Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 22:21, курсовая работа
Дұрыс қалыптасқан баға саясаты - нарықта өнім мен кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілік деңгейін артыруға бағытталған қарқынды процесс.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру бәсекелестікке қабілеттілік механизмінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты кәсіпорын басшылары баға саясатын қолдануға және оны жасау процесіне көбірек көңіл аударуға тырысады.Олай болмаған жағдайда нарықтағы өндірушілер арасындағы катаң бәсекелестік сату көлімінің төмендеуіне, табыс деңгейінің, рентабельдіктің азаюына, нәтижесінде, тауардың бәсекелестікке қабілеттілігі мен жалпы кәсіпорынның әлсіреуіне әкеп соқтыруы мүмкін.
Өндірісті ұтымды орналастыру критерийі
ретіндегі баға функциясы . Бұл функция келесіде сипатта
айқындалады: жоғары пайданы алу үшін
баға механизмі арқылы экономиканың бір
секторынан екінші секторына және ең жоғары
пайдасы бар жеке секторлардың ішіне капиталдардының
құйылуы. Капиталдарды қайта үлестірусұраныс және
ұсыныс заңдарымен, бәсеке әсерінен жүзеге
асады. Капиталдардың мұндай құйылуы
1.3 Бағаның жіктелуі
Жіктеу үшін қандай белгі, нысана алынғанына байланысты бағаның барлық түрлерін сантүрлі топтарға бөліп қарастыруға болады.
Қызмет көрсету айналымы сипаты бойынша бағаларды бөлшек саудалық баға және көтерме баға түрінде айыруға болады.
Сату және сатып алудың көтерме бағасы - өткізілетін тауарлардың ірі партияларының бағалары. Көтерме бағалар кәсіпорынның және өнеркәсіптің көтерме бағалары деп бөлінеді.
Коммерциялық баға – орталықты түрде үлестірілетін, тауарларға мемлекеттік баға болғанда коммерциялық дүкен арқылы өткізілетін тауар не қызмет бағасы.
Тауарлық аукцион бағалары – сатып алушымен алдын ала қарастырылған тауар
партиясын максималды ұсынған баға деңгейі бойынша
Биржалық котировкалар - арнайы ұйымдастырылған және аукциондарға қарағанда, өзара алмасатын, сапалы біртекті, жалпылық тауарлар нарығының бағалары (ауыл шаруашылық, өндірістік емес және орман шикізаттары, астық, металдар, мұнай өнімдері және т.б.).
Сауда-саттық бағасы - тауарларды жеткізу немесе арнайы құжатта (тендерде) көрсетілген шарттар бойынша белгілі жұмыстарды өндіруге мердігерлерді алуға тапсырыстарды өткізуге, орындатуға негізделген маманданған сауданың ерекше формасының бағалары..
Тұрақты баға – қызмет ету мерзімі алдын ала шектелмеген баға.
Маусымдық баға – қызмет ету мерзімі сұраныстың белсенді мерзімдерімен анықталған баға.
Сатылы баға – алдын-ала анықталған шкала бойынша алдын ала шартталынған уақыт сәттерінде біртіндеп төмендейтін бағалар реттілігі.
2.1 Баға құрамындағы өзіндік
Өзіндік құн – ол қызметті көрсету мен өнімді өндіру және өткізумен байланысты кәсіпорынға өндірістік және коммерциялық қызметті жүзеге асыруға қажетті өндірістік факторлар шығындарының ақшалай мәні.
Баға құрамындағы шығындар бағаның мүмкін төмен деңгейінің шегін белгілейді.
Өндіріс көлеміне байланысты кәсіпорынның (фирманың) барлық шығындары екі түрге бөлінеді – тұрақты және өзгермелі. Тұрақты және өзгермелі шығындардың екеуіне де тиесілі аралас шығындар да бар.
Калькуляция - тауар (қызмет) бірлігінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорынның өндіріске және тауар (қызмет) бірлігін өткізуге кеткен шығындарының ақшалай формасын айқындайды.
Шығындардың калькуляциялық баптары бойынша топтастыру негізінде оларды экономикалық элементтер бойынша жалпылау қағидасы жатыр. Мұнда өндіріс пен өнімді өткізумен байланысты және басқарушылық сипаттағы шығындар ерекшеленеді.
