Әлеуметтік нормалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2014 в 11:15, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың тақырыбы «Құқық әлеуметтік нормалар жүйесінде» .
Курстық жұмыс екі тараудан, төрт тараудан тұрады.
Бірінші тарауы «әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі.» деп аталады. Бұл тарауда құқық әлеуметтік нормалардын ерекше жүйесі болып табылатыны және мемлекетпен бірге өмірге келгені мен құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі алатын орны мен рөлі туралы жазылған.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................2

1 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқықтың алатын орны мен рөлі............................................................................................................................3

1.1.Құқық адамзат тарихының әлеуметтік жағдайдан келісімге дейін дамуының көрінісі...................................................................................................3
1.2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және олардың түрлері.......................................................................................................................7
2. Әлеуметтік нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуші ретінде.....................................................................................................................16
2.1.Әлеуметтік нормалардың түсінігі,мазмұны..................................................16
2.2. Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің негіздері .......................................................24
2.3.Әлеуметтік қоғамдағы құқық пен моральдың арақатынасы, айырмашылығы және бірлігі................................................................................31
Қорытынды............................................................................................................35

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………...36

Файлы: 1 файл

әлеуfdметтік нормалар.doc

— 266.50 Кб (Скачать файл)

    Өмірде адамдар әр түрлі қатынастарда болып тұратыны бәрімізге мәлім,

айталық,отбасылық,тұрмыстық,еңбек,экономикалық.Осындай сан алуан қатынастарды реттеу үшін құқық нормалары  жеткіліксіз. Сондықтан,құқық нормаларымен қатар қоғамда басқада әлеуметтік нормалар жұмыс істейді,

олар:адамгершілік,салт-дәстүр нормалары,қоғамдық ұйымдар нормалары,

діни рәсімдер,өсиеттер мен нұсқамалар.Олар да қоғамдық қатынастарды реттеуде маңызды рөл атқарады.Олардың негізінде  моральдық,діни құқықтар және адамдардың міндеттері пайда болады.Алайда құқық нормалары қоғамдық қатынастардың жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік реттеуші ретінде көріне отырп,өзге әлеуметтік нормалардан (әдет-ғұрып,діни нормалары,адамгершілік,қоғамдық ұйымдарнормалары) айтарлықтай ерекшеленеді.Заң әдебиеттерінде құқықтың заңдық нормасы жалпы сипатта болады деп дұрыс айтылады.Ол қандайда бір нақтылы оқиғаға  немесе жағдайға емес,оқиғалардың,жағдайлардың белгілі бір түріне  және сол арқылы қоғамдық қатынастардың белгілі бір санатына (некеге тұру,шарт жасасу ережесі,сайлау рәсімі,жұмысқа қабылдау не одан шығару тәртібі)есептелген.Онда адамдар мінез-құлқының ортақ,типтік нұсқалары беріледі,олар қоғамда басшылықты жүзеге асыратын әлеуметтік топтардың мүделеріне толық және дәйекті түрде сай келеді.

   Сонымен,әлеуметтік норма-қоғам  қабылдаған адамдардың мінез-құлқының,іс-әрекетінің,тәртібінің  ережелерімен оларды реттеп-басқару  нормалардың жиынтығы. Техникалық нормалар – бұл адамдардың еңбек құралдарын және табиғи заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы; техникалық нормаларға мыналар жатады: белгілі бір құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолдану ережелері, мелекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Техникалық нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта емес ;  ә) субъектілік құрамы  тек адамдармен ғана емес , сонымен қатар сыртқы әлеммен , табиғатпен, техникамен де байланысты.Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс уақытында  техникалық нормалардың  маңызы өте зор.Табиғатпен байланысты қоғамның барлық салаларында техникасыз өмір жоқ. Сондықтан  адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін мәселелердің   ең  күрделісі.

      Техникалық және  әлеуметтік нормалар өзара тығыз  байланыстылықта болады. Нақты айтқанда , қоғам үшін маңызды техникалық  нормаларды мемлекет пен құқық  қолдайды, нәтижесінде олар белгілі  бір заңды салдарды туындататын , жалпыға міндетті  техникалық – заңды жүріс-тұрыс ережелеріне айналады.Мысалы; қылмыстық заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу әрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.Техникалық нормалардың түрлері мен бағыттары:

1.Техникалық нормативтік актілер,оның өзі бірнеше түрге бөлінеді:өндірістік,ауыл-шаруашылық,әскери, техникалық нормалар.

