Ұйымның баға саясатын қалыптастыру: кезеңдік басшылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 22:21, курсовая работа

Описание работы

Дұрыс қалыптасқан баға саясаты - нарықта өнім мен кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілік деңгейін артыруға бағытталған қарқынды процесс.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру бәсекелестікке қабілеттілік механизмінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылары баға саясатын қолдануға және оны жасау процесіне көбірек көңіл аударуға тырысады.Олай болмаған жағдайда нарықтағы өндірушілер арасындағы катаң бәсекелестік сату көлімінің төмендеуіне, табыс деңгейінің, рентабельдіктің азаюына, нәтижесінде, тауардың бәсекелестікке қабілеттілігі мен жалпы кәсіпорынның әлсіреуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 93.17 Кб (Скачать файл)

Зерттеу нәтижелерін  апробациялау. Зерттеу нәтижелері түрлі ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды.

Зерттеу нәтижелерін  енгізу. Жүргізілген зерттеудің нәтижелерін «Маркетинг» және «Экономиканы мемлекеттік реттеу» мамандықтары бойынша мамандар даярлаудағы оқу үдерісінде, сондай-ақ тәжірибелік қызметте    пайдалануға болады.

Жарияланымдар. Диссертацияның негізгі ережелері 2 жарияланымда көрініс тапты, оның ішінде 1 мақала халықаралық ғылыми-практикалық  конференция  қорытындысы бойынша жарияланды, 1 мақала магистранттар ғылыми жұмыстарының жинағында көрініс тапты. Жарияланымның жалпы көлемі 3,3 т.б. құрайды.

Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы  зерттеу мақсатымен, шешілетін тапсырмалар  сипатымен, оның логикасымен ескерілді. Диссертациялық жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, 51 атаудан пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралды. Жұмыс компьютерлік мәтіннің 105 бетінде баяндалған және 20 суретпен, 14 кестемен суреттелген. 

Осы диссертацияда келесі терминдер сәйкесті  анықтамаларымен  қолданылады: аумақтық маркетинг, тартымдылық маркетингі, инфрақұрылым маркетингі, резиденттер, резидент еместер,  бәсекеге қабілеттілік.

 

-Тақырып 
Баға белгілеудің теориялық және 
әдістемелік негіздері.

Дәріс жоспары (2 сағ) 
1. Бағаны нарық категориясы ретінде қарастыру. 
2. Баға түсінігі мен мәні. 
3. Бағаны кәсіпорынның экономикалық мәселелерін шешудің басты құралы ретінде қарастыру. 
Әдебиет: 5,6,10,12

Дәріс мақсаты: рыноктық экономиканың негізгі элементі ретіндегі  баға жүйесі мен оның механизмін анықтау. Бүкіләлемдік экономикалық дағдарыс кезіндегі  баға белгілеу мәселелерін зерделеу.

Кілт сөздер: 
- баға; 
- баға белгілеу; 
- баға механизмі; 
- рыноктағы баға; 
- баға белгілеудің ішкі критерилері; 
- баға белгілеудің сыртқы критерилері;

1.Бағаны нарық  категориясы ретінде қарастыру. 
Баға нарықты экономиканың шешуші элементтерінің бірі б.т. 
Баға- күрделі экономикалық категория. Онда қоғамдағы бүкіл негізігі экономикалық қарым-қатынастар айқындалады. Бұл ең бастысы тауар өндірісі мен оны өткізуге, олардың құнын қалыптастыруға, сонымен қатар ақша қорларының жиналуына, бөлу мен қолданылуына қатысты. Баға барлық тауар-ақша қатынастарын айқындайды. 
Баға сатушының өз тауарына сұрайтын ақша сомасы мен сатып алушының сол тауарға төлеуге дайын ақша сомасының мөлшерін сипаттайтын экономикалық категория. Оның классикалық анықтамасы: «Баға- тауар құнының ақшалай формасы.

2.Баға түсінігі  мен мәні. 
Әдетте баға теориясын екіге бөліп қарастырады: 
1-сі бойынша тауардың бағасын оның құны анықтайды. Ал 2-ші теорияны жақтаушылардың пікірінше, тауар бағасы деп тұтынушылардың қандай да бір игілікке қол жеткізу үшін беруге дайын сомасын айтуға болады. Олай болса, баға- тауар құнының ақшалай формасы б.т.

