Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 22:21, курсовая работа
Дұрыс қалыптасқан баға саясаты - нарықта өнім мен кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілік деңгейін артыруға бағытталған қарқынды процесс.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру бәсекелестікке қабілеттілік механизмінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылары баға саясатын қолдануға және оны жасау процесіне көбірек көңіл аударуға тырысады.Олай болмаған жағдайда нарықтағы өндірушілер арасындағы катаң бәсекелестік сату көлімінің төмендеуіне, табыс деңгейінің, рентабельдіктің азаюына, нәтижесінде, тауардың бәсекелестікке қабілеттілігі мен жалпы кәсіпорынның әлсіреуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
4-кезең. Баға саясатын таңдау, соңғы бағаны белгілеу
Кәсіпорын бұл кезеңде бағаны құрау тәсілін таңдап, баға белгілеу туралы шешімін жүзеге асыруға кіріседі. Бұл орайда бағаны құраудың бірқатар нарықтық факторларын ескеру қажет: психологиялық сипаттағы факторлар (тұтынушыларға қатысты), тілекке сәйкес баға образы, бағаларды диверсификациялау мүмкіндігі. Бұл факторлардың қай-қайсының да маңыздылығы өз кезегінде кәсіпорынның өмірлік кезеңдеріне айтарлықтай әсерін тигізетін таңдалған баға стратегиясына байланысты.
Кәсіпорынның нарықта пайда болуы кезеңінде, оның алдында тұратын басты мақсат — қатаң бәсекелестік күрес жағдайында аман қалу. Бұл жағдайда барынша қолайлысы – жаңа нарыққа ену стратегиясы (жоғарыда 4.1 кестесіндегі стратегия), оны жүзеге асыру үшін бағаны құраудың психологиялық факторларының маңызы зор.
Кәсіпорынның даму кезеңінде пайданы максимизациялау және кәсіпорынды жедел дамыту мақсаттары қойылады. Бұл орайда, көбіне, нарықты немесе оның сегментацияларын дамыту стратегиясы (4.3) қолданылады. Тұтынушылардың артық қаражатын тарту үшін бәсекелестермен күрес жүргізу кәсіпорынның баға саясатының аса маңызды элементіне айналады. Өнімге соңғы бағаларды белгілеу туралы шешімнің ерекшелігі – оларды диверсификациялау.
Тұрақтылық кезеңінде кәсіпорын нарықтағы өз позиицияларын нығайтады, жеткілікті түрде бәсекелестікке қабілетті. Сондықтан оның мақсаты – нарық үлесінің өсуі немесе бағаларда көшбасшылыққа қол жеткізу. Мұндай мақсатқа тілекке сәйкес баға образын құруды қарастыратын нарықтағы позициялар тұрақтылығы стратегиясы (4.2) сай келеді. Көбіне, жеңілдіктер жүйесі және нарықтағы ең төменгі баға жарнамасы жиі қолданылады.
Уақыт өте келе, нарықта ҒТП-тен қалыспай келе жатқан жаңа бәсекелестер пайда болады. Нәтижесінде нарықта бұрыннан келе жатқан бәсекелестер көнере бастайды. Олар үшін нарықтағы позицияларын сақтап қалу негізгі мақсатқа айналады. Бұл жағдайда нарықтағы позицияларын тұрақтандыру стратегиясы (4.2) қолданылады, бірақ кәсіпорын баға образын құруға емес (осының алдындағы кезеңдегідей), оны сақтауға басты назар аударады. Бұл орайда басшылық кәсіпорынды жаңарту туралы ойластыра бастайды.
Қайта жаңару кезеңінде кәсіпорын өз қызметін жаңартуға және дамытуға бағытталған шаралар жүргізеді, олардың бірі жаңа баға саясатын қалыптастыру болып табылады. Ол үшін бұрыннан белгілі жаңа нарыққа ену (4.1) және нарықты немесе оның сегментацияларын дамыту (4.3) стратегиялары қолданылады. Өнімге соңғы бағаны белгілеу туралы шешім таңдалған стратегияларға сәйкес қабылданады.
