Ұйымның баға саясатын қалыптастыру: кезеңдік басшылық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 22:21, курсовая работа

Описание работы

Дұрыс қалыптасқан баға саясаты - нарықта өнім мен кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілік деңгейін артыруға бағытталған қарқынды процесс.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру бәсекелестікке қабілеттілік механизмінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылары баға саясатын қолдануға және оны жасау процесіне көбірек көңіл аударуға тырысады.Олай болмаған жағдайда нарықтағы өндірушілер арасындағы катаң бәсекелестік сату көлімінің төмендеуіне, табыс деңгейінің, рентабельдіктің азаюына, нәтижесінде, тауардың бәсекелестікке қабілеттілігі мен жалпы кәсіпорынның әлсіреуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

Файлы: 1 файл

курстык жумыс.docx

— 93.17 Кб (Скачать файл)

Өнімнің бәсекеге қабілетгілігінің зерттелуі оның өмірлік циклының фазаларына тығыз байланысты үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Мұның өзі бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің төмендеудің бас кезеңін уақытылы анықтау мен лайықты шешімдерді қабылдау (мысалы. өнімді өндірістен шығару, оны модернизациялау, нарықтың басқа секторына ауыстыру, т.с.с.) үшін қажет. Егерде ескі өнім өз                   бәсекеге қабілеттілік ұстанымын түгелдей жоймаса, ал кәсіпорын жаңа өнім шығаруды көздесе бұл экономикалық тиімсіз болады. Сонымем қатар, әрбір тауар нарыққа шыққаннан кейін өзінің бәсекеге қабілеттілік әлуетін бірте-бірте жұмсай бастайды. Бұл процесті баяулатып, уақытша ұстап тұруға болады, бірақ оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан. жаңа  өнім ескі өнім бәсекеге кабілеттілігінде маңызды жоғалтулар болған кезде нарыққа шығаруды қамтамасыз ететін график бойынша болжайды. Яғни жаңа тауардың бәсекеге қабілеттілігі озық және ұзақ уақыттық болу қажет.

Тауар өндіруші өзінің нақты  бәсекелестерін, олардың мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен кемшіліктері ғана емес, сондай-ақ тандаған нарықтағы  бәсекелестірдің жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың бәсекелестік сипатына байланысты типін, өзінің салалық нарығындағы  бәсекелестіктің қозғаушы күштерін өте жақсы білуі керек. Бұл  жағдайда өз бәсекелестерінің іс әрекеттері сипатын бағалау жүйесін, оның ішінде олардың іс-әрекеттерінің құрылымдық талдауын пайдалануға болады (сурет 2).  

 

 

  

 


 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 


 

 

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

  


 

 

  

 

 

  

 

 

 


 

 

  

 

 

 

2-Сурет - Нарықтағы бәсекелестер  іс-әрекетінің кұрылымдық талдауы

Бәсекелестіктің салалық  деңгейдегі қозғаушы күштерін зерттеу  нарықық экономика жағдайында барлық деңгейлерде көрініс табатын  жалпылама бәсекелестік механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай зерттеу келесідей аспектілерді қамтиды: Салада потенциалды бәсекелестердің, яғни жаңа тауар өндірушілердің пайда  болуы, бағалардың төмендеуі және (немесе) шығындардың өсуі, тиісінше пайда  нормасының түсуіне алып келуі мүмкін өндірістік қуаттардың артуына әкеліп соқтырады.

Нарыққа жаңа бәсекелестердің  енуі барысында белгілі бір тосқауылдар  болуы мумкін. Олардың негізгілері:

•       өндіріс  қажеттіліктерінің үнемделуі;

•        өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың да сол кезендегі шығындары:

•       тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушілігі;

•        саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленетін тосқауылдар.

Нарықта әрекет етуші компаниялар  арасында бәсекелестіктің қарқандылығы мынандай факторлармен анықталады:

•     бәсекелестердің  сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің теңдігі;

•       саланың  салыстырмалы баяу өсуі;

•      үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдық қорлар құны түріндегі тұракты шығындардың жоғары деңгейі;

•        дифференциацияның жоқтығы (және тиісіншс - конверсия шығындары);

•       куаттардың секірмелі өсімі;

•       жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.

Бәсеке сипаттамалары  және оларды анықтайтын факторларды  шартты түрде микродеңгейлі (өнімнің  сапасы мен бағасын көрсететін), мезодеңгейлі (салалардың қолда бар  өндірістік қорларын тиімді қолданудың көрсеткіштерін жақсартатын) және макродеңгейлі  (шаруашылық жүйелердің жалпы қалпын, олардың балансын, инвестициялық климатын, салық тәртібін, тариф кедендік саясатын және т.б. көрсетеді) болып бөлінеді.