2.Технологиялық нормативтік актілер,мұның  да бірнеше түрі бар.

3.Экологиялық техникалық нормалар.

4.Табиғат,адамды қоршаған ортаны  қорғайтын техникалық нормалар.

5.Халықтың денсулығын сақтау  бағытындағы техникалық нормалар.

6.Отбасында пайдаланатын  техникалық  нормалар.

7.Мемлекеттік органдарда,қоғамдық  ұйымдарда,ұжымдарда пайдаланатын  техникалық нормалар.

8.Адамның еңбегін жеңілдететін  техникалық нормалар.[19]

   Құқықтың маңызы,рөлі,әсіресе  нормативтік актілер арқылы ғылыми-техникалық,технологиялық,экологиялық  процестің сапасын көтеріп еліміздің  әлеуметтік,экономикалық жағдайын  жақсарту.Бұл үшін  мемлекет техникалық,технологиялық,өндірістік,санитарлы-гигиеналық нормаларды,ережелерді қабылдап,оларды жан-жақты тексерістен өркізіп стандартты сертификат беруі керек. Стандарт-заттың (техниканың) нормативтік сапасы мен сипаттамасы туралы мемлекет бекіткен заңды акт. Осы стандарт арқылы техникалық норманың сапасы тексеріліп отырады.

    Техникалық норманың  ең күрделі саласы-табиғатты қорғау  нормалары. Адамды қоршаған ортаны таза ұстау,оның табиғи дамуына,зиян келтірмеу,экологияны жақсарту ғаламдық проблема.Сондықтан дүние жүзіндегі барлық мемлекеттер бұл мәселеге зор көңіл бөліп,осы бағыттағы нормативтік актілерінің сапасын жақсартуда.Біріккен Ұлттар Ұйымы да бұл мәселені қатаң бақылауға алып отыр.

  Техникалық норманың екінші  маңызды саласы-халықтың денсулығын  сақтау.Осы бағытта мемлекеттер  көп жұмыс жасауда:адамдарға арналған азық-түліктің,дәрі-дәрмектің,медицинада қолданылатын техниканың сапасын жақсарту;еңбектің қауіпсіздігін,адамның рухани сана-сезімін,білімін көтеру.

  Қазіргі заманда техникалық,технологиялық,экологиялық  процестерді жақсарту тек құқықтық норманың ғана міндеті емес,сонымен бірге  бұл ғаламдық проблемаға әлеуметтік нормалардың барлық саласы және қоғамдағы барлық ғалымдар үлес қосуы керек.

 

 

 

 

 

2.2. Құқықтың техникалық, корпоративтік, діни, салт - дәстүр, әдет – ғұрып, саяси нормалардан ерекшелігінің  негіздері.

 

 

    Құқықтық нормалар. Мемлекет бекіткен  және қабылдаған бәріне міндетті және орындалуы,сақталуы қажет болған жағдайда күшпен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтығы.Құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың бір түрі ретінде ең маңызды және реттеу,қорғау функциялары қоғамдық қатынастардың кең ауқымын қамтиды.

  Құқық және діни нормалар.Азамат тарихында жаратқан иемізден жер бетіне төрт кітап,өсиет түскен.Мұса пайғамбарға-Тауарт,Дәуіт пайғамбарға-Забур,Исаға-Інжіл жәнеи ең соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедке-Құранды жіберді.Діни нормалар осы кітаптарда және діни ілімдерде көрсетілген талаптар мен ережелердің жиынтығы.Діни нормалардың өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар:

а)Орындау жеке адамның өз еркімен болады. «Дінде зорлық жоқ»,-деп көрсетілген қасиетті Құранда.

б)Діни нормалар зайырлы мемлекеттерде адам және азаматтардың бәріне бірдей міндетті емес. Дін мемлекеттен,мешіт мектептен бөлінген.Діни нормаларды қабылдау әркімнің жеке  басының ісі. Ал мұсылман мемлекеттерінде,әсіресе ислам діні мемлекеттік дәреже санатындағы Сауд Арабиясы, Иран, Пәкістан, Марокко, Йемен, Біріккен Араб Эмираттары сияқты 28-ге жуық елдерде діни нормаларды орындау өздерінің барлық азаматтарына міндеттелінген.