Өндіріспен және өндірістік өзіндік құнды қалыптастырушы шығындарды есептеу 1996 жылы бекітілген Бухгалтерлік есеп стандарттарымен сәйкес жүзеге асырылады.
Өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіруге кеткен шығындар олардың экономикалық мазмұнымен сәйкес келесі элементтерге топтасады:
- материалдық шығындар;
- еңбек төлемі шығындары;
- сақтандыруға аударымдар;
- құралдардың тозуы;
- басқа да шығындар.
«Материалдық шығындар»
Еңбек төлемі шығындары құрамына келесілерді жатқызады: еңбекақы, сый-ақы; ынталандыру және өтемдік төлемдер; натуралды төлем ақы ретінде берілетін өнім құны және т.б.
«Сақтандыру аударымдары» элементінде бюджетке аударылатын әлеуметтік салықтың көлемі көрсетіледі (21%).
«Құралдардың тозуы» элементінде негізгі өндірістік қорларды толық қалпына келтіруге кеткен амортизациялық аударымдардың сомасы көрсетіледі.
Басқа да шығындар құрамына табиғи азаю шегіндегі жетіспеген сома, өндіріс ақауы, құрал-жабдықтарға қызмет көрсету, тасымалдау шығындары, өзіндік құнның басқа элементтеріне жатпайтын өндірістік сипаттағы өндірістік емес шығындар жатады.
Элемент бойынша топтастыру негізінде еңбектік және материалдық ресурстар балансы құрылып, артықшылықтар немесе қамтамасыз етілмеу жағдайы байқалады. Фирма немесе кәсіпорын деңгейінде шығындардың мұндай топтасуы өндірістік қорларды жоспарлауға, кадрлік саясатты жасау үшін (қысқарту, қайта мамандандыру және т.б), еңбекақы қорының ұтымды пайдалануына, орташа жалақы деңгейін бақылауға, өндіріс қуаттылығының деңгейін анықтау үшін қолданылады.
Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өндірістік өзіндік құнына енбеген шығындар есептік кезеңдегі шығындар деп есептелінеді.
Калькуляциялану кезінде өнімнің өзіндік құнына ену әдісі бойынша шығындар тура және жанама болып топтасады.
Тура – өнімнің белгілі бір түрін өндіруге қатысты шығындар.
Жанама (үстемелі) – жанама жолмен үлестірілетін басқарушылық сипаттағы шығындар және олар бір уақытта өнімнің бірнеше түрімен байланысты болады. Мәселен, өндірісті басқару мен ұйымдастыруға байланысты – жалпы әкімшілік шығындар; несие бойынша пайыздар төлемі; тауарлық-материалдық қорларды өткізу шығындары.
Кәсіпорын өз тауарларына (қызметтеріне) ең кем дегенде өндірістің барлық шығындарын өтей алатын бағаны белгілеуге тырысады.
Шығындар кәсіпорынның коммерциялық саясатына елеулі түрде әсер етуі мүмкін.
Шығындары төмен кәсіпорын кез-келген
нарықта жоғары бәсекелестік басымдылыққа
ие болады. Ол бәсекелестерге қарағанда
төмен баға белгілей алады және бұл
баға бойынша сезімталдарды
Керісінше, шығындар деңгейі жоғары
болған фирма, жоғары бағада төлем жасай
алатын сатып алушыларды иемденетін
нарықтың қуысына бағытталған лайықты-
Тиімді баға саясатын жүргізгісі келетін кәсіпорын өнімді өндіру мен өткізуді бастамас бұрын, өзінің шығындар деңгейін өндіретін тауарлардың (қызметтердің) мүмкін баға деңгейімен салыстыруы керек.
2.2 Баға құрамындағы пайда
Өз өнімін бекітілген бағамен өткізе
отырып, қандай да болмасын кәсіпорын
тек қана өндіріс пен өткізу шығындарын
өтеумен шектелмей, нарық жағдайында
қызмет етуге мүмкіндік беретін
пайда көлемін алуға тырысады.