3.Бағаны кәсіпорынның  экономикалық мәселелерін шешудің  басты құралы ретінде қарастыру. 
Әкімшілік шаруашылықтан нарықты экономикаға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік саясаттың құралы ретінде бағаның рөлі белсенді сипатқа ие болып, басқарудың әкімшілік және экономикалық әдістері қиыстырылған өтпелі дәуірде баға белгілеуде бірқатар қиыншылықтар мен күрделіліктер қатар жүруде. Өз тауарлары мен қызметтеріне баға белгілеу- барлық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың негізгі проблемасына айналды. Нарық жағдайында баға белгілеу көптеген факторлардың ықпалына түсетін күрделі процесті құрайды. Баға белгілеудегі жалпы бағыттарды, өндірістегі және жаңа тауарлаға баға белгілеу тәсілдерін анықтауда, өткізу көлемін, тауар айналымды, өдіріс тиімділігін жоғарылату мен мекеменің нарықтық позициясын күшейту маркетингтік шаралардан тұрады. Баға мен баға саясаты фирма маркетингінің басты шараларының бірі. Фирма таруарларының баға деңгейі компания қызметінің басқа жақтарына байланысты, мемкеменің коммерциялық-шаруашылық қызметтерінің нәтижесі дәл баға деңгейлеріне байланысты. Фирманың жүргізетін баға саясатының дәлдігі мен дұрыстығы түбінде оның коммерциялық қызметінің сәттілігін анықтап береді. Баға саясатының түпкі мақсаты- тауарға өтім көлемін арттыруға септігін тигізетін деңгейін анықтап, қажет болған жағдайда оған өзгерістер енгізіп отыру. Тарихи түрде баға- сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім-шарт негізінде анықталып отырған. Сатушылар ойындағы бағадан көбірек сұрап, ал сатып алушылар төлеуге дайын сомасынан кем ұсынады. Сөйтіп, түбінде олар бір ортақ шешімге келіп отырған. 
Баға әрқашан да сатып алушының таңдау шешімін анықтайды. Бұл әлі күнге шейін кедей елдерде кең тұтыныстағы тауарларға қатысты. Бірақ соңғы кездері сатып алушының таңдауына бағалық факторлар белсенді түрде ықпал етуде, атап айтсақ, өтімді ынталандыру, әртүрлі клиенттер үшін тауарлар мен қызметтерді жеткізуді ұйымдастыру. 
Фирма басқармасының баға белгілеу жөніндегі шешіміне көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді. Маркетингтік мақсаттар мен фирма шығындары- тауар мен қызметке деген баға деңгейін анықтаудың жобаланған шамасын құрайды. Фирма соңғы бағаны бекітпестен бұрын мемлекеттік реттеу дәрежесін, сұраным динамикасын, бәсеке сипатын, көтерме және бөлшек сатып алушылардың қажеттіліктерін ескерулері қажет. Өнімге деген бағаның қалайша қалыптасатындығына тәуелсіз баға деңгейлерінің тауардың тұтыну құнынан жоғары немесе төмендігін айқындайтын жалпы экономикалық критерилер де ескерілуі тиіс. Бұл критерилер ішкі (өндірушінің өзіне, басқарма мен персоналға байланысты), және сыртқы (фирмаға тәуелсіз) болып бөлінеді. 
Ішкі критерилерге нақты түрде: 
• (жарнама неғұрлым тамаша және сәтті өтсе, соғұрлым өндірушінің тауарына деген баға деңгейі де жоғары болмақ); 
• өндірілетін өнімнің ерекшеліктеріне де байланысты (оның өңделу дәрежесі мен сапасы жоғары болған сайын оның бағасы да жоғары болмақ; 
• өндіріс процесінің ерекшеліктеріне де байланысты (аз сериялы және индивидуалды өндірістегі өнімнің өзіндік құны жоғары болып келеді, әдетте жаппай өндірістегі тауарлардың шығыны мен сәйкесінше бағасы да арзанырақ болып келеді); 
• өндірушінің нарықтық тактикасы мен стратегиясына да байланысты (бір немесе бірнеше нарықтық сегменттерге бағытталғандығы); 
• өнімнің өмірлік циклінің ерекшелігіне; 
• өндірістік процестердің шапшаңдығына; 
• тауардың өндірушіден тұтынушыға қарай жылжу каналдарының саны мен ұзақтығы; 
• сату және сатудан кейі сервисті ұйымдастыру; 
• нарық көлемі; 
• ішкі және сыртқы нарықтағы фирма имиджі. 
Сыртқы критерилерге әдетте мыналарды жатқызады: 
• мемлекеттің саяси тұрақтылығы- өндіруші мен фирма өнімін өткізіп отырған мемлекеттегі экономикалық және саяси жағдай; 
• еркін нарықта қандай да бір қажетті ресурстардың болмауы (еңбек, материалды, қаржы); 
• экономиканы мемлекеттік реттеу сипатына; 
• инфляция деңгейі мен динамикасы; 
• қазіргі және болашақтағы сұранымның көлемі мен ерекшеліктері; 
• бірыңғай өнім өндірушілер арасындағы бәсекенің болуы мен оның деңгейі. 
Фирманың өзінің нақты тауарына баға белгілеудегі көздеген мақсаты қандай? Бұл сферадағы кең тараған тәсіл мынадай: 
1. жоспарланған пайда деңгейіне қол жеткізу; 
2. сату көлемін арттыру; 
3. нарықтың қомақты көлеміне қол жеткізу; 
4. нақты тауарды сату барысында ең жоғары деген пайдаға қол жеткізуге ұмтылу; 
5. бәсекелестерді әлсіздендіру; 
6. тауардың қандай да бір жағымды имиджін қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні 