Осылайша, баға саясатын қалыптастырудың барлық кезеңдерінен өткен кәсіпорын шығарылатын өнімге баға бекіту туралы соңғы шешімді көптеген факторларды ескеріп қабылдайды: өнім сатылатын нарықтың типі, кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері; маркетингтік шаралар жүргізу мүмкіндіктері, нарықтағы бәсекелестік күрес деңгейі және т.б. Дұрыс қалыптасқан баға саясаты өнімнің және кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестікке қабілеттілік деңгейін көтеруге бағытталған қарқынды процесс болып табылады.
Қорытындылар
Баға нарықтық шаруашылық категориясы ретінде
02.02.2012 aslan
Скачать/Жүктеу
МАЗМҰНЫ
АҢДАТПА
ДИДАКТИКАЛЫҚ
ЖОСПАР
1.1 Бағақалыптастырудың теориялық негіздері
1.2 Баға функциясы
1.3 Бағаның жіктелуі
2.1 Баға құрамындағы өзіндік
құн
2.2 Баға құрамындағы пайда
2.3 Баға құрамындағы салықтар
2.4 Бағадағы үстемелер мен шегерімдер
3.1 Бағаны есептеу схемасы
3.2 Баға саясатының мақсаты
3.3 Бағақалыптастыру стратегиясының түсінігі
3.4 Бағақалыптастыру стратегиясының түрлері
ӨЗДІК
ЖҰМЫСҚА ТАПСЫРМА
ГЛОССАРИЙ
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
РЕФЕРАТ
ТАҚЫРЫПТАРЫ
ЕМТИХАНҒА
АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
МАЗМҰНЫ
АҢДАТПА
КУРС:
БАҒА ЖӘНЕ БАҒА ҚҰРУ
Берілген ЮНИТАДА «Баға және баға құру» курсынан баға құрудың әдістері және стратегиясы, бағаның қарым- қатынасы, қаржы және құнсыздану, еңбек рыногында және капитал активінің процессіндегі баға құру, шетелдік және әлем бағасын айналдыру денгейі көрсетілген. Сондай-ақ «Баға және баға құру» курсы оқу пәндерінің арасында өте маңызды рөл ойнайды, Қазақстанның қаржы-несие жүйесінде жоғары білікті мамандарды құрады. Осы курс барысында қазіргі баға құру және оның негізгі әдістері көрсетілген, рынок экономикасында баға құрудың ролін анықтаған, негізгі экономикалық көрсеткіштерде баға құру қатынасы көрсетілген.С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттеріне арналған
ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖОСПАР
1.1 Бағақалыптастырудың теориялық негіздері. Баға және баға қалыптастыру мәселелері. Баға теориясында негізгі екі бағыт: шығындық, нарықтық.
1.2 Баға функциясы. Баға өлшеу, есептік, реттеуші, ынталандырушы, үлестіру (қайта үлестіру) және де өндірісті ұтымды орналастыру критерииі функциялары.
1.3 Бағаның жіктелуі.Саудалық баға және
көтерме баға. Коммерциялық баға. Тауарлық
аукцион бағалары . Биржалық котировкалар. Сауда-саттық
2.1 Баға құрамындағы өзіндік құн.
Өзіндік құн. Өндіріс көлеміне байланысты кәсіпорынның (фирманың) шығындарының екі түрі– тұрақты және өзгермелі. Калькуляция. Калькуляциялану кезінде өнімнің өзіндік құнына ену әдісі бойынша шығындар — тура және жанама.
2.2 Баға құрамындағы пайда. Пайда.
2.3 Баға құрамындағы салықтар.
2.4 Бағадағы үстемелер мен
3.1 Бағаны есептеу схемасы.
3.2 Баға саясатының мақсаты. Фирманың әрі қарай өмір сүруі. Пайда максимизациясы. Өткізуді максималды түрде ұлғайту. Сападағы лидерлік. Жаңа нарықтарға шығу. Инвестициядан қажетті қайтарылымдыққа бағытталған бағаны бекіту.
3.3 Бағақалыптастыру
3.4 Бағақалыптастыру
1.1 Бағақалыптастырудың теориялық негіздері
Бағалар және бағақалыптастыру нарықтық экономиканың шешуші, маңызды элементтерінің бірі.
Баға тауарлық-ақшалай қатынастардың барлығына қатысты болып табылады.