Пайда бағаның маңызды
Пайда – бекітілген бағамен тауарды өткізгеннен кейінгі алынатын табыс түрі.
Пайда көлемі өнімді бекітілген бағамен өткізуден кейінгі түскен табыспен, оны өндіруге және өткізуге кеткен шығындардың айырымымен анықталады.
Алынатын пайданың жалпы массасы, бір жағынан, сату көлемі мен баға деңгейіне, екінші жағынан – өндірістік шығындар деңгейі қоғамға қажетті шығындарға қаншалықты сәйкес келуіне тәуелді.
Салықтарды төлегеннен кейін таза пайда белгіленген арақатынаста жинақтау қорына және тұтыну қорына бөлінеді.
Жинақтау қоры есебінен кәсіпорын
(фирма) кадрлерді дайындау және қайта
дайындауды, инвестициялық жобаларды
жүзеге асыра алады. Тұтыну қоры есебінен
кәсіпорын жұмыскерлерге
Сондықтан кәсіпорын (фирма) үшін керекті пайда шамасы оның даму қажеттілігімен анықталады және ұдайы өндірістің бірқалыпты үдерісін қамтамасыз етуші мүмкін төмен деңгейінен кем болмауы керек.
Мемлекетте кәсіпорындардың
Нарықтық қатынастар жағдайында пайданың екі негізгі көзі бар.
Біріншісі – кәсіпорынның тауарды өндіріп, шығарудағы монопольдік жағдайы немесе оның ерекшелігі. Бұл көзді салыстырмалы түрде жоғары деңгейде қолдау, тауардың тұрақты жаңаруын жүзеге асыруды талап етеді. Мұнда мемлекеттің монополияға қарсы саясаты мен басқа кәсіпорындар тарапынан бәсекелестік сияқты қарсы күштер де ескерілуі қажет.
Екінші көзі өндірістік және кәсіпкерлік қызметпен байланысты. Оны қолдану тиімділігі сұранысты иеленуші тауарды (қызметті) дұрыс таңдауға, оның бәсеке қабілеттілігіне, өткізу көлеміне, өнім ассортименті мен шығын құрылымына тәуелді.
Пайда табу – кәсіпкерліктің кез-келген формасына түрткі болатын қозғаушы күш. Нарықтық экономика және бәсекелестік шартында, ең жоғары пайда алудың объективтік тенденциясы болады.
Алынған пайданы кеткен шығындармен
салыстыру қажет. Бұл мақсаттар үшін салыстырмалы
көрсеткіш – рентабельділік
деңгейі қолданылады және ол пайданың
өнімді өндіру мен өткізуге кеткен материалдық
және еңбектік шығындар сомасына пайыздық
қатынасы арқылы анықталады:
Pr
R = C х 100% , мұнда
P-рентабельділік;
Pr-пайда;
C-өзіндік құн.
Шығындарынан асатын пайдаға ие болған кәсіпорын рентабельді деп саналады. Егер әкімшілікті-командалық жағдайда, бюджет жәрдемақысы арқылы рентабельділігі төмен және рентабельді емес кәсіпорындардың қызмет етуі мүмкін болса, нарықтық жағдайда, мемлекет қолдайтын салалар мен өндірістерді санамағанда, олардың іс жүзінде болмауы мүмкін.
Нарық шартында рентабельділік нормативтері
тек монополист-кәсіпорындар өнімдеріне
бекітілуі мүмкін. Басқа жағдайларда пайданың мөлшері
тауар өндірушілердіңбәсекеқабілеттіл
Әдетте, жасалған мәміленің
2.3 Баға құрамындағы салықтар
Салықтар – заң жүзінде мемлекетпен бекітілген біржақты реттілікте белгілі бір мөлшерде, қайтарымсыздық және өтемсіздік сипаттағы бюджетке аударылатын ақшалай төлемдер (ҚР Салық кодексі, 10 бап).
Баға құрамына келесі салықтар кіреді:
- әлеуметтік;
- қосымша құн салығы;
- акциз.