 

Аймен А.Т., д.э.н., профессор, Копбосынов Н.Б., студент

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік  университеті, Тараз 

 

Ұлттық экономикадағы  нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін  әлемдік нарыктың сұранысына сәйкестендіру  бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік  қабілетін қамтамасыз ету мәселесін  жатқызуға болады. Қазіргі кезде  өзекті болып отырған мемлекеттің  экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін  қалыптастыру әрекеттері де сырткы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне  тәуелді.

Еліміздің табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сай иелігіміздегі  кұндылықтарды барынша тиімді, әрі  ұтымды жұмсау, тек ішкі нарықта  ғана емес, әлемдік нарықта да жоғары сұранысқа ие болатын халық тұтынатын  тауарлар шығару, сол нарықтың қомақты  бөлігін қосылған құны жоғары өнімдер  өткізу арқылы иемдену, осы арқылы мемлекетіміздің  беделін арттыру бүгінгі таңда  қарқынды жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық үрдістердің негізін қалайды.

Сонымен қатар, тұтыну нарығындағы  өскелең талаптар да отандық тауар  өндірушілерге шығаратын өнімдерінің  бәсекелік қабілетін арттыру  мәселесін алдыңғы қатарға қойып  отыр. Мұның өзі бәсекелік ортаның  дамуына, өндірілетін өнімнің сапасын  жоғарылатуға, бағаны төмендетуге ықпалын  тигізіп, тұтынушылардың кең көлемді  сұранысын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі  дәлелдеуде.

Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз  — кез-келген экономикалық объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық  мәні.

М. Эрлих және Дж. Хайн пікірлері  бойынша бәсеке қабілеті — фирманың өз тауарын сату қабілеті.

«Бәсеке қабілеттілік» түсінігі XX ғасырдың 70 жылдарында Батыста пайда  болды. Шамамен сол уакытта өнімнің  бәсеке қабілеттілігі мәселесімен  КСРО да айналыса бастады.

Бәсекеге қабілеттілік —  өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық  параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі  — тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын  табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл  тұтынушының талғамына сай келетін  және оның сатылуын қамтамасыз ететін онімнің қасиеттері.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары қандай? Оның негізгі  кұрауыштарын атап өтейік:

А.  Негізгі   құрауышы   өнімнің  өзімен  тікелей  байланысты   және   оның  сапасына   көп   көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу  туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық  сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.

В. Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ  сенімді және қымбат емес сервиспеи (мысалы, авто-мототехника) сатылатын  тауарды таңдайды.                                                           

С. Үшінші  құрауыш бұл  тұтыкушыға, субъективті фактор ретінде  жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізетінің  бәрі.

Кәсіпорын өнімінін. Бәсекеге қабілеттілігін модельдеудің мақсаты  бәкелес кәсіпорынның өнімдері арасында нарықты бөлудің нарықтық механизмін модельдеуге келіп тіреледі. Мұның  негізінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмін көрсетуге  болады (сурет 1). 

 


 

 

 

  

 

 


        

  


 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

  


 

1-Сурет -Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің  қалыптасуының механизмі

Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың ықпалымен қалыптасады. Олардың  арасындағы негізгілері:

•       Баға;

•       Сапалық;

•       Жаңалык;

•       Жарнама;

•       Пайдалану сенімділігі;

•       Көркемдеу, мәнерлеу;

•       Буып-түю, т. б.