Баға – сатып алушының тауарды сатып алуға, ал өндірушінің сатуға дайын ақшалай сомасы. Сатып алушы тауарды ақшалай бірлікте көрсетілген тауар құндылығы оның бағасынан жоғары болғанда сатып алады (1 Сурет.).
Тауар құндылығы | ||
Өзіндік құн |
Пайда |
Сатып алушыныңолжасы |
Тауар бағасы |
1 Сурет. Тауар бағасы мен құндылығының қатынасы.
Сатушы үшін баға еңбек үшін, оның пайдасының шамасына, өмір сүру қабілеттілігіне әсер ететін сый-ақы болып табылады. Ол өндіріс құрылымына, нарықтағы фирма үлесіне әсерін тигізеді.
Баға – айырбас үдерісіндегі
Баға және баға қалыптастыру мәселелері
экономикалық теорияның ең қиын бөлімдеріне
және экономиканы басқару
Нарықтық экономика жағдайында
бағалар экономиканы реттегіш
Бағалардың табиғи мәнін айқындау мәселесі оның теориялық негіздерін, мағынасын қарастыруда өте маңызды роль атқарады.
Баға теориясында негізгі екі бағыт бар:
- шығындық, оның негізінде өндірушілердің жиынтық шығындар (тұрақты және ауыспалы) есебі жатыр;
- нарықтық (құндылық), оның негізінде тұтынушылық мінез-құлық пен сұраныс жатыр.
Бағалар динамикасы 2 маңызды факторлар әсерінен
қалыптасады: стратегиялық және
1.2 Баға функциясы
Баға өлшеу, есептік, реттеуші, ынталандырушы, үлестіру (қайта үлестіру) және де өндірісті ұтымды орналастыру критерииі функцияларын атқарады.
Өлшеу функциясы. Бағаның көмегімен сатып алушы төлейтін, ал сатушы сатылған тауар үшін алатын ақша саның анықтап, өлшеуге болады. Сатылатын және сатып алынатын тауарлар саны мен бағасын біле отырып тауарлар үшін ақшалай төлемдердің шамасын анықтауға болады.
Есептік функция. Баға еңбектің қоғамдық дәрежеде
деп танылған еңбек шығындары мен оның
пайдалылығының ақшалай көрінісі ретінде
сипат береді. Баға қоғамүшін қандай да
бір өнім бойынша қажеттілікті қанағаттандыру
қандай шығынға ұрындыратынын көрсетеді. Баға
тауарлар мен қызметтер өндіруге қаншалықты
еңбек күші,материалдар мен
Реттеу функциясы. Баға экономикалық үдерістерді реттеу құралы ретінде танылады: өндіруші және тұтынушының ақшалай төлем қабілеттілігімен байланыстыра ұсыным мен сұранымды теңестіреді. Ол ұсыным мен сұраным арасында үзілістің бар болуы туралы индикатор қызметін атқарады және олардың арасындағы сәйкестікке жету үшін икемді құрал болып табылады. Сұраныс тауарға деген сатып алушы қажеттілігін оның сол тауарды сатып алу мүмкіншілігін ескере отырып айқындайды, ал бұл жағдай нарықтық баға мен сатып алынатын тауар арасындағы кері байланыспен сипатталады. Бағаның төмендеуінде тауарларға сұраныс ұлғайады. Сұраныс өсуінде бағалар тез жоғарлайды.
Ынталандырушы функция. Бұл функцияның мәнділігі бағаның сан түрлі тауарларды тұтынуда және өндіруде талаптандырушы немесе тежегіштік сипатта айқындалуымен түсіндіріледі.
Үлестіруші (қайта үлестіруші) функция әртүрлі факторлар әсерінен тауар бағасының, оның құнынан ауытқуына негізделеді. Бағалар арқылы табыстарды үлестіружәне қайта үлестіру жүзеге асырылады, яғни әлеуметтік топтар, ұлттық экономика секторлары, салалары арасында қайта құрылған құн және сонымен қатар халықтың, кәсіпорындардың, сала табыстарын реттеу жүзеге асырылады.
Информация о работе Ұйымның баға саясатын қалыптастыру: кезеңдік басшылық