в)Мемлект діни нормаларын уағыздайтын қоғам,ұйымдардың қызметтерінің антиконституциялық насихатқа жол бермеуін қадағалайды,қажет болған жағдайға сот арқылы тиым салады.

г)Діни нормаларын насихаттау арқылы гуманизм,адамгершілік сияқты қағидаларды іс жүзіне асыру қажеттігі бүкіл қоғамға пайдалы жемістерін бермек.Діни нормалар құдайға құлшылық етуге шақырып,құқық бұзушылықты ең ауыр күнә деп таниды.

 Діни нормалар деп  әртүрлі  діндермен орнықтырылған  және  осы дінге сенуші тұлғаларға міндетті болып табылатын ережелерді атайды. Олар әртүрлі діни кітаптарда көрініс тапқан:  Құранда, Інжілде, Тәуратта, буддистердің діни кітаптарында   және т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің  ұйымдастырылуының және қызмет етуінің тәртібін анықтайды, діни рәсімдерді орындау, шіркеулік қызмет тәртіптерін реттейді.[19]

      Тарихқа көз жүгіртетін  болсақ бір қатар дәуірлерде  діни нормалар заңды сипатты иеленіп, кейбір мемлекеттік , саяси,  азаматтық-құқықтық, отбасы-некелік және т.б. қатынастарды реттеген. Қазіргі кездегі  бірқатар ислам мемлекеттерінде Құран мен Сүннет мұсылмандардың өмірінің барлық салаларын  реттейтін діни, құқықтық  және моральдық нормалардың негізі болып табылады.Діни нормалардың адамдарды, әсіресе жастарды инабаттылыққа,парасаттылыққа,адамгершілікке тәрбиелеуде өте зор іс атқарады.Сондықтан діннің ашық өмір сүруіне толық бостандық беріліп отыр

      Діни ұйымдар орнықтырған  нормалар бірқатар қатынастарда  қолданыстағы құқықпен тығыз  байланысқа түседі. Мысалы, Конституция әрбір адамға ар-ождан бостандығын, кез-келген дінге еркін түрде сену құқығын кепілдей отырып, діни ұйымдардың қызметінің құқықтық негізін бекітеді. Діни бірлестіктерге заңды  тұлға мәртебесі берілуі мүмкін. Олар шіркеулерге, оқу орындарына иелік етуге құқылы. Діни нормалар-бұл әлеуметтік нормалардың  бір түрі,тиісті діни нанымдар жөніндегі қасетті қазықта бекітілген мінез-құлық ережесі.Бұл нормалардың орындалуы әр-адамның сана-сезіміне байланысты,бұл дүниедегі күнәһар адамдар о дүниеге барғанда құдай жазасына ұшырап,тозаққа түсулері мүмкін деген діни адамдардың уағыздауларының нәтижесі деп білуіміз қажет.

      Құқық  және корпоративтік  нормалар. Корпоративтік нормаларға  мүшелікке негізделген еркін  қауымдастықтардың, кәсіптік одақтардың, партиялардың жарғылары мен   басқа да құжаттарында бекітілген нормалар, сонымен қатар, кооперативтік және коммерциялық ұйымдардың жарғыларында бекітілген нормалар жатады.Ол нормалар азаматтық қоғамның,мемлекеттің экономикалық,әлеуметтік,мәдени,рухани дамуына көп үлес қосады.