Келтірілген бәсеке сайыстың және бәсекелесу қабілетінің факторлары мен сипаттамаларының субъектілерінің құрамы осы күрделі дәреженің элементтерінің құрамын сипаттауға және олардың байланысын шығаруға мүмкіндік береді. Бұл оның талдауына қажетті тиімді тәсілдер шығаруға, қолда бар қорларды алуға қосымша мүмкіндіктер ашуға және сүт өнімі кәсіпорындары үшін әр деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті жоғарлатудың стратегиялық бағытын анықтауға көмек көрсетеді.

Экономикалық әдебиетте  бәсекені оның әдістері бойынша бағалық (баға негізіндегі бәсеке) және бағадан тыс бәсеке  (тұтынушылық құнның сапасы негізіндегі бәсеке) бөлуге болады.

Қазіргі әлемде бағалық бәсеке бағадан тыс әдістердің бәсеке сайысына қарай мәнсіз болып келеді. Бұл  қзіргі нарықта «бағалар қактығысы» жоқ дегенді білдірмейді, олар бар, бірақ соншалықты анық емес. Бағадан  тыс бәсеке алдыңғы  қатарлы бәсекелестерге қарағанда тауардың тұтынушылық  кұнын арттырады. Бағадан тыс  әдістердің санына фирманы басқарудың бүкіл маркетингтік әдістері жатады. Олардың негізгілері: тауардың жаңартылуы, сапа, жарнама, халыкаралық стандарттарға  сәйкес келу, т.с.с.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы, оның жақсаруы көбінде  іске асырылатын өнімнің сапасы мен  өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейіне тәуелді.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың бірнеше әдістері бар. Бірак  барлығының да бір ортақ кемшілігі  бар, онда тұтынушыны қызықтыратын өнім бағасы мен сапаның қатынасы ескерілмейді, тек тауардың басқа қасиеттерінің  жиынтығы ретінде анықталады. Осылайша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі  біз оның өнімнің бағасы пайдалы  тиімділікке қатынасындағы салыстырмалы баға деп анықтаймыз. Әрбір нарыктың өзіндік бір ерекшеліктері бар. Баға өткізу кезіндегі ұсынысты анықтау  керек, ал жаңа өнім ұсынысы бағамен  ынталандыруы қажет. Осылай, егер «баға» тек өнімді еткізу құралы ғана болса, «бәсекеге қабілетті сапа» нарық  дамуының жалғыз факторы - тек өнімнің  белгілі бір көрсеткіштері ғана емес, сонымен бірге ақырғы тұтынушыға бағытталған шаралар кешені «Бәсекеге   қабілетті  сапа» зерттелуі перспективті нарықты бөлшектеп зерттеуінен басталады:

•       жаңа өнімге талаптарды дайындау;

•        сапалы шикізат жабдықтаушылады таңдау және күшейтілген бақылау;

•     өндірістің барлык кезеңдері мен аралық бақылауды  регламенттеу. Ақырғы   өнімнің   шығу   кезеңінде  ол   барлық  белгілі бір сипаттамаларға

( яғни бағалық ниша мен   нарыққа   шығудағы   бастапқы   баға,   оның  мақсатты   сегменті   анықталады өндірілетн көрсеткіштер мен қасиеттер) сәйкес келу керек. Бәсекеге қабілетті сапаның ажырамас белігі сервистік қызмет көрсету деңгейі болып табылады. өнімнің нарықта өмір сүруі үшін соңғы мәселе өте маңызды болып келеді және ол нарықтық жағдайлардың өзгеруіне тез және нақты жауап беруі тиіс.

Өнімді нарыққа шығару — өте жауапты кезең. Жаңа өнім үшін жаңадан өткізу нарығын құру керек. Жаңа өнімнің бәсеке қабілеттілігіне  немесе нарықта өнімнің өтуіне әсер ететін факторларды қарастырайық. Өнімнің  бәсекеге қабілеттілігінің жоғары көрсеткіші кезінде табысты өтуі тек өнімнің  жаңалық дәрежесі мен оған тұтынушының  қызығушылығы ғана емес, сонымен бірге  бағалық стратегияға да байланысты. Әдетте, өнімнің модификациясы сату көлемін жаңалыққа қарағанда  тезірек ұлғайтады, өйткені тұтынушы берілген өнім туралы біледі. Модификацияланған  өнімнің бағасы бұл этапта модификацияланбаған  өнімнің баға деңгейіне қарағанда  сәл жоғары болуы мүмкін. Жаңалық  өнімнің бағасы бірінші этапта аналог бағалық нишаның жоғарғы шегімен  анықталады және жақсы жарнамалық, ақпараттық пен сервистік сүйеуден кейін бәсекеге қабілеттілік деңгейіне  сәйкесінше жоғарылауы мүмкін.

Тауардың өмірлік циклының өсу этапында ғана өндіріс, маркетинг  шығындары айтып, білінетін табыс  алуға болады.

Бөлімді аяқтай отырып, айта кететін жайт, бәсекелік күресте  нарықты дұрыс және уақытылы бағалай  алатын өндіруші ғана ұтады. 

 

 

 


Информация о работе Ұйымның баға саясатын қалыптастыру: кезеңдік басшылық