттеп,басқаратын ереже.

 Қоғамдағы қатынастарды реттеп басқаратын нормаларды төрт топқа бөлуге болады:

  • табиғи нормалар-ғылыми тұрғыдан зерттеліп,тәжірибеден өткен  ұсыныстар.Мұндай ұсыныстарды ғылыми норамлар деп те атайды;
  • ғылыми зерттеуден өткен,тексерілген техникалық және табиғи ережелер,инструкциялар;
  • әлеуметтік нормалардың көпшілігі осы топқа жатады;
  • құқықтық нормалар.

 Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды  реттеп басқарып отыратын негізгі  құрал-әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай,біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады.Бұл объективтік процесс.Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп,диалектикалық процесс арқылы дамып,нығайып келеді.Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп,жаңарып,дамып  жатады.Сол арқылы қоғамның өзгеруі,жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады.[16]

        Әлеуметтік  нормалар – қоғадық қатынастарды  реттеуде  қолданылатын жүріс-тұрыс  ережелері.Әлеуметтік нормалар келесі ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта болады, ол қоғамдық қатынастар ; ә) субъектілік құрамы әлеуметтік саланың өкілдері ретіндегі  адамдармен ғана байланысты.[17]

       

          Әлеуметтік нормалардың белгі –нышандары:

    1Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің мінезінің,тәртібінің қоғамдық ережесі.Жеке адамдар ұжымдар,бірлестіктер,одақтар,ұйымдар осы ережеге сәйкес өмір сүруге,жұмыс жасауға тырысады.

    2Әлеуметтік нормалар-қоғамдық дәрежедегі ереже,бұл нормаларды дұрыс,жақсы орындау бар азаматтардың,барлық ұйымдардың негізгі міндеті, орындамаса халықтыңсөгісіне, сынына душар болады, жауапкершілікке тартылады.

    3Әлеуметтік нормалар-жай ғана ереже емес,ол қоғамдық міндетті түрдегі ереже. Ерікті түрде орындалмаса еріксіз орындалуға тиіс ереже.Бұл қасиет қоғамның миллиондаған жылдар даму тәжірибесімен тексеріліп, сарапталып, қалыптасқан нормалар.

   Міне осы көрсетілген  белгі-нышандары,ерекшеліктері арқылы  әлеуметтік нормалар қоғамды  басқарудың,қатынастарды реттеудің  негізгі құралына айналды.Әлеуметтік  нормалардың негізгі түрлері:

  • құқық нормасы;
  • моральдық нормалар-жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық, парасаттылық, адамгершілік т.б қасиеттер;
  • саяси нормалар;
  • эстетикалық нормалар;
  • қоғамдық ұйым,ұжымдардың ереже-қағидалары;
  • адамгершілік нормалары-олар адамдарды жақсылыққа,инабаттылыққа,парасаттылыққа,әділеттікке,адамгершілікке тәрбиелейді;
  • әдет-ғұрып нормалары-адамдардың көне дәуірден қалыптасқан жақсы қасиеттері мен жақсы іс-әрекеттері;
  • салт-дәстүр нормалары-әр ұлттың, әр халықтың өздерінің ерекшеліктерінен қалыптасқан дәстүрлері болады.Мысалы:той өткізу,үйлену.ат шаптыру,көкпар тарту,қыз қуу т.б. дәстүрлері;
  • діни,имандылық,инабаттылық нормалар.

    Осы әлеуметтік нормалар  біріге келе-адамдардың қоғамдық  өмір сүруінің ережесі деп  аталады.Әлеуметтік норма-қоғамдағы адамдардың, ұйымдардың,

ұжымдардың ара қатынасының,іс-әрекетінің,мінез-тәртібінің ережесі.

Әлеуметтік нормалар өздерінің дербестігімен бірге өзара тығыз байланыста дамиды.Себебі, олар бір экономикалық базисті, бір қоғамдық саясатты,бір әлеуметтік тұрмысты,бір мәдениетті,бір мүдде-мақсатты қорғап,дамытады. Сонымен,әлеуметтік нормаларды әдет-ғұрып,діни нормаларының,

қоғамдық, коорпаратвтік ұйымдардың нормаларының,мораль нормаларының,

құқық нормаларының жиынтығы құрайды.[18]

       Әлеуметтік нормалар-бұл адамдардың арасындағы қатынастарды реттейтін мінез-құлық ережесі болса,техникалық нормалар адамдардың табиғатқа,техникаға,өндірістік құрал-жабдықтарға қатыстығын сипттайтын  ереже.Ал,техникалық-юридикалық нормалар заңдарда бекітілген техникалық нормалар болып табылады.Әлеуметтік нормалардың белгілері болып табылатындар;

1.бұл мінез-құлық ережелері,

2.ортақ және жалпы міндеттілік  мәнділігі,

3.адамдардыңсаналы-ерікті қызметі  нәтижесінде пайда болуы,

4.адамдардың бірлестігі мен  және тиісті құралдар мен қамтамасыз етілуі;

5.қоғамның даму деңгейі мен  шарттасуы;6.қоғамдық қатынастарды  реттеуі.

   Әлеуметтік нормалардың  мазмұнын екі тұрғыдан түсіну  керек:біріншісі-қоғамдық мүдде-мақсатты  орындау,іске асыру бағыты;екіншісі-жеке  адамдардың мүдде-мақсатын қорғау,дамыту  бағыты.Бұл объективтік бірлестік.Өмірде бір жақты әлеуметтік норма болмайды.Әлеуметтік  нормалардың  өмірге келу себептері қоғамның объективтік даму процесінде жаңа қарым-қатынастар қалыптасады.Бұл объективтік процесс.Сол арқылы жаңа құқықтық норма қабылданады.Бұл субъективтік процесс.     Әлеуметтік норма көп және әр түрлі.Бұл оның  реттеу объектісі  қоғамдық қатынастардың болуымен байланысты.Әлеуметтануда олар әртүрлі негіздер бойынша түрлерге,топтарға (жай және күрделі,интенсивті және экстенсивті,  «тірі» және «өлі»)деп бөледі.Ал заң ғылымдары бұл норманы қалыптасу тәсілі,қызмет ету сферасы,әлеуметтік бағыты бойынша бөледі.[15]

Информация о работе Әлеуметтік нормалар