     Корпоративтік нормалар  мен құқықтық нормалардың ұқсастығы  олардың екеуінің де белгілі  бір  ресми тәртіппен қабылданған  жазбаша құжаттарда  бекітілуінен  байқалады.Ал корпоративтік нормалардың  құқықтық нормалардан айырмашылығы- олар өздеріне сәйкес  ұйымдардың мүшелердің ғана еркі мен мүдделерін білдіреді  және солар үшін ғана міндетті болып  табылады. Корпоративтік нормаларды бұзушыларға ұйымның жарғысында  көзделген әсер ету шараларды қолданылады.    Қоғамдық,кооперативтік ұйымдардың нормалары да әлеуметтік нормаға жатады.Бұл қандайда болмасын жоғарғы ұйымдардың,айталықсаяси партиялардың тағайындаған мінез-құлық ережесі.Партиялардың,кәсіптік одақтардың мүшелікке негізделген ерікті қоғамдардың (әйелдер, жастар, ардагерлер, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, дене шынықтыру-спорт және өзге  де ұйымдар) жарғылары мен басқа да құжаттарындағы корпоративтік нормалар деп аталатындар нормалардың ерекше тобын құрайды.Саудалық мақсат көздейтін кооперативтік және өзге де ұйымдардың жарғылары мен басқада актілеріндегі нормалар  да соларға жатады. Бұл нормалар осындай ұйымдардың  мүшелері арасындағы қатынастарды, сондай-ақ  ұйымның өзінің басқа ұйымдармен және мемлекеттік органдармен қатынастарын реттейді.Корпаративтік нормалардың құқық нормаларымен біршама ұқсастығы болады,Мысалы,корпаративтік нормалар да,құқық нормаларыда уәкілдік берілген органдар(мемлекеттік органдар,қоғамдық бірлестіктердің жиналыстары ) ресми белгіленген тәртіппен  қабылданған жазбаша актілерде баяндалады.Бірақ құқық нормаларының өзгешелігі корпоративтік нормалар тиісті ұйым мүшелерінің  ғана еркі мен мүдделлерін білдіреді және солар үшін ғана міндетті,бондай нормаларды бұзушыларға моральдық және тәртіптік ықпал ету шараларына жеке ұйымның жарғысында кзделген шаралар қолданылады (сөгіс,партия қатарынан шығару.Кейбір қоғамдық бірлестіктер мелекеттік-құқықтық қатынастарға қатысушылар ретінде көрінеді.Халық депутаттарының сайлауы  кезінде партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктерге халық депутаттығына кандидаттар ұсыну,сондай-ақ сайлау комиссяларына өз өкілдерін тағайындау құқығы беріледі.Корпоративтік нормаларға,соны мен қатар,өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін коммерциялық ұйымдардың,егер заң құжаттарында өзгеше көрсетілмесе,жарғы не құрылтайшарты мен жарғысы,не тек құрылтай шарты да жатады. Бұлар заңды тұлғалар болып табылады.Азаматтық заңдарға сәйкес заңды тұлғалар деп танылған ұйымдардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін жүзеге асыру кезінде осыған ұқсас проблемалар пайда болады.Заңды тұлға ретіндегі  қоғамдық ұйымның арнайы құқық қабілеттілігі ,яғни өзі кіруге құқылы құқықтық қатынастар шеңбері жарғы нормаларымен белгіленеді. Кооперативтік және қоғамдық ұйымдар жарғыларының нормалары заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігін,шарттар жасауға құқылы ұйымдар атынан өкілдікті жүзеге асыратын адамдар мен органдардың тізбесін анықтайды.Бұл нормаларды кооперативтік және қоғамдық ұйымдар аппаратының қызметкерлері ғана емес,ұйыммен іскерлік келіссөздермен келісімдер жасайтын тұлғалардың бәріде басшылыққа алуға тиіс.[18]