Әлеуметтік салық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше әлеуметтік-экономикалық немесе мәдени аяларын дамытуға не материалдық қолдауға бағытталған бюджетке төленетін аударымдар. 1999 жылдан бастап әлеуметтік салық Зейнетақы қорына, зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталыққа, әлеуметтік сақтандыру қорына, жалпы медициналық сақтандыру қорына, жұмысбастылықты қолдау қорына аударымдарды және автокөлік жолдарын пайдаланушылардың аударымдарын біріктірді. Бұл салықтың шамасы кәсіпорынның еңбекақы шығындарымен тығыз байланысты, өнімнің өзіндік құнына «сақтандыру аударымдары» ретінде жеке шығындық бап сипатында бола отырып өлшенуге мүмкін болады.
Әлеуметтік салықтың мөлшерлемесі (ставкасы) 21% құрайды (Казақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдың сәуір айындағы «Халыққа жолдауында» осы салық мөлшерлемесін 21-ден 13%-ға дейін төмендету шараларын Үкіметке тапсырды). Салықтың қызмет ету уақытында мөлшерлемелер өзгеріліп әр-түрлі төлеушілер үшін 26%-дан 65%-ға дейін сараланады.
Қосымша құн салығы өндіріс үдерісінде және тауарлар (жұмыстардың, қызметтердің) айналымында қосылатын, өнімді өткізу бойынша айналымнан алынатын құнның бір бөлігі және Қазақстан Республикасы аймағына тауарлардың импортталуы кезіндегі бюджетке аударылатын төлемдер ретінде сипатталады.
ҚҚС республика территориясында тұтынылған немесе пайдаланған тауарлар мен қызметтерге қатысты тұтынудағы жалпы салық болып табылады.
ҚҚС өндірілетін және көрсетілетін қызметтер құнының салығы болып табылады. Салық өнімді (тауарларды, қызметтерді) өндірудің және өткізудің барлық кезеңдерінде алынады. Нәтижесінде соңғы тұтынушы салықты толық төлейді, ал өнімді өндіруде және өткізуде төленген ҚҚС-ғы оларды төлеген субъектіге қайтарылуы мүмкін.
Салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге міндетті ҚҚС, өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін есептелген ҚҚС сомасы мен алынған тауарларға төленуге міндетті ҚҚС сомасының айырымымен анықталады. Осылайша, кәсіпорын тауарды сатқанда сол кәсіпорында қалыптасқан құнға салық қосып оны өтеп алады. Бұл сату бағасына қосылатын ҚҚС бөлігі мемлекеттік бюджетке аударылады. Сонымен, тауарлардың іс жүзіндегі айналымы салықтық төлемдермен тығыз байланысты, ал салықтың барлық ауыртпашылығы соңғы тұтынушыға жүктеледі.
Қандай да бір жеңілдіктер мен
шегерімдер болмаған жағдайда косымша
құн салығы табысы төмен тұлғаларды
табысы жоғары тұлғалармен салыстырғанда
табыстарынан жоғары пайыз төлеуге
міндеттейді. Мәселен, бір айда табыстары
6000теңге және 36000 теңге құрайтын
екі жанұя 1160 теңгеге ұқсас тауар
сатып алады, ал ҚҚС 16% құрайды. Екі
жанұя да бірдей жанама салық-160 теңге
төлейді. Мұнда ҚҚС бірінші жанұяда-2,
ҚҚС мөлшерлемесі 2001 жылдың 26 маусымында қабылданған Салық Кодексіне сәйкес 16%-ға тең (Казақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдың сәуір айындағы «Халыққа жолдауында» осы салық мөлшерлемесін 16-ден 15%-ға дейін төмендету шараларын Үкіметке тапсырды). Экспорттық тауарлар айналымы бойынша (түрлі-түсті және қара металдар экспортын қоспағанда); Ұлттық Банкке асыл металдарды өткізуді (алтын, платина); халықаралық тасымалдаулармен байланысты қызметтер көрсету, жұмыс атқару нольдік мөлшерлемедегі ҚҚС-ғы салынады.
Акциздер бұқаралық тұтыну үшін өндірілетін және Қазақстанның территориясына енгізілетін тауарларға салынады. Акциздік тауарлар мен қызметтерге келесілер жатады:
Информация о работе Ұйымның баға саясатын қалыптастыру: кезеңдік басшылық