Кең мағынады бәсекеге қабілеттілік бұл - күрделі нарықтық жағдайдағы жұмыс  философиясы. Ең алдымен ол тұтынушының  қажеттілігін білу мен қанағаттандыру; нарықтың дамуы мен жағдайды тусіну; бәсекелестердің мүмкіндіктері  мен қимылдарын алдын-ала білуіне  бағытталған.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін оны баска өніммен салыстырғанда  ғана анықталады, бұл салыстырмалы көрсеткіш болып табылады. Ол берілген тауардың басқа тауарынан белгілі  бір қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтау  үшін белгілі бір қажеттілікке сәйкес келу дәрежесі бойынш басқа  тауарлармен  салыстырып қана қоймай, сонымен бірге тұтынушының тауарға жұмсаған шығыны мен өз   қажеттілігін қанағаттандыру үшін оның әрі қарай қолданылуы да есептеледі.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілік мәселесі қазіргі жағдайдағы  әлемде әмбебап сипатқа ие болды.Әрбір  мемлекеттің тұтынушының экономикалық  және әлеуметтік өмірі оның қаншалықты табысты шешілуіне қарай байланысты. Бәсекеге қабілеттілік - мемлекеттің, өндірушінің өнім шығару мен өткізудің  мүмкіншілігінің жиынтығы  десек  те болады. Бәсекелік факторының өзі  мәжбүрлік сипатқа ие нарықтан ығыстыру қорқынышы өндірушілерді өз тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен сапа жүйесімен тоқтаусыз шұғылдануға мәжбүр етеді, ал нарық олардың қызметінің нәтижелерін объективті және қатал бағалайды. Дамыған бәсекелестік нарыкта өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның коммерциялық табыстың шешуші факторы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік тауардың нарық жағдайына тұтынушының қажеттілігіне тек сапа, техникалық экономикалық эстетикалық сипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен бірге коммерциялық және өткізудің басқа жағдайларына (баға, жеткізу                мерзімі,өткізу жолдары, сервис жарнама) байланысты болатын көп аспектілі түсінік. Сонымен қатар өнімнің бәсекеге қабіліттіліктің   негізгі құрама бөлігі болып эксплуатация уақытына тұтынушының шығын деңгейі табылады. Басқаша айтқанда бәсекеге қабілеттілік - нарықтағы табысты анықтайтын гауардың тұтынушылық және құндылық (бағалық) сипаттамалардың кешені, яғни бәсекелес аналог тауарлардың алдында берілген тауардың артықшылығы. Тауарлардың артынан олардың өндірушілері тұрғандықтан, сәйкесінше бәсеке қабілеттілікті кәсіпорындар, кәсіподақтар, фирмалар, мемлекеттің негізінде айтуға болады. Нарықтағы әрбір тауар қоғамдық қажеттіліктерін қанағатгандыру көрсеткішіне тексеру өтеді: әрбір сатып алушы оның жеке қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын тауарды сатып алады, ал барлық сатып алушылар бәсекелес тауарларға қарағанда                                қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін (яғни, бәсекелестік нарықта коммерциялық тиімді өткізудің мүмкіншілігі) бәсекелестердің тауарларын бір-бірімен салыстыру негізінде ғана анықтауға болады. Басқаша айтқанда, бәсекеге қабілеітілік нақты бір сату уақытына байланысты салыстырмалы түсінік. Әрбір сатып алушыда өз қажеттіліктерін қанағаттандырудың бағалаудың жеке критериі бар болғандықтан, мұнда бәсекеге қабілеттілік жеке сипатқа ие болады. Cоыдыктан, бәсекеге қабілеттілік тұтынушы үшін қызуғышылық туғызатын (берілгеп қажеттіліктерді қанағаттандыруына кепіл береді) қасиеітермен ғана анықталады. Бұл қызығушылықтың шегінен шықкан өнімнің барлык қасиеітері бәсекеге қабілеттілікті бағалағанда белгілі бір жағдайда оған қатысы жоқ деп есептеледі. Нормалар, стандарттар  мен құкықтардың шамадан тыс асуы (мемлекеттік талаптардан басқа) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақсартып қана қоймай, керісінше оны түсіреді, өйткені ол сатып алушының құндылығын көбейтпей, бағаның өсуіне әкеледі; сондықтан ол өнім тұтынушыға –тиімсіз болып көрінеді.

Информация о работе Ұйымның баға саясатын қалыптастыру: кезеңдік басшылық