  Құқық   және әдет-ғұрып. Әдет ретінде күнделікті қалыптасқан әрекеттердің нәтижесінде қалыптасқан ережелерді атайды. Ұзақ уақыт бойы өмір сүруінің нәтижесінде оларды сақтау  әдетке айналған нормалар әдет нормалары деп аталады.Әдет-ғұрып көне дәуірден тәжірибеден өткен қоғамға пайдалы нормалар,олардың біразы  құқықтың негізіне айналды.Азаматтық,отбасы құқықтарына көптеген нормалар кірді.Азаматтық қоғамның көптеген қарым-қатынастарын  әдет-ғұрып нормаларымен реттеп-басқарады.Мемлекет пен құқық әдет-ғұрып нормаларға жан-жақты көмек көрсетіп отырады.Біраз нормаларды қабылдап мемлекеттік күші бар нормаға айналдырып отырады.      Әлеуметтік нормалардың тағы бір түрі -әдет-ғұрып-бұл ерте заманнан қалыптасқан адамның сана-сезімінде сан рет қайталанып ұялаған мінез-құлық ережесі.Оларды орындау- әрбір адамның әдетіне айналған, мысалы: бөгде адамды сыйлау,құрмет көрсету.Әдетте,әдет-ғұрып ұлттық және жергілікті болып келеді.олар ұрпақтан ұрпаққа ауыз-сөз ретінде таралып отырған.Әдет-ғұрыпты  орындамау тек қоғамдық шараларды қолданумен ғана шектеледі,айталық,жұрт алдында сөгу,айыптау.Әдет-ғұрып нормаларын қоғамдағы әлеуметтік нормалардың ішіндегі,құрамындағыең кең тарған нормалар жүйесіне жатады.Мемлекетте өмір сүретін ұлттар мен этностар көп болатын болса,әдет-ғұрыптар да көп болады.моно халықтар қалыптасқан елдерде әдет-ғұрыптар бір этностың ғана ғасырлар бойы қалыптасып, қабылдаған нормалардан құралады.Әдет-ғұрып нормалардың пайда болып қалыптасуы мына жағдайларға байлансыты:әр халықтың әдет-ғұрып нормаларының сан түрлі болуы географиялық  қоршаған ортаға байланысты болып қалыптасады. Климат, жердің көлемі,ландшафты,жердің орналасуы, табиғи фактор әдет-ғұрыптың мәніне,түрлеріне тікелей әсер етеді.Африка континентінде өмір сүретін этностардың әдет-ғұрыптарымен Еуропаның дәстүрлерін салыстыруға болмайды.Себебі климат,ландшафт адамдардың сол ортаға бейімделуіне байланысты әдет-ғұрыпты қалыптастырады,тәуелде етеді.Мысалы,қазақ халқының қоақжайлық әдет-ғұрпы тікелей географиялық факторларға байланысты қалыптасқан.әдет-ғұрып нормалары-деген әрбір этностың тарихи дамуы барысында олардың шаруашылық ұйымдастыру, географиялық факторларға және этникалық ерекшеліктерге байланысты қалыптасып,күнделіктіөмірде сан алуан рет қайталануына байланысты дағдыға айналған нормалардың жиынтығы.[19]

  Құқық және салт-дәстүр.Дәстүр  қоғамдық өмірдің  әр түрлі  жақтарын рерттегенде  маңызды  рөлді иеленеді.Ол құқықпен, моральмен, мәденитпен, саясатпен,дінмен басқада әлеуметтік нормалармен тығыз байланысты.Тарихи құқық норма жүйе ретінде дәстүрден бастау алады.Дәстүр-белгілі сферада кеңінен таралған жүріс-тұрыс ережесі.Ұзақ және бірнеше рет қайталану нәтижесінде өз еркімен орындайтын әдетке айналады.Әдет- тұлғаның қалыптасуындағы ең күшті құрал болып табылады.Дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа беріліп көптеген ғасырлар бойы  өмір сүреді.Олардың көбі діни,жартылай діни маңызға ие.(Мысалы:ораза ұстау)Мұндай әлеуметтік ережелер көптеген халықтарда бар  және әртүрлі этностарда  әртүрлі болады.Бұл әлеуметтік реттеудің ежелгі формасы.Әртүрлі дәстүрлерді сақтау (рәсімдер,) тұлға үшін  заңды орындаумен бірдей.Мұнда ереже бойынша  қоғамның қатаң  пікірі ,достарының ,таныстарының сөгісіне қалу қорқынышы,жалпы қабылданған ереже нормаларды сыйламайтын адам ретінде көрініп қалу, (қонақжайлылық, жақсы көрші болу,үлкенді сыйлау )әсер етеді.Дәстүр міндеттейді.Сондықтан әркім басқа адамдардың көзінше абыройын түсірмеуге,қалыптасқан ережелерді басқа адамадар сияқты орындауға тырысады..Мұндайларды орындаудан бас тартқандар айналасындағылардың шеттетуіне ұшырауы мүмкін.Әр ұлттың салт-дәстүрінің дамуына, мемлекет пен құқық барлық жағдайды жасайды.[20]

Информация о работе Әлеуметтік нормалар